Муканова асель сериковна



бет32/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42

Part

Есімше

AdP

Көсемше

Dem

Сілтеу есімдігі

Adv

Үстеу

Int

Сұрау есімдігі

IW

Еліктеу сөздер

Pers

Жіктеу есімдігі



Есімді сөз тіркестері
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің (16 сурет) құрамы әр түрлі: негізінен бағыныңқы сыңары зат есім, сан есім, сын есім, сілтеу есімдігі, есімше, үстеу болады, ал басыңқы сыңары зат есім, субстантивтенген сын есім, сан есімдер болады.

16 сурет – Есімді қабысу
Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер:
Зат есім: ағаш саптыаяқ, алмас қылыш, қыс етік, сатушы адам, жұмысшы адам т.б.
Сын есім: жасыл орман, арманшыл адам, қызықты кітап, қоралы қой, таудай талап, еріншек бала, жастық шақ т.б.
Сан есім: бес адам, екі мың жылқы, алтыншы үй, оныншы адам т.б.
Сілтеу есімдігі: анау адам, сол бала, осы кітап, мына журнал, сол мектеп, ана бала, бұл орындық т.б.
Есімше: атылған оқ, жеретін машина, келетін уақыт, жинайтын егіс т.б.
Үстеу: бүгін студент, ертең оқушы т.б.


Мысалы: жібек орамал, балалы үй, алтыншы арба, орындалған арман мына қала
Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері
Матаса байланысқан есімді сөз тіркестерінің (17 сурет) бағыныңқы сыңарлары ілік жалғауда, басыңқы сыңарлары тәуелдік жалғауда болады.



17 сурет – Есімді матасу




Мысалы: Менің кітабым Біздің кітабымыз
Сенің кітабын Сіздің кітабыңыз
Оның кітабы

Мысалы: Менің жолдастарым Біздің жолдастарымыз
Сенің жолдастарын Сіздің жолдастарыңыз
Оның жолдастары



Мысалы: Студенттердің жиналысы, жапырақтардың сыбдыры, тракторлардың гүрілі\



Мысалы: Ат менікі, ат колхоздікі, сағат сенікі
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің (18 сурет) бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сыңарлары көбінесе баяндауыш қызметін атқаратын есімдер болады. Мысалы (Арман) биге шорқақ, (Абзал) саған бастық, (Айгерімнің мінезі) оған оғаш, (Сенің істегенің) өзгеге сабақ.



Заттың күйін білдіретін есімдер: бар, жоқ, көп, аз, мәлім, бәрібір, мүмкін.
Мысалы: кітапта жоқ, үйде бар, кітаптан көп.

18 сурет – Есімді меңгеру




Етістікті тіркестер
Етістікті сөз тіркестерінің граматикалық негізі етістік болады, соның негізінде басқа сөздер етістіктің жанына жинақталады. Қазақ тіліндегі етістіктерінің басқа сөздермен байланысуының ерекшелігіне қарай етістікті сөз тіркестері екі топқа бөлінеді:
1) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері.
2) меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері.
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері (19 сурет)



19 сурет – Етістікті қабысу


Етістіктер мен қабыса байланысатын сөздер: үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер, жалғаусыз зат есімдер. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? қанша сұрайды? қашан келді? не алды? тәріздес сөз тіркестерін құрайды.



Мысалы: Бүлк етті, кенет кідірді,жарқ-жұрқ етті, жарысқалы отыр, жинағалы келдік, ұйқысыз өткізді, есепсіз кетеді, екі алды, жақсылық қылу, сыр білдіру, ақыл беру.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері (20 сурет).



20 сурет – Етістікті меңгеру


Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысуы үшін табыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде айтылады.



Аталған септік жалғаулардың синтаксистік қызметі етістіктердің лексикалық мағыналарымен қарым‑қатынаста болып, сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларына септік жалғауы басыңқы сөздердің ыңғайына қарай жалғанады. Мысалы, кел, түс, қара, жібер етістіктері барыс, шығыс, көмектес жалғауларындағы сөздерді керек етіп, оларды өздеріне бағындырып (меңгеріп) тұрады:
түс – суға түс, аттан түс, арқанмен түс;
қара – балаға қара, терезеден қара, бинокльмен қара;
жібер – жолдасыңа жібер, қаладан жібер, почтамен жібер
Қиыса және жанаса байланысқан сөз тіркестері де осы ержелерге сай жүзеге асырылады.


Жоғарыда көрсетілген қазақ тілінде сөз тіркестерін құрудың ережелерін қолдана отырып, төмендегідей формалды ережелерді алуға болады:

    1. (,)) – KabEs(dep, dom) ‑>, мұндағы dep – (N{}), (Num{}), (Dem{}), (Adv{}), (Num{}), (Part{}), ал dom(N{}), (Adj{}), (PN{}), (Num{}). Басыңқы және бағыныңқы сыңар іргелес тұрып байланысады.

    2. (,) – KabEt(dep, dom) ‑>, мұндағы dep – (N{}), (Num{}), (Int{}), (Adv{}), (Num{}), (Adj{}), (Part{}), (IW{}), ал dom – (V{}). Басыңқы және бағыныңқы сыңар іргелес тұрып байланысады.

    3. (,) –MatEs(dep, dom) ‑>, мұндағы dep (N{Gen}), (Num{Gen}), (PN{Gen}), (Adj{Gen}), (AdP{Gen}), ал dom(N{Poss_end}), (Num{Poss_end}),(AdP{Poss_end}), (PN{Poss_end}), (Adj{Poss_end}).

    4. (,) – MengEs (dep,dom) ‑>, мұндағы dep (N{Ins}), (N{Abl}), (N{Dat}), (N{Acc}), (N{Loc}), (Num{Ins}), (Num{Abl}), (Num{Dat}), (Num{Acc}), (Num{Loc}), (Adv{Ins}), {Adv{Abl}), (Adv{Dat}), (Adv{Acc}), (Adv{Loc}), (PN{Ins}), (PN{Abl}), (PN{Dat}), (PN{Acc}), (PN{Loc}), (Adj{Ins}), (Adj{Abl}), (Adj{Dat}), (Adj{Acc}), (Adj{Loc}), (Part{Ins}), (Part{Abl}, (Part{Dat}), (Part{Acc}), (Part{Loc}), ал dom (Adj{}), (N{}), (PN{}), (Num{}) .

    5. (,) – MengEt (dep,dom) ‑>, мұндағы dep (N{Ins}), (N{Abl}), (N{Dat}), (N{Acc}), (N{Loc}), (Num{Ins}), (Num{Abl}), (Num{Dat}), (Num{Acc}), (Num{Loc}), (Adv{Ins}), (Adv{Abl}), (Adv{Dat}), (Adv{Acc}), (Adv{Loc}), (PN{Ins}), (PN{Abl}), (PN{Dat}), (PN{Acc}), (PN{Loc}), (Adj{Ins}), (Adj{Abl}), (Adj{Dat}), (Adj{Acc}), (Adj{Loc}), (Part{Ins}), (Part{Abl}, (Part{Dat}), (Part{Acc}), (Part{Loc}), ал dom (V{}).

    6. (,) – Kiysu(dep,dom) ‑>, мұндағы dep – (Pers{}), ал dom. (N{Pers_end}), (Adj{Pers_end}), (V{Pers_end}.

    7. (,) – Janasu(dep,dom) ‑>, мұндағы dep (Adv{}), (AdP{}), (N{}), ал dom (V{}).

Сонымен қатар, сөйлемдегі сөздер бір сөз тіркесін жасап, сол сөз тіркесі келесі тұрған сөзбен басқа сөз тіркесін жасауы мүмкін. Мысалы:
((,),) – қабыса байланысқан екі сөздің үшінші сөзбен матаса байланысуы. Сөз тіркестерінің басқа мүмкін болатын байланысу түрлері А Қосымшасында көрсетілген.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет