Муканова асель сериковна


Қазақ тілінде синтаксистік талдауды жүзеге асыру алгоритмі



бет33/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Қазақ тілінде синтаксистік талдауды жүзеге асыру алгоритмі

Мәтінді морфологиялық талдаумен салыстырғанда мәтінді синтаксистік талдау қолданбалы лингвистика саласының дамушы бағыттарырының бірі болып табылады. Синтаксистік талдаудың нәтижесінде табиғи тілдік мәтіннің синтаксистік бірліктері анықталуы қажет. Синтаксистік бірлік ретінде элементтері синтаксистік байланыс пен қатынас арқылы біріккен құрылымдарды айтамыз. Синтаксистік байланыс сөздер арасындағы синтаксистік қатынасты өрнектеу үшін қолданылады, яғни, сөз тіркестері мен сөйлемдердің синтаксистік құрылымын құрады.
Табиғи тілдік мәтіндерді синтаксистік талдаудың әртүрлі әдістері бар [147-152]. Синтаксистік талдауды автоматты түрде жүзеге асыру үшін сөйлемнің синтаксистік құрылымын сипаттау моделін айтуға болады. Сөйлемнің синтаксистік құрылымын сипаттау үшін сөйлем элементтері арасындағы байланысты бинарлы байланыстар жиынымен бейнелеуге болады. Синтаксистік байланыстарды бинарлы түрде бейнелеу синтаксистік құрылымның екі белгілі моделдерінде қолданылады, олар: тәуелділіктер графтары және тікелей құраушылар графтары. Қазіргі кезде сөйлемнің синтаксистік құрылымын бейнелейтін осы екі модел синтаксистік талдауды жүзеге асырудың негізі болып табылады.
Сөйлемнің синтаксистік құрылымын тәуелділік графы түрінде бейнелеу арқылы сөйлемдегі сөз тіркестерінің басыңқы және бағыныңқы мүшелері араласындағы бинарлы байланысты көрсетуге болады.
Синтаксистік талдау алгоритмі:

      1. БАСЫ. Синтаксистік анализатор кірісіне сөйлемді морфологиялық талдаудан кейін алынған сөздер тізбегі анықталған морфологиялық ақпараттарымен беріледі.

      2. Берілген сөздер тізбегінен цикл бойынша t-сөз бен t+1 сөздің морфологиялық ақпараттары алынады, 3‑ қадамға өтеді.

      3. Алынған морфологиялық ақпараттар қабысу ережесіне тексеріледі. Егер ережеге сәйкес келетін болса, сөз тіркесінің байланысы қабысу деп көрсетіліп, 2 ‑ қадамға өтеді. Егер ережеге сәйкес келмесе, 4‑ қадамға өтеді.

      4. Матасу ережесіне тексеріледі. Егер ережеге сәйкес келетін болса, сөз тіркесінің байланысы матасу деп көрсетіліп, 2 ‑ қадамға өтеді. Егер ережеге сәйкес келмесе, 5‑ қадамға өтеді.

      5. Меңгеру ережесіне тексеріледі. Егер ережеге сәйкес келетін болса, сөз тіркесінің байланысы меңгеру деп көрсетіліп, 2 ‑ қадамға өтеді. Егер ережеге сәйкес келмесе, 6‑ қадамға өтеді.

      6. Қиысу ережесіне тексеріледі. Егер ережеге сәйкес келетін болса, сөз тіркесінің байланысы қиысу деп көрсетіліп, 2 ‑ қадамға өтеді. Егер ережеге сәйкес келмесе, 7‑ қадамға өтеді.

      7. Жанасу ережесіне тексеріледі. Егер ережеге сәйкес келетін болса, сөз тіркесінің байланысы жанасу деп көрсетіліп, 2 ‑ қадамға өтеді. Егер ережеге сәйкес келмесе, 8‑ қадамға өтеді.

      8. Егер берілген сөйлемдегі сөздер тізбегі цикл бойынша барлығы талдаудан өтпесе, 2‑қадамға, өтсе онда талдаудың СОҢЫ.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет