Н. А. Раупова, Ә. Т. Төлебиев, Г. Қ. Жарымбетова



бет20/53
Дата17.08.2024
өлшемі0,51 Mb.
#105921
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
Байланысты:
2 кл ктп

Портрет жасаймыз
Мұғалім оқушылармен портрет жасау тәсілін талқылайды. Портреттің көңіл күйін көрсету үшін әсерлегіш құралдарға назар аударады.

  1. Көтеріңкі көңіл күйді білдіретін портрет салу үшін қызыл, сары, көгілдір, қызғылт сары, ашық күлгін түстерді пайдаланамыз.

  2. Көңілсіз адамның портретін салу үшін жұмсақ сызықтарды таңдаймыз. Оларды қисық, айқыш сызықтар толықтыра алады.

  3. Ашулы адамның портретін салу үшін күлгін, күрең қызыл, қара түсті пайдаланамыз.



Меңгерген білімді бекіту. Топтық жұмыс
Әрбір топқа оқулықтағы портреттерді көрсетеді. Олар портреттердің көңілі күйін нақты сипаттап, суретші қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланғанын айтып берулері керек.


Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау Үйге тапсырма: автопортретті кез келген тәсілмен салу. Тапсырманы балалармен бірге алдын ала талқылап алған дұрыс. Одан әрі оқушылар портрет салу тәсілін өздері таңдайды. Бұл коллаж, екі түсті гуашьпен (графикалық нұсқа) немесе акварельмен, пастельмен жұмыс болуы мүмкін. Өлшемі мен пішіміне назар аударады. Портрет өте кішкентай не аса үлкен болмауы керек. Ол қағаз парағының ортасына бейнеленгені дұрыс.


Таныстыру, талдау және бағалау
Қызығушылықты ояту
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, жиһанкез Шоқан Уәлиханов салған суретке назар аударады.


Меңгерген білімді бекіту

Автопортретті кез келген тәсілмен жасайды.


№1 жұмыс дәптерінің 10– 11-беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.



Дескриптор:

№1 жұмыс дәптері.








Мұғалім әрбір оқушыны тақтаға шығарып, портреттерін таныстыруды сұрайды. Қандай көңіл күйді бейнелегенін, қандай тәсілді қолданғанын, қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланғанын түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет