Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет26/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Ойын: «Пішіндерді құрастыр» 
Ойынның мақсаты: Оқушылардың пішіндер туралы білімдерін дамыту, 
танымдық белсенділігін арттыру. 
Ойынның шарты: әр оқушының алдына екіге, үшке, төртке бөлінген 
пішіндер таратылады. Оқушылар белгісімен оны құрастырады. 
Оқушылар өздері құрастырған пішіндерді атайды, түсін табады. 

Балалар, біз жаңа бөліктерден үшбұрыш, дөңгелек құрастырдық, 
енді сол пішіндерден тағы нелер құрастыруға болады? 

Олай болса, «Кім тез құрады?» дидактикалық ойынын ойнайық. 
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерден белгілі затты құрастырып, 
ойлау қабілетін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру. 
Ойынның шарты: Оқушылар екі топқа бөлініп, 1-ші топ дөңгелектерден, 2-
ші топ үшбұрыштардан заттар құрайды (мысалы, дөңгелектен - аққала, 
жылан,т.б., үшбұрыштан – балық, қайық, т.б.) 
 «Ойлап, тап!» ойыны. 
Ойынның 
мақсаты: 
Оқушылардың 
қиялын, 
ойлау 
қабілетін 
дамыту,танымдық белсенділігін арттыру. 


81 
Ойынның шарты: Мұғалім оқушылардың алдарына ақ бетке салынған 
үшбұрыш, дөңгелек пішіндерін береді. Олар ойланып отырып, сол 
пішіндерді белгілі бір затқа айналдыруы керек. 
Оқушылар ойлап тауып, салған суреттерін әңгімелеу арқылы 
достарына таныстырады. Мұғалім белсене қатысқан балаларды 
мадақтайды. 
Мектеп тәжірибе кезінде жоғарыда көрсетілген ОЙСЕРГІТУ 
жаттығулары, логикалық жаттығулар мен дидактикалық ойындар 
бастауыш мектеп сабақтарында интербелсенді оқыту әдістері қолданудың 
тиімділігін көрсетті. Оған дәлел бақылау экспериментінің қорытындысы 
болды.
Сабақта пайдаланған әдістемелер бастауыш сынып оқушыларына 
өткізілгенде олардың танымдық белсенділігінің дамығандығын көрсетті. 
Яғни интербелсенді оқыту әдістерін күнделікті сабақта қолданудың және 
оны мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімділігі байқалды. Осындай 
сабақтардан соң төмендегідей екі сынып оқушылары арасында 
эксперимент жүргізіліп, сауалнамалар алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет