Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
Тойбазарова-Н.А.-Учебное-пособие-ИНТЕРБ-1

Менің қасиеттерім қандай? 
Оқушыларға мына аң жануарларды тігінінен жазуды тапсыру 
қажет: қасқыр, ит, мысық, тышқан. Бірінші жолға осылардың ішінен ең 
ұнайтынын жазып, екінші және үшінші жолдарға азырақ ұнайтындарын 


78 
келтіріп, төртінші жолға осылардың ішінен ең ұнамайтындарын жазу 
керек. Осылайша тізімді тігінен келтірген соң, әр аңжануардың тұсына 
олардың қандай бір қасиетінің ұнайтындығын немесе ұнамайтындығын 
жазу тапсырылады. Мәселен: 
Мысық жұмсақтық, 
Қасқыр– батылдық, 
Ит адалдық, 
Тышқан  ұсақтық. 
Осыдан кейін оқушыларға бұл психологиялық тестіннің жауабы 
келтіріледі. Жоғарғы жолға жазған қасиетөзімізге жетіспейтін қасиет, біз 
оны өзіміздің тұла бойымызда арттыруға, жетілдіруге ұмтыламыз. Екінші 
жолға жазылған қасиетөзімізде бар деп есептейтін қасиетіміз, біз өзімізді 
осылайша түйсінеміз. Үшінші жолдағы қасиет басқа адамдардың бізді 
қалай қабылдайтындығымызды білдіреді, ел көзіне біз осылайша 
көрінеміз. Ал ең төменгі жолға жазылған қасиет біздің неден 
қашқақтайынымызды көрсетеді, біз тұла бойымызды бұл қасиеттен 
арылтуға ұмтыламыз. 
Мұндай тәсілдер әзілге негзделетіндігін ұмытпау керек. 
Үй, жол, жылан, шалбар және орамал 
Оқушыларға мынандай ережелерді қадағалап отырып, сурет салатындығы 
ескертіледі: 

Бұл жұмыста сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес 
боласыздар ,сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген 
тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар. 

Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу 
керек?» деп сұрауға болмайды өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз 
бойынша салу керек.

Суреттерді тез салу керек, өйткені олардың салуға уақыт өте аз 
беріледі. 

Суреттерді салғанда,басқалардың суреттеріне қарауға болмайды. 

Осыдан кейін оқушыларға үй, жол, жылан, шалбар мен әйелдердің 
басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек әр затты 
салуға мейлінше аз уақыт беріп (бес он секундтай ғана),оқушыларды 
асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн. 

Оқушылар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен 
кейін,мұғалім олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады: 

Үй адамның өзін өзі бағалау денгейін көрсетеді. 

Егер үйдің суреті кең әрі биік болса,онда бұл оқушының өзін өзі 
бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық. 

Егер де үйдің есік терезелері бар болса, онда бұл оқушы-қарым-
қатынасқа ашық адам. 

Егер де үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын 
болса,бұл жайт оқушының қонақжай екендігін білдіреді. 


79 

Жол адамнын қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығын 
айғағы. 

Егер жол кең,әрі үйдің есігінен басталатын болса,бұл адамнаң 
қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді. 

Ал егер де жол тар немесе үйдің қасынан ( үйге бұрылмай ) өтіп 
жатса, онда бұл жәйт адамның қарым – қатынасқа оңай кірісіп 
кетпейтіндігін білдіреді. 

жылан – «басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген 
сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы. 

Егер жылан үй жақа қарап тұрса, әрі оның айрық тілі аузынан 
көрініп тұрса, онда сіз «баскалардың мен туралы пікірі жақсы емес: 
олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» 
деген ойдасыз. 

Ал егер жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда сіз «басқалардың мен 
туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз. 

Шалбар мен орамал – оқушының түсінігіндегі ер адамдар мен 
әйелдердің дәрежесін көрсетеді. 

Егер шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда оқушы өмірде ер 
адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз. 
Мұндай тестілер әзілге негізделетіндігін ұмытпау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет