Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет16/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
Тойбазарова-Н.А.-Учебное-пособие-ИНТЕРБ-1

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


70 
5. Интербелсенді оқыту әдістерін тәжірибеге енгізу жолдары 
Интербелсенді оқыту әдістерін тәжірибеге енгізу арқылы бастауыш 
мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мақсатында 
оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған
интербелсенді оқыту әдістері қолданылып төмендегідей ОЙСЕРГІТУ 
жаттығулары, логикалық жаттығулар мен дидактикалық ойындар 
дайындалып, мектеп тәжірибесіне енгізілді. 
ОЙСЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 
Үндеме! 
Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі 
топқа бөледі.
Тапсырма: екі топ үндемей тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған 
күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың алдына 1-қаңтарда туған 
оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле 
береді. 
Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз! 
Әр оқушыға 10-15секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе 
бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа 
бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту 
керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ 
ішінде де айтуға болады. 
Сүйікті адамыңызға тілегенді-өзгелерге тіле! 
Бұл ойсергек алдыңғыға ұқсас. Мұнда оқушылар тек алдымен сүйікті 
адамды көз алдына елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. 
Содан кейін оқушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту 
керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны орынды. 
Көңіл-күйді анықтау 
Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл-күйін келтіретін сурет 
(немесе смайлик) салады: суретте олар адамның бет-әлпетін келтіруі керек 
(мәселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған, бейтарап 
т.б). Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді. Оларға сабақтың аяғына дейін 
көңіл-күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады. 
Немесе көңіл-күй табиғат құбылыстары арқылы көрсетуге болады: 
жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар 
жауып тұр т.с.с. 
Айна 
Оқушылар жұптасып бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада 
отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, 
бет-әлпетімен әр түрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна 
секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан 
кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
Маймыл  


71 
Бұл ойсергек дәл «Айна» секілді өткізіледі. Айырмашылығы: маймыл 
рөліндегі оқушы өз жолдасының жасағанын дәл сол қалпында қайталайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет