Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Тойбазарова-Н.А.-Учебное-пособие-ИНТЕРБ-1

бойы азық боларлықтай білім беру» үлгісінен «Өмір бойы оқып үйрену» 
қағидасына ауыстыру керек. Ал бұл қағиданы жүзеге асыру үшін оқытуда 
басты назарды «қалай оқытуға», яғни әдістемеге, сабақ барысының өзіне 
аудару керек. Бұнда мәселе тек қана ұстаздың білім беру әдістеріне келіп 
тіреліп тұрған жоқ. Шындығында да өзінде бар білімді ұстаз шәкірттеріне 
дайын күйде беретін болса, оның бұл ісінен мардымды нәрсе шығар ма 
екен? Халқымыздың «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» 
немесе «Жетектеген ит қораға үрмейді» (немесе «Жетектеген ит ауға 
жарымайды») деген аталы ұғымдары осындай жәйітті меңземей ме? Көне 
қытай нақылы да осындай идеяны білдіреді: «Аш адамға балық берме, 
қармақ бер!»
«Өмір бойы білім алу – әр Қазақстандықтың өмірлік Кредосына 
айналуы қажет!» Н.Ә.Назарбаев[1]. Дегенмен бұл ұстанымда таным 
процесіне үйренушілердің іс-әрекеттеріне тікелей байланыстырылады, 
яғни жоғарыда келтірілген оқыту процесінің басты тұлғасы және белсенді 
оқу туралы тезистер қуатталатын сияқты. 
Оқытуда тағы да бір мәселеге ерекше назар аудару керек: шәкірттің 
әлеуметтік тәжірибесін арттыру. Басқаша сөзбен айтқанда, оқу процесінде 
әлеуметтік мазмұн басым болуы қажет. Әр сабақта үйренуші оқытудың 
басқа да қатысушылармен араласып (шәкірттер мен ұстаздар), 
коммуникативтік қарым-қатынас процесінің белсенді мүшесіне айналады. 
Мұндай қарым-қатынаста әрбір шәкірттің өзіндік өмір тәжірибесінің 
алатын орны ерекше. Сол себепті оқу мазмұны қандай да бір абстракциялы 
тақырыпқа иек артпай, оқушылардың өмір тәжірибесіне негізделсе, оқу 
процесі оқушы тарапынан қызығушылық пен ықылас туғызатындығы 
созсіз. 
Білім саласындағы инновациялық өзгерістер оқудың/оқытудың негізі 
ретінде тұлғалық дамуды қарастырады, өйткені динамика мен өзерістерге 
толы ақпараттық дәуір экономикасы адамның білімді әрі білікті тұлғасына 
тәуелді, бұлдәуірдің идеологиялық, әлеуметтік, саясы сұраныстары 
адамнан мынандай құзіреттіліктерді талап етеді: 

Ақпараттың ішнен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану; 

Проблемаларды шешу және шешім қабылдау; 

Өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей 
және қорғай білу; 

Ауызша және жазбаша түрде қарым-қатнас құра білу, бірлесе жұмыс 
жасай білу, жан-жалдпрды болдырмау; 

Өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін 
құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру; 

Өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру. 



Сол себепті де тұлғалық даму ұстанымы білім игеру процесіне 
қатысушылардың (үйренуші мен үйретуші) бұрынғы аваторитарлы-
коммуникативтік қарым-қатынасын гуманитарлы-коммуникативтік қарым-
қатынасқа өзгертуді талап етеді. Бұл ұстаным таным процесінің «білім 
беру», «оқыту», «үйрету» деген кешегі күнгі түсініктерін енді екі жақты 
процесс ретінде қарастырып, оларды «білім алу/игеру», «оқу», «үйрену» 
деп өзгертеді, бұл процесте үйренуші негізгі рөл атқарып білімді өздігімен 
құрастыралы деп түсінеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет