4. Мақал – мәтелдер.
« Отан, жер, туған ел туралы».
«Ел іші – алтын бесік»,
« Туған елдей ел болмас,
«Туған жердей жер болмас».
«Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
Ел – ердің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы».
Мақал – мәтелдерді әңгімелегенде мазмұны бағдарламаның атымен, тоқсан тақырыбымен, күйдің мазмұнымен байланыстырдық. Сыныпты 2 топқа бөліп, оларды жарыстыра отырып өткіздік.
5. Ойлан тап! Жұмбақ ойын.
Жануарлар туралы жұмбак ойындар.
1. Кiшкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
2. Кезiктi бiр жануар,
Үстiнде екi тауы бар. (Түйе)
3. Төсек астында төрт бауырсақ. (Сиырдың желiнi)
4. Жанды сағат, айғай салад. (Есек)
5. Жездекем желп барады,
Жез қалпағы қалып барады. (Аттың iзi)
Жұмбақтар көрнекi құралдарды пайдалана отырып өткiздiк. Олар балаларда ойдың тапқырлық қасиетiн жандандырды, үйреттi, қызығушылығын арттырды. Балалардың шығармашылық iзденiсiн, эстетикалық талғамын арттыру мақсатымен үйде жұмбақтар даярлап келуге, оның суреттерiн салдыруға тапсырма бердік.
Сонымен қатар аспаптарды өткен кезде, мынадай тапсырамаларды бердік. Яғни, төмендегі әріптерден сөз құрап жаз, яғни аспап аттарын.
Домбыра.
Қобыз.
Шертер.
Жетеген.
Сыбызғы.
Сырнай.
Асатаяқ.
Керней.
Осындайсөздікпенжүргізілгенжұмыстароқушылардыңшығармашылыққабілетіндамытуғазорүлесінтигізді.
Эксперимент 4 – сынып оқушыларымен сабақтар барысында мынадай төмендегі күйлерді шерткіздік.
- Қазанғап. «Шынаяқ»
- Базар жырау. «Терме»
- Жаяу – Мұса. «Ақсиса»
Қысқасы, музыкалық аспапта ойнау, музыканы тек қана құлақпен тыңдап, көркемдік бұйымдарды тек қана көзбен көріп, тамашалау арқылы өнерге баулуға болмайды.
Біздің бүлдіршіндеріміз халық өнерінің шынайы мұрагерлері болуы керек. Асыл өнерді өз қолымен жасай алатын адам ғана ата – бабадан қалған мұраны көбейтіп, байытып келесі ұрпаққа жеткізе алады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы білім беретін қазіргі мектептердің музыка сабағы фольклордағы, әуесқойлық өнердегі және кәсіби шығармадағы қазақ музыкалық тіл негізінде қызмет атқаратын музыкалық білім, біліктілік және дағдыны тұтас қалыптастыруы керек.
Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар, сол сияқты әр халықтың музыкалық тілінде өзіне тән ерекшелігі болады. Ұлттық музыкалық тілдің әрбәр элементтерінде ұлттық сипатты қалыптастырып, басқару заңдылығы музыкалық ойлаудың ұлттық ерекшеліктерін айқындайды.
Қазақ музыкалық тілінің негізінде оқушылардың оқу-тыңдау жұмыстарын реттеу қазақ музыкалық шығармаларын мақсатты түрде тыңдау қабілетін қалыптастыруға қызмет етеді.
Егер тыңдалған музыка оқушылардың терең талғамын, ұғымды меңгерген жағдайда интонациалық «генофонд» пен көркемдік бейне ойлауды қалыптастырса ғана, қазақ музыка мәдениетінің негізін меңгеру өзінің эстетикалық, білімдік және тәрбиелік ролін атқаруға қабілетті болып есептеледі.
Басты мақсаты – дәстүрлі халық музыкасы мен қазіргі музыкалық шығармашылықтағы қазақтың музыкалық тілінің негіздерін қалыптастыру. Қазақың ұлттық музыка тілін түсіну арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, жан-жақты дамыған, музыка өнерін, Отанын, отбасын сүйетін және түркі тілдес халықтардың музыка тілін түсінетін тұлға тәрбиелеу.
Бастауыш мектепке арналған «Музыка» бағдарламасының мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп, қазақтың музыкалық тілінің негізін қалыптастыруға бағытталған. Осыдан барып музыка сабағының тақырыптық құрылымы келіп шығады. Бағдарлама мазмұнының бөлініп берілуі тақырыптық – концентрлік принциптерге бағындырылып, музыкалы-тілдік құралдың жиынтығы және музыкалық шығармалардың сыныптан сыныпқа дейін ауқымы кеңеюіне мүмкіндік туғызады.
Бірінші сыныпта музыкалық шығарманы танып, оның авторын айқындауға тапсырыс беріледі, ол кейінгі сыныптарда қайталанады да, тапсырманы орындау біртіндеп күрделене түседі.
Музыкалық дүниелердің біртіндеп күрделенуі – үшінші сыныпқа тән құбылыс. Қазақ музыкасы тілінің элементтері туралы алғашқы білім музыкалық тілдің тұтастығын қабылдау негізінде күрделенеді. Кешенді міндеттер музыкалық шығарма тілінің көрнекі құралдарын, музыкалы-түйсікті танымын, музыкалық-шығармашылық қабілетін, бейнелі ойлауды одан әрі дамытуға бағытталған.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Алиев Ю.Б. Настольная книга школьного учителя – музыканта / Ю.Б. Алиев .– М.: Владос, 2000 .– 336 с.
Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе / О.А. Апраксина .– М.: Просвещение, 1983 .– 224 с.
Балтабаев М. Әсем саз : бастауыш сыныптарға арналған музыка әліппесі.- Алматы: Атамекен, 1993 .– 104 бет.
Балтабаев М.Х. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 1-4 сынып оқушыларына арналған «Елім-ай» ән-күй сабағының бағдарламасы / М.Х. Балтабаев .- Алматы : РБК, 1993 .– 68 бет.
Бәттібаева С. Ән-күй : әдістемелік нұсқау / С. Бәттібаева, Ф. Қоңыратбай, Э. Баталова .- Алматы : Кітап, 2002 .- 104 бет.
Бонфельд М.Ш. Введение в музыкознание.- М.: Владос, 2001 .- 224 с.
Безбородова, Л.А. Теоретические и практические основы проектирования процесса музыкального образования младших школьников : монография / Л. А. Безбородова. - Москва : МПГУ, 2018. - 170 с.
Гизатов Б. Музыкальное образование в Казахстане.– Алма-Ата : Мектеп, 1975. - 81 с.
Дмитриева Л.Г. Методика музыкального воспитания в школе : учеб. пособие.-М.:Академа,1998 .- 240 с.
Жакаева К.А. Музыка пəнін оқыту əдістемесі: Бакалавриат 050106 «Музыкалық білім» студенттеріне арналған оқу кұрал / К.А. Жакаева, С.А. Жакаева; КГПУ. – Костанай:КГПУ 2019. – 92 б.
Қазиева Б. Музыка сауатынан практикалық көмек.- Алматы : РБК, 1995.- 110 бет.
Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері / Ш. Майғаранова .- Алматы : Ғылым, 2002 .- 124 бет.
Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998 .- 336 бет.
Меңдіаяқова Қ.М. Мектепте музыка тәрбиесін беру әдістемесі / Қ.М. Меңдіаяқова, Г.Ж. Қарамолдаева .- Алматы : Әл-Фараби, 1997 .-132б.
Осеннева М.С. Методика работы с детским вокально-хоровым коллективом.– М. : Академа, 2009 .- 224 с.
Проблемы совершенствования теории и методики подготовки учителя музыки .- Алматы, 1998 .- 63 с.
Рачина Б.С. Педагогическая практика: подготовка педагога-музыканта: учебное пособие / Б. С. Рачина. - Санкт-Петербург: Планета музыки, 2015. - 512 с.
Терентьева Н.А. Художественно-творческое развитие младших школьников на уроках музыки в процессе целостного восприятия различных видов искусства.– М. : Прометей, 1990 .- 184 с.
Достарыңызбен бөлісу: |