Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет25/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Адамның суреті 
Оқушыларға адамның бет-әлпетінің суретін салу тапсырылады. 
Салынып біткен суреттерді оқушылар бір-біріне көрсетуі керек. Осыдан 
кейін мұғалім бұл суреттердің қандай мағына білдіретіндігін айтып береді: 

Салған адамның көздері үлкен болса, онда бұл суретті салған 
оқушы өте сезімтал адам(эмоционалды). 

Ал егер адамның аузы үлкен болса онда, бұл оқушының қарым-
қатынасқа өте жеңіл кіре алатын адам болғаны 

Құлағы үлкен болса, бұл жәйт оқушының басқаларды тыңдай 
білетіндігін меңзейді. 

Шашының қалың болғандығы оқушының ойшыл екендігін 
көрсетеді. 

Егерде суретте адамның денесі де келтірілетін болса, онда 
оқушының шығармашыл болғаны. 

Егер суреттегі адамның қолында гүл бар екендігі салынса, онда 
бұл оқушының ашылмаған құпия сыры бар деген сөз. 
Мұндай тестілер әзілге негізделетіндігін ұмытпау керек. 
Үйдің суреті 
Бұл ойсергекте оқушыларға үйдің суретін салу тапсырылады. 
Әдеттегідей оқушылар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен 
кейін, мұғалім олардың қандай мағына білдіретідігін айтады 
-егер 
үйдің терезелері кең, үлкен болса, ол оқушының 
мазасыздығының көрсетеді. 
-есіктегі тұтқа суретшінің қонақжай екендігін білдіреді. 


80 
-үйдің баспалдақары болса немесе үй алдына жол салынса, ол 
оқушының қыдырымпаз адам екендігін білдіреді. 
Мұндай тестілер әзілге негізделетіндігін ұмытпау керек. 
Өзін-өзі бағалау деңгейі 
Тақтаға он басқышты баспалдақ суреті салынады, оларды номерациялық 
төменнен жоғарыға қарай қойылады. Оқушылар басқыштың бірін тандауы 
керек. Өзін-өзі бағалау деңгейі төмен оқушылар 1-ден 4-ке дейінгі 
басқыштарды таңдағандар, өзін-өзі тым жоғары бағалағандар санына 8-ші,
9-шы және 10-шы басқыштарды көрсеткендер, ал өздерін нақты, реалистік 
тұрғыдан бағалайтын оқушылар қатарына 5-ші, 6-шы және 7-ші 
басқыштарды жатқызуға болады. 
Орманда адасу
Оқушылардың өздігімен үйрене алатындығын немесе жетекті қажет 
ететіндігін былайша анықтауға болады. Оларға мынандай жағдаятты 
келтіру қажет: «сіз қалың орманда адасып қалдыңыз. Орманнан шығудың 
амалын білмейсіз. Кенет қараңғы нуда сізге бір адам жолыға кетті. Жөн 
сұрастырып едіңіз, ол адам дұрыс жолды білетін болып шықты. Ол сізге 
бұл орманнан қалайша шығу керектігін айтып, жол сілтеді. Сіз енді екі 
әрекеттің қайсысын таңдайсыз: 1) әлгі адамның айтқаны бойынша 
шығатын жолды іздеймін; 2) сөзіне иланбай, сол адамның өзі жол бастап, 
мені орманнан шығарып жіберуін өтінемін. 
Бірінші жауапты таңдаған оқушыларды өздігімен үйрене алатындардың 
қатарына жатқызуға болады, оларға бағыт бағдар сілтесе жеткілікті. Ал 
екінші жауапты таңдағандар әлі де өздігімен үйрене алмайтындар, оларға 
әлі де жетек керек деп есептеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет