Мулдабекова Камчат Тулюгиновна АҚпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік қҦзыреттілігін қалыптастыру


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан - мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «



бет17/63
Дата09.04.2022
өлшемі2,62 Mb.
#30449
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Байланысты:
Muldabekova disss

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан - мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті ӛмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек»,- деп білім саласынның алдына зор міндет жүктелген.
Осы кӛрсетілген бағытты жүзеге асыру үшін білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін ақпараттық технологиялар негізінде қалыптастыру қажеттілігінің негізгі факторлары анықталды:


  • біріншіден – оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы студенттерді кәсіби даярлаудың сапасын арттыруда, жалпылама ақпараттық біліммен қамтамасыз ету негізінде болашақ мамандардың коммунитивтік құзыреттілігін қалыптастыру;




  • екіншіден – оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық сауаттылық мәселесін жетілдіру арқылы болашақ мамандардың коммунитивтік құзыреттілігін қалыптастыру;




  • үшіншіден – педагогикалық ғылымдардың логикалық дамуына байланысты ақпарттық жүйенің барлық мүмкіндіктерімен қаруландырып, ақпараттық мәдениеттілікке жеткізу арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдаулар коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыратын білімнің құрылымы туралы әртүрлі кӛзқарастырдың бар екендігін кӛрсетті. Бұл кӛзқарастарды түйіндейтін болсақ, «кеңейтілген білім» құрылымындағы болашақ маманның коммуникативтік құзыреттілігі келесілерді қамтиды.




  • педагогикалық қарым-қатынас туралы білімнің тарихы және жалпы коммуникация білімінің теориясы;




  • педагогикалық қарым-қатынастың этикасы және әлеуметтік мәдени нормалар туралы білімі;




  • тиімді педагогикалық қарым-қатынастың заңдылықтары және психологиялық педагогикалық білімі.

«Үлгі» термині латын тілінен (modulus) шыққан, «ӛлшем» деген ұғымды білдіреді. Үлгінің негізінде белгілі бір білім саласындағы фактілер, заттар мен қарым-қатынастың кӛрініс беруі, - деп түсінеміз.


«Үлгі» мазмұны мен типі, мақсаты мен міндетіне байланысты әртүрлі. Кӛбінесе зерттелетін заттық ортаның түпнұсқасының мазмұнына, оның айнала ортаға әсеріне де байланысты ӛзгеріп отырады. Үлгі сӛздің кӛмегімен заттық ортаны айқындайтын білім туралы ұғым ретінде, белгілі топтасқан ӛзара байланысты сӛйлем жиынтығы, қорытындылар түрінде, объектінің негізгі
52

жақтарын, элементтерін, байланысын айқындайтын физикалық – графика, схема, түрінде сондай-ақ негізгі сыртқы және ішкі байланыстары мен қатынастарын анықтайтын математикалық формулалар немесе сандық кесте түрінде болуы мүмкін.


Г.Клаус бойынша, үлгі – теория мен практиканың диалектикалық қарама-қайшылығы болып есептеледі. Үлгі дегеніміз – теория, ол белгісіз ортаны дәлелдеудің, абстракциялықтан нақтылыққа кӛшудің мүмкіндігі, ғылыми дәлелділігі [118].
Үлгі түрлерінің ең негізгісі ғылыми үлгі болып есептеледі. Бұл үлгі зерттеу арқылы сол заттық орта туралы жаңа білімдер, түсініктер, жобалар алуға негізделуі қажет.
А.М.Новиков үлгіні сипаттай келе, оны негізгі нысан туралы жаңаша ақпарат беретін, танымдық мақсатқа таңдалған немесе қайта жасақталған қосымша нысан ретінде қарастырады [119].
А.Б.Горстко үлгіні нақты нысанның құрылымы, оның дамуы мен қоршаған ортамен әрекеттестігінің негізгі ережелерін білу үшін нысанды басқара білуге үйрену немесе берілген жағдайларда мақсаттар мен ӛлшемдерді тиімді тәсілдерді анықтаумен байланыстырады [120].
В.А.Штоффтың үлгіге берген түсінігінің педагогикалық зерттеулерде үлгілеу ұстанымының мәні зор. Оның айтуынша, үлгі – зерттеу нысанын бейнелеп, шығаратын және сол нысанның орнын басып, жаңа ақпарат бере білетін, ойда бейнеленіп немесе материалды түрде іске асатын жүйесі болып табылады [121]. Авторлардың пікірлерін түйіндейтін болсақ,үлгі зерттеу тақырыбының теориялық негіздемесіне сүйене отырып, мақсаты, міндеттеріне сәйкес іске асырылатын абстракты түрдегі құрылымдық-мазмұндық біртұтас жүйе ретінде жасалатын, жобалар алуға негізделіп жасалатын үлгі,- деп санаймыз.
А.В.Соколовтың пайымдауынша, педагогикалық коммуникативтік дағды –педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыратын құзыреттіліктерді қамтамасыз ететін, нәтижелі іс-әрекеттің қалыптасуы мен оның дамуында субъектілік ӛзара әрекеттестікті іске асыратын, педагогтың кәсіби дағдысы, - болып табылады [122]. Бұдан шығатын қорытынды болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда кәсіби білім мен біліктілікті меңгертуге басымдық бағыт беріп, оның дағдыға айналуына мүмкіндік туғызу қажет.
В.А. Кан-Каликтің пікірінше, педагог меңгеруге тиісті қарым-қатынастың кӛптеген дағдыларын ұсынған: психологиялық байланысты орнату дағдысы, қарым-қатынасты белсенділікті қолға алу, қарым-қатынасқа түсуге бейімделік, оқушылармен мақсатқа бағытталған шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру, оларға бағыт берудегі қарым-қатынас дағдысы және т.б. [95]. Болашақ бастауыш сынып мамандарының автордың кӛрсеткен барлық қарым-қатынас дағдыларын меңгеруі тиіс, - деп есептейміз. Себебі: ең бірінші сыныпта психологиялық оң ахуал туғызылуы шарт. Сонда ғана психологиялық байланыс орнатуға болады. Психологиялық байланыс жақсы орнатылған жерде, қарым-
53

қатынасты белсенділігі орнайды, ал белсенділік болған жерде қарым-қатынасқа түсу іске асырылады. Оқушылардың белсенді оқу іс-әрекетіншығармашылық іс-әрекетке ұластыру үшін оларға осы бағытта нұсқау беру қажет.


Т.К.Чмут «Адамның тұтас мәдениетінің құрамдас бӛлігі қарым-қатынас құзыреттілігі. Ол қандай да болмасын қарым-қатынас туралы белгілі мӛлшердегі білімді құрайды», - деп ой түйіндеген [123]. Біз автордың болашақ мамандардың педагогикалық мәдениет, такт, этикасының негізі болып табылатын коммуникативтік құзыреттіліктің білім негізінде қалыптасады, - деген пікірін қолдаймыз.
Болашақ мамандарды даярлау мәселесін зерттеу барысында бірнеше бағыт-бағдар болғанына кӛз жеткізілді. Ол бағыттарға тоқталатын болсақ:


    • бірінші бағыт, болашақ маманның теориялық білім жүйесі мен мазмұнын анықтайтын кәсіби кӛрсеткішін жасаумен сипатталады. Сонымен қатар оқыту үдерісін ұйымдастыруға қажетті педагогикалық іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс. Осылардың негізінде педагогикалық жоғары оқу орындарында мамандарды дайындау барысында жаңа маманның құрылымдық үлгісін байқаймыз. Осы бағыттағы кәсіби кӛрсеткіштерді жасаумен қатар кәсіби дайындық үдерісіндегі болашақ бастауыш сынып мамандарының жеке тұлғалық сапасы мен дайындық мәселелерінің қалыптасуы зерттеледі. Педагогикалық іскерлігінің қалыптасуы оқыту үдерісін басқару ретінде қарастырылады және басқару фазалары (диагностика, мақсат тұту, жоспарлау, практикалық шешім қабылдау, қорытынды сұрыптау) бойынша теориялық білім мен педагогикалық іскерлік шеңбері жасалады.




    • екінші бағыт, педагогикалық қызметтің құрылымдарын зерттеумен сипатталады. Жоғары мектеп педагогикасы саласы бойынша жүргізілген зерттеулер педагог қызметінің келесі құрылымдарын анықтап берді. Олар: құрастырылатын, бірлескен, коммуникациялық және жобалау және т.б. болып табылады.




  • үшінші бағыт,жеке қызмет түрлері бойынша теориялық білім мақсаты, міндеттері, мазмұны, ұстанымдары мен әдістері, технологиялары, ұйымдастыру формалары, күтілетін нәтижелермен сипатталуы болып табылады.

Педагог үлгісі мен оның біліктілік сипаттамасы туралы кӛріністерді айқындау оның кәсіби іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық сипаты болып табылады. Сондықтан да ол педагогикалық оқу орындары мен университеттерді бітіруші түлектер қызметінің үлгісін нақтылап беріп, жинақы түрге және бір қалыпқа келтіреді және сол мақсатқа жетуі үшін соған сәйкес нормативті талаптар мен бағалау кӛрсеткішінің сәйкес тиімділігін жасайды.


"Маман үлгісі" деген түсінік және оған тығыз байланыстағы "жоғары білімі бар маманның біліктілік сипаттамасы" түсінігі білім беру мазмұнын және оны таңдаудың негізі мен құрылымдарын ашады. Маман үлгісінде тек қана оның жеке жақтары мен сипаты ғана емес, олардың оқу-тәрбие үдерісі нәтижесіндегі алған жетістіктер және жоғары оқу орны қызметіндегі практикалық үдеріске қажеттілігін кӛрсететін мамандардың білімділігі мен қабілеттіліктері жатады.

54

Үлгі мен тұпнұсқаның арасында айырмашылық болады, ӛйткені үлгі белгілі-бір шектеулер негізінде құрылады. Үлгі түпнұсқаның маңызды жақтарын кӛрсете отырып, оның мәнін түсінуге кӛмектеседі. Үлгіқұру кезінде оның зерттеу объектісінің түпнұсқаға сай келуін қадағалау қажет. Үлгіүнемі түсіндіру, анықтау құралы бола отырып, танымдық рӛл аткарады. Қазіргі заман ғылымында үлгі ұғымын материалдық немесе тұжырымдамалық жүйе ретінде түсіндіреді:




  • біріншіден, қандайда бір формада түп нұсқаның маңызды қасиеттері мен қарым-қатынасын бейнелеп, кӛрсетеді;




  • екіншіден, нақты берілген мағынада оның орнын басады;

  • үшіншіден, түп нұсқа туралы жаңа ақпарат ұсынады.

Ақпараттық технологиялар негізінде болашақ маманның коммуникативтік құзыретілігінің мәні, құрылымы және мазмұны туралы нақты түсініктің болуы оның қалыптасу үлгісін құруға мүмкіндік береді.


И.А.Зязюн мен Г.М.Сагачтардың ойынша, оқытушыға қажетті коммуникативтік құзыреттіліктердің бірнеше түрін серіктесін тыңдай және ести білу, аудиторияда ӛзінің мінез-құлқын басқара білу. Коммуникативтік құзыреттіліктерді әлеуметтік ӛзара байланыстың ӛнері ретінде қарастыра отырып, түсіндіре білу дағдысын алға шығарады [124]. Біз автордың пікіріне
қосыла отырып, болашақ бастауыш сынып мамандарын дайындауда ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушыларға білім беру бағдарламаларын меңгерту барысында яғни жаңа материалды түсіндіре білуі, білім алушылармен субъектілік қатынасқа түсуде қоммуникативтік құзыретті болу,- қажет деп есептейміз.
А.А.Бодалевтың пайымдауынша, қарым-қатынас құзыреттілігінің жоғары деңгейіне жету үшін білім алушылардың жеке дара психологиялық ерекшелігін білуі қажет, соған сәйкес әрбір студенттің психикалық жағдайы мен тәртібіне қарай қарым-қатынастың тәсілін таңдап қолдану, қоғамдық моральға, жалпы адамзаттық құндылыққа қарама-қайшы келмейтін, нақты жеке адамның ерекшелігіне сай жауап беретіндей психологиялық-педагогикалық ракурсте болу керек [125]. Бұдан шығатын қорытынды үлгінің білім алушылардың жеке дара психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынастың білім алушы үшін оң әсер тудыруға ықпал етуі, оның жақсы нәтижеге алуға болатынын кӛрсетеді.
Зерттеу жұмысымызда болашақ мамандардың ақпараттық технологиялар арқылыкоммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үлгісін құру қажеттігі туындады. Үлгі құрудың мақсаты – болашақ манадардың ақпараттық технологиялар негізінде коммуникативтік құзыретілігін қалыптастыруға негізделеді.
Болашақ мамандардың ақпараттық технологиялар арқылы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үлгісін құру барысында оның құрылымын білу қажет:


  • ақпараттық қоғамда болашақ маманның ақпараттық технологиялар коммуникативтік құзыреттілік деңгейіне қойылатын талаптарды ескеру;

55

- ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік құзыретілігінің мәселесі бойынша зерттеудің негізгі идеялары, тұжырымдамалық ойлары;


- ақпараттық технологиялар арқылыболашақ мамандардың коммуникативтік құзыретілігін қалыптастыру үшін шешілуге қажетті міндеттердің айқындалуы;
- болашақ мамандардың ақпараттық технологиялар арқылы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың маңызды компоненттері және олардың арасындағы функционалды байланыстардың болуы;
- болашақ мамандардың ақпараттық технологиялар арқылы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру формалары, технологиялары, әдістері және құралдары;
- болашақ мамандардың ақпараттық технологиялар негізінде коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі ӛлшемдері мен кӛрсеткіштері, деңгейлерінің айқындалуы.
Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік құзыретілігін қалыптастыру үлгісін әзірлеу белгілі әдіснамалық негізге сүйене жүзеге асырылады. Психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау ақпараттық технологиялар негізінде болашақ мамандардың коммуникативтік құзыретілігін қалыптастыру үлгісін құруға мүмкіндік берді.
Шетелдің ғылыми ойлары ақпараттық әрекеттестік пен ақпаратпен алмасуды тұлғаның негізі болып табылатын факторы (Э.Торндайк, Ж.Пиаже және басқалар) ретінде қарастырылмайтын теориясымен қатар сана дамуында ішкі ақпарат пен алмасудың маңызды орын анықтайтын бірқатар теорияларға (К. Марке, Дж. Мид, Ч.-Х. Кули) сүйенеді.
Ақпараттық амалдың орталық идеясы ақпараттық феномендер мен үдерістері, ақпараттың нақты, біртұтас мәні ретіндегі түрлі объектілерді зерттеуден құрайды.
Г.А.Ларионованың пайымдауынша, ақпараттық амал – құрамына ақпарат теориясында дамыған идеялар мен математикалық құралдар кешеніне енетін зерттеудің жалпы ғылыми құралы, - болып табылады [126]. Біз зерттеу жұмысымыздың тұрғысында зерттеудің жалпы ғылыми құралы ретінде ақпараттық технологиялар мен коммуникативтік құзыреттіліктер туралы теориялық ой-тұжырымдарды басшылыққа алу қажет, - деп санаймыз.
В.И.Загвязинскийдің пікірінше, зерттеу объектісінің қиындығы «зерттеушіні қарапайым ұқсастықтар іздеуге итермелейтіні» кӛрсетілген; ондай ұқсастықтар жүйеге қатынас бойынша үлгіге айналады. Аналог бойынша ақпаратты үлгіден прототипке кӛшіру мүмкіндігі туындайды, теориялық деңгейдің арнайы әдістерінің бірі – үлгілендіру әдісінің мәні осында,- деп қорытынды жасаған


  1. Автор теориялық білімдер және эмпирикалық мәліметтер негізінде шын мәніндегі сынақ жүргізуде орын алуы мүмкін жағдайларды ойша қарастыра отырып, белгілі бір ӛзгерістегі үлгі сипатталатын және идеалды объект құрылатын ойша болжам жасайды. Идеалдық үлгі танушы үшін ең маңызды байланыстар мен қатынастарды анықтайды.

56

Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық тәжірибеде кең қолданыстағы ақпараттық амалдар үдерісін қамтамасыз ететін, белгілі іскерлік, дағды мен білімді қалыптастыруға ықпал етеді.


Зерттеу жұмысымызға байланысты ақпараттық технологиялар
арқылыболашақ мамандардың комуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін құру қажеттігі туындады.
«Модель» дайындалған зерттеу нысанының түп нұсқа үлгісі болып табылады. Үлгіде зерттеу мәселесінің шешімін табудағы оқыту үдерісінде болашақ мамандардың комуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға деген тұрақты қызығушылығын кӛрсететін теориялық, әдістемелік білімдерінің кӛрсеткіштері мен ӛлшемдері, деңгейлері сипатталады.
Болашақ мамандарды даярлау оқыту үдерісінде іске асырылады. Әртүрлі абстракциялық бағыттағы және объективті шындыққа жақындаудың кӛмегімен адамның миына объективті дүниенің шағылысуының бір тәсілі ол – үлгілеу болып саналады. Философиялық кӛзқарас тұрғысынан ол, заттар мен ақиқат құбылысты тануды жеңілдететін ықшамдау тәсілінің дамуы сияқты сипатталады.
Ғылыми зерттеулерде үлгі – оқыту мен оқу үдерісін зерттеудің әдістері мен тәсілдері жүйесіндегі қажетті бӛлік дегенмен оның тиімді қолданылуы зерттеу әдістерінің барлық жиынтығын пайдалануға байланысты болады.
Үлгі - әрі шындықты бейнелеу түрі, әрі жинақталған мәліметтерді жинақтау мен білімді ары қарай дамытуға қажетті танымдық әдіс ретінде қарастырылады.
Үлгілеу әдіс ретінде ӛз табиғатында іс-шарабола отырып, зерттеу пәнінің белгілі бір қисынды зерттелу мәселесінің аяқталу шегін білдіретін абстракті-логикалық ойлау негізінде жүзеге асатын, педагогикалық зерттеудің басқа іс-шаралармен бірге оның теориялық бӛлігін құру мүмкіндігін шамалайды.
Зерттеу жұмыстарында «үлгі» термині мынадай мағыналарды береді:


  • үлгіні құру немесе таңдау жӛніндегі әрекеттер және объект туралы білім алу мақсатында оларды зерттеу;




  • кез-келген құбылыстар мен үдерістерді жанама зерттеу әдісі. Педагогикалық деңгейде зерттеу жұмысының негізінде құрылған үлгі

нәтижесінде педагогикалық жағынан мақсатты құрылған әрекеттердің бірізділігі мен жүйесі түрінде бейнеленуін аламыз, бұл әрекеттер қойылған болжамның дұрыстығын немесе бұрыстығын шешуге алып келеді.


Үлгі – оқыту үдерісі мен оқытуды зерттеудің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары және әдістері, технологиялары, ұстанымдары, компоненттерін жүйелейтін буын. Зерттеу аясында құрылған үлгі белгіленген нәтижеге жету үшін оның барлық жиынтығын дұрыс пайдалану керек.
У.Э.Эшиби бойынша, үлгі дегеніміз – зерттеу әдісі ретінде алғанда қарапайымдыландыру үлгісінің ӛзі біршама қиын және қарама-қайшылықтарға толы үдеріс ретінде сипатталады. Себебі: ол зерттеудің тапсырмаларын, мақсатын және мәнін анықтайтын, жұмыс болжамын қалыптастыратын, зерттеу мәнін және оның қасиеттерін суреттеу мен бағалаудың құралдары мен әдістерін
57

таңдауды жүргізетін зерттеу процедураларымен байланысты. Сонымен бірге үлгілендіру әдісі ӛз табиғатында абстрактілік-логикалық ойлау негізінде жүзеге асатын іс-шара бола тұра, педагогикалық зерттеулердің ӛзге де іс-шараларымен бірге зерттеу мәнінің зерттелетін жақтарының белгілі бір логикалық шектерін кӛрсететін оның теориялық бӛлімдерін, зияткерлікпен кӛру үлгілерін құру мүмкіндігін аңғартады.


Зияткерлікпен кӛру үлгісі педагогикалық түсініктер жүйесінде қалыптасқан тілде жұмыс болжамы пішінінде, педагогикалық зерттеулер мәні жӛніндегі үлгі түсініктермен байланысты эталон ретінде кӛрініс береді. Үлгінің ӛзі материалды түрде ӛмір сүрмейді, ол ойлау образдары пішінінде «құрастырылған» зерттеушінің санасында ғана бар ойлау құралы, сондықтан да оны идеялық үлгі деп атайды.
Л.А.Беляеваның пікірінше, үлгі құрудың мазмұнды жақтарын анықтай отырып, үлгіні бағалаудың келесі ӛлшемдерін бӛліп кӛрсетеді:
- объектілік аймақтар арасындағы тәуелділікті анықтайтын, байланыстылық;


  • үлгілендіретін объектіні қадағалау және тіркеу мүмкіндігі, яғни бақылаушылық;




  • тұрақтылық (кӛрсетулік және техникалық).

«Үлгілік білім беру» түсінігі мен идеясы алғаш рет ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ-да, Англияда пайда болды. Сол кезде білім алушыларға берілген білім материалдарында әрекеттердің мақсатқа сай негіздері, ақпараттар қоры және алған қойылған білім алу міндеттеріне қол жеткізудің әдістемелік құралы болса, онда оқу бағдарламасы шеңберінде білім алушылар білім материалдарымен ӛздігінен жұмыс істей алады деген болжам айтылған еді. «Үлгі – оқу мазмұндары мен оларды меңгеру технологиялары біріктірілген мақсатты функционалды түйін. Тек модуль ғана мазмұны, оқыту әдісі, дербестік деңгейі, оқушының оқу-танымдық әрекеттері қарқыны жағынан дараланған оқытудың бағдарламасы бола алады» [128].


Авторлардың пікірлерін қорытатын болсақ, үлгі түсінігі шындықтың белгілі бір тұстарын тереңірек түсіну мақсатында кӛрсету құралы ретінде анықталады. Қандай да болмасын үлгілендіру барысында ғалымдар оның қозғалысының құрылымын талдауды қарастырады. Соның ішінде, қандай да болмасын функционалдық үлгі оны белгілі бір үдерістің жүзеге асуының қандай да бір мезетінде сипаттайтын элементтер жиынтығы,- деп атап кӛрсетеді. Мұнда үдерістің ӛзгермелі табиғаты бір қалыптан екінші қалыпқа, бір элементтен басқасына кӛшу ретінде анықталады.
Н.Д.Хмельдің пікірінше, үлгіні біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асырудың маңызды бӛлігі болады деп есептейді: яғни, зерттеуші – ұстаз үшін үлгі зерттелетін құбылыстың идеалдық үлгісін қайта жасаудың тәсілі болып табылады. Бұл нысан және оған қатынастық мәндерді кӛрсететін кӛрнекілік құралдардың бірі (шартты бейне, схема т.б.) [129]. Жалпылама түрде үлгі – зерттеу пәнінің белгілі бір жақтарын, байланыстарын, қызметін кӛрсететін элементтер жүйесі. Үлгінің негізі – зерттелетін объекті мен оның үлгісі
58

арасындағы белгілі бір сәйкестік. Формалары бойынша үлгілер материалдық (заттық, денелік) және идеалдық (иеалдағы, ойдағы) болып бӛлінеді. Зерттеушілер материалдық үлгідердің табиғи, үлгі-приборлар, бейнелеу үлгілерін ажыратады, ал идеалдық үлгіні түсінік, ұғым, заңдылықтар және олардың байланысы арқылы кӛрсетеді. Үлгі – бұл таным құралы. Бақылау және эксперимент нәтижесінде қалыптасқан кез келген теориялық түсінік түпнұсқа - объектімен салыстырмалы түрде үлгі ретінде қабылдануы мүмкін.


Үлгі бұл сызба, физикалық құрылымдар, таңбалық түрдегі немесе формула түрінде зерттелетін объектінің (немесе құбылыстарына) келешекте қажеттігі үшін құрылған жасанды объект, ол бұл объектінің элементтері арасындағы ӛзара байланысын және қатынасын қарапайым түрде жалпылама қамтылған құрылым түрінде бейнелеп, суреттейді.
Р.Беллдің пікірінше, коммуникативтік құзыреттілік үлгісінің алғашқы нұсқасы ӛзінің сапалық компоненті ретінде тілдік және әлеуметтік құзыреттілікті қамтиды. Коммуникативтік құзыреттілік шешім қабылдау механизмі ретінде қарастырылып және ӛзіндік «мехнизм» ретінде жұмыс істеп, коммуникативті жағдай мен қарым-қатынас мүмкіндігімен хабарлама ниетінің сәйкестігін білдіреді. Үлгінің маңызды элементтерінің бірі вербалды емес кері байланыс болып табылып, соның негізінде сӛйлеуші ӛз пікірінің кӛлемі мен мазмұнын дәлелдеп түзетеді [130].
В.В.Рыжов коммуникативтік әлеует құрылымының негізгі алты блогын атап ӛтті: қарым-қатынас орнатуда мотивацияның басымдық үлгісі; қарым-
қатынаста тұлғаның байланысқа түсуі; қарым-қатынасқа мазмұндық бағытталу; әлеуметтік-перцепциялық қабілет пен біліктілік; коммуникативтік байланыста оның орнын бейнелейтін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы; ӛзіндік рефлексиясы – яғни, ӛзін-ӛзі бағалауы және қабілеттілігі [88].
Л.Оталаның пікірінше, құзыреттіліктің құрылымдық компоненттеріне құндылық, мақсат, қатынас, тәжірибе, білім, білік, дағдының бірлігінде қарастырып, оның ішінде қабілет пен қарым-қатынас адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, барлық ақпараттық байланыс пен қатынасқа ерекше мән беріп, оның негізінде адам болып жатқан ӛзгерістер туралы ақпарат алады, ӛзгермелі ортаға бейімделеді, деп түйіндеме жасаған [131].
Мұнда ӛлшемдер жалпы (мақсатты құруда тіркелетін талаптарды кӛрсетеді және соңғы нәтижелерді диагностикалау үшін қолданылады) және жеке деп (үдерістің нақты міндеттерін кӛрсетеді және аралық нәтижелерді талдауға қолданылады) бӛлінеді. Екінші тәсіл – бағыттылығымен, қолдану әдістерімен және орнымен анықталады. Бұл тәсілде сыртқы формасына қарай нәтижелердің кӛрінуімен байланысты ӛлшемдер (когнитивтілік; әрекеттің түрін анықтауға қабілет; әрекеттік ӛлшем және т.б.) және жасырын түрде нәтижелердің кӛрінуімен байланысты ӛлшемдер (мотивациялық-қажеттілік; тұлғаның кәсіби маңызды сапалары; құндылық бағдарлары және т.б.) анықталады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «ӛлшем» терминінің біртұтас анықтамасы жоқ.
59

Ш.Т.Таубаева ӛлшем – білім алушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, қалыптастыруда жеткен жетістіктердің белгіленуін салыстыратын ғылыми негізделген эталондар кӛрсеткіші, – болып табылады,- деген анықтама берген. Автор сонымен қатар кӛрсеткіш – тұлғаның даму үдерісін сипаттайтын деңгейі, оның оқытылуы, тәрбиелілігі визуальды бақылануы және білім алушының тәжірибесінде қалыптасқан білімі, дағдысы, іскерлігі, тәртібінің белгіленген мӛлшерде жүзеге асырылуы, – деген анықтама берген [132]. Бұл бізге ақпараттық технологиялар негізінде болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігінің құрылымын анықтай алатын ӛлшемдерді нақтылауға мүмкіндік берді.


Ақпараттық технологияларарқылы болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда басшылыққа алатын негізгі ұстанымдар:
– педагогикалық іс-әрекеттің жекелеген мәнді әртүрлі жағдаяттарға бӛліну ұстанымы, жаттығулар жүйесін ұйымдастыруға негіз болатын нақты шарттардың контексінде білім алушылардың тәртібінің тактикасы мен стратегиясы олардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады;
– жоғары коммуникативтік ұстанымы білім алушылардың белсенділігін арттырып, олардың топтағы және білім беру ұйымдарында практикада ӛзара субъектілік әрекетке түсу қарқындылығының негізінде білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру;
– рефлексия ұстанымы әрбір білім алушымен және топпен кері байланысты және сабақтың нақты нәтижесін тұтастай қамтамасыз етіп, болашақ мамандардың кәсіби тұрғыда және болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптасуына ықпалының үлесі;
– жоғары оқу орны практикалық сабағы мен мектеп тәжірибесінің үнемі байланысы ұстанымы білім мен дағдыны тиімді қолдануы негізінде болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет