Мухитдинов на печать indd


Зул-қағда ةدعقلا وذ – ай күнтізбесі бойынша он бірінші айдың аты. Ол қажылық  айларына жатады. Зул-халаса



Pdf көрінісі
бет90/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   200
Зул-қағда ةدعقلا وذ – ай күнтізбесі бойынша он бірінші айдың аты. Ол қажылық 
айларына жатады.
Зул-халаса – Йемендегі хасғам мен бәжилә тайпаларының ішіне ғибадат 
етілетін пұттар қойылған, өздерінше «Қағба» деп атаған үй немесе ғибадатхана.
Зул-хижжа ةجحلا وذ – ай күнтізбесі бойынша он екінші ай. Ол қажылық айла-
рына жатады.
Зул-хуләйфа ةفيلحلا وذ – Мәдина қаласы арқылы қажылыққа немесе умраға 
келетіндердің ихрамға кіретін жері, бес миқаттың бірі. Ол Мәдинаның оңтүстік-ба-
тысында 10 шақырым жерде орналасқан. Қара: миқат.
Зуһд. Зухд. Зуһд دهز – дүниеге қызықпау. Шариғат тыйым салған харам, 
күмәнді істерден және адамдардың қолындағы байлыққа қызығудан аулақ болу-
ды «зуһд» деп аталады. Ислам дініндегі «зуһд» ұғымын аскетизммен шатастыруға 
болмайды. Себебі Ислам діні адал жолмен келген байлықты пайдалануға, шариғат 
тыйым салмаған дүниенің қызықтарына тыйым салмайды.
Сопылық ілімдегі бастапқы әрі негізгі құндылықтардың бірі. Зуһдтың үш та-
лабы бар: 1) дүние жолында қол жеткізген табыстарға малданып қуанбау, жоғалтқан 
нәрселер үшін де опынып, өкінбеу; 2) мақтағанға қуанбау, даттағанға қорланбау; 
3) Алла тағалаға құлшылық етуді және онымен жырақ қалып бірге болуды басты 
мақсат етіп алу (ҚҰЭ).
Зұлымдық ملظ – әділетсіздік. Бұл ұғым пенденің күнәлар жасау арқылы өз 
басына әділетсіздік жасауын, Аллаһқа серік қосуын, басқа адамдардың өміріне, дү-
ние-мүлкі мен ар-намысына қол сұғуын қамтиды.
Зындық. Жүрегінде иман жоқ, адамдарды дұрыс жолдан тайдыру үшін дін-
нің атын жамылып жалған мәлімет тарататын адам.
Зікір ركذ – еске алу. Аллаһты зікір ету – Аллаһты Өзі лайық мадақтармен 
еске алуды, намаз, зекет және басқа да парыз етілген амалдарды орындауды, 


124
Аллаһ ризалығы үшін діни білім алуды, жақсы мінез-құлықты болуды, харам істер-
ден тыйылуды қамтиды. Ислам дініндегі «зікір» ұғымын транс және медитациямен 
шатастыруға болмайды. Себебі зікір салу адамды есінен айырмайды.
«Тілден зікір, көңілден пікір түспей, 
«Өл» десе, өлер едім тамақ ішпей. 
Ұжмақта бұл дүниені еске алар ем 
Түнде көрініп қорқытқан жаман түстей» (С.Торайғыров, Алаш ұраны).
Зілзала ةلزلز – жер сілкінісі, зілзала. Ислам дінінде зілзаланы Аллаһ тағалаға 
асылық жасаған қауымға жіберетін жазаларының бірі ретінде түсіндіреді. Құранда 
«Зілзала» деген сүре бар.


125


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет