Мулдабекова Камчат Тулюгиновна АҚпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік қҦзыреттілігін қалыптастыру



бет20/63
Дата09.04.2022
өлшемі2,62 Mb.
#30449
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63
Іс-әрекеттік амал
Білім алушының оқу іс-әрекетін,оқытушының кәсіби іс-әрекетін зерттеуге бағдарлайды,студенттердің, оқытушылардың әр түрлі іс-әрекеттегі жеке дара қабілеттерінің және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу мүмкіндіктерін айқындауға жағдай жасайды.
Жеке тұлғалық амал
Студентке деген құндылық қатынасты қалыптастыруға, адамның жекетұлғалық қасиеттері мен даралығының ӛрістерінің (зияткерлік, түрткілік, кӛңіл–күй, еріктік, пәндік-тәжірибелік, экзистенциалдық, ӛзіндік реттеу)қалыптасуына негіз болатын білім берудің ерекше мазмұнын айқындауға бағдарлайды.
Жүйелік амал
Жүйелік амал педагогикалық құбылыстарды олардың ӛзара байланысы түрінде қарастыруга бағдарлайды.Жүйелік амал барысында педагогикалық жуйе ӛзара байланысты құрамдас бӛлшектердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Олар: білім беру мақсаты, педагогикалық үдеріс субъектілері,(ұстаз бен дәріс алушылар),білім беру мазмұны (білім,білік,дағды,шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен кӛңіл–күй-әрекет қатынас тәжірибесінің жүйесі), педагогикалық үдерісті ұйымдастыру әдістері мен түрлері,мәліметтер қоры (құралдар).
Мәдениеттанымдық амал
63

Адамның шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуын қарастыруға бағдарлайды, ӛйткені адам игерген мәдениеті (құндылықтар жүйесі, тәжірибелік іс-әрекет тәсілдері)арқасында дамып қана қоймай, оған ӛзіндік ерекше жаңалығын да қосады.


Синергетикалық амал
Білімнің синергетикасы білім берудің байырғы үлгілерінен ӛзге, жаңа педагогикалық әлемді синергетикалық тұрғыдан қарастыратын, білім алушыларға ӛзін-ӛзі танудың, ӛзін-ӛзі дамытудың жаңа әдістерін меңгеруге бағытталған жаңа әдіснамасын жасауды алға шығарады.
Білім алушылар үшін жаңа әрекеттерге деген олардың эмоциялық қарым-қатынастарын (ым, бет қимылдары, дауыс ырғағын) олармен тікелей байланыс, қатынас жасағанда ғана кӛруге болады. Ақпараттық технологиялар кӛбінесе
вербальды және вербальды емес ақпараттарды бұрмалайды, естілім шеберліктерін жүзеге асыруды қиындатады. Мысалы, білім алушының жазбаша
және ауызша түрде берген кәсіби әрекеттер туралы ойларының айырмашылығы бар: жазбаша берілген есепте мұқият дайындалғандық, мәселеге ресми түрде қарау байқалады. Жанама қарым-қатынаста білім алушының ӛз пікірін дайындауға уақыт берілмейді, сондықтан да педагог одан нақтылы вербальды ақпаратты алып қана қоймай, сондай-ақ маңызды вербальды емес ақпаратты да алады. Кәсіби әрекеттерге деген алғашқы қарым-қатынасты анықтаған соң, бұл қарым-қатынасқа әсер ету, оны ӛзгерту мен түзету мүмкіндіктері туындайды. Мотивацияны кӛтеруге дейін ақпараттық технологиялар мен жанама қарым-қатынасты үйлестіруді қолдануға болады.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда бір жағдайдан екінші
жағдайға ӛте білу іскерлігі, оны тосыннан қолдана білуге машықтандыру секілді
стандарттық дағдыларды меңгеруде бірнеше сатылардан ӛтуі, оларды қарым-
қатынасқа дайындаудың ең маңызды аспектісі,- болып табылады. Коммуникативтік
біліктілікті қалыптастыру сатысында мынадай ӛзіндік сипаттамалары айқындалған:
а) жаңа жағдайда оқушыға белгілі білім мен дағды, шешім нұсқалары, қарым-

қатынас жасай білу тәсілін жеткізе (тасымалдай) білу іскерлігі, олардың нақты

жағдайдағы ерекшеліктеріне сай ӛзгеріп отыруы; ә) білім алушыға бұрыннан

белгілі ой, білім, дағды, тәсілдер қисындасуындағы (комбинациясында) жаңа

коммуникативтік жағдайға сай шешім таба білу іскерлігі;
б) нақты коммуникативтік жағдайларды шешуде жаңа әдістер мен тәсілдерді

қолдана білуі.


А.Н.Леонтьевтің пайымдауынша, коммуникативтік құзыреттілік топтарын «бағдарлау» деп жалпы аталатын, ӛз кезегінде ұсынылған үш аспектіде: кеңістікте, мерзім бойынша, әлеуметтік қатынас ретінде қарастырған: 1) cеріктестерінің мінез-құлқын бағдарлай білу, оның кӛңіл күйі; серіктесінің мінезін дұрыс түсіну, т.б. адамның мінез-құлқын анықтайды; 2) қарым-қатынаста серіктес боларлық және олардың ӛзара, т.б. байланысын бағдарлай білу іскерлігі жақындық дәрежесі мен сенім білдіру ӛлшемдерінде ӛзінің және серіктестерінің жыныстық жас ерекшеліктері мен рӛлдік дәрежесіне қатынасын білдіреді; 3) қарым-қатынас жағдайында бағыт таба білу іскерлігі.
64

Бұл ептіліктің маңыздылығы нақты жағайдағы қарым-қатынас ережесінің маңызды бейнесі ретінде анықталады [77].


Күнделікті ӛмірдегі қарым-қатынаста сӛйлеу әрекетінің барлық түрі – айтылым, жазылым, тыңдалым және оқылым – бірімен бірі тығыз байланысты. Ӛзге тілге оқытуда біз осының бірінен екіншісіне үнемі ауысып отырамыз. Ал егер осылардың ара салмағын салыстырып қарайтын болсақ, күнделікті қарым-қатынаста біз, адамдар, кӛбінесе айтушы мен тыңдаушы рӛліндеміз. Адамның оқыған кезде тыңдағанға қарағанда кӛп мӛлшерде сӛз қабылдайтыны рас. Бірақ бұл сӛздердің санына ғана қатысты, ал сапасына келгенде адам тыңдау арқылы қарым-қатынасқа тезірек шығады. Сондықтан сӛзді тыңдап қабылдау ӛзге тілмен танысуда, оны оқып-үйренудің негізі, тірегі болып саналады. Жалпы кез келген тілге оқытып-үйрету тыңдатудан басталады. Әдіскер-ғалым Ф.Оразбаеваның сӛзімен айтсақ: «Сӛйлесім әрекетіне тән айтылымның қатысымдық табиғатын айқындайтын белгінің бірі – адам мен адамның ұғынысу қажеттігін ӛтейтін тыңдалым процесі. Ауызша сӛйлеу іске асқан жерде есту де, тыңдау да қатар жүреді» [98, 116 б].
Ж.Даулетбекованың пікірінше, оқылым мен тыңдалым барысында студенттің сырттан алатын ақпаратты қабылдауға қатысты естіген немесе оқыған материалдарын түсіну, ондағы негізгі және қосалқы мәселелердің ара жігін ажырата алу, мәтін құрамындағы сӛздердің мағынасын түсіну, бейтаныс сӛздердің мағынасын жалпы мәтін мазмұнына сүйеніп болжай алу, оқыған естіген ақпаратты қайта қорыту, оған баға беру, сол материалдар бойынша ӛзіндік қорытынды жасау секілді біліктіліктерді қалыптастыруға болады. Ал,
айтылым мен жазылым әрекеттерінде студенттің ӛз бетінше ізденуі, шығармашылық тұрғыдағы қабілетттері, дара ойлауға ұмтылысы негізінде туындайтын біліктіліктер қалыптастыруға мүмкіндіктер мол[26].
М.Кабардов шетел тілін меңгеруші ӛзінің жеке ерекшеліктеріне қарай түрлі болып келеді – «коммуникативті», есту жадысы дамыған адам басқа тілде сӛйлейтін ортаға түссе, сӛйлеудің негізгі стереотиптерін есту арқылы тез ұғып алады. «Коммуникативті емес» деп саналатын болашақ мамандар тіл жүйесін ескеруі керек, олардың кӛру есі басым болады. Олар шетел тілінде жазылған мәтінді кӛрулері керек, осылайша олар естіп қабылдауға қарағанда мәтінді кӛргенде оңай үйренеді [133]. Сондықтан да, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда даралану туралы айтқанда болашақ маманның ӛзіндік шығармашылық белсенділігіне бағытталып, тек соның тілді меңгерудегі оңтайлы стратегиясын іздеу және оның бойындағы жасырын резервтерді пайдалану керек. Сонымен, ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық үлгісін мотивациялық, операциялық-мазмұндық және іс-әрекеттік компоненттерінің бірлігінде қарастырылып, олардың ӛлшемдері мен кӛрсеткіштердің негізінде теориялық үлгі жасалды.
Мотивациялық компоненті ақпараттық технологиялар негізінде болашақ мамандардың ӛзін-ӛзі дамытуға талпынуы, қызығушылығының артуы, белсенді іс-әрекетке комуникативтік құзыреттілігін танытуымен сипатталады. Оқу іс-
65

әрекетінде коммуникативтік құзыреттіліктің әртүріне деген қатынасы, танымдық қызығушылықтың дамуына байланысты туындайтын бірнеше мотивтердің бірлігінен тұрады. Сондықтан мотивация білім алушылардың белсенділігін, қызығушылығын тудыратындай жағдайлар мен жағдаяттарды шешетін тапсырмаларға байланысты болады. Бұл ӛз кезегінде білім алушының жеке тәжірибесіне, даралығына, ішкі ұмтылысы мен ынтасына байланысты болады.Мотивацияның пайда болуы оқу материалының мазмұнына, оқу іс-әрекетінің ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды қолдану негізінде білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға байланысты оқытудың ұжымдық, топтық формада ұйымдастырылуына және


олардың нәтижесін бағалауға тікелей қатысты болады Мотивациялық компонентті талдау мұнда бірінші қатарға коммуникативтік мәселелерді шешу үшін яғни олардың қарым-қатынасқа қызығушылығы, практикалық әрекетте ӛз білімдерін, біліктілікпен жүзеге асыруға қажеттілігінің пайда болуы, білім алушылардың ақпараттық технологияларды меңгеруге деген ниетті мен қызығушылықтарын қояды.
Мазмұнды-операциялық компонент ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың ӛзін-ӛзі дамытудағы ізденімпаздығын, білімділігі, белсенді іс-әрекетте комуникативтік құзыреттілігінің амалдарын қамтиды.
Мазмұнды-операциялық компонент ауызша және жазбаша, монологтық және диалогтық сӛйлеуді меңгеру, коммуникацияның вербальды емес құралдарын меңгеру, ауызша және жазбаша түрде әр түрлі хабарламаларды құру шеберлігі, диалог пен полилогқа қатыса білу шеберлігі, қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін ақпараттық технологияларды меңгеру сияқты аспектілерді қамтиды. Бүгінгі таңда білім беруде қол жетерлік әрі кең қолданылатын ақпараттық технологиялардың білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы мүмкіндіктері әртүрлі. Мұндай технологиялардың мысалы ретінде электрондық пошта, желілік конференция, чаттар (Messenger, ICQ), бейнеконференцияларды атауға болады. Жоғарыда аталған технологияларды талдау негізінде мазмұнды-операциялық компоненттерді қалыптастыруға ықпал етеді деп қорытынды жасауға болады.
Іс-әрекеттік компонент – ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың ӛзін-ӛзі дамытудағы әрекетті ӛздігінен айқындауы, белсенді іс-
әрекетте коммуникативтік құзыреттілігінің нәтижесі тәжірибеде шығармашылықпен қолдана білуінен кӛрінеді. Іс-әрекеттік компонент коммуникативтік құзыреттіліктің ӛзін бағалауды, сондай-ақ коммуникативтік
мәселелердің кең аясындағы мәселелерді ақпараттық технологияларды қолданумен шешілуінің жалпы кӛріністерін сипаттайды.
Іс-әрекеттік компонент мотивациялықпен тығыз байланыста болады, ӛйткені коммуникативтік құзыреттіліктің ӛзін бағалау тиісті білімдер, шеберліктер мен дағдыларды жетілдіруге мотивациялануы керек. Бұған қоса, қазіргі заманға лайық маман коммуникативтік мәселелердің кең аясында бағдар ала білуі, кәсіби әрекеттердің нақты жайына ақпараттық технологиялардың қайсысының лайықты екендігін анықтай білуі керек. Жүргізген талдау болашақ
66

мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін ақпараттық технологияларды табысты түрде қолданудың негізгі шарты – мақсатты қоюдан бастап, алынған нәтижелерді талдауға дейінгі бүкіл үдерістерді тұрғызуға ықпал ететін субъектілік қасиеттерінің коммуникативті болуымен сипатталады.


Сонымен, білім берудің мазмұны тұрғысынан коммуникативтік құзыреттіліктің мотивациялық, тұлғалық және іс-әрекеттік компоненттерін қалыптастыруда ақпараттық технологиялардың алға қойған міндеттеріне сәйкес келетіндерді қолдана отырып, педагогтың іс-әрекеттерін де ӛзгерту қажет. Білім беру бағытының алғашқы сатыларындағы педагогтың рӛлі ӛте маңызды. Ал егер білім алушылардың мотивациясы анық, екінші жоғары білім, біліктілікті жоғарылату мен мамандықты ӛзгерту тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда ақпараттық технологияларды қолданудың үлесі ӛте жоғары. Педагог кӛбінесе кеңесші, тьютор рӛлінде психологиялық қолдау кӛрсетеді. Мұнда жанды
қатынас, тәжірибемен (педагогикалық мамандық ерекшеліктерімен байланысқан) алмасу қажет.
Біртұтас үлгі ішкі әрекет механизмдерінің қызмет етуінің тиімділігі ӛлшемдері бойынша кӛрсетілген мәселелерді шешудің тиімділігін бағалауға ықпал етеді. Үлгінің шешетін түпкілікті мәселелерінің бірі – үлгіленетін жүйенің орнын анықтау. Үлгі мазмұнын талқылау оның негізгі элементтері мен ӛзгерту жағдайларының қызмет ету сипатын анықтауға, адамның жалпы дамуының бірнеше ерекшеліктерін анықтауға ықпал етеді.
Бірінші ерекшелік-ақпараттарды сыртқы жүйеден бұрмалаусыз, толық кӛлемде қабылдау. Бұл үшін адамның барлық сезім органдарының қолайлы жұмысын, оқу материалдары мен мәдени құндылықтарды қабылдап, ӛңдеп, меңгеру үшін оқушының қалыпты да жұмысқа қабілетті күйін қамтамасыз ету керек.
Екінші ерекшелік – бұл сырттан келген ақпараттың ойлаудың құрылымы мен қажеттілік жүйесінің даму деңгейіне сәйкес келуі. Бұл ақпараттың адамда ―қызықты‖, ―қозу‖, ―кӛңіл-күйге ортақтасуы‖ арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші ерекшелік – ішкі арна байланыстары, реттеу бағдарламалары мен құрылымдарының тиімді жұмысын ―Мен тұжырыммен‖ қамтамасыз ету. Бұл үшін педагогтың оқушыға қатысты жеке, бағдарлы жолы жасалуы қажет.
Тӛртінші ерекшелік - нәтижелі кері байланыс арқылы ӛзінің маңыздылығы (қоғамдық қолдау) мен ӛзін-ӛзі жүзеге асыруды (жеке жетістік) қамтамасыз ететін сыртқы іс-әрекетті қалыптастыру. Бұл жерде ерекше айта кететін жай: кері байланыс шығармашылық сипатта болуы керек.
Бесінші ерекшелік-адамның дамуы тәрбиелеу мен оқыту мақсаттарына кешенді түрде жетумен ғана мүмкін болады, яғни адамның жеке, дара адам, субъект пен ӛзіндік тұлға болып дамуы. Мұндағы тәрбиелеудің қажеттілік иерархиялары мен құндылық нысаналарын қалыптастыру, ал оқытудың ойлау құрылымы мен когнитивті жаңадан пайда болғандарды қалыптастыру.

67


Мақсаты:

Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың





коммуникативтік құзыреттілігінқалыптастыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет