Н. А. Раупова, Ә. Т. Төлебиев, Г. Қ. Жарымбетова


Дизайн – тұрмыстық заттарды сәндеу өнері. Дизайнер



бет26/53
Дата17.08.2024
өлшемі0,51 Mb.
#105921
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
Байланысты:
2 кл ктп

Дизайнтұрмыстық заттарды сәндеу өнері. Дизайнер – заттарды әдемі, берік әрі ыңғайлы етіп жасайтын суретші.
Меңгерген білімді бекіту. Топтық жұмыс
Әрбір топқа оқулықтағы бір затты талдау тапсырылады. Олар толық жауап беруі тиіс (түсі, пішіні, фактурасы, ерекшелігі, суретшінің еңбегі).


Сергіту сәті
Сабақ тақырыбын түсіндіру Кітапқа бетбелгі жасаймыз Қызығушылықты ояту
«Кітапты қалай ұстау керек?» тақырыбы бойынша ой бөлісу.

Мұғалім кітапқа бетбелгі жасаудың ретін нақты түсіндіріп, көрсетеді:


Қайшымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін еске түсіреді.
Жұмыстың жасалу реті:

  1. Түсті қағаздың енін 4 см, ұзындығын 25 см етіп қиып ал.

  2. Үлкендерден пышақпен ұзындығы 2 см (арасы 1 см) болатын көлденең тіліктер жасап беруді сұра.

  3. Таспаны қағаздың теріс жағынан желімде. Таспаның ұшын бірінші тіліктен өткіз. Одан кейін екіншісінен өткіз. Таспаны қағаздың екінші жағына шығар. Үшінші тіліктен өткізіп, төртінші тілік арқылы теріс жағына шығар. Осылайша барлық тіліктен өткізіп шық.

  4. Таспаның ұшын үшбұрыштап қи.

  5. Бетбелгі дайын.

Заттарға талдау жасайды.


Ойбөліске қатысады.
Кітапқа бетбелгі жасайды.

  • қағаздарды өз бетінше өлшейді;

  • желімдейді.

Оқулық, 38–39- беттер.
Түрлі түсті қалың қағаз немесе қатырғықағаз, таспа, қайшы және желім.
Оқулық, 39-бет.




Тақырыпты бекіту
– Қандай пішіндерді білесің? Мектептегі пішіні дөңгелек, шаршы, үшбұрышты заттарды ата.

Оқушылар сұраққа жауап береді.









Соңы Рефлексия

  • Саған сабақ ұнады ма? Бүгін қандай жаңа нәрсе білдің?

«Баспалдақ»
Оқушыларға 5–7 басқышы бар баспалдақ бейнеленген постер береді. Онда мына жазулар бар:

  • бәрі тамаша;

  • барлық тапсырманы орындадым;

  • мұғалім көрсеткен үлгі бойынша орындадым;

  • кейбір тапсырмаларды орындағанда мұғалімнің көмегіне жүгіндім;

  • тапсырмалардың көпшілігін орындай алмадым.

Үйге тапсырма: Кітапқа бұрыштық бетбелгі жасап, оны безендіру.

Балалар жауап береді.

Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

Баспалдақтың суреті бар постер.



10–11-сабақтар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет