Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет89/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Зиядату әс-сиқа. Хадис ілімінде қолданылатын термин. Зиядату әс-сиқа ةدايز 
ةقثلا – сенімдінің қосымшасы. Яғни бір хадисті бірнеше сенімді (сиқа) адамдар риу-
аят етеді. Сол сенімді рауилердің арасыннан біреуі барлығы риуаят еткен хадиске 
артық сөздер қоса риуаят етеді. Осы сенімді рауидің риуаят еткен хадисі қосым-
шасымен бірге қабыл етіледі. Тек оның қосымшасы өзінен басқа сенімдірек рау-
идің риуаятындағы хадиске қарсы мағынада болмауы қажет. Егер сенімді рауидің 
риуаятындағы қосымша басқа сенімді рауидің риуаятына қарсы мағынада болмаса, 
ол хадис еш кедергісіз қабыл етіледі және онымен амал жасалады. Өйткені ол ха-
дис жеке хадис ретінде қабыл етіледі. Мысалы: Имам Муслим Әбу Мәлик әл-Әш-
жағиден жеткізген хадисте Мұхммед пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа сәлләм): 
«Маған жер мешіт етілді және оның топырағы таза етілді», – деген. Осы хади-
стегі «топырағы» деген сөзді тек қана Әбу Мәлик әл-Әшжағи риуаят еткен. Қалған 
рауилердің барлығы: «Маған жер мешіт және таза етілді» деп риуаят еткен. Осы 
екі риуаяттың арасында қарама-қарсы мағына жоқ. Сондықтан Әбу Маликтің риуа-
яты қабыл етіледі және онымен амал жасалады. Егер сенімді рауидің риуаятындағы 
қосымша басқа сенімді рауидің риуаятына қарсы мағынада болса және екі риуа-
яттың бірін қабыл еткен жағдайда екінші риуаятты тастау керек болса, онда осы 
екі риуаяттың арасында таржих (таңдау жасау) жасау қажет болады. Сөйтіп, екі 
риуаяттың бірі қабыл етіліп ражих (таңдаулы) деп аталады, ал екінші риуаят қабыл 
етілмей маржух (қабыл етілмеген, таңдалмаған) деп аталады.
Зулжәлал. Зүлжәлал. للاجلا وذ Ұлылық Иесі. Алла тағалаға тиесі сипат ретінде 
қолданылады. 
«Бір өзіңе аманат
Тапсырдым мынау баламды
Жаратқан Тәңірім зүлжәлал» (Қыз Жібек). 


123
«Айтты Раушан Ғаждембекке: – Назар сал
Ғажап емес жеткерсе хақ зүлжәлал, 
Жүйрік аттың дүбіріне ұқсайды, 
Байқап қара бара жатқан қандай мал» (Көрұғлы). 
«Ол бала шүбһәсіз болса халал
Тимесе бос жүргенім ешбір залал. 
Па, Алла ғаділіңе алмай, фазылыңа алып
Сақтай гөр сондай күннен иа, зүлжалал» (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет