Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
Тойбазарова-Н.А.-Учебное-пособие-ИНТЕРБ-1

Сөздерден әңгіме құрастыру  
Оқушылардың әрқайсына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды 
тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20сөздей) 


72 
тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 
минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды 
ұсыну керек. Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері 
міндетті түрде аталуы керек. 
Көршінің суреті  
Оқушылар дәптерін төбесіне (басына) қойып, өзінің жұптасына қарап 
отырып, берілген қысқа уақыт ішінде (1-1,5 минут) оның суретін салуға 
тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Әрине, 
салған суретердің қисық-қыңыр болатындығы сөзсіз, алайда олардың 
оқушыларға қызық болып көрінуі сөзсіз. Оқушылар сурет салынған 
парақтарға өз қолдарын қойып, бір-біріне тарту етеді. 
(Бұл ойсергек «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы 
практикасынан алынды). 
Қозғалыстағы сурет  
Бұл ойсергек алдыңғыға ұқсас. Алайда суретті енді қозғалыста салу 
керек. Ол үшін оқушылар қолдарына дәптер мен қаламсаптарын алып, 
шеңберлене тұрады, сол жаққа бұрылып, сынып ішінде шеңберді бұзбай 
жүре бастайды. Олар алдында тұрғанның арқасына дәптерін қойып, 
арттағы оқушының суретін салуға тырысу керек. Бұл жерде мынандай 
ережелерді сақтаған орынды: 
- Тоқтауға болмайды! 
- Шеңбер жүруін тоқтатқанша суретті сала беру керек. 
- Суретке ренжуге болмайды! 
Оқушылар сурет салған парақтарға өз қолдарын қойып, суреті 
салынғанға тарту етеді. 
 «Сәлемдесу» 
Сабақ басында оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне қол 
беріп, сәлемдемеді («ассалаумағалейкүм!», «сәлем!», «сәлеметсің бе?!», 
«қалайсың?!», «есен-амансың ба?!» т.б.) жүргізуге де болады
«Мадақтау» 
Оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп бір-біріне мақтау мен 
комплимент айтады: «Бүгін тіпті құлпырып кетіпсің ғой!», «Мен сені 
шыншылдығың және әділеттілігің үшін өте сыйлаймын!», «Сен өте әдепті 
жансың!», «Маған сенімен бір топта жұмыс жасау ұнайды!» т.б. 
Бұл жұмысты шағын топ ішінде де ұйымдастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет