Мулдабекова Камчат Тулюгиновна АҚпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік қҦзыреттілігін қалыптастыру



бет19/63
Дата09.04.2022
өлшемі2,62 Mb.
#30449
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
Байланысты:
Muldabekova disss

Субъектілік ұстанымы. Субъект (лат. subjectum — бастауыш) ұғымы психологиялық әдебиеттерде тӛмендегіше түсіндіріледі: - болмысты тану мен ӛзгертудің қайнары ретіндегі индивид немесе топ; - белсенділікті жеткізуші;-субъект индивид немесе топ іс-әрекетті танудың және ӛңдеудің негізі ретінде; - іс-әрекеттегі белсенділіктің тасымалдаушысы. Ғылыми психологияның негізі делінген диалектикалық материализм субъектіні тарихи дамудың ӛнімі деп қарайды және оның белсенділігін адамдар қарекетінің ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы әрекет барысында объектінің нақты, іс жүзіндегі ӛзгеруі субъектінің қарекеті соған негізделіп реттелетін субъектідегі бейнелерге барабарлығының, болмысқа сәйкестігінің критерийі болып табылады.Тұлғаның ӛзіне деген құнды және ортаға қатысты рухани-адамгершілік қатынастарын
анықтайтын қасиеттер - белсенділік, дербестік, жауапкершілік, шығармашылдық және т.с.с. субъектілік ұстанымның құраушылары болып табылады. Бұл ұстанымға сәйкес білім алушы үшін оқу әрекетінің мәні, маңызы болуы тиіс, үдеріс барысында оның жеке ерекшеліктері ескерілген, осы әрекетте ол ӛзін-ӛзі басқара, ұйымдастыра алатындай жағдайлар болуы тиіс. Бұлайша ойластырылған білімдік үдерісте субъектаралық қарым қатынасқа жоғары мән беріледі. Біздің зерттеуіміздің мақсатына сай бұл ұстаным негізінде субъектаралық, бірлескен қарым-қатынас негізінде студент –студент, оқытушы
– студент арасындағы белсенді білімдік әрекет орын алады да нәтижеде психологиялық даму жеделдейді.
Даму ұстанымы. Жоғары оқу орындарындағы бағдарланған технологиялар білім алушылар тұлғалық тұрғыда және кәсіби дамуын қамтамасыз ететіндіктен, жоғарыда сипатталып ӛткен әрекет оның бастапқы «ұясы» ретінде қабылданады.
Тұлғаны дамыту дәстүрлі педагогикада жан-жақты дамыған, белгілі бір әлеуметтік ортақ типті қалыптастыру үшін сырттан ықпал ету болса, тұлғалық субьектілік ұғымда оны дамыту адамның ӛзіндік танымын, қажеттіктерін бағыттап отыру, қолдау кӛрсету, яғни ӛзіндік рефлексия арқылы таңдау, шешім қабылдау және нәтижесін ӛзі бағалау секілді ішкі, адамның ӛз бойындағы мүмкіндіктер арқылы ӛзіндік дамытуға бағыттау деп түсіндіріледі. Тұлғаға бағдарланған білім беру идеялары туралы зерттеушілер оның негізгі түсіндіруден – түсіндіруге, монологтан – диалогке, әлеуметтік бақылаудан – дамытуға, басқарудан ӛзін-ӛзі басқаруға кӛшу, ал педагогтің негізгі міндеті қарым-қатынас болып табылады деп кӛрсетеді. Оның басты идеясы – білім берудегі субъектарлық қатынастарды қалыптастыру арқылы тұлғаның
62

ынталануына түрткі болу, сӛйтіп ӛзіндік таным мен ӛзіндік білім алуға, ӛзіндік бағалауға жағдай туғызу.


Кәсіби бағыттылық ұстанымы білім алушылардың кәсіптік пәндерді меңгеруде ӛзіндік жұмыстарында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы электрондық оқулықтар мен интернет желісін, мультимедиа
құралдарын қолдану негізінде коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады.
Нәтижелі-шығармашылық ұстанымы білімді меңгеру барысында білім алушылардың шығармашылық әрекетін дамытуға бағытталады. Сабақта алған кез-келген білім оқытушы ұйымдастыратын және бағыттайтын жұмыстарда білім алушылардың шығармашылығы коммуникативтік құзыреттілік тұрғысынан қарастырылады. Оқытушы білімді меңгерту үдерісінде білім алушылардың эвристикалық қабілеттерін дамыта отырып, оқу іс-әрекетін, олардың қызығушылығы мен бейімділігін дамыту, эссе жазу, дебатқа қатысу, ғылыми жобаларға қатысу, ғылыми мақал жазу және т.б. сияқты жаңа нәтижелер жасауға бағыттайды, сонда ғана олардың ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінің нәтижесі кӛрініс береді.
Болашақ бастауыш сынып мамандарының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда әдіснамалық тұрғыда негіз болып табылатын амалдарға сипаттама беруді жӛн кӛрдік.

Кӛпсубъектілі (диалогтық) амал
Микросоциумды және білім беру үдерісінің субъектілері арасындағы қатынасты қарастыруға бағдарлайды, ӛйткені жеке тұлға қоршаған адамдармен қарым- катынас жемісі мен нәтижесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет