2.1.2.1 бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын анықтау және олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін (сипаттамасын) суреттеу
2.1.3.1 шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдарымен көрсету
2.3.2.1 өнердің әртүрлі туындыларының негізгі суреттеу құралдары мен орындау материалдарын анықтау
2.2.4.1 қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану
Сабақтыңмақсаты
Халқымыздың дәстүрлерімен танысады.
Салфеткаға қағаздан сақина жасайды.
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Ұйымдастырукезеңі Қазақ ұлттық әндері қосулы тұрады.
Балалар, бәрің бауырсақты жақсы көресіңдер. Солай ма?
Қызығушылықтыояту
Сенің отбасыңда қандай мерекелер аталып өтеді?
Қандай тағамдар әзірлейсіңдер?
Сен көмектесесің бе?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Бағалау критерийі: қазақ дастарқанына қатысты дәстүрлерді біледі.
Бас бармақ әдісі
Қазақ ұлттық музыкасы.
Оқулық, 26–27-беттер. 2-сыныпқа арналған CD-диск.
Сабақтыңмақсатынанықтау Қазақ дастарқаны туралы, салфеткаға қағаздан сақина жасауды айтып береді.
Сабақтың мақсатын анықтайды.
Ортасы
Сабақтыңтақырыбынтүсіндіру Қазақдастарқаны
Қазақ дастарқаны неден тұрады? А. Ғалымбаеваның «Дастарқан» картинасын тамашалайды.
Топтық жұмыс. Мақал-мәтелдердіңмағынасынтүсіну Топтардың әрқайсысы мақалдарды қалай түсінгендерін айтып береді. Сонымен қойылым ұйымдастыра алады. Ол Наурыз мерекесі болуы мүмкін. Онда бұл мерекеге қандай тағам әзірлейтіндерін айтады. Немесе шетелден қонақтар келіп, оларға қазақ дастарқаны мен өнерін таныстыру керек. Оқушылар қойылым барысында тек қазақ дастарқаны мен тағамы туралы ғана емес, қазақ қолөнерінің ерекшеліктері мен ұлттық ыдыс-аяқтары, ұлттық ою-өрнектері, салт- дәстүрлері туралы айтып бере алады.
Оқушылар бір-бірін қайталамас үшін тақырыптарды әр топқа бөліп берген дұрыс.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманыорындау
Сергітусәті
Қазақ ұлттық тағамы туралы әңгімелесу.
Қызығушылықтыояту
Ет салатын ағаштан ойып жасалған ыдыс қалай аталатынын есіңе түсір.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Әр топ өздеріне тиесілі тапсырманы орындайды.
№1 жұмыс дәптерінің 16–17- беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.
Сұраққа жауап береді.
(Астау)
(ҚБ) Дескриптор:
тағам туралы мақал үйренеді;
мақалдың мағынасын түсінеді;
қазақ дастарқанын сипаттай алады.
Оқулық, 28–29-беттер.
Massaget.kz
«Қонақжай қазақтың берекелі дастарқаны»
№1 жұмыс дәптерінің 16–17-беттері.
М. Бекеевтің «Тымық кеш»,
М. Қаспақтың «Той» картиналарын қарап шығу.
Меңгерген білімдерін бекіту. Жұптықжұмыс Картиналарға қарап, қазақ дастарқаны туралы шағын әңгіме құрастыру.
Ғаламтор немесе тағы басқа дереккөздерден мәлімет іздеп табу.
Сабақтың тақырыбын түсіндіру.Салфеткаға қағаздан сақина жасаймыз.Қайшымен жұмыс істеу ережесінтүсіндіреді. Мұғалім сабақтың басында балаларға дастарқан жаю туралы айтады. Оларға дастарқан жаюдың барлық ережесін айтудың қажеті жоқ, ең бастысы, дастарқан жаю – қонақ күтудегі ең маңызды сәт екенін білсе жеткілікті. Одан әрі мұғалім салфеткаға кигізілетін сақиналарды әшекейлеу жолдарын көрсетеді. Балалардың назарын міндетті түрде қауіпсіздік ережесін сақтауға аудару керек. Жұмыстың реті оқулықта көрсетілген. Оқушылар жұмыс ретін сақтап, сондай-ақ оқулықта көрсетілген материал өлшемдерін ескере отырып, жұмыс істегені дұрыс. Ал сақиналарды әшекейлеу жолдары әртүрлі болуы мүмкін, бұл жерде таңдау еркін балаларға беріңіз. Сақинаны жасағаннан кейін, салфетканы бүктеуді үйрету керек.
Оқулықта бір-ақ түрі көрсетілген, ал оның түрі көп. Оқушылардың әрқайсысы ғаламтордан қызықты тәсілдерді тауып алып, жұмыстарына қолдана алады.
Картиналарды салыстырып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін табады.
Қазақ дастарқаны туралы шағын әңгіме құрастырады.
Салфеткаға арналған сақина жасайды.
Жұмыстың жасалу реті:
түрлі түсті қатырғықағаздан өлшемі 3х12 см қағаз қиып ал;
қағаз жиектеріне желім жағып, бір-біріне жапсыр;
түрлі түсті қағазға қара қарындашпен әртүрлі суреттер сал. Ол балық, гүл, құс болуы мүмкін. Суреттердің өлшемі 5 см-ден аспауы тиіс;
суреттерді қайшымен ұқыптап қи;
суреттерді сәнде. Оларды фломастермен өрнектеп, аппликациямен әшекейлей аласың;
әшекейлерді сақиналарға желімде.
Жауаптарын түсіндіреді.
Оқулық, 30–31-беттер. Қолорамалға арналған сақина. Youtube желісі.