Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет29/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
2а эксперимент 
сыныбында -
30 оқушы 
2ә бақылау 
сыныбында - 
32 оқушы 
Саны 
Сапасы 
Саны
Сапасы 
Белсенділігі жоғары 
20 
66 % 

6% 
Белсенділігі жақсы 

27 % 

19 % 
Белсенділігі орташа 

7% 

25 % 
Белсенділігі төмен 


16 
50 % 
Белсенділігі жоқ 




Қорытынды: бақылау тобына берілген сауалнама жауаптарынан біз 
айтарлықтай өзгерістерді байқай алмадық. Ал эксперимент тобының 
балаларына үздіксіз, түрлендіріліп қолданылған интербелсенді оқыту 
әдістері барысында олардың танымдық белсенділігі артқанын байқадық. 
Демек, зерттеу жұмысымыздың ғылыми болжамы дәлелденді. 
Бұдан шығатын қорытынды біздің зерттеу жұмысымыздың барысында 
жасалған тәжірибелердің нәтижесінде мектеп сабақтарында интербелсенді 
оқыту әдістемесін енгізудің тиімділігі дәлелденгенін байқаймыз. 


84 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен 
еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру 
саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт 
талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. 
Қазіргі таңда көптеген интербелсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану 
арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін, белсенділіктерін, пәнге 
деген қызығушылықтарын дамытуға болады.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс 
орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін 
қолданатын тәсілдері. 
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың 
зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды 
қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын 
түсінуге үлес қосады. 
Адам – белсенді, іс-әрекетшіл жан. Олай болса, бастауыш мектеп 
оқушыларының оқу іс-әрекеті танымдық әрекет нәтижесінде жүзеге асады, 
ал танымдық әрекет негізінде оның белсенділігі қалыптасады. Себебі 
ойлау баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. 
Таным – ойлауда шындықтың көрініс табуы, талдау мен елестету 
үдерісі, нәтижесі дүние туралы жаңа білім болып табылады.
Таным – адам әрекетінің мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі 
болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық 
тарихи үдерісі. 
Таным - адамның жаңа білімді игеру үдерісі.
Таным – меңгерген білім мен тәжірибенің жиынтығы. 
Белсенділік - білуге талпыныс, адам қажеттілігі, ерік жағдайы, ал ол 
өзін-өзі дамыту деген сөз. 
Танымдық белсенділік дегеніміз – баланың оқуға, білімге деген ынта–
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. 
Танымдық белсенділік деп – мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-
амалдық және процессуалды-жігерлік бөліктерден тұратын тұлғаның 
интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз. 
Танымдық белсенділіктің қозғаушы күші – қажеттілік. Қажеттілік 
тұлғаның белсенді әрекет жасауына әсер етеді. Олай болса, мектепалды 
даярлық топ балаларының қажеттіліктегі жетіспеушілігі, қажетті нәрсені 
білуге деген белсенділігін қалыптастыруды ойынның алатын орны зор.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқыл адам баласының 
белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық 
ерекшеліктерін қалыптастырады. 


85 
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып 
ойдан-ойға жетелейтін, белсендіретін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял 
мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. 
Ойын дегеніміз – бұл құштарлықтың отын жағатын ұшқын. Ойын 
өзін-өзі басқару тәртібімен қалыптасып, жүзеге асатын қоғамдық 
тәжірибені игеруге бағытталған әрекет түрі. 
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, 
творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», 
- дейді. Демек, баланың ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру 
арқылы баии түседі. Мұғалім әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып 
отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы ойлануға, 
зеректікке, білгірлікке, белсенділікке баулиды.
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін дамытуда 
дидактикалық ойынның алатын орны ерекше. Біз ол туралы зерттеу 
жұмысымыздың алдыңғы тарауларында айтып өткен болатынбыз. 
Интербелсенді оқыту – оқыту құралы. Оқушылар үшін интербелсенді 
оқыту – логикалық ойсергіту жаттығулары, дидактикалық тапсырмалар 
болып табылады. Интербелсенді оқытуда оқушылардың танымы кеңейеді, 
еңбек етуге үйренеді, белсенділігі артады, қоршаған дүние туралы түсінігін
кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі, баланы ойлай білуге баулып, 
сөздік қорын өсіреді, ақыл-ой қызметін қалыптастырады және 
интербелсенді оқыту тәрбиелеудің құралы болып табылады.
Біз интербелсенді оқыту әдістерін күнделікті сабақта қолдану 
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндігі өте зор 
екендігін педагогикалық тәжірибе барысында дәлелдедік.
Қорыта келе, интербелсенді оқыту арқылы бастауыш сынып 
оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру үшін төмендегідей 
әдістемелік ұсыныстар белгіленді: 
• интербелсенді оқыту бастауыш сынып оқушыларына мақсатты,
жүйелі ұйымдастырылуы керек; 
• оқушыларға ұсынылатын интербелсенді оқыту бастауыш сынып 
оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес болуы керек; 
• әр дидактикалық ойынның мақсаты анық,шарты түсінікті болуы 
керек; 
• интербелсенді оқыту қорытындыланып отыруы керек;
• бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамытуда
интербелсенді оқыту әдістерін жүйелі қолдану керек: 
• сипатына қарай бөлінетін интербелсенді оқыту оқу іс-әрекетінің 
мазмұнына сай қолданылуы керек; 
• бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамытуда
мұғалім интербелсенді оқыту қызметінің функцияларын жақсы білуі керек. 


86 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет