Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет21/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68
Байланысты:
Dissertation Mutanova.pdf Мәдениетаралық-коммуникативті құзіреттілік

іргелі - білімгерлердің шығармашылық ойлауын дамыту және жалпы 
мәдениетін дамыту;
теориялық - жоғары мектептегі білім берудің мазмұнының құрылымын 
жаңартумен байланысты;
гуманитарлық - білім берудің жалпы мәдени құрамдас бөліктерінің басым 
дамуына бағдарланған;
аксиологиялық – білімгерлердің кәсіби қызмет саласына, өз мамандығын
құндылық бағытты қалыптастыратын мақсатқа бағыттау;
кәсіби - ғылыми-техникалық даму жағдайына бейімделген біліктілігі 
жоғары мамандарды даярлау;
тұтастық және кіріктірілген - түрлі ғылыми салалардағы кіріктірілген
жүйелік-құрылымдық білімді қабылдауға бағыттау;
вариативтілік - жоғары білім берудегі оқу бағдарламаларының бір- 
бірімен үйлесуі;
көпдеңгейлік және үздіксіздік - болашақ мұғалімдерді даярлаудағы


51 
ұйымдастырушылық;
стандарттық - мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес оқу 
пәндерінің игерілу мазмұнының көлемін, деңгейін, сипатталуын реттеумен 
байланысты жедел өзгерістерге ұшырауда. 
Әлемдік озық білім беру стандарттарына сәйкес өздігінен білім беру 
бағдарламаларын меңгеруге даяр, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре 
алатын коммуникативтік мәдеиеті қалыптасқан болашақ ағылшын тілі 
мұғалімін даярлау – заманауи жоғары педагогикалық білім берудің мақсатты 
бағыттарының бірі болып табылады. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамыту арқылы білімгерлердің кәсіби даярлығын қалыптастыру өлшемдері 
төмендегідей анықталды: 
- болашақ мұғалімдердің ағылшын тілінен коммуникативтік мәдениетін 
дамытуда кәсіби даярлықты меңгеру мотивациясының болуы; 
- болашақ ағылшын тілі мұғалімінің коммуникативтік мәдениет ұғымы 
туралы білімі және сол білімін кәсіби даярлықты қолдана білу шеберлігінің 
болуы; 
- когнитивтік дағдылар мен коммуникативтік шеберліктерді меңгеруі; 
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің өзін-өзі ұйымдастыра білуі және 
тілдік тұлғаның қалыптасуымен ерекшеленеді. 
Осылайша, болашақ ағылшын тілі мұғaлiмдерiн дaяpлaу дeгeнiмiз –
бoлaшaқ кәciби қызмeтiнiң қыp-cыpын жaн-жaқты oқыту жәнe тәpбиeлeу 
болып табылады. 
Сондықтан, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін дамыту арқылы кәсіби даярлықты қалыптастыруда білімгердің 
қажетті, қызықты ақпаратты қабылдауға танымдық қажеттілігі пайда болады. 
Егер білімгер үшін кәсіби қызметінде ақпарат маңызды болса, оны нақтылау, 
анықтау қажеттілігі пайда болады. Егер білімгерге ақпарат таныс болса, оны 
толықтыру, түсіну ынтасы пайда болады. Білімгердің саналы қажеттілігі 
қызығушылыққа ұштасады. Білімгердің мақсатқа ұмтылуы арқылы танымдық 
қажеттілігі пайда болады. Сол себептен, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің 
коммуникативтік мәдениетін дамыту арқылы білімгердің кәсіби даярлығын 
қалыптастыруда танымдық әрекетінің мотиві ретінде, жоғары білікті маман 
болуға ұмтылу, жоғары төлемақылы жұмыс табу, түрлі кәсіби бағыттағы 
бағдарламаларға қатысып, шетелде білімін ұштау, өзін-өзі жетілдіру, бағалау, 
т.б. шығады. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығын қалыптастыруға 
әсер ететін шарттар: шығармашылық және қатынастық құзыреті 
қалыптастыру; болашақ мамандығын қадірлеу және кәсіби мүмкіндіктері мен 
даму перспективасын бағалау жатады. Кәсіби даярлық – меңгерген білім, 
дағдыларын жүзеге асыратын және жетілдіре алатын, қатынастық тұрғыда 
құзыретті, түрлі жағдайда шешім қабылдауға қабілетті, өзіне-өзі баға беретін 
және еңбек нарығына бейімделе алатын, шығармашылық және жеке тұрғыдан 
дамуға қабілетті, танымдық қажеттілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру. 


52 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесінде білім беру 
міндеттерін кезең-кезеңмен жаңарту, педагогикалық университеттердің шетел 
тілдері факультетінің білімгерлері үшін барлық оқыту жүйесін жетілдірудің 
тиімді әдісі болып табылады. 
Демек, болашақ ағылшын тілі мұғалімдері танымдық міндеттерді өзекті 
етуге негізделген оқыту үрдісі мынадай кезеңдерге бөлінеді: 
1) дайындау кезеңі, ол мыналарды қамтиды: 
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың 
мақсаттары мен міндеттерін белгілеу; 
- педагогикалық жоғары оқу орнында жалпы кәсіби және арнайы 
дайындық пәндерін оқуда когнитивтік міндеттердің әртүрлі топтарының 
ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін анықтау; 
- білімгерлердің кәсіптік және әлеуметтік-мәдени сипаттағы білімдерін, 
сондай-ақ өзіндік қызмет дағдыларын дербес меңгеруіне ынталандыруды 
қалыптастыру.
2) болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің құзыреттіліктерін қалыптастыру, 
сондай-ақ студенттердің болашақ мамандығын меңгеруіне, олардың білімін 
дербес меңгеру қажеттілігін түсінуіне байланысты сабақтан тыс, ғылыми-
зерттеу және тәуелсіз жұмыстарын бағдарлауға бағытталған мақсатты жұмыс; 
оқу процесінде танымдық міндеттерді тиімді пайдалану үшін педагогикалық 
құралдарды таңдау; 
3) шығармашылық кезең - білімгерлердің білім беру, танымдық және 
кәсiптiк қызметте алынған бiлiмдердi, сондай-ақ кәсiби және практикалық 
когнитивтi тапсырмаларды шешу жолдарын iздестiру, оқу-когнитивтi және 
өзiн-өзi бiлiм беру қызметiнiң дағдыларын нығайту, сондай-ақ, мұғалімнің 
негізгі құзыреттілігі, оқушылармен жұмыс істеуде танымдық тапсырмаларды 
қайта жандандыру негізінде білімгерлерді кәсіби даярлау деңгейін реттеу. 
Біз, кәсіби біліктілікті қалыптастыру үшін оны арнайы кезеңдерге бөлу 
керек деп санаймыз. Бұл кезеңдер білімгерлердің мотивациясының даму 
деңгейіне (яғни, ішкі сананың даму деңгейіне) байланысты болып келеді. 
Осылайша, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауды мына 
кезеңдерге бөлуді ұсынамыз: 
1. Оқуға және олардың одан әрі дамуына ішкі саналы себептерді 
тудыратын іс-әрекеттік кезең; 
ІІ. Кәсіби қызметтің және кәсіби дамудың тұрақты себептерінің пайда 
болуымен сипатталатын тиімді кезең; 
Ш.Студенттерді кәсіби даярлаудың соңғы кезеңі және қызметінің басталуы 
болып табылатын өзін-өзі дамыту кезеңі. 
Осылайша, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлаудың 
бірнеше кезеңдерін атап көрсетіп, оларды бір-бірімен салыстыра отырып, 
олардың үш негізгі кезеңнен немесе оқу кезеңінен өтетінін анықтадық. 
Сонымен қатар, білімгерлердің тәжірибелік педагогикалық қызметке 
дайындығы әр кезеңде жетілдіріліп отырады (салыстырмалы: фундаментальды 
дайындық фазасы - жалпы дайындық фазасы - мақсатты дайындық кезеңі, 


53 
дайындық фазасы - интегралдау фазасы - шығармашылық фазасы, бағдар 
фазасы - теориялық және әдіснамалық кезең - қызмет кезеңі, іс-әрекеттік кезең - 
тиімді этап - өзін-өзі дамыту). 
Яғни, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлау кезеңі - бұл 
тұлғаның кәсіби дамуы кезеңдердің бірі; сонымен бірге, кәсіптік білім беру 
сатысы әртүрлі негізде (когнитивтік қажеттіліктің қалыптасу, жалпы 
педагогикалық және арнайы пәндер блоктарының даму, жаттығулардың 
дәрежесіне, кәсіптік бағдарлау дәрежесіне, даму деңгейлеріне қарай) қосалқы 
кезеңдерге бөлінуі мүмкін.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда әрбір келесі 
кезеңдері бұрынғы кезеңдермен байланыспен тығыз байланысты. Бұл жағдайда, 
біздің ойымызша, кезеңнен кезеңге дейін мұғалімнің болашақ кәсіби қызметін 
меңгерудің тәжірибелік жағынан даму динамикасы байқалады; ол, өз кезегінде, 
кәсіби даярлаудың бүкіл жүйесін қайта қарау қажеттігін көрсетеді, мұны бүкіл 
университет деңгейіндегі тәжірибемен байланыстырады. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби қызметінің мәдениетін 
дамытудың ажырамас құраушыларынан бірі - оның эмоционалды-еркіндік 
сезімдері, бұл - мұғалімнің көңіл-күйінің сол жағдайға сәйкестігі, объективті 
және бейтарап болуы, өзін ұстау қабілеті. Себебі, эмоционалдық мәдениетке ие 
адам эмпатия, сезімталдықпен ерекшеленеді. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби мәдениетінің маңызды 
құраушыларынан бірі - оның жүріс-тұрысы. Мұғалім тұрақты түрде білім 
береді және дидактикалық тапсырмаларды орындайды, онда оған энергия, 
тәуелсіздік, достық пен белсенділік сезімдері көмектеседі. Егер, мұғалімнің 
мінез-құлқы жағымсыз сипатта болса, ол оқыту үдерісін жүзеге асыруға 
қабілетсіз. Педагогикалық мәдениет - осы қызметтің субъектісі болып 
табылатын адамның жалпы дамуынан тыс туындайтын нәрсе емес. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби мәдениеті жеткілікті түрде 
дамыған жағдайда өз білімін басқа ұрпаққа беруге көмектеседі. Олар: 
білімгерлерге деген сүйіспеншілік; гуманизм; тұрақты өзін-өзі дамытуға 
дайындық; 
жұмысқа 
шығармашылық 
көзқарас; 
жоғары 
азаматтық 
жауапкершілік және әлеуметтік қызмет; физикалық және психикалық күй. 
Олар өз кезегінде болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің педагогикалық 
құзыреттілігі ұғымымен ұштасады. Ол психофизиологиялық, теориялық және 
практикалық аспектілерді ажыратады, мұғалім құзыреттілігін анықтауға 
қойылатын талаптарды сипаттайды. Педагогикалық құзыреттілік - мұғалімнің 
өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін теориялық және практикалық 
дайындығын анықтау, ой-пікір және материалды сауатты ұсыну қабілеті; 
білімгерлердің жеке қасиеттеріне бейімделген оқыту; құзыретті, сөз сөйлеу 
және нақты дикция; сөйлеу кезінде бет-әлпеттер мен қимылдарды қолдану 
мүмкіндігі; жағдайға жедел әрекет ету қабілеті, тапқырлық; мақсаттарды дұрыс 
қалыптастыру қабілеті; ұйымдастыру дағдылары болуы керек; студенттердің 
білім сапасын бақылау болып табылады [129].
Сонымен бірге, болашақ ағылшын тілі мұғалімдеріне қойылатын талаптар


54 
басқа мұғалімдерден біршама ерекшеленеді. Мысалы, үнемі өзін-өзі тәрбиелеуі 
және өздерінің дағдыларын жетілдіруі керек. Мұғалімнің маңызды қасиеттері - 
оның оқу барысында және кәсіби қызметінде алған білімі мен дағдылары, 
оларды өз жұмысында қолдануы керек. 
Жоғары оқу орындарында болашақ ағылшын тіл мұғалімдерінің 
коммуникативтік мәдениетін дамыту бағытында оқытуда білімгерлерді кәсіби 
даярлығын қалыптастыру мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер 
қойылады: қарым-қатынас жасауды меңгерту, сөйлеу және тіл мәдениетіне тән 
қасиеттерді қалыптастыру, сыни ойлау, ізденушілік-шығармашылық дағдысын, 
білімін заман талабына сай өзгерту, ой-пікірін еркін айтып, әртүрлі 
жағдайларда орынды қарым-қатынас жасап, қиыншылықтарды жеңе білу. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдеріне қарым-қатынас (коммуникация) 
жасауды меңгертуге қажетті шарттар: а) қарым-қатынастың мотивациялық 
негізін қалау; ә) аудиториядағы қатысымдық жағдайын ұйымдастыру; 
б)білімгерге ағылшын тілінде ойлауына жағдай туғызу болып табылады. 
Қарым-қатынастың мотивациялық негізі Е.А.Маслыконың айтуынша, 
сөйлеуге қажеттіліктің пайда болуы, сөйлесу ниеті және ойы, мақсаты болады. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдері мынадай жағдайларда сөйлеседі: бірге 
қосылып іс-әрекетті орындау барысында (ролдік ойындар, талқылау, т.б.), 
сұхбаттасушыға қалай-да ықпал ету, қарым-қатынас барысында эмоционалды 
қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында аудиториядағы білімгерлердің 
оқытушымен қарым-қатынасы кәсіби мақсаттары мен міндеттерін жүзеге 
асыратын қатынастық үдеріс. Сұхбаттасушыға ықпал ету білімгерлердің өздері 
құрастырған диалогтар немесе берілген тақырыпқа талқылау жүргізу, т.б. 
жұмыс түрлері арқылы жүзеге асады. Алайда, Е.А.Маслыконың пікірінше, 
ондай диалогтарда сұхбаттасушыға шынайы сөйлеу, ортақ қызығушылық, 
жағдайға қарай шешім қабылдау жетіспей жатады [130]. 
Сондықтан, қарым-қатынастың мотивациялық негізі – кәсіптік 
материалдарға, шынайы, әлеуметтік жағдайларға негізделген оқу материалы 
деп ойлаймыз. Жоғарыдағы ғалымдардың пікіріне қосыла отырып, болашақ 
ағылшын тілі мұғалімдерінің қарым-қатынас мәдениетін дамытуда қажетті 
шарттарды мұқият ұйымдастыру арқылы, олардың коммуникативтік мәдениеті 
және оқу сабағының тиімділігі артады деп есептейміз. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамытуда кәсіби даярлығын қалыптастырудағы міндеттердің бірі оның сыни, 
шығармашылық тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Американдық профессор Д.Клустер сыни ойлаудың бес түрлі сипатын 
ұсынған: біріншіден, сыни ойлау дербес, тәуелсіз пікір, баға, сенім, жеке ойлау 
болып табылады. Мысалы, белгілі бір кітап немесе құбылыс туралы мәтіннен 
ақпарат алу мен ол еңбектің өзін түпнұсқада оқу екі түрлі нәрсе, өйткені 
еңбекті түпнұсқада оқыған соң, білімгердің өзінің жеке, дербес пікірі 
қалыптасуы мүмкін дейді.
Екіншіден, сыни ойлау шешілетін мәселені қоюдан басталады. Болашақ
ағылшын тілі мұғалімдері әрекеттің субъектісі ретінде мәселе төңірегінде пайда


55 
болған қызығушылық пен қажеттіліктерін көре білуі керек.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет 
ететін мәселені анықтаудан басталады. Бұл жерде таным үдерісі өзінің кез-
келген кезеңінде мәселелерді шешу, өзінің жеке қызығушылығы мен 
қажеттіліктерінен пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген талпынысымен 
сипатталады. 
Төртіншіден, сыни ойлау басқаларды сендіретін аргументтен тұрады. 
Ақиқаттың негізі пайымдаумен, бірнеше дәлелдемелермен, немесе нақты 
дәлелдермен, соңында негіздемемен бекітіледі. 
Бесіншіден, сыни ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Өйткені, сыни 
ойлау жұппен, топпен жұмыс арқылы орындалады, және оған, талқылау, түрлі 
жазбаша және ауызша жұмыстар барысында мәселенің шешімін табу 
ұсынылады. Д.Клустер пікір алмасуға қажетті бірнеше қасиеттерді атайды: 
шыдамдылық, басқаны тыңдай білу дағдысы, өз пікіріне жауапкершілік. 
Оқытушы осы қасиеттер арқылы оқу үдерісін шынайлыққа бағыттайды, өз 
кәсібіне тиісті теориялық білім беріп, білімгерлермен қарым-қатынас 
барысында өз коммуникативтік мәдениетін дамытады. Нәтижесінде, болашақ 
ағылшын тілі мұғалімдерінің креативтілігі қалыптасады.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің жоғары оқу орнында алған жалпы 
педагогикалық және әдістемелік білімі, коммуникативтік мәдениетті кәсіби 
меңгеру дағдысы, педагогикалық қызметінің теориялық және практикалық 
негізін құрайды. Ағылшын тілін оқытуда мақсатқа қол жеткізу, көп 
жағдайларда болашақ мұғалімдердің коммуникативтік мәдениетінің кәсіби 
даярлығына байланысты болып келеді. Бұл даярлықтың мұғалімнің кәсіби 
талаптары мен педагогикалық қызметінің шарттарына бағытталатыны сөзсіз. 
Білімгерлердің гуманитарлық аспектідегі даярлығын зерттеген ғалымдар, 
Жоғары оқу орындарында болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің 
коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру және оны дамытуға даярлығы 
олардың жеке тұлғасын жан–жақты дамытуға бағыттайтындығын дәлелдейді. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығы біріншіден, оның 
психологиялық, психо-физиологиялық және физикалық дайындығынан, ал 
екіншіден, ғылыми-теориялық, практикалық құзыреттілігімен қарастырылады. 
Бұл жағдайда, мұғалімнің кәсіби – әдістемелік құзыретілік деңгейі жоғары 
мектеп жүйесінің кәсіби біліктілік санатына сәйкес келуі керек. Кәсіби 
дайындықтың мазмұны педагогикалық білімнің негізгі мақсаты ретінде 
мұғалімнің кәсіби қызметі мен жеке тұлғасының дамуынан тұратын кәсіби 
мамандығында көрініс табады. 
Жалпы айтқанда, мұғалім кәсібіне қойылатын талаптар – кәсіби-
педагогикалық даярлығы және қызметінің көрінісі арқылы анықталады. Оларға 
ұйымдастырушылық, оқыту, білім беру, тәрбиелеу, бағалау және мотивациялық 
ынтыландыру сияқты дағдылар жатады. Педагогикалық қызметті нәтижелі 
және табысты жүзеге асыру үшін бұл дағдылардан бөлек, педагогикалық 
қабілеттер де маңызды рөл атқарады, яғни дидактикалық, академиялық, 
перцептивті, сөйлеу, ұйымдастырушылық, авторитарлық және


56 
коммуникативтік. 
Жоғары білім беру реформасының жетекші ұстанымдарының бірі және 
қазіргі таңдағы жаңа білім беру стандартын дамытуда қолданылатын 
құзыреттіліктердің іске асуы, оқытуда нақты білім беру технологияларын 
пайдалануды, білім беру саласындағы өз жетістіктерін бағалауды, кәсіби 
білімімен дағдыларын өз қызметінде пайдалануды қамтиды. Бұл тәсіл, сондай-
ақ, білімгерлердің педагогикалық қабілеттеріне, кәсіби мәдениеті мен 
педагогикалық идеяларының дамуына ықпал етеді. 
Қазіргі кезеңдегі педагогикалық білім беру жүйесі болашақ ағылшын тілі 
мұғалімдерінен келесі ережелердің талаптарына жауап беруді талап етеді: 
1. Студент тұлғасын қалыптастыруға бағыттылығы; 
2. Студенттің 
әлеуметтенуіне ықпалын тигізуге дайын маманды 
қалыптастыру; 
3. Тек ғылымға және пәнге байланысты емес, сонымен қатар тұлғаға 
бағдарланған қызмет құраушыларының да интеграциясы; 
4. Тәрбие және білім беру үдерісінде білімгердің өзін-өзі дамыту мен 
даралық қабілеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету; 
Педагогикалық білім беруге мұндай көзқарас тұлға дамуына бағытталған, 
білімгердің өзін-өзі дамыта алатын, өзін-өзі тәрбиелейтін, педагогикалық 
технологияларды қолданатын ағылшын тілін маманын қалыптастыруды 
қамтамасыз етеді. Осы тұрғыда, О.Н. Игнаның «болашақ мұғалімнің кәсіби 
құзыреттіліктерін қалыптастыруы тек пәннің мазмұны ғана емес, сондай-ақ 
оның кәсіби қызметінде әдістемелік қабілеттерін дамытуға, шығармашылық 
белсенділігін арттыруға да бағыттылған болуы керек» деген тұжырымын 
негізге алуға болады. 
Демек, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығы оның кәсіби 
мәдениетімен тығыз байланысты. Сондықтын, келесі кезекте біз кәсіби 
мәдениет ұғымын талдауды қажет деп санаймыз. 
Кәсіби мәдениеттің негізі - еңбек этикасы. Бұл адамдардың жұмысқа деген 
күнделікті көзқарасынан көрінеді. Этика - кәсіби мәдениетке тікелей қатысты 
тұжырымдама. Өйткені, этика - бұл мораль мен адамгершілік туралы ғылым. 
Яғни, этика моральдық-адамгершілік нормалар жүйесін білдіреді, кәсіби этикет 
ұғымымен байланысты. 
Кәсіби этикет тек ағылшын тілі мұғалімдерінің ғана емес, кез-келген 
кәсіби қызметтің міндетті атрибуты. Этикет - бұл топта, қарым-қатынасқа 
қатысушылардың мінез-құлық стилін басқаратын ережелер, олар кәсіби 
функциялардың орындалуын айтарлықтай жеңілдетеді. Этикет - маманның 
өзінің кәсіби міндеттеріне деген көзқарасын анықтайтын моральдық 
нормалардың жиынтығы, сондай-ақ кәсіби этиканың құрамдас бөліктері 
мыналарды қамтиды: сөйлеу мәдениеті сәйкес болуын, арнайы терминдерді 
қолдануын және тиісті пайдалануын қызметіне сәйкес киім үлгісі, жұмыс 
орнында тәртіпті сақтау, мекеменің (фирмалардың, компаниялардың, 
ұйымдардың және т.б.) беделін сақтайтын мінез-құлық ережелерін сақтау, 
адамдармен орынды қарым-қатынас жасау әдістерін игеру қызметкерлердің


57 
кәсіптік мәдениетін қалыптастыратын бір бөлігі ғана болып табылады.
Мысалы: мұғалім педагогикалық қызметте шын мәнінде, білім, дағдылар 
мен қабілеттердің көзі болып табылады, сондай-ақ студенттердің моральдық 
этикалық көзқарастарын және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, білім 
алуға ұмтылуға ынталандыратын адам.Тіпті мұғалім, кез-келген студенттің 
өміріндегі әлеуметтік мәдениеттің алғашқы стандарты деп айтуға болады. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдері қаншалықты білікті маман болса да, 
этикалық, идеологиялық және адамгершілік мәдениеті тұрғысынан үнемі өз 
білімін жетілдіріп отыруы керек. Тек тыңдай білу ғана емес, сонымен қатар 
коммуникативті, сұрақтарды дұрыс қою және байланыс жасау мүмкіндігі, 
студенттерді түсіну, олармен сөйлесуге дайындығы, сөйлеуі және сыртқы 
келбет мәдениеті де жеткілікті болуы қажет. 
Жоғарыда берілген сипаттамалардан басқа, болашақ ағылшын тілі 
мұғалімдерінің педагогикалық қызметтегі жетекші қабілеттерінің басты 
ерекшеліктерін атасақ, олар: мұғалім болуды таңдаған адам басқаларды жақсы 
көруі және олармен қарым-қатынас жасай алуы керек; эмпатиясы (басқа 
адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті) және педагогикалық түйіні; 
логикалық дәлелдер арқылы сендіруі және еркін шешімдер қабылдауы, 
эмоционалды түрде тұрақты болуы, талпынысы, шығармашылық көзқарасы 
болуы –мұғалім этикасының жоғары көрінісі [131]. 
Қазіргі таңда болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің білім беру қызметіне 
даярлығын жетілдіруде, олардың осы саладағы коммуникация үдерісіне 
қатысушылармен коммуникативтік мәдени тұрғыда қарым-қатынас жасау 
біліктіліктерін қалыптастыру маңызды рөл атқарады. 
Мысалы, болашақ ағылшын тілі мұғалімдері: -ағылшын тілінің жасалу 
жүйесін ғана емес, сонымен қатар тілді үйреніп жатқан мемлекеттің 
мәдениетінен, оның ішінде маңызды тарихи фактілерін, ағымдағы даму 
мәселелерін, коммуникативтік мәдениетіндегі ерекшеліктерінен хабардар 
болуы; - заманауи лингвистикалық және білім беру үдерісіндегі әлемдік 
бағыттарға бағдарлануға; - ағылшын тілін үйретуде білім беру 
құраушыларының мазмұнын, заңдылықтарын меңгеруге; - білім беру үдерісінде 
заманауи коммуникативтік технологияларды пайдалануға даярлығы болуы тиіс. 
Осылайша, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік
мәдениеті кәсіби даярлаудың мақсаты, олардың кәсіби құзыреттіліктерін 
қалыптастыру, ағылшын тілі сабағы дәрістерінде, оны оқыту әдістемесінде, 
семинарларда, курстық жұмыстарда педагогикалық тәжірибе барысында дамып 
отырады және білімгерлердің жоғары деңгейде коммуникативтік мәдениеті 
болуына жетелейді. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммункиативтік мәдениетін 
дамытудағы – шет тілді мәдениет мен сөйлеу мәдениеті түсініктерінің 
ерекшеліктерін қарастырайық.
Бұл болашақ ағылшын тілі мұғалімінің жалпы мәдениетінің бөлігі ретінде 
«шет тілді мәдениет» ұғымына сүйенуге мүмкіндік береді. «Шет тілді
мәдениет» ұғымының белгілі бір шекаралары мен ережелері жоқ және қазіргі


58 
заманғы әдістемеде түрліше түсіндіріледі. Ғалымдардың көпшілігі шет тілді 
мәдениетті 
қоғамдық-экономикалық 
формациялардың 
қалыптасуының 
материалдық-рухани деңгейінің ерекшелігі ғана емес, индивид қызметінің 
ерекше саласы ретінде де түсінеді. 
Ағылшын тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселесінде «шет тілді 
мәдениет» ұғымының алға қойған проблеманы шешуде маңызы зор. Осыған 
байланысты «ағылшын тілді мәдениет» терминінің қызмет ету шекарасын 
қарастырған жөн, өйткені бұл ұғымның мазмұнын ашу қазіргі заманғы оқыту 
практикасы үшін қажет.
Шеттілді мәдениеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары әрбір 
ағылшын тілді елдердің жеке-жеке ұлттық ерекшеліктерін көтеретін 
деңгейлерде анықталады. Мысалы, шеттілді мәдениеттердің сипаттамасы, 
С.Г.Тер-Минасованың пікірі бойынша [132]:
– мәдениеттің тұрақты элементтерінде (дәстүрлер, әдет – ғұрыптар); 
- әдеттегі және күнделікті өмірде (дәстүрлі-тұрмыстық мәдениет);
- мінез-құлықтық стереотиптерде (мінез – құлқындағы әдеттер, мимика, 
кинестетика);
- қоршаған шындық әлемін қабылдау ерекшелігінде, ойлау және 
психологиялық процестердің ерекшелігінде (әлемнің ұлттық бейнесі);
- көркем мәдениетте мәдени дәстүрлердің айнасы ретінде көрініс табады.
Ағылшын тіліндегі тіл мәдениетін зерттеу барысында «сөйлеу мәдениеті», 
«тілдік мәдениет» терминдерін түсінуде айқындық енгізу қажет, өйткені олар 
қазіргі зерттеулерде жиі кездеседі, сонымен қатар ғылыми, оқу және 
педагогикалық әдебиетте кеңінен қолданылады, кейде синонимдер ретінде 
пайдаланылады. 
«Сөйлеу мәдениеті» ұғымының мәні ең басынан бастап қоғамның 
лингвистикалық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Тіл мәдениеті адамның 
жалпы мәдениетін дамытудың негізі ретінде қарастырылды [133]. Келесі 
онжылдықтар бойы тіл білімінің жаңа саласы ретінде сөйлеу мәдениеті туралы 
ілімнің қалыптасуы мен дамуы іске асырылды.
Қазіргі мектепте мұғалімдердің тілдік (сөйлеу) мәдениетінің үш түрі бар: 
Элитарлық сөйлеу мәдениетінің тасымадаушылары. Бұл типтегі 
мұғалімдер әдеби тілдің барлық функционалдық-стильдік жүйесін меңгерген 
және әрбір стиль жағдайға сәйкес қолданылады. Олардың сөздерінде сөз 
сөйлеуде, екпіндеуде, грамматикалық формалар жасауда, сөз қолдануда әдеби 
тіл нормаларының бұзылуы жоқ. Олар сөйлеу этикетінің барлық нормаларын 
сақтайды. 
«Орта білімді мәдениет» өкілдері. Тілдік мәдениет тасымалдау -шылардың 
сөйлеу 
тәртібі 
сөйлеу 
кедейлігімен, 
дауыстағы 
монотондылықпен, 
синонимдерге, салыстыруға, эпитеттерге ұқыптылықпен сипатталады; сөйлеуде 
айтылу, екпін, сөз қолдану тілдік нормаларының бұзылуы кездеседі. 
Әдеби сөйлеу нормаларынан алыс «үшінші түрдегі» өкілдерінің сөзі. 
Тілдік мінез-құлықтың әдеби-ауызекі түрі бар мұғалімдер сөйлеу мәдениетіне,
кейбір сленгтік айналымдарға және сөйлемдерге еліктеуге тырысады.


59 
Н.Головин сөйлеу мәдениетін бағалауға мүмкіндік беретін тәсілді ұсынды, 
оның тілдік жүйемен (сөйлеу–тіл) сәйкес, объективті шындық құбылыстарымен 
(сөйлеу–шындық), сондай-ақ, сөйлеу құрылымының адресаттың санасына 
(сөйлеу-ойлау, сана) әсері тұрғысынан, бұл білім алушылардың сөйлеу 
мәдениетін қалыптастыру үшін аса маңызды болды. Барлық жағдайларда 
ұғымның мәні субъективті ретінде берілген, өйткені ол тілдік тұлғаның тілдік 
мәдениетінің жағдайын – оның қабілеті мен жеке қасиеттерін көрсетеді [134].
Сөйлеу тілінің коммуникативтік қасиеттерін меңгеру – күрделі және ұзақ 
процесс. Бұл міндет дәстүрлі түрде білім беру практикасымен шешіледі, оның 
нәтижесі 
ретінде 
бүгінгі 
күні 
мәдениетаралық 
коммуникацияда, 
мәдениетаралық құзыреттілік аясында зерттеледі. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамыту олардың іргелі кәсіби-коммуникативтік білімді меңгеруін және оларды 
білім беру жүйесіндегі өзгерістерге және қоғамның қазіргі заманғы 
талаптарына сәйкес тікелей болашақ қызметінде тиімді пайдалана білуін; 
жауапкершілік, тілектестік, ізгілік, әдептілік, эмоциялық-тұрақтылық, 
коммуникабельділік, ұтқырлық, бәсекеге қабілеттілік және т. б. сияқты өз 
жұмысын табысты орындау үшін қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру мен 
дамытуды қамтиды; сыни ойлауды, шығармашылық қабілеттілікті, жылдам 
өзгермелі жағдайларға бейімделе білуді дамыту, қалыпты емес жағдайларды 
шешу жолдарын тиімді табу; оқу үдерісінде жаңа инновациялық 
технологияларды, оқыту нысандары мен әдістерін пайдалануға дайын болу, 
ұдайы өзін-өзі жетілдіруге және т. б. дайын болу.
Тіларалық 
және 
мәдениетаралық 
қарым-қатынас 
мәселелерімен 
айналысатын, әртүрлі тілдік қауымдастықтарға және түрлі ұлттық мәдениетке 
жататын адамдардың өзара іс-қимыл үдерістері мен заңдылықтарын зерттейтін 
маңызды ғылыми бағыт мәдениетаралық коммуникация теориясы болып 
табылады.
Коммуникативтік мәдениет теориясының маңызды құраушысы болып
табылатын мәдениет пен коммуникация салаларының қиылысынан бастау 
алатын мәдениетаралық коммуникация ұғымы кәсіби даярлық бағытына 
байланысты болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін дамытуда маңызды болып табылады.
«Мәдениетаралық қарым-қатынас» ұғымы алғаш рет 1954 ж. Г.Трейгер 
мен Э.Холлдың «Мәдениет және қарым-қатынас. Талдау моделі» атты 
еңбегінде зерделенген. Бұл зерттеу жұмысында мәдениетаралық қарымқатынас 
адам өз қалауынша қоршаған ортаға мүмкіндігінше жақсы нәтижелі қалыптасу 
жайлы тамаша мақсатқа негізделген. Мәдениетаралық қарымқатынас термині 
коммуникативтік біліктіліктің әртүрлі жағдайында коммуникативтік оқиғаның 
соңында бейнелеуін білдіретін жағдайға жатады. Э. Холлдың мәдениет пен 
қарым-қатынастың өзара әсері, коммуникативтік мінез-құлықтың мәдени 
шарттылығы туралы тұжырымдамасы дүние жүзіне әйгілі болды. Э.Холл 
зерттеулерінің 
нәтижесінде 
мәдениетаралық 
коммуникация 
ғылыми 
ізденістердің пәніне ғана емес, сонымен қатар шет тілдерін меңгерудің 


60 
маңызды негізі бар көптеген жоғары оқу орындарында өзіндік оқу пәніне 
айналды. 
Э. Холлдың пікірінше, шетел тілдерін оқытудың негізгі міндеті - тілді 
шынайы және толыққанды қарым-қатынас құралы ретінде оқыту. Бұл 
қолданбалы, практикалық міндеттерді шешу тек іргелі теориялық базада ғана 
мүмкін болады. Мұндай базаны құру үшін: 1) филология бойынша теориялық 
еңбектердің нәтижелерін шет тілдерін оқыту практикасына қоса беру; 2) шет 
тілі мұғалімдерінің үлкен практикалық тәжірибесін теориялық тұрғыдан түсіну 
және жалпылау қажет. 
Мәдениетаралық коммуникация аясында бір-бірін жиі қайталайтын 
көптеген терминдер қолданылады: «мәдениетаралық коммуникация», 
«кроссмәдениетті 
коммуникация» 
(cross-cultural 
communication), 
«интермәдениетті 
коммуникация» 
(intercultural 
communication), 
«трансмәдениетті 
коммуникация» 
(transcultural 
communication), 
«контрмәдениетті коммуникация» (contracultural communication) және т. б. 
Білім саласында, тиімді мәдениетаралық коммуникация дағдыларын 
қарастыратын көптеген түсініктер бар: мәдениетаралық білім (multicultural 
education, intercultural learning, cross-cultural training), қос тілді білім (bilingual 
education), мәдениетаралық сана (cross-cultural awareness, cross-cultural 
perspective) және т.б.
А.П.Садохиннің анықтамасы бойынша: «мәдениетаралық коммуникация 
әртүрлі мәдениетке жататын индивидтар мен топтар арасындағы қарым-
қатынас пен қарым-қатынастың әртүрлі нысандарының жиынтығы болып 
табылады. Мәдениетаралық коммуникация - бұл әр түрлі мәдениетті білдіретін 
адамдардың қарым-қатынасы. Әр түрлі ұлттық мәдениетке жататын 
коммуникативтік актінің екі қатысушысының өзара түсіністігі деп аталады» 
[135].
И.И.Халеева мәдениетаралық коммуникацияны әртүрлі мәдениет пен 
тілдердің тасымалдаушылары болып табылатын коммуниканттар арасындағы 
қарым-қатынас (вербалды және вербалды емес) үдерісі ретінде қарастырады. 
Мәдениеттану және мәдениетаралық коммуникация әлемде түрлі мәдениеттің 
бар екенін, мәдениет адамдардың мінез-құлқын, соның ішінде сөйлеу 
мәдениетін негіздейтіндігін, сондай-ақ мәдениет коммуникацияда шешуші 
фактор болып табылатынын негізге алады.
Мәдениетаралық коммуникация теориясы аясында жүргізілген зерттеулер 
әрбір мәдениеттің өзіндік дара жолмен қалыптасқанын көрсетті. Ал 
коммуникативтік сәтсіздіктің себебі-мәдениетаралық өзара іс-қимылға 
қатысушылар оларға жат тілдік кодтармен, мінез-құлық нормалары мен 
формаларымен бетпе-бет келіп, олардың ана мәдениетінде қабылданған тілдік 
және мінез-құлық жүйелерін пайдаланады.
Қазіргі қоғамда шет тілін практикалық меңгеру тілдік ғана емес, сонымен 
қатар кез келген білім берудің негізгі мақсаты болып табылады, өйткені бір 
немесе бірнеше шетел тілдерін іс жүзінде меңгерген білімнің түрлі 
саласындағы мамандарға деген қажеттілік өсуде. Сондықтан шет тілін 


61 
оқытудың негізгі мақсаты тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, ол 
өмірдің түрлі деңгейлерінде және түрлі салаларында өзге мәдениеттердің 
өкілдерімен нақты, нәтижелі қарым-қатынасқа дайын болуы тиіс. Тілді меңгере 
отырып, білім алушы құндылықтар мен өмірлік бағдарлардың өзге де жүйесіне 
еніп, оны әлемнің өзіндік бейнесіне біріктіруі тиіс [136]. 
Мәдениеттердің өзара іс-қимыл мәселелерінің көптеген зерттеулері 
әртүрлі мәдениетаралық байланыстардың мазмұны мен нәтижелері көп 
жағдайда олардың қатысушыларының бір-бірін түсіну және өзара іс-қимыл 
жасайтын тараптардың әрқайсысының этникалық мәдениетімен, белгілі бір 
мәдениетте құндылықтарға ие халықтар психологиясымен айқындалатын 
келісімге қол жеткізу қабілетіне байланысты екенін куәландырады.
Мәдениетаралық коммуникацияның маңыздылығы қазіргі әлемдегі 
жаһандану үдерістерінен және қоғам өміріндегі өзгерістерден туындайды. 
Ғылым, экономика және білім беру саласында қазіргі әлемде болып жатқан 
жаһандық үдерістер, атап айтқанда: Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы; 
мәдениеттердің өзара іс-қимылына әсер ететін халықаралық байланыстарды 
дамыту; мәдени шекараларды кеңейту; кәсіби және академиялық ұтқырлық-
бәсекеге қабілетті мамандардың алдына мәдениетаралық байланыстарды 
кеңейту қажеттілігін бірінші орынға қойды. Жоғарыда айтылғандарды негізге 
ала отырып, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммункиативтік 
мәдениетін 
дамытуды 
тұтастай 
алғанда 
кәсіби 
мәдениетаралық 
коммуникациямен кіріктіріле қарастырылатыны белгілі. 
Қазіргі заманғы қоғамның өмірін сипаттайтын мәдениетаралық 
коммуникация құбылысының өзі бизнес, өндіріс және білім беру саласында 
пайда болды. Сондықтан да мәдениеттану және лингво-мәдениеттану бағыты 
бірінші кезекте түрлі әріптестер арасындағы мәдениетаралық қарым-қатынас 
пен өзара түсіністікті қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
Бүгінгі күні мәденетаралық коммуникацияның ғылымда қалыптасқан 
бірқатар анықтамаларына ортақ келесідей белгілерді нақтылауға болады:
1) коммуниканттардың әр түрлі мәдениеттердің өкілдері болатындығы;
2) тілдік айырмашылық. 
Әрбір этникалық мәдениетті қалыптастыру үдерісінде қалыптасатын 
мәдениеттер арасындағы айырмашылықтар мәдениетаралық коммуникация 
үшін негіз болып табылады.
Қазақстандық 
тіл 
білімінде 
соңғы 
уақытта 
мәдениетаралық 
коммуникация мәселесіне байланысты зерттеулер саны артты.
Қазақстандық ғалым З.К.Темірғазина «қазіргі уақытта белсенді қызмет 
ететін мәдениетаралық коммуникация теориясы шетелдік мәдени, бейтаныс 
ортаға түскен адамдар арасындағы қарым-қатынас үдерістерін, осындай 
шетелдік мәдени коммуникацияның тиімділік 
шарттарын зерттеуге 
бағытталған», - деп есептейді. Осы тұжырымның негізінде ғалым 
мәдениетаралық коммуникация терминімен «әр түрлі аумақтық-әлеуметтік 
кеңістікке кіретін әр түрлі этномәдени топтар өкілдерінің қарым-қатынасын»
анықтайды [137]. 


62 
Біздің пікірімізше, табысты мәдениетаралық коммуникация келесі 
қасиеттерге ие болуы тиіс : 
- өзгенің мәдениетін тануға және психологиялық, әлеуметтік және мәдени 
айырмашылықтарды қабылдауға ашықтық; 
– басқа мәдениет өкілдерінің психологиялық ерекшеліктеріне назар 
аудару; 
- бөгде мәдениет өкілдерінің коммуникативтік мінез-құлқында ұжымдық 
және жеке қасиеттерін ажырата білу; 
- коммуникативтік кедергілерді жеңу қабілеті; 
- ана тілі мәдениетінде қолданылатын коммуникацияның тиісті 
модельдері мен стильдерін пайдалана отырып, коммуникация үдерісіне 
шығармашылық және саналы қарым-қатынас жасау; 
- қарым-қатынас жағдайына байланысты коммуникативтік құралдар 
жиынтығын меңгеру және оларды дұрыс таңдау; 
- қарым-қатынастың теңдестірілуі мен симметриялығына ұмтылу; 
– өзінің және бөгде мәдениеттің этикалық нормаларын міндетті түрде 
сақтау. 
Осы талаптарды орындау мәдениетаралық қарым-қатынас барысын 
болжауға, тиісті қорытындылар жасауға және мәдениетаралық қарым-қатынас 
барысында қателер мен қақтығыстардың туындауының алдын алуға
мүмкіндік береді. 
Мәдениетаралық коммуникацияны түсінудің үш негізгі тәсілі бар: 
функционалдық, интерпретативті және сыни. Функционалистік тәсіл 
коммуниканттардың мінез-құлқын сипаттау мен болжаудың психологиялық 
зерттеулеріне негізделеді. Бұл тәсілді жақтаушылар адамның мінез-құлқы 
болжанады, ал коммуникация мәдениеттің ықпалымен жүзеге асырылады деп 
санайды. Осы тәсілді зерттеу нәтижелері коммуникацияның көптеген 
аспектілеріндегі көптеген мәдени айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік 
береді, бірақ бұл тәсіл коммуникация контекстінің рөлін ескермейді. 
Интерпретативтік 
тәсіл 
антропологиялық 
және 
әлеуметтік-
лингвистикалық зерттеулерге негізделеді және мәдениеттің адам қызметі 
арқылы құрылып, қолдау көрсетілетініне, сондықтан коммуникацияны оның 
контекстін ескере отырып, зерделеу керектігіне негізделеді. Сыни тәсіл 
мәдениетті мәдениеттің өзіне де, коммуникацияға да әсер ететін түрлі 
салалардың жиынтығы ретінде қабылдайды.
Соңғы уақытта мәдениетаралық коммуникация саласында зерттеулердің 
жаңа бағыттары зерттелуде: мәдениетті жаһандандыру контекстіндегі 
коммуникация, 
бұқаралық 
мәдениетаралық 
коммуникация, 
сондай-ақ 
мәдениетаралық коммуникацияның жанама және тікелей нысандары 
(электрондық құралдар мен Интернеттің көмегімен коммуникация). 
Мамандардың көпшілігі мәдениетаралық коммуникация туралы тек қана 
адамдар әртүрлі мәдениеттерді ұсынып, олардың мәдениетіне жатпайтын 
барлығын бөтен адам ретінде сезінсе ғана айтуға болады деп санайды. 
Қазіргі қоғамда, қоғамдық қатынастарда, коммуникация құралдарында


63 
(жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану) болып жатқан өзгерістер 
болашақ мұғалімнің мәдениетаралық құзыреттілігін дайындау үдерісіне, оның 
кәсіби даярлығын жетілдіруге ерекше назар аударуды талап етеді. Сондықтан 
ағылшын тілін үйрену мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыру құралы 
ретінде басым мәнге ие болды. 
Мәдениетаралық құзыреттілік феноменін өзара іс - қимыл үдерісінің 
призмасы арқылы зерттейтін зерттеушілердің тұжырымдауынша: 1) құзіретті 
мәдениетаралық коммуникацияның контекстуалды сипаты бар; 2) құзіретті 
коммуниканттың мінез-құлқы ықпалды болып табылады және серіктестердің 
болжамын сәйкес келеді; 3) мәдениетаралық коммуникацияны іске асыру үшін 
белгілі бір білім, тиісті уәждеме мен іскерліктер қажет. Құзыретті 
коммуникатор қарым-қатынасында мынадай белгілерді байқауға болады:
1) мінез-құлықты таңдау өзара іс-қимыл контекстіне байланысты;
2) мінез-құлық жағдайға барабар және тиімді болып табылады;
3) мәдени нормалар мен ережелерді, дәстүрлерді білуге сүйену, сонымен 
қатар басқа да мәдениеттерді ғана емес, сонымен қатар өзінің жеке мәдениетін 
білу; 
4) 
жағымды 
эмоциялар, 
мәдени 
ерекшеліктерге 
сезімталдық, 
мәдениетаралық өзара іс-қимылға ниет пен дайындықтың болуы;
Шетел, Ресей ғалымдарымен қоса отандық ғалымдар «мәдениетаралық 
қарым-қатынас» ұғымын зерттеумен жүйелі айналысып келеді және әр ғалым 
бұл ұғымға әр қырынан өзінің анықтамаларын ұсынуда.
С.С.Құнанбаеваның 
тұжырымдауында, 
«Мәдениетаралық 
коммуникацияның соңғы нәтижесі – мәдениетаралық қарым-қатынас 
субъектісін қалыптастыру». Ғалым «Қазіргі шеттілдік білім берудің әдіснамасы 
мен теориясы» атты еңбегінде шеттілдік білім берудің түпкі мақсаты басқа 
халықтың танымының бейнесі ретінде «екінші когнитивті сана-сезімі» 
қалыптасқан «мәдениетаралық коммуникация субъектісін» қалыптастыру 
қажет екендігін алға тартады [138].
Бұл ретте, В.Н. Персикованың [139] еңбегінде: «Қазіргі заман әлемінде, әр 
түрлі дәрежеде мәдениетаралық қарым-қатынас арқылы өмір сүруге болмайтын 
кезде, тұлғааралық қарым-қатынастан ұлтаралық қарымқатынасқа дейін, 
мәдениетаралық 
қарым-қатынасқа 
түскен 
және 
оның 
тиімділігіне 
қызығушылық танытқан кез-келген адамға мәдениеттің ерекше және өзіне тән 
белгілерін көрсететін әлемнің мәдени көптүрлілігі туралы түсінік көмегін бере 
алады» деп мазмұндалады. Бұл жағдайда, автор мәдениеттің көптүрлілігімен 
қатар, қазіргі қоғамның мәдени саласында бағытталуды, психикалық іс-
әрекеттің вербальды және бейвербальды көрініс табуы арқылы ағымдық және 
мәселелік міндеттерді шешу үшін мәдениеттер диалогына қатысуды 
қарастырады. Қорыта келе, жоғарыда айтылғандардың аясында келесідей 
қорытынды жасауға болады, мәдениетаралық коммуникация - түрлі мәдениет 
өкілдерінің жеке тұлғааралық және топтық өзара қарым-қатынастарының түрлі 
формаларының 
жиыны 
[140]. 
Мәдениетаралық 
коммуникация 
тек 
коммуникативтік міндеттің ғана емес, сонымен қатар мәдениетаралық


64 
құзыреттілікті қалыптастырудың бірден бір оң шешімі бола алады.
Мәдениетаралық коммуникация мәдениетаралық құзыреттілікпен жиі 
байланыстырылады. Мәдениетаралық құзыреттілік ұғымы бірқатар шетел, 
Ресей және қазақстандық ғалым зерттеушілердің зерттеу нысанына айналған.
М. Байрам өзінің «Assessing intercultural competence in language teaching» 
атты зерттеу еңбегінде «мәдениетаралық құзыреттілік басқа мәдени топтар 
өкілдерімен қарым-қатынас жасау, айырмашылықтарды бағалауға мұқият қарау 
қабілетін, яғни оқып отырған тілмен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар 
қарым-қатынас жасай білу және түсіндіре білу қабілеті» деп көрсетеді [141].
Ал, Г.В.Елизарова «Формирование межкультурной компетенции студентов 
в процессе обучения иноязычному общению» атты диссертациялық жұмысында 
мәдениетаралық құзыреттілік туралы: «Мәдениетаралық құзыреттілік – білім, 
іскерлік пен мәдениетаралық қарым-қатынас жасай отырып, соңында екі жаққа 
да оң нәтиже бере алу қабілеттеріне негізделген ерекше табиғат құзыреттілігі» 
деп анықтады.
Ғалым 
А.Ю.Муратов 
анықтаған 
мәдениетарлық 
құзыреттіліктің 
құрылымында оның құраушылары қатарында мәдениет туралы білім, осы 
білімді қолдана алатын іскерліктер, мәдениетаралық әрекет пен қарым-қатынас 
тәжірибесі, сонымен қатар мәдениетаралық коммуникативтік қарым-қатынасқа 
қатысушылардың тұлғалық сапаларды қарастырады [142].
Л.К. Қapaбaeвaның зерттеу жұмысында тiлдiк бiлiмдi бaғaлaу тiлдi бiлугe 
тaлaп қoйғaн кeздe қoлдaнылaтын құpaл peтiндe aнықтaлып, тiлдi үйpeну 
бoйыншa әpeкeтiн дaмытуғa жәнe ынтaлaндыpуғa бaғыттaлғaн тeтiктiң 
мaңызды қызмeтiн opындaйтындығын aйтa кeлe, шeт тiлдepдi мeңгepу дeңгeйi 
мeн oны бaғaлaудың жoлдapын ұсынған [143].
С.Тинг-уми трансмәдени коммуникативтік құзыреттілік терминін ұсынды. 
Оның пікірінше, трансмәдени құзыреттілік мәдениетаралық саладағы білімді 
тиімді және сәйкес жағдайға беймідеуді қарастырады. Ол трансмәдени 
коммуникативтік құзыреттіліктің 3 құраушысын анықтады:
1) Білім құраушысы. Ол серіктес пен жалпы мәдениетаралық өзара іс-
қимыл үдерісін толық түсінуге, айырмашылықтарды сезінуге және т.б. қол 
жеткізу. Сонымен қатар, мәдениеттің лингвистикалық ерекшеліктерін білу 
қажеттілігін ерекше атап көрсетеді.
2) Мәдениетаралық айырмашылықтардың рефлексиясын, креативті 
ойлаудың тұлғасын, бөгде мәдениет өкілдерімен өзара іс - қимыл жасауға 
дайындығын болжайтын олардың нанымдарын, білімдерінің, эмоциялары мен 
нанымдарын ұғыну.
3) Іскерлік құраушысы адамның тиімді, жағдайға барабар өзара іс-қимыл 
жасау қабілетін қамтамасыз етеді.
Мәдениетаралық құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттіліктердің өзара 
үйлесімі 
аясында 
қарастырылатын 
мәдениетаралық 
коммуникативтік 
құзыреттілікке ғалым А.Т.Чакликова мынандай тұжырымды анықтамасын 
береді: «Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілік - басқа мәдениет 
өкілдерімен өнімді өзара әрекеттесуді жүзеге асыру үшін тәжірибеде 


65 
қолданатын мәдениетаралық білім, іскерлік пен дағдылар мен оларды іс жүзіне 
асыруға қажетті тұлға сапаларының жиынтығы» [144].
Жоғарыда баяндалған ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарына 
жасалған талдаулар мен мәдениетаралық коммуникация теориясы негізінде
болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамытудың 
негізі мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілік, тілдің көмегімен 
коммуникацияны іске асыру қабілеті, коммуникацияның басқа да 
қатысушыларының өзара әрекеттестігі жағдайында түрлі жағдайларда өзара ой 
бөлісу мен ой алмасу қабілеті аясында анықтауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет