Мультимедиа технологиялар



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата21.03.2017
өлшемі0,88 Mb.
#10057
1   2   3   4   5   6

Негізгі əдебиет: 4 [12-19]

Қосымша əдебиет: 3[75-76]

Бақылау сұрақтары:

1. Интерфейстің элементін атаңыз?

2. Сплайндық формаларды құру?

3. Деформациялау түрленуі деген не жəне олар қашан қолданылады?



30

 Дəріс 7. Мəтіндік ақпарат. Дыбыс

Мəтіндік  ақпараттар  мультимедиа  компоненттерінің  бірі  болып

табылады. Мəтіндік  ақпараттарды  көрнекі  түрде  көрсету  үшін  қаріптер

қолданылады. Қаріп (гарнитура) – графикалық  ерекшеліктері  бойынша  ұқсас

символдар жиыны. Қаріптің сипаттамалық ерекшеліктері. Кегль, қаріп өлшемі

бас  əріптің  биіктігімен  анықталады  бас  əріптің  биіктігімен  анықталады.

Эффектілер  таңдалған  қаріпке  түрлі  безендірулерді  ұсынады – астын  сызу,

белден сызу, капитель, контурлау, түрлі түстерге бояу.

Гипермəтін  мəтіннен  тұрады, ол  белгілі  бір  əрекетке  жауап  беретін

болады (мысалы, тышқан пернесін басқанда).

Гипермедиа – ол  тек  мəтінмен  ғана  емес, бейнемен, дыбыспен  жəне

көрініспен де байланысты қамтитын гипермəтін.

Гипермəтінді  құру  принциптері  анықталды. Бұл  принциптер  үшеу -

жалпымəнділігі, объектография принципі, өмірлік цикл принципі.

Жалпы  мəнділік  принцип – негізгі  болып  табылады, оның  негізінде

гипермəтіннің  анықтамалық  статьясы  қалыптасады. Оған  спецификалық

талқылаулар  кіреді. Бұл  принцип  адамның  ойлау  қызметінің  психологиялық

ерекшелігіне  негізделген, маман  ағымдағы  тақырыптан  құжат  немесе  қормен

жұмыс  жасағанда  туындайтын  сұрақтарға  жауап  алу  үшін  көбірек  ақпарат

алғысы келеді. Бұл сол тақырып  төңірегіндегі құжаттарды тереңдей анықтауға

жəрдемін тигізері сөзсіз.

Объектографияның  принципі  мынаған  тіреледі: гипермəтінде  ақпарат

кітапханалық  принципке  емес (сипаттау  жəне  сақтау  бірлігі  құжат  болып

табылатын) белгілі  бір  объектілердің  принципіне  негізделеді. Əрине, сақтау

бірлігі – ақпарат, ол  белгілі  бір  объектіге  немесе  объектілер  кластарына

қатысты  түрлі  құжаттардан  алынады, жəне  ақпараттық  мақаладағы  сипаттау

көзі болып табылады.

Өмірлік  циклдың  принципі  мынада: кез  келген  объект  үшін  үрдістер

жиынтығы  тəн, онда  объект  өзі  пайда  болғанынан  бастап  жоғалып  кеткенге

дейін қатысатын болады. Дəстүрлі құжаттарда өмірлік цикл туралы мəліметтер

барлық  мəтіндерде  кездеседі, түрлі  тарауларда, параграфтарда  болады.

Сондықтан, кейбір  объектілердің  пайда  болу, қолданылу  кезеңдері  туралы

толық  та, анық  сипаттама  алу  үшін  осы  тақырыптың  төңірегінде  көбірек

ақпарат  қарау  керек. Гипермəтінде  анықталған  өмірлік  циклға  сəйкес

мəліметтер  жүйесі  құрудың  негізгі  принципі  рангіне  келтіріледі. Өмірлік

циклдың əр  кезеңі туралы ақпаратты жеке мақала түрінде безендіруге болады.

Соңғысы объект туралы мақалаға немесе керісінше сілтемені қамтуы керек.

Дыбыс  дегеніміз физикалық  ортада (əдетте ауада) шамамен 20-20000 Гц

жиілікті  тербеліс, барлық  қазіргі  заманғы  жүйеде  дыбыстар  тербелістері

электрлі  сигналға  негізделген, соңынан  оны (аналогты  немесе  цифрлы) өңдеу

жəне физикалық ортада қайта тербеліс түрінде шығарады.

Дыбысты жазу электрлі дыбыс қысымының көшірмесі (микрофон- дыбыс

қысымын  жіберетін  құрал) арқылы  аналогты  сигналды  тікелей  цифрлық

жолмен  жүзеге  асырылады. Цифрлеу  жиілігі  жиілік  таңдау  сигналы  деп

аталады  жəне  белгілі  Котельников–Найквиста  теоремасы  бойынша  жиілікті


31

түрлендіру  сигналының  екіеселеленген  максимальды  мəнінен  кем  болмауы

керек.

Аналогты 



сигналды 

түрлендіру 

сигналды 

уақыт 


бойынша

дискретизациялау  үшін (цифрлы  жиілік) жəне  дəңгей  бойынша  кванттау

(сигналды  өзінің  цифрлық  көрсеткішімен) аналогты–цифрлы  түрлендіргіш

(АЦТ) цифрлы  түрде  орындайды. Əдетте  аналогты-цифрлы  түрлендіргіш

импульсті-кодты  модуляциялау (PCM, Pulse Code Modulation) арқылы

түрлендіреді. Момент  аралығындағы  уақыт  арасында  сигналды  түрлендіру

таңдалған  аралық (интервал) (Sampling Interval) деп  аталады; бұл  өлшем

таңдалған  жиілікке  кері  пропорционал, немесе  сэмплингпен (Sampling Rate).

Аналогты сигналдың амплитудасы (Sample Value) əр түрлендіру кезінде дəңгей

бойынша  бөлінеді  жəне  параллельді  цифрлық  кодына  сəйкес (Digital Sample)

кодталады, аналогты  сигналды  цифрлық  кодқа  түрлендіру  уақыты  уақытпен

таңдалған деп аталады (Sampling Time) ( 6 – сурет).

АЦТ-тің  жеберілген  қабілеті  деп  цифрлық  кодтың  өзгеруіне  əкелетін

аналогты  сигналдың  ең  кіші  мəні  деп  аталады. Мысалы, егер  АЦТ

сегізразрядты  код  берсе  жеберілген  қабілетіаналогты  сигналдың (шамамен

салыстырмалы  өлшемде 0,4%) максимальды  амплитудасы  мынаған

1/(28)=1/256 тең  болады, 16-разрядты  АЦТ-тің  сигналды  көрсету  дəлдігі

мынадан 1/(216)=1/65536 (0,0015%) кем емес.

АЦТ-тің  разрядтығы  көбейген  сайын  оның  динамикалық  диапазоны  да

өседі. 8-разрядты  түрлендіру 48 дБ (кассеталы  магнитафон  сапасында)

динамикалық  диапазонды  қамтамасыз  етеді, 12-разрядты 72 дБ (катушкалы

магнитафон сапасы),16-разрядты- 96 дБ (аудио компакт-диск сапасы).

6 сурет. Аналогты жəне цифрлық сигналдардың арасындағы түрлендіру

процесінің сипаттамасы

АЦТ  алынған 8÷16 разрядты  паралель  коды (бит  бойынша)

тізбектеліпсэмплинг  жиілігімен  аудиофайлға (қажетіне  қарай  буферизация

қолданылады) жазылады, мұнда  сығылмаған  цифрлық  аудио  мəліметтердің

жиынтығы жоғары болады; əрі қарай мəліметтер жиынтығы мен аудиофайлдың

азаю əдісі келтіріледі.

АЦТ (жəне  ЦАТ – цифрлы  аналогты  түрлендіргіш  та) орталық



32

процессорды  жүктемей-ақ  қызметін  апаратты  түрде  орындайтынын  ескерген

жөн; орталық процессор АЦТ жəне ЦАТ режимдерін ғана басқарады.

Цифрлық  аналогты  түрлендіргіш  кері  түрлендіруді  орындайды, ЦАТ

жұмысының  нəтижесінде  баспалдақ  тəрізді  сигнал  алыады. Бұл  сигнал

бастапқы  аналогты  сигналдан  жəне  сэмплинг  негізінен  жоғары  жиілікті

құраушыдан тұрады.

Жоғарыда  айтылғандар  еркін  дыбысты  жазуға  жəне  шығаруға  қатысты,

көптеген жағдайда сақталатын мəліметтер көлемін дыбысты синтездеу арқылы

едəуір  қысқартуға  мүмкіндік  бар. Бұл  жағдайда  еркін  дыбыспен  жұмыс

мүмкіндігінен  айырыламыз, моделденген  дыбыстар  жиынының  өңдеу

мүмкіндігі  ғана  қалады. DSP (Digital Signal Processor) дыбыстың  көптеген

қосымша мүмкіндікті (сөздің анықталуы, 3-өлшемді түрдегі дыбыстың арнайы

тиімділігі  т.б.) өңдеулері  бар, айқындалған DSP, дыбысты  карталар  кеңінен

қолданылады.

Цифрлық FM–синтездің əрбір генераторының басқаруымен қоршалғанын

оператор деп  атайды. Операторда екі базалық  элемент пайда  болады: фазалық

модулятор жəне қоршалған генератор.  Фазалық модулятор дыбыстың жиілігін

(биіктігі бойынша), ал қоршалған генетатор – оның амплитудасымен (дауыстың

шығуымен) береді.

Əдетте  дыбыс  карталарында  арнайы  бір  оператормен (қоршалған

оператор) өңделген  шу генераторы қатысады. FM-синтезінен басқа, дыбыстық

карталарда  кестелік  немесе WT-синтезін (Wave Table synthesis) қолданылады;

бұндай  құрылғылар  таңдау  синтез  немесе  сэмплер (Samples) деп  те  аталады.

WT–синтезін  қолдану  идеясы  арнайы  алгоритмді  пайдалануда, музыкалдық

инструментте  тек  біртіндеп  барлық  тондарды  шығаруда (оның  нақты  толық

дыбысын қалыпқа келтіруде) құрылады.

 Сигналдарды (кестелерді) таңдау ROM-да (Read Only Memory) сақталады

немесе  программа  бойынша (Random Access Memory) дыбыстық  картасына,

амплитуданы жəне жиілікті өзгерте отырып жүктеледі (7-суретте көрсетілген).

WT–əдісімен  күшейтілген (генерирілген) дыбыс FM–технологиялық  реалды

инструменттер  дыбысына  жақын, Қосымша WT–əдісі  таңдау  кестесінің

қарапайым  өзгеруінің  мүмкіндігін  береді; Көптеген  карталар FM–синтезі

сияқты жəне WT–синтезін қолдайды.



Негізгі əдебиет: 1[44-46], 2[11-119], 125-128]

Қосымша əдебиет: 2[75-76]

Бақылау сұрақтары:

1. Мультимедиалық  қосымшалардағы 

мəтін  қандай  мақсаттарда

қолданылады?

2. Гипермəтін деген не?

3. Дыбыстың  қандай  негізгі  сипаттамаларын  білесіз  жəне  дыбысты  жазу

кезіндегі ақпаратты қайта құру əдісі?

Дəріс 8. Графика. Статикалық  графика

Кез  келген  көрініс  түрлі  жарықты  аумақтар  жиынтығынан  тұрады.

Адамның көру жүйесіне байланысты, көріністердің масштабты, жарықтық жəне


33

түрлі-түстік параметрлері бар. Жарықтық - свет ағымының бөлігі, заттан адам

көзіне түсетін түстік эффект.

Жарықтандырушылық - бет  ауданының  бірлігіне  құлайтын  свет

ағымының қуаты. Люкспен  өлшенеді (Лк). Светлота – субъектілік сезім, затқа

светтің  əлсіз  немесе  күшті  шағылысуы. Көріністі  қарау  кезінде  светлотаны

сезіну үш сатыдан тұрады: светтен, жартылай тоннан, көлеңкеден.

Түстік  тон - сəулелену  спектріндегі  толқынның  ұзындығы. Қанықтық

(тонның  тазалығы)- ақ  түстің  бояу  үлесі. Спектральды  таза  түсте  ақ  түстің

белгісі жоқ.

Ахроматикалық түстер- боялмаған, ақ, сұр, қара. Олар (хроматикалықтан

ерекшелігі) бір  ғана  шамамен  сипатталады - ашықтығымен (светлота).

Қанықтық  нөлге  тең, түстік  тоны  ақ. Бұл  түстер  көздің  барлық  үш

қабылдағышына бірдей əсер етеді. «Сұрлық» деңгей жарық көзіне байланысты

да, байланыссыз да болуы мүмкін.

Түстік  модельдің  тағайындалуы – кейбір  түстік  қамту (түстерді

интерполяциялау  үшін) көлемінде  түске  сипаттама  беру  жабдығы. Түстік

модельді  үш  топқа  бөлуге  болады: перцепционды (қабылдау  бойынша),

аддитивті (қосылғыш) жəне  субтрактивті (азайғыш). Жиі  кездесетін

модельдер:RGB, CMY(K),YCbCr, HSV,HLS, CIE L*a*b*.Кейбіреуін

қарастыралық.

Аддитивті түстік модель   RGB (Red, Green, Blue- қызыл, жасыл, көк) –

аппаратты  бағдарлы  модель, дисплейде  өздігінен  жарықтанатын  объекторлік

белгісін  аддитивті  қалыптастыру (экран  пиксельдерін) үшін  қолданылады.

Кемшілігі, RGB- жүйесі  толық  емес  түстік  қамтуға  ие – көптеген  жасылдан

бастап, көкке дейінгі (көгілдірдің барлық реңін қамти отырып) көптеген түстер

осы  модельде  көрсетілуі  мүмкін. Осы  модельдегі  кез  келген  түс  үш  санмен

көрсетіледі, олар  əрбір  түсті  құрастырушының  шамасын  сипаттайды. R, G, B

компоненттерін араластырып, ақ түс алу үшін сəйкес көздердің жарықтығы бір-

біріне тең болмауы керек, олар бір-біріне пропорцияда болуы керек: LR:LG:LB

=1:4.5907:0.0601.

Субтрактивті  түстік  модель CMY(Cyan, Magenta, Yellow- көгілдір,

пурпурлы, сары)- аппаратты – бағдарлы  модель, реңдерді  субтрактивті

қалыптастыру  үшін (свет  ағымы  түсетін  бөліктегі  бояулар  қабатын  азайтуға

негізделген) полиграфияда  қолданылады. Бұл  модельдегі  кез  келген  түс  үш

санмен көрсетіледі, əр түстік құрастырушылар шамасымен сипатталады.  CMY

моделінің  түстері RGB моделінің  түстеріне  қосымша  болып  табылады, яғни

оларды ақ түске дейін толықтырады. CMY моделінің түстік қамтуы толық емес

(RGB моделіндегі  түстік  қамтудан  ерекшелігі  де  осында), сондықтан  бір

модельден басқа модельге көшкенде кейбір түстердің жоғалып кетуі мүмкін.

Мысалы:

1) Пурпурлы = қызыл + көк;



2) Ақ = Қызыл + Жасыл +Көк;

3) Сары = Қызыл + Жасыл;

4) Көгілдір = Жасыл +Көк;

5) Жасыл = Көгілдір + Сары;



34

6) Қара = Көгілдір+Пурпур+Сары;

7) Көк = Көгілдір + Пурпур;

8) Қызыл = Сары + Пурпур.

а)                                          б)

7 сурет. Түстік модельдер. а) аддитивті модель, б) субтрактивті модель

Түстерді  араластыру  моделі. YCbCr моделі – аппаратты – бағытталған

модель, телевидениеде  қолданылады, берілетін  жиіліктер  сызығын  көздің

психофизиологиялық  ерекшеліктерін  қолдану  арқылы  қысқарту  үшін  қызмет

етеді. Бұл модельдегі  Y – түстің  интенсивтілігі, Cb жəне Cr- көк  жəне  қызыл

түстік  компоненттер. Бұл  палитрада  көріністерді  кодалау – көріністерді  оның

сапасын жоғалтпастан көрсету үшін талап етілетін ақпараттардың едəуір санын

азайтады.  RGB палитрасын YcbCr-ге  түрлендіру  үшін  келесі  қатынас

қолданылады: Y=0.299R+0/587G+0.114B,  Cb=0.1678R-0.331G+0.5B, Cr=0.5 R-

0.4187G+0.0813B

Графиктік  көріністерді  көрсетудің  екі  тəсілі  бар: Векторлық  жəне

растрлық.

Графикалық  ақпараттарды  векторлық  көрсету  тəсілінде  көрініс  экранда

нүктелер  векторларын  -  қисаю  жəне  вектор  ұзындығын  берудің  көмегімен

генерацияланады. Векторлар  мəндері  арнайы  микросхемамен  аппаратты

генерацияланады, ал  сурет  тік  бұрыш  қиындысы, дөңгелек, эллипс  жəне  т.б.

қарапайым  геометриялық  фигуралар  комбинацясы  түрінде  беріледі.Бұл  тəсіл

экранда  сызбалар  қалыптастыру  үшін  қолданылады. Қазір  сирек  те  болса,

қолданылады, себебі  жылдамдығы  жоғары. Бұл  тəсіл  сызбалар  қалыптастыру

үшін  АЖЖ-де  қолданылады. Ол жартылай  тонды көріністер құруға  мүмкіндік

бермейді.

Растрлық  тəсіл-көп  түсті  картиналар  қозғалатын  көріністер  құруға

мүмкіндік 

береді. Ерекшелігі, экрандағы 

барлық 


кеңістік 

шағын


тіктөртбұрыштарға  бөлінеді - ол пиксельдер  деп  аталады (Picture Element). Əр

пиксель  үшін  файлда  белгілі  бір  ақпараттар  сақталады - вертикаль  жəне

горизонталь бойынша пиксельдің координаталары, түс коды, яғни кем дегенде

үш сан беріледі. Көріністерді шығару былайша  жүзеге асырылады; графикалық

файлдағы  деректер  жедел  жадыға  орналастырылады, əрі  қарай  графикалық

плата (бейнеадаптер) оларды  өз  жадысына  жазады, ал  арнайы  микросхема

Қызыл

Ж

асыл



Көк

Көгілдір


 

5

 6



 7

   8 Пурпур

лы

Сары


35

пиксельді  анықтайтын  үш  санды  тізбектей  алады  да, мониторға  арналған

сигналдарға түрлендіреді жəне мониторға шығарады. Бұл процедура секундына

25-50 рет қайталанады жəне экрандағы көрініс қозғалыссыз тұратын секілді.

Фрактальды  графика .Фрактальдар  алгоритмдері  таңқаларлық  үш

өлшемді  көріністер  құра  алады. Кез  келген  фрактальдың  кілттік  түсінігі -

түстестік. Обьект  түстес  деп  аталады -егер  обьектінің  ұлғайтылған  бөлігі

обьектінің өзіне ұқсас.

Қазіргі  кездегі  компьютерлік  графика-бұл  мұқият  əзірленген  пəн.

Геометриялық түрлендіру, қисықтар сипаттамалары, жазық беттер сегменттері

əбден зерттелген. Сызықтарды жəне жазық беттерді  растрлық  сканерлеу, қию,

жою  тəсілдері, түсі, бояуы, текстурасы  мен  мөлдірлік  эффектілері  əрі

дамытылуда. Қазіргі  уақытта  компьютерлік  графиканың  осы  бөлімі

қызығушылық танытып отыр.

Графиктік файлдар форматтары. Графиктік файлдар  форматтары – түсті

кодалау  тəсілдерімен, ақпаратты  сығу  алгоритмдерімен, файлға  қосымша

ақпараттарды (мысалы, мəтіндік  ақпарат) орналастыру  мүмкіндіктерімен

ерекшеленеді. Форматтар түрлері;BMP, GIF, JPEG, TIF, PSD, PCX,RAW.

Кейбіреулерін  нақтырақ  қарастыралық BMP- қарапайым  формат,

пикселдердің  солдан  оңға, төменнен (экранның  төменгі  сол  жақ  бұрышынан)

жоғарыға  тізбектей  жазуды  қарастырады. Файл  атының  кеңейтілуі .bmp.

Көптеген  графикалық  программалар  бұл  форматпен  жұмыс  істей  алады, бұл

форматтағы  көріністерді  бір  жүйеден  бір  жүйеге  ауыстырып, қолдануға

мүмкіндік бар.

GIF форматы, графикалық  файлдарды  компьютерлік  торап  бойынша

жіберу үшін əзірленген. Кеңейтілуі .gif. Онда ақпаратты сығу архиваторлардағы

алгоритмге  ұқсас, ол  дискідегі  орынды  үнемдеу  үшін  кеңінен  қолданылады.

Мұндай файлдың өлшемі орташа алғанда BMP форматты файлдан екі есеге аз.

Кемшілігі – жоғары  сапалы  көріністерді  бұл  форматта  сақтауға  болмайды,

себебі  түсті  кодалау 8 биттен  артық  емес. Артықшылығы – оның  көмегімен

файлдар «кезектесетін  форматта» сақталады - алдымен  əрбір  сегізінші  қатар,

сонан  соң  əрбір  төртінші  жəне  т.с.с. Бұл Internet арқылы  суреттер  алуда

ыңғайлы – алдымен  жуылған  көріністер  пайда  болады  да, сонан  соң  оның

сапасы бірте-бірте жақсарады. Сонымен қатар мəтіндік блоктарды да қамтиды,

ол  экранға  жазба  түрінде  шығады. Бұл  формат  сонымен  қатар, бір  файлда

бірнеше  көріністі сақтауға мүмкіндік береді, оларды  тіркелген программаның

көмегімен экранға шығарады, осылайша мультипликация құрады.

JPEG форматы WWW – серверлерге  орналастыру  үшін  түрлі-түсті

суреттер  мен  фотографияларды  сығуға  арналып  əзірленген. Кеңейтілуі jpg.

Мұндағы  сығу  алгоритмі  биіктік  тізбектің  қайталануын  ескеріп  қана  қоймай,

адам  көзінің  қабылдау  ерекшелігін  де  ескереді, маңызды  емес  детальдарды

жойып  тастайды. Осыған  байланысты  ақпараттың  кейбір  бөліктері  теориялық

тұрғыда жоғалып кетуі ғажап емес. BMP-JPEG-BMP түрлендіруі ұқсас файлды

бармейді. Бұл  формат  ақпаратты  сызудың  жоғары  коэффициентімен

сипатталады. Ақпаратты сығу дəрежесін файлды құру кезінде реттеуге болады,

бірақ  сызу  коэффициенті  үлкен  болған  жағдайда  ақпарат  өзгеріп  бұзылуы



36

мүмкін (əсіресе  тіктөртбұрыштардың  бұрыштарында, анық  контурлардың

шекараларында).

TIFF (Tagged –Image File Format) түрлі программалар жəне компьютерлік

платформалар арасында құжат алмасу үшін қолданылады. TIFF форматы LZW-

сығуды  қолдайды, бұл  ақпаратты  жоғалтусыз  қаттауға  мүмкіндік  беретін

алгоритм. Adobe Photoshop құжатын TIFF форматта  сақтау  кезінде IBM PC

немесе Macintosh типті  компьютерлерге  оқуға  ыңғайлы  формат  вариантын

таңдауға  болады. LZW Compression параметрі  құжатты  минимальды  көлемге

дейін автоматты қаттауға мүмкіндік береді.

PSD форматы Adobe Photoshop программасы, оны  кейбір  басқа

программалар да түсінеді. Көп қабатты, қосымша түстік каналды, маскалы жəне

басқа  да  ақпараттарды  қамтитын  дайын  растрлық  көріністерді  жазуға

мүмкіндік  береді. Adobe Photoshop –тың  соңғы  версиялары  өз  файлдарын

компрессиямен  сақтайды, ол  көрініс  сапасын  бұзбайды, көлемін  едəуір

азайтады.



Негізгі əдебиет: 2[18-39], 3 [45-57]

Қосымша əдебиет: 2 [45-57]

Бақылау сұрақтары:

1. Түстік модель деген не ?

2. Растрлық графиканың векторлықтан айырмашылығы ?

3. Графикалық файлдар форматтарының негізгі  айырмашылықтары?



Дəріс  9. Динамикалық графикалық объектілер

«Анимациялау» термині  көріністі «жандандыру» деген  мағынаны

білдіреді. Анимация теориясы адам көзінің мүмкіндіктеріне, көрген көріністер

мен  олардың  қозғалысын  сақтауға  негізделген. Бұл  үздіксіз  қозғалыстар

иллюзиясын  құрайды. Адам  физиологиясы  көзқарасы  тұрғысынан  қарағанда

обьектінің өзгерісін қалқымалы жəне эластикалық түрде көрушінің қабылдауы

кезінде  көріністің  ауысуының  минимальды  жиілігі  көру  қатарының  үздіксіз

қабылдаудағы  төменгі  шекарасы  деп  аталады. Жоғарғы  шекара  болып  жатқан

өзгерістерге  адам  миының  əсерін  анықтайды, бұл  қабылдайтын  оқиғаның

маңызын түсіну мүмкіндігін  анықтайды.

Бұл  жағдайлар  динамикалық  процестердің  визуальды  көшiрмелерінде

əртүрлі техникалық құралдардың көмегімен анықталынады

Графикалық  редакторларда  алдыңғы  кезеңде  берілген  өлшем  бойынша

көрініс  құрылады, ол  болашақ  анимацияға  қатысатын  обьектілердің  санын

қамтиды. Анимацияланатын  обьектінің  алдын  ала  суретін  салып  алу  керек

немесе  жеке  файлда  алдын  ала  сақталған  болуы  керек. Егер  қозғалыстың

бірнеше фазасын бейнелеу қажет болса, онда олардың əрқайсысы жеке файлда

сақталуы тиіс.

Анимация  тəсілін  қарастырмастан  бұрын  жалпы  анимация  құру  үшін

қажетті  қадамдарды  қарастыралық. Əрбір  нақты  жағдайда  бұл  қадамдар

өзгеріп отыруы мүмкін, бірақ негізгі процедура біреу ғана болып қалады.

1. Талап етілетін эффектіні құруға қажетті анимация типін анықтау.

2. Өз анимацияңыз үшін сəйкес программалық қамтаманы таңдау.


37

3. Анимацияланатын графиканы құру немесе таңдау.

4. Түстер палитрасын құру.

5. Графика құру.

6. Бейнелеу (немесе түрлендіру) буферін орнату.

7. Негізгі жобаны генерациялау.

8. Палитраны таңдау жəне анықтау.

9. Өзіңіздің анимациондық эффектілеріңізді құру.

10. Үрдісті аяқтау.

Анимацияны  жүзеге  асыру (ойнату), тəсілдері  бойынша  шартты  түрде

келесі категорияларға жіктеуге болады: кадрлық анимация, спрайтты анимация,

программалық анимация, арнайы анимация.

Құру  технологиясы бойынша  былай  жіктеледі: полиморфты түрлендіру,

фликтармен операция, матрицаны түрлендіру анимациясы.

Классикалық  анимация - əрқайсысы  бөлек-бөлек  салынған  суреттерді

кезек-кезек  ауыстыру  тəсілі (мультифильм  принципі). Бұл  тəсіл  көп  еңбекті

талап етеді, себебі əр суретті салу қажет. Спрайттық анимация - программалау

тілінің  немесе  арнайы  инструментальдық  жабдықтың  көмегімен  жүзеге

асырылатын анимация.

Спрайтты  анимация – бұл бағдарламалау тілінің немесе арнайы аспапты

құралдың арқасында жүзеге асырылатын анимация Спрайтты анимацияда кадр

деген түсінік жоқ (қозғалыстағы ойындар принципі)

Полиморфты түрлендіру - анимацияда қолданылатын арнайы эффект, бір

графикалық образды басқаға түрлендіру негізінде құрылатын анимация.

Анимация  құру: қысқаша  шолу. Анимация  кілттік  кадрлар  құрамын

өзгерту арқылы құрылады.

Қозғалыстарды  анимациялау. Қозғалысты  анимациялау  кезінде (motion

tweening) обьектінің топтардың немесе мəтіндік  блоктардың белгілі бір уақыт

мезетіне  сəйкес  өлшемі, орналасатын  жері, қисаю  бұрышы  жəне  т.б.

анықталады да , сонан соң бұл мəндер уақыттың басқа нүктесіне өзгереді.

Жол  бойынша  обьектіні  жылжыту. Guide (бағыттаушы) типті  қабаттар

анимация  процесі  кезінде  обьектінің  қозғалатын  жолының  суретін  салуға

мүмкіндік береді. Guide қабатына бірнеше қабатты қосуға болады, нəтижесінде

бірнеше  обьект  бір  жолмен  ғана  қозғалатын  болады. Бағыттаушы (guide)

қабатқа қосылған қарапайым қабат жетекші (guided) қабат болып қалады.

Формаларды  анимациялау. Форманы  анимациялай  отырып  морфингке

ұқсас эффект құруға болады (бір форманы басқа формаға «ағызу» арқылы).

Кадрлық анимация. Кадрлық анимацияда сахна құрамы əр  кадрда өзгеріп

тұрады. Ол анимация үшін тиімді, онда кадрлар елеулі түрде өзгеріп отырады.

Анимацияланған GIF- көріністерді  қалыптастыру  анимациялық  көне

принциптеріне  негізделген, олар  бір - бірінен  жеңіл  ғана  ерекшеленетін

картиналарды жылдам ауыстыру.

Динамикалық GIF-ті  графикалық  файл  стандарты  ретінде  анықтауға

болады, ол  бір  файлда  бірнеше  көріністерді  орналастыруға  мүмкіндік  береді,

оларды мультипликация эффектісін құру мақсатында экранға тізбектей шығару

арқылы  қозғалыс  эффектісін  көруге  болады. Осындай  стандарттардың



38

алғашқысы GIF 87a, онда GIF - файлдың келесі мүмкіндіктері қарастырылған:

1.Кезектесу ( interlacing). Алдымен көріністің «қаңқасы» жүктелді, сонан

соң  жүктеу  шамасына  қарай  ол  нақтыланады. Бұл  ақырын  сызықта  барлық

графикалық файлды тұтастай жүктеуге мүмкіндік бермейді.

2. Қысу (compression) LZW алгоритмі бойынша.  Бұл   GIF-файлының ең

кіші көлемді файлы болып саналады.

3. Бір файлда бірнеше сурет.

4.Логикалық экранда суреттің орналасуы.

Бұдан  кейін  бұл  стандарт GIF89a спецификациясымен  кеңейтілді,оның

келесідей мүмкіндіктері бар :

1.Графикалық  файлға  ой –пікірдің  қосылуы (экранда  көрінбейді, бірақ

GIF89a -ні қолдайтын программамен оқылады).

2. Кадр ауысқан кезде кешігуді басқару.

З.Алдыңғы суретті өшіруді басқару.

4. Түссіз түсті анықтау.

5. Мəтін енгізу.

6. Қосымша программаны басқаратын блоктарды құру (application-specific

extensions).

Видеоақпаратты жазу үшін AVI жəне  MPEG файлдары болып саналады.

AVIфайл 

форматын Microsoft фирмасы 

видеоқосымша 

үшін


шығарған(кеңейтілуі .avi), MPEG форматы ISO қолдауымен  мемлекетаралық

эксперттер тобымен шығарылған. Файлдарда шынайы видеосуреттерімен жəне

даусымен  қамтылған  жазбалар  бар  (видеофильмдер). Əрине,мұндай  файлдар

көлемі  көп  болады-минуттық  видеороликтің  жазбасы  бірнеше  Мбайт-ты

иеленеді.

Соңғы  кездері MPEG стандарты  көп  қолданысқа  ие. Бұл  əдістің

айырмашылығы барлық экран көптеген тікбұрыштарға бөлінеді,кадрдан кадрға

тек  өзгерген  элемент  беріледі  жəне  кодталады,ал  өзгермеген  элемент  жаңа

кадрға  өзгеріссіз  беріледі. Видеофайлдарды  жазу  үшін ( AVI жəне  MPEG-

файлдарын құру үшін) VideoBlaster классымен жабдықталған ПК-видеоадаптері

керек жəне оны ПК –ға енгізіп стандартты телевизор, видеомагнитофон немесе

видеокамера  видеосигналдарын  өңдеу  керек . Мұндай  платаның  жұмыс  істеуі

үшін арнайы програмалық қамтама қажет (кодек - яғни КОдтау-ДЕКкодтау),ол

ереже  бойынша  видеоадаптермен  бірге  болады  немесе  операциялық  жүйе

құрамына кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет