Музыка сабағында ән орындау іс әрекетін ұйымдастырудағы Final музыкалық бағдарламасын қолданудың тиімділігі



бет2/7
Дата19.04.2023
өлшемі69,13 Kb.
#84420
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Музыка курсовая

Курс жұмысының мақсаты: музыка сабағында ән орындау іс әрекетін ұйымдастырудағы final музыкалық бағдарламасын қолданудың тиімділігі зерттеу жұмыстары негізінде айқындау.
Кур жұмысының міндеттері:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының музыка сабақтарында ән айту қабілеттерін дамыту жолдарын сипаттау.

  2. Оқушылардың музыка сабақтарында ән орындау іс әрекетін ұйымдастырудағы final музыкалық бағдарламасын қолданудың айқындау.

  3. Музыка сабағында ән орындау іс әрекетін ұйымдастырудағы final музыкалық бағдарламасын қолданудың маңыздылығын іс-тәжірибелік зерттеулер мен эксперимент жұмысы арқылы анықтау.

Курс жұмысының нысаны: ән орындау іс әрекетін ұйымдастырудағы final музыкалық бағдарламасын қолдану жолдары.
Курс жұмысының пәні: ән орындау іс әрекетін ұйымдастырудағы final музыкалық бағдарламасын қолдану үрдісі.
Курс жұмысының гипотезасы: егер, музыка сабақтарында ән орындау іс әрекетін ұйымдастырудағы final музыкалық бағдарламасын тиімді пайдаланатын болсақ, онда, біз оқушыларымыздың бойынша мынандай қабілеттерді қалыптастырамыз:
а) эстетикалық қабілеттері артады;
ә) музыканы құрметтеуге үйренеді;
б) музыкалық сауаттылықтары артады, оның ішінде тыңдау және есту, қабылдау (тұтастай және жартылай);
в) жеке бастың сезімдік мәдениеті, адами қасиеті, интеллектісі қалыптасады;
г) көркем қабылдау, түйсіну процестері дамитын болады.
Курс жұмысының теориялық маңызыздылығы. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейтуде, ой-өрісін дамытуда заман талабына сай құрылған музыка сабағының маңызы зор. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық сазды әуендерге бай музыкалық мұраларымызды молынан пайдаланудың жолдарын ғылыми тұрғыда зерделеу, оны оқушылардың санасына сіңіру қазіргі таңдағы мұғалімдердің төл міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет