Мулдабекова Камчат Тулюгиновна АҚпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік қҦзыреттілігін қалыптастыру


АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ



бет14/63
Дата09.04.2022
өлшемі2,62 Mb.
#30449
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
1 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ
МАМАНДАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТEOPИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық негіздері
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» тақырыбындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттеріне оқыған дәрісінде: «Ұлттың үміті
– сендерсіңдер, саналы, сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан, елдің ертеңгі бақыты сендердің қолдарыңда» – деп атап кӛрсетті [70]. Бұл міндетті жүзеге асыруда ақпараттық технологиялар негізінде болашақ бастауыш сынып мамандарының коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудың мақсатына бағыттау қажеттігі айқындала түседі.
Қоғамның әлеуметтік тапсырыс талаптарына сай болашақ бастауыш сыныпмaмaндapындаярлауда білім беруді жаңа сапалық деңгейге жеткізуде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану олардың білім алуда ӛздігінен ізденуге, білімді игеруге даярлау қажеттігін туындатады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап кӛрсетті. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына қол жеткен нәтижелері мүмкіндік туғызады. Елімізде кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, бәсекеге қабілетті және құзіретті маман дайындау бүгінгі күннің талабы. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін, технологияларын жетілдіру қажет. Оқыту үдерісін белсенділендіру – берік те, тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, студенттердің шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра алу, оларды ӛздігінен жұмыс істеуге бағыттап ұйымдастыру қажет, - деп кӛрсеткен болатын [71]. Бұдан білім беру саясатының келелі мәселелері – болашақ бастауыш сыныпмaмaндapын даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін ӛзгерту, ақпараттық технологияларды жоғары деңгейде пайдалану, қазіргі қоғамның сұранысына жауап беретіндей білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рӛлін арттыру болып табылады.
Гегельдің пайымдауынша, тілдік таңбаның ақиқатты, нақтылы терістілігі болып, интеллигенция табылады, ӛйткені оның арқысында ол әлдебір
14

сыртқыдан ішкіге айналады және енді бұл қайтадын ӛзгертілген формада сақталады. Сӛз сондықтан бар болмыс, тірілген ой бола бастайды. Бұл бар болмыс біздің ойларымыз үшін абсолютті қажет. Осында ішкі сыртқылық тек жалғыз анық дыбыс, сӛз болып табылады [7]. Сонымен, философтың пікірін түйіндейтін болсақ, сӛз ойдың ең лайықты, ең ақиқатты болмысы болып табылады.


әл-Фараби: «Мына екі затты орындау қажет: олардың әріптерінен бұрын тіпті естілмеген сӛздер құрылады немесе басқа сӛздердің идеясына нұсқай отырып, осыған дейін пайдаланылған сӛздерді қолданады. Мүмкін бұл жалпыға мәлім шығар, бірақ та бұл ережелерге идеяларға жақын болатын және бірінші идеялардың қайсысы сӛз тіркесу ережесіне сәйкес келетін атаулар беру керек. Олардың тілі ӛнер сияқты болып табылады: сӛз арқылы үйретуге және үйренуге болады және айтылғандардың кӛпшілігін анықтауға болады. Егер де оларда ортақ түсініктер мен ережелер болса, оларды жазу арқылы ӛз әріптерін жазады және оларды сӛз арқылы оқуға және оқытуға және айту үшін олардың бәрі қабылданған және қажетті. Осы ережелерді білдіретін сӛздер екінші жағдайдағы сӛздерге жатады. Бірінші сӛздер – бірінші жағдайдағы сӛздер, екінші жағдайдағы олар нұсқайтын идеялардан алынған. Осылайша адамдар тӛрт ӛнерді игереді: риторика, поэзия, тіл білу ӛнері және жазу ӛнері [12]. Бұдан шығатын қорытынды автордың айқындаған тӛрт ӛнері коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырдың негізгі кӛрсеткіштері болып табылады. Сондықтан да біз ӛзіміздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алуды жӛн кӛрдік.
Философ Б.Рассельдің пікірінше, тілдің басты мақсаты – қарым-қатынас болып табылады, осы мақсатқа қызмет ету үшін ол сӛйлеушінің ӛзі ойлап тапқан жеке ара диалект емес, халықтық болуы тиіс. Сӛздің нені белгілейтінін білудің екі тәсілі бар: біреуі – сӛздің мәнін басқа сӛздер кӛмегімен анықтау жолымен, бұл вербальдық анықтама деп аталады; екіншісі – сӛздің ол белгілейтін объектісі дер кезінде жиі естілуі, бұл кӛрнекі анықтама деп аталады
[9]. Бұдан шығатын қорытынды алдымен болашақ бастауыш сыныпмaмaндapыныңкоммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда осы екі анықтаманы да қолдану қажет, – деп санаймыз.
Г.Лейбництің пайымдауынша, ғылымды үш деңгейге бӛліп, оның бір деңгейі
– ―сӛз‖ дегенді білдіретін логика немесе ғылым. Ал, біздер бір бірімізге ойларымызды жеткізу үшін, сондай ақ, оларды меншікті падалану үшінбелгілеу мақсатында біздің идеяларымыздың белгілерін мұқтажбыз. Логиканы сӛзге және біздің ойымызды түсіндіруге қатысты түсіну қажет. Сӛздерді түсіндіре отырып, бұл сӛздіктерден кӛрінетіндей ғылымға саяхат жасау қажеттігін айта келіп, терминдерге анықтама беру керек, - деп тұжырым жасаған [10].
Дж. Локк тілдің басты үш мақсатын кӛрсеткен. Олар:

    • біріншіден, бір адамның ойларын немесе идеяларын басқаларға хабарлау;

    • екіншіден, бір мақсатқа барынша оңай және тезірек жету;

    • үшіншіден, заттар туралы білімдерін жеткізу [11]. Бұдан шығатын

қорытындыболашақмамандардыңкоммуникативтікқұзыреттілігін
15

қалыптастыруда осы үш мақсаттың орындалуы тиіс. Ӛйткені, оқыту үдерісінде жаңа білімді меңгертуде басқаларға ойын коммуникативтік құзыреттілік тұрғысынан жеткізу қажет. Сонымен қатар, сабақтың мақсатына жетудің барынша тиімді жолын іздестіре білу арқылы жаңа білімнің күнделікті тәжірибеде қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етері сӛзсіз.


Жоғары білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – осы заманғы компьютерлік, ақпараттық технологияларға негізделген, барынша сапалы кәсіптік білім беру арқылы біліктілігі жоғары және бәсекелестіктің мықты тегеурініне тӛтеп бере алатын мамандарды даярлау үдерісін жоғары қарқынмен жүргізу болып табылады.
Қазіргі қоғамдық ӛзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Бұл мамандар үнемі ӛзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге тиіс.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі реформалау үдерісі оның мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық үлгісін жетілдіру, ақпараттық технологияларды ендіруге байланысты жаңаша педагогикалық кӛзқарасты қажет етеді. Дүниежүзі қоғамдастығы ақпараттық технологиялық дәуірде ӛмір сүруде, сондықтан да болашақ мамандарды даярлауда ақпараттық технологияларды игерген мамандарды даярлау бүгінгі күннің ӛзекті мәселесі болып табылады.
Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін білім беру жүйесіне қатысты жоғары мектепте білім берудіақпараттандыру, педагогикалық қызмет шеберлігін бастаудың алғашқы тәжірибесіне, ақпараттық технология мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары тәжірибесін жасауды қажет етеді. Онда болашақ бастауыш сынып мұғаліміне арнайы және кәсіби білімі мен біліктілігін қолданып жұмыс істеу қажеттігі кӛрсетіледі. Ақпараттық технологияларарқылы болашақ бастауыш сыныпмaмaндapының кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі теориялары мен тұжырымдарына тоқталып талдау жасайық.
В.А.Сластениннің пікірінше, ―мұғалім жұмысының кәсіби шешуші белгісі болып - кәсіби-педагогикалық бағыттылығы болып табылады‖ [60]. Біз автордың пікіріне қосыла отырып, ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде болашақ бастауыш сыныпмaмaндapының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда компьютерді, электрондық оқулықты, интерактивті тақтаны білім беру саласында пайдалануды жетік меңгертуге баса назар аудару қажет,- деп санаймыз. Зерттеу жұмысы барысында ―Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемсі‖ мамандығын таңдап, педагог болғысы келетін жоғары оқу орны студенттерінің барлығы берілген нақты жағдайларда және педагогикалық қызметке бағытталған дайындығы бірдей дәрежеде болуы
мүмкін емес. Сондықтан да болашақ бастауыш сыныпмaмaндapыныңақпараттық технологияны пайдалануға бейімделген кәсіби дайындығының жүйесіне мыналарды жатқызуға болады:
16

а) психологиялық дайындық, яғни педагогикалық қызметтегі ақпараттық технологияны пайдалануға бағытталған әртүрлі дәреженің қалыптасуы мен осы білім аймағында ӛз білімін жетілдіру қажеттілігімен компьютермен жұмыс істеу қызығушылығының бар болуы, кәсіптік ойлау қабілетін дамыту;


б) ғылыми-теориялық дайындық, яғни педагогикалық оқу орындарында ақпараттық технологияны пайдалану жағдайында кәсіби қызмет үшін қажет арнайы білім мен психологиялық-педагогикалық біліктілік қажет;
в) практикалық дайындық, яғни ақпараттық технологияны пайдаланудың кәсіби іскерлігі мен біліктілігінің деңгейіне қойылатын талаптардың қалыптасуы;
с) психологиялық және физикалық даярлығының белгілі бір мамандығы бойынша педагогикалық қызметті игеру үшін сәйкес алғы ерекшеліктері бар болуы, жеке тұлғаның кәсіби мәнді сапасының қалыптасуы, ақпараттық қоғам жағдайында педагогикалық қызмет етуге болашақ маманның денсаулық жағдайы мен физикалық даму талаптарының сәйкестігі.
Жоғарыда кӛрсетілген кәсіби қызметтерді орындау барысындағы даярлық түсінігінен, сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық технологияны пайдаланып, болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту қажет, - деп есептейміз.
Психологиялық сӛздікте: «құзыреттілік жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті», - деген түсінік берілген [72].
А.Р.Вербицкийдің ойынша, психология жиі себептердің екі тобына бӛлінетіндігін айтады, яғни танымдық себептер және жетістікті себептер. Оқу-
танымдық және ғылыми-зерттеу қызметтеріндегі бірінші топтқа ішкі себептерді жатқызса, екінші топқа – мақсатқа жету үшін студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін жатқызған. Бірінші жағдайда студентті оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу қызметі үдерісінің ӛзі қызықтырса, екіншісінде сол жеткен жетістіктерге қандай баға берілгендігі жайлы қызығушылық туады. Табысқа ұмтылу және сәтсіздіктен қашу – жетістікке жету себебінің негізі, – дейді [73]. Бұдан шығатын қорытынды болашақ маман ретінде оның коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда осы екі себеп те тікелей қажет, – деп санаймыз. Ӛйткені, кәсіби маман болу үшін белгілі оқу жоспарына сәйкес меңгеретін пәндік білім мазмұны оқу танымдық себепке жатса, екінші осы мамандық аясында олардың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары: курстық, дипломдық, ғылыми жоба және т.б. айналысуын екінші себепке жатады. Ӛзінің қалаған мамандығының иесі болуға ұмтылуындағы жетісітігі немесе тұлғалық іс-әрекеті десек те болады.
Психология ғылымында тұлғаның іс-әрекеттік негізгі сипаттамалары заттылық пен субъектілік болып табылады. Заттылықтың ӛзіндік ерекшелігі сыртқы әлемнің объектілері субъектіге тікелей емес, іс-әрекет үдерісінің барысында ӛзгертілетін күйінде әсер етуінде. Заттылық бұл адамның іс-әрекетіне ғана тән және ең алдымен тіл, әлеуметтік рӛлдер, құндылықтар ұғымдарында кӛрінуден байқалатын сипаттама.
17

Субъектілік дегеніміз – адамның ӛзі белсенділігінің, сыртқы әлемді, ақиқат дүниені ӛзгертудің қайнар кӛзі екенідігін білдіреді. Субъектілік іс-әрекеттің тұлғалық мағынадағы бағытылығы мен таңдаулылығын анықтайтын (яғни адамның ӛзіне іс-әрекеттің маңыздылығын) пейілдер, қажеттілікліктер, түрткілер, бағдары, қатынастарынан және мақсаттарынан байқалады.


А.Г.Ковалев психологиялық тұрғыда іс-әрекеттің тӛрт құрылымды бӛліктерін бӛліп кӛрсеткен. Олар: бағыттылық, қабілеттер, мінез бен ӛзін-ӛзі бақылау.
Бағыттылық бұл – тұлға мінез-құлқының негізгі бетбұрыстарын кӛрсететін, тұлғаның тұрақты талғамы мен түрткілерінің (қызығушылықтар, идеалдар, бағдарлар) жүйесі. Бағыттылығы айқын адам еңбекқор, алға қойған мақсатына ұмтылғыш болып келеді.
Қабілеттер – іс-әрекеттің табыстылығын қамтамасыз ететін жеке даралық психологиялық қасиеттер.
Мінез – адамның адамгершілік – ӛнегелі және ырықты қасиеттерінің жиынтығы.
Ӛзін-ӛзі бақылау – бұл ӛзін тұлға ретінде ұғынумен байланысты ӛзін-ӛзі реттестіру қасиеттерінің жиынтығы. Осы бӛлік басқа бӛліктерден жоғары тұрады және олардың үстінен бақылау жасайды: іс-әрекетті күшейту немесе әлсірету, әрекеттер мен қылықтарды түзету, іс-әрекетті алдын ала жоспарлау және т.б. [74].
В.Н.Мясищевтің пайымдауынша, тұлғаның қатынасы – бұл тұлғаның тәжірибеге сүйенген ақиқаттың түрлі жақтарымен белсенді, саналы, интегралды, таңдамалы байланысы, болып табылады. Автордың ойынша, қатынас бұл қатынастардың жүйесі ретінде кӛрінетін тұлға жүйесін құрастырушы элементі болып табылады[75].Бұдан тұлға қатынастарының ӛзі тұлға бүтіндей қоршаған әлеммен және басқа қоғаммен байланысты қоғамдық қатынастар әсерінде қалыптасатынын кӛреміз.
В.С.Мерлиннің тұлға тұжырымдамасындағы қатынас ұғымы орталық және жетекші рӛлдерді иеленді. Тұлға қасиеттерін сипаттайтын қатынас адам қатынасын сипаттайтын басқа психикалық қасиеттер мен құбылыстардан ерекшеленетінін атап ӛткен. Олар:


  • біріншіден, тұлға қасиеттерін анықтайтын қатынастар, сананың жеке жақтарының емес, бүтіндей сана ретіндегі қатынастары. Мысалы: байқампаздық, эмоциялық, зейінділік – сананың жеке қатынасының қасиеттері.




  • екіншіден, тұлға қасиеттерін сипаттайтын қатынастар «қандай да бір объектіге, санадан тыс нәрсеге қатынасын – еңбекке адамдарға, ұжымға, заттарға т.б. қатынастарын анықтайды».




  • үшіншіден, тұлға қатынастары «жоғарғы дәрежеде қоғамдық еңбек іс-әрекетіндегі ерекше мәнге ие, ақиқаттың нақты жағына арналған жоғары деңгейде жалпыланған қатынастарын анықтайды» [76].

А.Н.Леонтьевтің тұжырымдамасы бойынша, бірінші орынға субъектінің іс-әрекет категориясы иеленеді, «тұлғаны психологиялық талдаудың бастапқы бірлігі, оның әрекеті немесе операциясы не осы функциялардың блогы емес,


18

дәл осы субъектінің іс-әрекеті болып табылады, соңғылары тұлға емес іс-әрекетті сипаттайды» [77]. Бұдан автор іс-әрекетті тұлғаны психологиялық талдаудың бірлігі ретінде қарастырғанын кӛруге болады. Сонымен тұлғаның дамуы, бір бірімен иерархиялық қатынастарға түсетін, кӛптеген іс-әрекеттердің ӛзара әрекеттілік үдерісі түрінде кӛрінеді.


В.А.Ядовтың тұлға тұжырымдамасы бойынша, алға «топтық қарым-қатынас жағдайы» шығады. Бұл ситуациялар неғұрлым тұрақты, ӛйткені топтың негізгі талаптары «топтық мінез-құлық нормаларында» бекітілген, ұзақ уақыт бойында ӛзгеріссіз сақталады [78]. Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда топтық қарым-қатынастың рӛлі жоғары екенін ескере отырып, оқыту үдерісінде топтық тапсырмаларды орындату мен тілдік жаттығуларды ұсынуда басшылыққа алыну қажет деп санаймыз.
Қ.Б.Жарықбаев: қарым-қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын,
адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі кӛп жоспарлы

үдеріс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, ӛзара түсінісуі, бір-бірін

қабылдауы. Қарым-қатынастың үш жағы бар – интерактивті, коммуникативті,

перцептивті. Қарым-қатынас деңгейлері – мезо, макро, микро, стандартты,

шаблонды, жабайы, рухани, іскер, ойын т.б. Қарым-қатынас түрлері –

әлеуметтік, бағдарлаушы, топтық, топаралық, және т.б. Адамдар арасындағы

қарым-қатынас жасау да аса қажетті шарттардың бірі – сӛйлеушілердің ӛз ой
пікірлерін ӛзгелерге, тыңдаушыларға қалайда жеткізіп, оларға әсер етуді

кӛздесе, ал тыңдаушылардың қарым-қатынас орнатудағы сӛйлеуші жақтың ой

пікірін дұрыс ұғынып, оны іс жүзіне асыра білу мәдениеттілігіне байланысты

[ 79]. Бұдан шығатын қорытынды қарым-қатынас жасау арқылы адамдардың

ӛмір тәжірибесі, іс-әрекеті, теориялық ой пайымдары дамиды. Бұл ӛз кезегінде

қарым-қатынастың үнемі екі жақты үдеріс екенін кӛрсетеді. Қарым-қатынас


жасауда адамдар ӛзара тілдесу арқылы бір біріне білдірмек болған

ойынжеткізіп пікір алмасатынын кӛз жеткізуге болады.


Ә.Алдамұратов тілдің үш түрлі қызмет атқаратынын айта келіп оларға жеке жеке тоқталып ӛткен. Бірінші, адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді. Екінші, тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми атауда коммуникативті қызмет деп атайды. Үшінші, әрбір адамның ӛз мінез құлқы мен ісәрекетіндегі даралық тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сӛйтіп сыртқы орта мен жағдайлардың ӛзгеруіне бейімделуі. Адам ӛзінің тәжірибелерін ғана емес ӛзгелердің де тәжірибелерін қолданады,алға қойған мақсат міндеттерін шешеді. Мұндай әрекеттер ақыл ойымен байланысты. Мұның бәрі тіл адамның ақыл ойының әрекеттеріндегі қатынас құралы екендігін тағы бір қырынан ашып кӛрсетеді [80]. Бұдан автордың адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау нәтижесінде болмыс пен оқиғалар туралы жаңа мағлұматтарды меңгереді, білімін ӛсіреді, ӛздерінің әлеуметтік тарихи тәжірибелерін ӛсіреді,- деген тұжырымын кӛреміз.

19

Ж.Ыдырысованың пайымдауынша, жеке адамның тұлғалық теориясының келесі талаптарын атап кӛрсеткен:




  • жүйелі қарым-қатынастың болуы яғни басталуы;

  • нақты айқындалған құрылымның болуы;




  • құрылымның әртүрлі компоненттерінің ӛзара байланысы және логикалық қызметі адамның тұлға ретінде ӛзін-ӛзі жүзеге асыратын, ӛзін-ӛзі реттейтін жүйесініңболуы [81]. Бұл талаптар адамның тұлғалық түсінігін қанағаттнадыру тұрғысынан түсіндіріледі, адам ӛзін-ӛзі жүзеге асыратын және ӛзін-ӛзі дамытатын жүйе ретінде қарастырады. Бұдан адамның ӛмірі мен дамуының бастау кӛзі ӛзіндік мәнін дәлелдеуге ұмтылуы ӛзінің ӛмірлік әрекетін және нақты шығармашылығын реттеуі мен ерекшелігіне баса назар аударғанын

кӛруге болады. Автор адамның психологиялық құрылымының орталық компоненті бұл – реттілік және ерекшелік, - деп түйін жасаған. Біз автордың пікірін басшылыққа ала отырып, болашақ мамандарды бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуға дайындауда аталған компоненттерге басымдық беру қажет деп, - санаймыз.


М.Қ.Бапаеваның пікірінше, коммуникативті іс-әрекет негізінде қарым-қатынас жатқандықтан адамды қарым-қатынас субъектісі ретінде қарастыруға болады. Адамның субъект ретіндегі іс-әрекеттің әрқилы түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде психикалық кемелденуіне қол жеткізуі болады, - деген қорытынды жасаған [82]. Автордың пікіріне қосыла отырып, психикалық дамуы дұрыс жетілген адамның коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға болады, - деп түйіндейміз.
Қ.Сейталиевтің ойынша, қарым-қатынастың интербелсенді жағы бұл адамдардың ӛзара байланысын, олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс-әрекетінің қажеттілдігін бейнелеу болып табылады. Психологиялық тұрғыда ӛзара әрекет ету кез келген түрде әруақытта белгілі түрткілерге негізделеді және нақты мақсаттарды кӛздейді[83]. Бұдан шығатын қорытынды болашақ мамандарды даярлауда коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруда тұлға аралық ӛзара әрекет адамдардың бір-біріне әрекет етуінің бірізділігін сақтау қажет. Қарым – қатынастың жетістігінің бастапқы шарты ӛзара әрекет етуші адамдардың мінез-құлқының бір-бірінен күткен сұраққа жауап беруімен сипатталады, – деп тұжырым жасаймыз.
В.В.Давыдовтың жетекшілігімен жүргізген психологиялық зерттеулер теориялық ойлаудың келесі құраушыларын кӛрсетті: теориялық талдау, жоспарлаудағы мазмұнды рефлексия. Егер эмпирикалық талдау бүтінді бӛлшектеп талдау мүмкіндігімен берілсе және салыстыру кезінде пән мен құбылыстарда ұқсас қасиеттер байқалса, онда теориялық түрде кейбір бүтін немесе сыртқы бӛлулер мен маңызды емес ерекшеліктеріне қатысты генетикалық негізгі кӛріністерді береді [84]. Бұдан шығатын қорытынды кез келген мәселені шешуде, оның ішінде ақпараттық технологияны пайдаланудың негізінде оқу-әдістемелік аспектілерін теориялық талдау олардың

20

құрылымының жалпы кӛзқарасы мен оларды шешудің жалпы тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.


Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар тӛңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді [85].
Құзыреттілікті ғылыми-теориялық негізде зерттеу жұмыстары Л.А.Петровская еңбектерінен басталса, ал жалпы білім беру саласындағы құзыреттілікті зерттеу И.А.Зимняя еңбектерінен байқауға болады. Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру дегенде, бірінші орынға алған оқу-танымдық мәселені шешудегі оның біліктілігі тұруы тиіс. Мұндай жағдайлар: біріншіден, қоршаған ортадағы құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; екіншіден, қазіргі заманғы техника мен ақпараттық құралдардықолдануда; үшіншіден, адамдармен қарым-қатынаста, этикалық нормаларды, ӛзінің іс-әрекетін бағалауды; тӛртіншіден, отбасы мүшесі, сатып алушы, кӛрермен, қала тұрғыны сияқты күнделікті ӛмірде кездесетін коммуникативтік рӛлдерін орындауда; бесіншіден, құқықтық және әкімшілік құрылымдарды, талап-тілегін білдіруде және эстетикалық тұрғыда баға беруде; алтыншыдан, еңбек рыногын бағдарлауды, ӛзінің ӛмірдегі орнын, ӛмір сүру мұраты мен стилін, келіспеушілікті шешу амалдарын табу сияқты кӛптеген тікелей ӛзіне байланысты мәселелерді шешуде қажет болады. Осы тұрғыдан қарағанда құзыреттілік ұғымы кезеңдік осы заманғы оқу парадигмасы мен қоғам тапсырысына жауап беретін болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологиялардың қолдану негізінде іске асқанын кӛреміз.
О.Б.Хововтың пікірінше, құзыреттілік «біліктілік» ұғымына қарағанда мағынасы кең, ӛйткені, біліктілікті сипаттайтын таза кәсіби білім және іскерлікпен қоса топта жұмыс істеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабілеттілік, қарым-қатынасқа бейімділігі, оқу, бағалау, қисынды ойлау, ақпаратты алу мен пайдалану, т.б. іскерліктер енеді - деп түйіндеген [86]. Бұдан болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда білім беру нәтижесіндегі жаңа түбегейлі ӛзгерістерді іске асыруда «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының басымдылығын айқындайтынын кӛруге болады.
В.В.Краевский мен И.Я.Лернердің пікірлерінше, «құзыреттілік» және
«құзыр» ұғымдары абстрактілік пен нақтылық диалектикалық категорияларының арақатынасы, яғни құзыр – бұл жүзеге асырылған
құзыреттілік, іс-әрекеттегі құзырлығы. Осылайша түсіндірілетін құзыреттіліктер негізгі немесе тұғырлық және қосымша немесе кәсіби болып бӛлінуі мүмкін. Білім беруде тұлғаның негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталуы оны ұйымдастырудағы құзыреттілік бағытын айқындады және ол қазіргі білім беру жүйесінің әдіснамасында нақты білімділік процессуальды негізі ретінде танылып отыр,
– деп тұжырым жасаған [62]. Бұдан шығатын қорытынды болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға жоғарыда авторлар кӛрсеткен құзыреттіліктер негіз болуы тиіс, – деп есептейміз.
21

С.Е.Шишов, И.Агаповтардың пайымдауынша, «құзыреттілік» ұғымын жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесі, іс-әрекетке даярлығы және жалпы қабілеттілігі, тұлғаның оқу-танымдық үдеріске ӛздігінен қатысуы және оның еңбек әрекетінің нәтижеге бағытталуы болып табылады [87]. Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда белгілі нәтижеге жету мақсатындағы іс-әрекетті меңгерту үшін алдыменкәсіби білімін тәжірибемен ұштастыра білуді іске асрыу қажет.


И.А.Зимняяның кӛрсетуінше, құзыреттілік білім алу нәтижесінде тұрақталған, білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның әрекет жасауға дайындығы және осыған орай, жалпы қабілеттерін жатқызған [59]. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын құруда.
М.В.Рыжков құзыреттілік ұғымдарына келесілерді жатқызады:

  • «құзыреттілік» ұғымы тек танымдық және процессуалдық құраушы ғана

емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды;




  • құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;




  • құзыреттілік ұғымының нәтижесі кіріктірілген білім мазмұны;




  • құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында да қалыптасады [88]. Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда автордың ұсынған ұғымдарын басшылыққа ала отырып, оқыту үдерісін ұйымдастыруды жӛн кӛрдік.

М.З. Джанбубекованың пікірінше, мұғалімдік тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті зерттеуші орнына қою, олай болса, студент кәсіби-педагогикалық қызметтің мәнін іздеудегі мүше болып табылады. Ал, кәсіби-педагогикалық қызметтің мәні, тек орынды тәсіл арқылы анықталады. Дәл осы тұста қызметтің қалыптасу кәсібилігі кӛрініс береді. Кейініректе кәсібилік нақты кәсіби-педагогикалық қызметке айналу тәсілін іздестіру барысында қалыптасады. Бұл нақты кәсіби-педагогикалық қызметтің, яғни ең маңызды қызметтің мазмұнын жобалауда, қызметтің мазмұнын оның операциялық құрылымын ерекшелеу арқылы жете түсіну барысында жүзеге асыруға болады [36]. Бұдан автордың кәсіби іс-әрекеттің кәсіби-педагогикалық қызметке жалғасатыны туралы тұжырым жасағанын кӛруге болады.Бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда басшылыққа алу қажет,- деп санаймыз.


Б.Т.Кенжебеков жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру жӛніндегі пікірін «кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі», - деп тұжырымдаған [53]. Автордың пікірін тұжырымдайтын болсақ, құзыреттілік жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауда, іс-әрекеттің барысында теориялық білімінің практикалық нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер
22

енгізіп отыру іскерліктерінің белсенділігінен кӛрінеді. Зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан келетін болсақ, болашақ мамандардың коммунитивтік құзыретттілінің қалыптасуы олардың кәсіби құзыреттілігінің негізі болып табылады, – деп тұжырым жасаймыз.


Г.У.Сыздықбаева жоғары педагогикалық оқу орны студенттерінің кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың жолдарын кӛрсетіп, әдістемелік кеңес бере отырып, ұсыныстар дайындаған [56]. Халықаралық стандарттар талабына сай кәсіби мамандар даярлау және әлемдік білім кеңістігіне ену бағытындағы жұмыстарды кең кӛлемде жалғастыра алады. Болашақ мамандардың кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерінің негізі оның коммуникативті құзыреттілігінде деп санаймыз.
«Құзыреттілік» ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлға субъектілік тәжірбиесіне ерекше кӛңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым болғандықтан, белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір, қандай да бір сұрақтар тӛңірегінде беделді түрде шешім шығара алу,- дегенді білдіреді [110].
Соңғы кездері, «қарым-қатынас» терминімен қатар, «коммуникация» термині кең тарап жүргенін айта кеткен жӛн. Алғаш рет, термин «коммуникация» (лат. communication, communicare – ортақтастыру, жеткізу, әңгімелесу) ХХ ғасырдың басында ғылыми әдебиеттерде пайда болып, екі негізгі жалпы теориялық құрылым ретінде шетел зерттеушілері арқылы қарастырылды: 1) бихевиоризма (коммуникацияның негізі жүйе ретінде тіл емес, тікелей кез-келген адамды тәрбиелеуге болатын сӛйлеу сигналдары (дыбыстары); бұл әдістің ӛкілі Д.Уотсон) [89]; 2) тұлға ішкі метафизикалық қабілеті арқылы ӛз бойында басқа біреудің сезімдерін ашу болып табылатын коммуникация – символикалық интеракционализм (персонализм-дербестік) (Дж.Г.Мид) [90].
Отандық зерттеушілердің ойынша, коммуникацияның екі әдісімен сәйкес келетін, тілдік коммуникация мен техникалық коммуникацияны бӛліп айтады. Техникалық коммуникация – ақпараттарды қабылдауға және оны жіберіп отыруға мүмкіндік туғызатын құралдардың жиынтығы. Бұл коммуникацияның компоненттері:


  1. хабарлама жібергіш;

  2. хабарлама жеткізгіш;




  1. байланыс арнасы;

  2. қабылдауыш;




  1. хабарлама алушы. Тілдік коммуникацияға хабар жіберушіні, хабар алушыны, олардың әңгімелесу барысы және тілдің бӛлігі ретінде хабарламаны енгізуге болады.

Мұнда, байланыс арнасы – тілдік әрекеттің ағымының талаптарына сай, хабарлама жеткізгіш пен қабылдағыш – қарым-қатынасқа түсушілердің (немесе әңгімелесушілердің) тілдік механизмінің қасиеттеріне сәйкес келеді. М.Я.Демьяненко, К.А.Лазаренколардың ойынша, коммуникацияның негізгі бес компоненті бар:



- қарым-қатынас жағдайы;
23

  • хабарды жіберуші;




  • хабарды алушы;

  • сӛйлеу барысының шарттары;




  • тілдік хабарлама[92-93]. Қоммуниктивтік құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі болып саналатын аталған компоненттер толық қамтылуы тиіс, -деп түйін жасаймыз.

С.И.Ожеговтың сӛздігінде: «коммуникация» хабар, қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Сӛйлеу – коммуникацияның құралы [91]. Синонимдер сӛздігінде «коммуникацияға» және «қарым-қатынасқа» жақын синонимдер ретінде анықтама беріледі, бұл оларды эквиваленттер деп санауға мүмкіндік береді. Ағылшын тілін меңгеруде коммуникация қарым-қатынас рӛлін атқаруы тиіс. Шет тілінде сӛйлеу, сӛйлесу арқылы қарым-қатынасқа түсе отырып тіл меңгертілетінін ескеру қажет.


А.Б.Добрович коммуникацияны іске асыру барысында тӛрт негізгі фазаны келесілерді кӛрсеткен:


    • іс-әрекетке ниет;

    • әрекеттің ситуациясын нақтылау;

    • әрекеттің ӛзі;




    • әрекеттерді жинау [92]. Ағылшын тілін меңгертуде болашақ мамандардың осы тӛрт фазаны іске асыра білуі тиіс. Сонда ғана олардың тілдік қатынасы қалыптасады.

Г.М.Андреева қарым-қатынастың тұжырымдамасы бойынша, қабілеттердің келесі түрлерін бӛліп кӛрсетіледі: 1) тұлғааралық коммуникация; 2) тұлғааралық әрекет; 3) тұлғааралық қабылдау [93].Қабілеттің бірінші түрі, қатынастың ауызша емес (вербальды емес) құралдарын, рациональды және эмоциональды ақпараттарды жіберуді және т.б. қолдануды қамтиды. Екінші түрі, қоршаған ортаның ӛзгеруімен байланысты ойдың интерпретациясына кері байланысты құруға мүмкіндік береді. Үшінші түрі, әңгімелесушінің ұстанымын қабылдауымен, оны естумен, сонымен қатар қатынасқа дайындықсыз ену және оны ұйымдастыру сияқты қабілетті қамтитын суырып салма шеберлік сияқты ерекшеліктерімен сипатталады. Зерттеу жұмысымыз тұрғысынан талдайтын болсақ, осы қабілеттердің барлығы коммуникативтік қатынасқа жол ашады, – деп есептейміз.


Ю.М.Жуков қабілеттерді меңгеру, басқа адамдармен қарым-қатынас құра
білу және оны жалғастыру әрекеті – коммуникативтік құзеттілік болып табылады, – деген анықтама берген [94]. Біз автордың пікіріне қосыла отырып, болашақ маман үшін басқалармен яғни оқушылармен қарым-қатынасқа түсе білу ең басты кӛрсеткіш, - деп санаймыз.
В.А.Кан-Калик және Н.Д.Никандров коммуникативтік құзыреттілікті адам баласының кез-келген әрекетінде кездесетін, адам болмысының бір бӛлігі ретінде қарастырады. Мұндай коммуникативтік әрекеттерді жасау үшін, арнайы қабілеттерді игеру керек екенін түсіндіреді[95]. Әрине, оқу үдерісінде, тұлғаның коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыратын алдын-ала арнайы анықталып қойған мақсатты құру, яғни қалыптастырудың жолдары мен әдістері
24

анықталған болу керек. Коммуникативтік әдіс, болашақ мамандардың тілдік формаларды ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге оларда, сол тілді шынайы қарым-қатынаста қалай қолдану керектігі жӛнінде ұғым қалыптасу керек, - деген қағидаға сай құрылуы тиіс.


Г.Уиддоусон зерттеулерінен «коммуникативтік функциялар» деген ұғымды
қолданғанын кӛруге болады. Автордың пікірінше, коммуникативтік функцияларды, қай әлеуметтік жағдайға жататындығына байланысты бӛліп қарастырады. Бұл, оқыту үдерісін тек қана қызықты етіп қоймайды, сонымен қатар әлеуметтік маңызды және білімгерлердің қоғамдағы мінез-құлқын қалыптастырады, яғни, қоғамдық тәртіптер мен ережелерге үйретеді, сонымен
қатар ӛзге халықтардың салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын дамытады, деген ой қорытады [96]. Бұдан шығатын қорытынды қалыптасқан коммуникативтік құзырлықтың негізгі кӛрсеткіштері сӛйлеу мәнері және іс-әрекеттерді (мимика, яғни ымдау) қолдану болып табылады. Сонымен бірге, болашақ мамандардың жұптасып немесе топ болып қарым-қатынас жасауы маңызды болып табылады. Коммуникативтік әдісті оқыту үдерісінде қолданудың артықшылықтары, коммуникативтік қабілет олардың мотивациясын жоғары кӛтеруге, пәнаралық байланысты құруға жақсы
мүмкіндік беріп, олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, бірігіп әрекет етуде коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасу қабілетінің мүмкіндігінің кӛрсеткіші ретінде кӛрінуі тиіс, – деп санаймыз.
И.Н.Горелов және В.Р.Житников коммуникацияға, қарым-қатынас акті деп (немесе коммуникативтік акт) анықтама береді. Авторлардың пікірінше, коммуникация келесі компоненттерден тұрады:


  • қарым-қатынасқа түсетіндер (әдетте, 2-ден жоғары адамды қамтиды);

    • қарым-қатынасты тудыратын іс-әрекеттер (сӛйлесу, ымдау, мимика және

т.б.);



    • қандайда бір мағынасымен немесе формасымен сипатталатын хабарламаның мазмұны;




    • қатынас арнасы (сӛйлеу, есту, кӛру, визуальды-вербальды органдар);




    • қарым-қатынасқа түсетіндердің мотивтері (мақсат, ниет) [97]. Зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан қарастырсақ, болашақ мамандардың қарым-қатынасқа түсе білуі, оны тудыратын әрекеттерді меңгеруі, хабарламаны, қатынасқа түсуге ынтасының болуы қажет деп есептейміз.

Кан-Калик, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру міндетінің келесі кезеңдерін ұсынады:




    • коммуникативті міндетті түсіну;

      • әуелгі берілген міндеттерді талдау;

      • болжамды ұсыну;




      • коммуникативті әрекеттесттіктің әдістерінің жүйелерін анықтау:

      • мәселелердің шешілуі [95].

Бірінші кезеңде, педагогикалық мақсатты іске асыруға қажеттігі талап етілетіндіктен, коммуникативті міндетті түсіну алдыңғы қатарға шығады. Коммуникативті міндетті анықтағаннан кейін, оқытушы жағдайларды


25

саралайды, онда болашақ мамандардың жасы, ұйымдастырушылық мүмкіндіктері ескеріледі. Болжам болашақ мамандардың ӛзінің рӛлін орындауын болжауға мүмкіндік береді.


Бұл үдеріс, болашақ мамандардың жеке ерекшеліктерін, коммуникативтік құзыреттілік деңгейін ескере отырып, жұмыс жасайтын оқытушының бағдарымен байланысты болғандықтан, коммуникативтік әрекеттесттіктің әдістер жүйесін анықтау үшін ӛте маңызды. Міндеттің шешімін табу үшін оқытушы ӛзінің мақсаты мен міндетіне сәйкес таңдап алатын, қатынастың вербальды және вербальды емес құралдарын қолдану арқылы коммуникативтік міндеттерді тікелей іске жүзеге асырады.
Жоғарыда кӛрсетілген кезеңдерді қарастыра келе, коммуникативтік акт ағымының негізгі сатыларын кӛрсете аламыз.


  • негізгі мағынасын анықтау (қажетті лексиканы таңдау, әңгімелесушіге бағдарлану және т.б.);




  • қатынастың ағымы;

  • қатынастан шығу.

Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда оқытушының ең ұстанымды міндеттерінің бірі – қарым-қатынастың жоғары деңгейіне сай қабілеттер мен білімді игере алатындай жағдайларды ұйымдастыру болып табылады.


Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге сәйкес, коммуникативтік құзыреттілік келесі компоненттерді қамтиды:


  • эмоциональды (эмоциональды кӛмек, эмпатия, басқа адамға деген сезімталдық, бірге қайғыра алу, оның әрекетіне деген назар);




  • когнитивті (басқа адамның түсінігімен байланысты, басқа адамның мінезін болжай алу қабілеті, адамдар арасында пайда болған әртүрлі мәселелерді пайдалы шешу);




  • мінез-құлықтық (баланың серіктесттікке деген қабілетін, қатынастағы нақтылығын, ұйымдастырушылық қабілеттерін және т.б. кӛрсетеді).

Коммуникативтік құзыреттілік – адамға, қоғамдағы ӛмір ережелері мен тәртіптерін нақты орындауға мүмкіндік беретін коммуникативтік шеберлік. «Компетенция» термині (латын тілінен аударғанда «сәйкестік») құзырлы тұлға білім мен тәжірибені игерген сұрақтар жиынтығы дегенді білдіреді.


Коммуникативтік құзыреттілік:


  • нақты ӛмір жағдайында ӛзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша түрлі байланыс құралдарын қолдануға;




  • әдіскер-ғалымдардың анықтамаларын, идеяларын талдауға;

  • әдептілік талаптарына сәйкес ӛзіндік пікірін білдіруге;




  • ӛз пікірін айта білуге, оның ішінде басқа да пікірлермен келісе білу, қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;




    • жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі оқытушымен, білім алушылармен топта қарым-қатынас құруғамүмкіндік береді.

26

Ф.Ш.Оразбаеваның пікірінше, «коммуникация» сӛзінің негізгі мазмұны «жалпы қарым-қатынас», «араласу», «хабарласу», «байланыс» деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сӛйлесу үдерісін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, ӛзара түсінушілік болып табылады [98]. Бұдан автордың «коммуникация» сӛзін «қатысым» деп танып, қазақ тілін оқыту әдістемесінде жаңадан «тілдік қатынас», «тілдік қарым-қатынас», «тілдесім», «жазылым» және т.б. терминдерін тілдік айналымға енгізгенін кӛреміз.


К.Данцигер коммуникативтік құзыреттілік – бұл адамның коммуникативтік қызметінің мүмкіндіктеріне сай жүзеге асыра білуі. Коммуникативтік құзыреттіліктің негізі серіктесінің орнына ӛзін қоя білу, қарым-қатынасты әңгімелесуші қабылдайтындай әрі түсінікті етіп құра білу іскерлігі,- деп анықтаған [99]. Біз автордың пікіріне қосыла отырып, болашақ бастауыш сынып мамандарының коммуникативтік құзыреттілігі олардың келешекте атқаратын қызметінің негізі кӛзі болып табылатындықтан, әрбір студенттің басқалармен қарым-қатынасқа түсуде ӛзінің ойын еркін, логикалық тұрғыда жүйелі жеткізе білуі, серіктесін тыңдай білуге жеткізуге болады,- деп тұжырым жасаймыз.
Л.Д.Столяренко оқытушы мен білім алушылардың табысты қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін бес себебін кӛрсеткен:


  • оқытушы студенттің жеке ерекшелігін ескермейді, оны түсінбейді және оны түсінуге тырыспайды;




  • студент ӛзінің оқытушысын түсінбейді, сондықтан ол оны ӛзінің тәлімгер ретінде қабылдамайды;




  • оқытушының іс-әрекеті студенттің тәртібінің мотиві мен себебіне сәйкес келмейді;




  • оқытушы жоғары пікірде, студенттің ӛзіндігін басып, оны кемсітеді;




  • студент саналы түрде оқытушының талаптарын орындамайды, ол барлық ұжымнан да жауапты [100]. Біз автордың пікіріне келісе отырып, оқыту үдерісін субъекті мен субъектілік қатынасқа құру қажет, -деген тұжырым жасаймыз. Ӛйткені, болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін білім алушылардың қажеттілігін ӛтеу алдыға шығу керек, сонда ғана оның мамандығына деген қызығушылығы артып, оқуға ынтасы артады.

К.У.Қунақованың пікірінше,білім беруді зияттандырудың нәтижесітұлғаның

зияткерлік дамуы үдеріс ретінде оның әлеуетімен бекітіледі. Зияткерлі әлеует

адамның мықты күші болып табылатындықтан зияткерлік қабілеттің жүзеге

асыруының динамикалық кӛрсеткіші ретінде адамның тұлғалық сапасын
кӛрсететін зияткерлік белсенділік түріндегі энергетикалық
және танымдық сипаттарымен шартталып, белсенділіктің мүмкіндік деңгейі адамның тұлғалық сапасын құрастырады, - деген тұжырым жасаған [34]. Автордың пікірін түйіндейтін болсақ, білім беруді зияттандыруды бастауыш сыныптан бастау қажеттігін ескерсек, болашақ мамандардың осы қажетті
27

шарттарды басшылыққа алып, оқыту үдерісін оқушылардың зияткерлік қабілетін дамытуға бағыттап ұйымдастыруы керек,- деп есептейміз.


А.К.Рысбаеваның ойынша, педагогикалық үдерісті табысты ұйымдастыруда мұғалім келесі міндеттерді орындауы тиіс:


  • ӛзінің кәсіби іс-әрекетін жетік меңгеруі;




  • оқыту немесе тәрбеилеу үдерісіндегі ӛзінің іс-әрекетінің мақсатын айқындау;




  • мақсатқа жетудің жолдарын қарастыратын міндеттерді нақтылау;




  • оңтайлы жағдай туғызуға ықпал ететін іс-әрекетті ұйымдастыруға формаларын жобалау;







  • педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдап алу;




  • педагогикалық ықпал етудің тиімді құралдарын айқындау;




  • мүмкіндігінше шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды құрастыру[38]. Біз автордың пікіріне қосыла отырып, болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда да осы міндеттер орындалуы тиіс, - деп санаймыз. Ӛйткені, болашақ бастауыш сыныптар мамандары оқыту және тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруда яғни қандайда болмасын педагогикалық үдерісте табысқа жетуге тылпынатыны сӛзсіз. Бүгінгі қоғам сұранысынан туындап отырған нәтижеге бағытталған білім берудің негізі табыстылық болып табылады, - деп тұжырым жасаймыз.

С.Р.Рахметованың пікірінше, қазақ тілінің тӛмендегі заңдылықтары басшылыққа алынуы тиіс:




  • бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді;




  • екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек;




  • үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар мәнерлеп сӛйлеу, сезімге бӛлене сӛйледі меңгеру;




  • тӛртінші заңдылық. Жазбаша сӛйлеу ауызша сӛйлеуді таңбалау, жүйесіне аудару ретінде (дыбыстық таңбаға кӛшіру) ұғынылады;

– бесінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы «тіл материясын», яғни тіл таңбаларын – дыбыс,


– морфема, сӛз, дауыс, ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс белгісі) – ұғыну барысында ұғынылады.
– алтыншы заңдылық. Тілге үйрену сӛйлеу органдарының (ӛкпе, тамақ, тіл, беттің бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады;
– жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады[101]. Бұдан шығатын қорытынды қазақ тілінің заңдылықтарын жете меңгерген маманның коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға болады.

28

Ф.Ш.Оразбаева бойынша, тілдесім – сӛйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитиын ерекше құбылыс.Ол тілдік қатынастың ең маңызды кӛрсеткіші бола келіп, оқылым,жазылым,айтылым,тыңдалымның іс жүзінде қолдануына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сӛйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.


Тілдесім – айтылым және жазылымның ӛзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сӛйлесім әрекетінің түрі.Бұл қарым –қатынасқа оқылым мен тыңдалымның да тыс қалмайтындығы ӛзінен–ӛзі белгілі. Тілдесім – адамдардың қоғамдық - әлеуметтік ӛмірде бір – бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы. Жалпы арасындағы тілдесімнің кең тараған түрі бар.


  1. Ақпараттық




  1. Ықпалдастық

  2. Қабылдамалық

Ақпараттық – сӛйлесім әрекекті кезінде адамдардың бір – біріне мағлұмат бере отырып пікірлесуі; оймен, идеямен, әр түрлі хабарлармен алмасуы. Ықпалдастық– тілдесім кезінде адамдардың бір – біріне дәлелді пікір мен әсер етіп, тілдесушілердің бір – біріне ықпал етуі.


Қабылдамалық – тілдесім процесінде адамдардың бір – бірінің пікірін, ойын екіншісінің қолдануы[102].
Ә.Е.Жұмабаеваның пікірінше, синтаксисті дамыта оқыту әдістері мен тәсілдерінің негізін мына тұжырымдар құрады:


  • теориялық білім мен оған қатысты біліктіліктер арнайы оқу тапсырмалары арқылы меңгертіледі;




  • мұндай оқу тапсырмалары синтаксис туралы жалпы ұғымдарын қалыптастырудың жолы мен әдістерін меңгертудің кӛзі болып табылады;




  • баланың оқу танымдық әрекетінің белсенділігі, дербес әрекеті оқу тапсырмалары негізінде ұйымдасады. Демек, оқу тапсрымалары бала үшін тек қана білім мазмұнын бекітудің, меңгертудің жолы ғана емес, белгілі бір ойлау механизмдері мен әдістер негізінде игерілетін нәтижеге жетудің жолы болып табылады, - деген тұжырым жасаған. Сонымен қатар автор «Қазақ тілі» пәнінен меңгертілетін тӛмендегі коммуникативтік құзыреттіліктерді атап кӛрсеткен:

- жазбаша қатынас аспектісі - ӛз ойын қазақ тілі нормасына, қойылған мақсатқа сәйкес жеткізеді, тілдік бірліктерді сӛйлеу жағдайларына сәйкес барабар қолданады;



1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет