Музыка аспаптарына үйретудің негізгі мақсаты -шәкіртке музыканың құдіретті күшін таныту. Сөйтіп оқушының санасын, еркіне, әсіресе олардың сезімі мен ұшқыры қиялына пайдалы әсер ету. Сонымен қатар бұл өмірдің түрлі жайттарын адам баласының қолы жеткен табыстарымен оның қолынан туған көркемөнер мұраларын тануға, өмір шындығын сезінуге, елін жерін, отанды сүю сезіміне баулиды.
Эксперимент барысында топтық музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырдық. Оған оның мынандай түрлерін алдық:
хор,
музыкалық аспаптық ансамбльдер,
вокал,
балалардың музыка театры,
балалардың музыкалық филармониясы және т.б.
Музыкалық білім беру жетістіктеріне қол жеткізу оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алдық. Әр әдіс өз ерекшелігімен өзгешеленді.
Ол үшін келесі өлшемдерді негізге алдық:
музыка пәнімұғалімініңкәсібишеберлікжәнетәжірибедеңгейі.
Музыка сабағында оқушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, олар радиохабарлар, теле-хабарлар мен концерт тыңдау, музей және сурет көрмелеріне барып, артынан оны талқылап, білімгерлерге өз пікірін айтқызу жұмысын кеңінен ұйымдастдық.
Оқушыларға ең бірінші әнді үйренгенде оны сазына келтіріпайтуды бірінші жолға қойдық. Нота мен жазылған жеңіл ән-күйлерді фразаларды тартып, «Тремоло» қағысын шығару: «тремоло» қағысымен дыбысты «форте»- қатты тартқанда дыбыстың шығуы анық және толық не «пиано»-жәй тартқанда дыбыстың шығуын таза шығаруға дағдыландырдық.
Әндер домбыраға тартып және дауыстап айта білуге үйреттік. Бастауыш мектептің 4 сынып репертуарынан нотамен жазылған әндерді домбыраға тартып және дауыстап айта білу керек. Барлық оқушыларға домбыраға үйренгенде алғашқы 1-2 семестірлерде, домбыра тарту әдісі және алғашқы алатын білім мен дағдыны осы домбыра тенорға ғана үйретуе тырыстық.
Сабақтар барысында оқушыларға ұсынылған әндердің көркемдікжағы олардың түйсігіне жеңіл, жастық дауыс ерекшеліктерін дет еске алып, іріктеліп алындық. Сонымен қатар басқа халықтардың әндерін үйрету жағы да қарастырдық. Талдап қорыту әдісі музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың жетекші әдісі ретінде оқушылардың музыка өнеріне саналы қарым-қатынасын дамытуға, көркемдік ой-өрісін қалыптастыруға бағытталды.
Музыкалық талдап қорыту әдісі, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру аиалдарының жиынтығы ретінде, олардың музыка жөніндегі негізгі білімін меңгертуде, жетікші іскерліктерін қалыптастыруда қолдандық. Бұл әдіс бірізділікті әрекеттерден құралды.
Бірінші әрекет оқушылырға тән бағдарламасының тақырыптарымен танысу, тереңдете меңгертуге қажетті музыкалық тәжірибесін белсенділікпен пайдалануға талпындыру мақсатын жүзеге асырдық.
Ән әлемі әдебиетпен және көркемөнермен тығыз байланыста. Оқушыларды ынталандырудың да оңтайлы тәсілдерін таңдап, түрлі әдістемеліктерді қолдана отырып, ізденуші, шығармашылық тәжірибелерін кеңейтуге мүмкіндік беру қажет.
Бұл орайда бірнеше әдістікке жаратуға болады. Мысалы, жалпыға бірдей дидактикалық міндеттерді қолданған уақытта оқушының жекелей мүмкіндіктерін ескеріп, өзіне оңтайлы музыкалық репертуарын таңдап алуына, қосымша материалдар мен шығармашылығын жан-жақты дамытуына да ерекше ден қою, сонымен бірге сабақты да түрлендіре өткізудің өз пайдасы бар. Ойын сабақ, ертегі сабақтарын өткізу де өнімді әдіс. Бірнеше арнайы тапсырмалар дайындап, бала қабілетіне сай сабақты әрі қызықты, әрі тартымды өткізудің жолдарын іздеген жөн.
Музыка сабақтарында шығармашылық тапсырма бергенде де оқушының есту қабілетін, әуенге еліту, көркем ой, өз қиялы мен әуенге сүйіспеншілігін бір арнада ұстап, жасампаздықта жаңашылдыққа бет бұра бастауына барынша делдал болса, ең бір биік белес – қызығушылық пен талаптануға жеткені.
Музыка шығармашылығының қызмет аясы кең. Оған ырғақты түсіну, жоғары әуен мен әмбебап орындалатын әуендердің әсерін тану, интонациялық түсіну қабілеті, орындау шеберлігі, әуенді қабылдау, вокалды және хормен орындауға қабілеттілік жатады. Оқушыларға берілетін тапсырмалар да аталған қабілеттердің қарыштап дамуына барынша мүмкіндік беретіні белгілі.
Сол себепті бірнеше әдістің түрін қолдандық.
Ырғақты дамытуға арналған тапсырмалар: арнайы ырғақпен айтылатын сөздер мен сөз тіркестерін ойлап табу;
2) осы сөздердің ырғақтық мәнін аяқ соғу, алақан соғу, саусақтармен
дыбыс шығара отырып жеткізу;
жекелеген ән бөлігінің немесе ырғақтық бейнесін көрсету;
түрлі жанрлық әуенге ырғақты аккомпанент табу;
сұраққа сай ырғақты жауап табу;
Интонациялық есту қабілетін дамытатын тапсырмалар: музыкалық шығармада интонацияны белгілейтін тұстарын тауып, оны жеткізуге тырысу;
түрлі сезімдерді жеткізу;
музыкалық шығарма үзіндісіне аспаптық-ырғақты қосымша сүйемелдеуді ойлап табу;
әуенің идеялық, әрі сезімге әсер ететін тұстарын ерекше көтермелеп көрсететін аспаптарды анықтау;
жекелеген әуенге әдеби шығарма таңдап алу;
әуенге бейнелер таңдап алу;
таңдап алынған әуенге орай оның көркем сүретін салып шығу;
Орындаушылық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар: өлеңнің жеке фразаларын анықтау, олардың жекелей аспаптармен орындалуына жекелеген қасиеттерді анықтауға үйрету;
өлеңнің кіріспесін орындату, бүкіл өлеңді орындау немесе жекелеген аспаптарда орындату.
Эксперимент барысында жүргізген әр сабағымызды тартымды да, қызықты, пәнаралық байланыс негізінде жүзеге асыруға тырыстық. Сабақтарда жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, көрнекіліктерді кеңінен қолдандық.