Н. абугалиев ¥ЙҚастың фономорфологиялық ҚҮрылымының ерекшеліктері моногра фия қарағ анды 2012


а)  Зат есім  сөздердін ұйқас құрауы



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата12.03.2017
өлшемі8,74 Mb.
#8969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

а) 
Зат есім  сөздердін ұйқас құрауы:
Салабатп
 ичинда  ’уиар дег  ’ариф 
Сахауат
 самақат тутар  ’усманы 
Тетиглигда  кендү  Айаздин озук 
Дад инсаф тутар  чын  Аниширваны, — 
мұнда 
салабат  (шаригат), сахауат  (мырзалық)
  сөздері  тармак басында  ке- 
ліп толымды ұйкас жасап тұр.
э) 
Егіз тар м ақ тағы   сөздердін түгелге ж уы гы   үйкас  күрайды:
Билиглиг сөзи  панд насихат адаб
Билиглигни өгди  ’ажам  йам  'араб 
^
Таварсызга билиги түганмас тавар  Щ
Хисабсызга билиги йарылмас хисаб,
  —
шумағында соңғы  тармактардың алгашқы  және  сонгы  бунактарындагы  бас-
қы  сөздер 
(таварсызга
  — 
хисабсызга,  туганмас
  — 
йарылмас)
  косымша-
ларынын сәйкестенуі  негізінде толымсыз ұйкас  құрап тұрса,  аралык билиги
сөзінің  кайталанып  келуі  айтылуда  үйлесімділік  сапасын  арттырып  түр  ле­
се болады.
б) 
Туынды 
сын 
есімнен 
болады 
(бахыллықны-сараңдықты,
ахылықны-жомарттықты):
Егилмаз көңүлни 
ахы ер егйр 
Тегилмас мурадқа 
ахы ер тегар 
Бахыллықны
  каны өгар тил  қайу 
Ахылықны
  һам  хас төзү  хапык өгйр, — 
жоғарыдагы  үзіндінің  алғашкы  тармактарынан  ұйкас 
(е.'ар 
Һгегсір) 
алдындағы  сөз тіркесінін 
(ахы ер)
  кайталанып  келіп  отырганын  көреміт
в) 
Туынды  зат есімнен  болады  (Севунч-сүйініиі,  өкүнч-өкініш):
Не  иш  өтрү  келса сена кет йакын
Ж   Ол  ишнин өңини  соныны  сакын
Севүнч ерса кедин
  көнүл тут ана

Өкүич ерса ацдин
 озарак сакын, —  
шумағының  соңғы  тармактарындагы  алғашкы  бунактағы  сөз  тіркестерінін 
(
севүнч  ерса-өкүнч  ерса)
  бірінші  сынарлары  дыбыс  сәйкестігі  ніәтижссінлс 
толымды ұйқас  құраса, екінші  сыңарындағы  шартты  райлы  етістік  кайтала- 
нып  келіп,  үйлесімділік  тудырып  түр,  Ал,  келесі  бунактагы  септеулі  есім- 
діктердің (
кедин

ацдин
 — 
оган,  одан)
 жалғауларының бір тектес болуы  тар- 
мақ басындағы сөздердің эуезді  естілуін одан  әрі  сомдап тұр десе болады.
г) 
Т а р м а к  басы н дағы   сөз тіркестерінің үйқасуы :
Вафа көли
 суғлуп  қуруп  йуллары 
Жафа толды
 ташды деңиздин едиз 
Қаны  ’аһд аманат қаны едгүлүг 
Көни келдүгүнча хайр кетгүлүг, —- 
шумагында  алғашқы  тармактардагы  белгіленген  сөз  тіркестерінін  алгашқы 
сыңарлары —  зат есімдер  (
вафа

жафа
 — 
опа,  жәбір-жапа)
 толымды  ұйкас 
құрап,  соңғы  сыңарлары -  зат есім  мен  етістік  сөздері 
(көли,  толды
  — 
көлі, 
толды)
  дыбыс  саны  сәйкессіздігінен  жеке  айтылуда  үйлесімділіктен  алыс 
жатқанымен,  бірен-саран  дыбыстарынын 
(ө-о,  л)
  сәйкестігі  негізінде  то­
лымсыз  ұйқас  жасап  тұр.  Алайда  бұл  тіркесті  сөздерді  бірынгай  екгііндете 
айтқанда,  алғашқы  сынарындагы  сапалы  ұйкастын  әсерінен  соні ы  сынары- 
ның ұйқаска  қатысты  олқы  тұстары  жымдасып,  әуезділік  накышына  ие  бо­
лып түр.
ғ) 
Үш  ком поненттен тұ р аты н   сөз тіркестерінің ұйкас  күрауы :
Айа манда кедин  келигли  муны 
Оқуған ду  ’ада унутма мени 
Сеңа надйа қылдым бу
 таңсуқ сөзүм 
Меңа надйа қылсу ду 'а
 деп сени, —  
деген  шумакта  белгіленген  есімдік  (
сеңа-саган,  меца-маган),
  зат  есім 
(надйа-сыйлъщ),
  етістік 
(қылдым,  қылсын)
  сөздердін  қатар  келіп  ұйқас  құ- 
рап тұрғанын байқа^та болады. Тек соңгы етістік сөздеріндегі  косымшалар- 
дың түрлі 
(-дым,  -су)
 болып  келуі ұйқастың сапасына эсер етуде.
Сонымен  қатар  баскы,  ішкі,  аяққы ұйқастармен  бірге тармак бойындағы 
сөздердін  де  өзара ұйқасып  келуінен  авторлық  шеберлікті  аңғарамыз.  Мы-
салы:
Иассауиде:
Кузим 
намлик
, дилим 
гамлиқ^
  жан 
апамлик
.
Нечук гилаж айтаримни билмам  ,  достлар 
Бу хасратда  надаматда нашим  акиб,
Қаю 
тараб 
кетаримни 
билмам. 
достлар. 
белгіленген  ұйқасты  сөздерде  мұрын  жолды 
(м)
  жэне  ауыз  жолды 
(л)
  үнді 
дауыссыздардың сөз ортасында қатар  келуі  әуезділікке әр  бергендей.

Мысалы:
Сиасат риасат қиасат
  карам 
Зиада ула ’адл ешит көр  муны 
Иана мажд 
мурувват футувват
 уған 
’Ата кылды шаһымға бу жумланы, —  
үзіндісінде  1,3-тармақтардагы  белгіленген  ұйқасты  сөздердін  катар  тұруы 
=  өлең  әуезділігіне  ерекше  бір  әр  бергендей.  Аталмыш  үш  буынды  есім  сөз- 
дердегі  дауыстылардың  кысаң 
(и, у)
  жэне  ашык 
(а),
  ал  соңгы  дауыссыздын 
шүғыл 
(т)
  болып  келуі  өлеңнің  екпінді  ырғақпен  оқылуымен бірге  тыңдау- 
шының  (оқырманның)  назарын  негізгі  айтар  ойға  аударуда  маңызды  рөл 
атқарып түр.  Сөзіміздің дәлелі ретінде прозалық аудармаға жүгінелік:
Саясат,  басшылыц,  тащырлъщ,  жомарттық
Бұған коса әділдік,  мұндайды есіттің бе, 
көрдің бе?
Тағы да 
үлылық,  қаиырымдылық
,  кішіпейілділік. 
Алла
Осының бәрін  шаһыма бере  салган.
Ал, төмендегі  мысалдан  шумак ішіндегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерінін  6а- 
сым  көпшілігі ұйқасқа негізделіп  кұрылғанын  ангару  киын  емес:
Ким ол
 борчы 
ерса
 киши 
йиги ол 
Керак ерса йиглиг йүри  борчы  бол 
ол йоллуц ерса аның  иолы  ііоқ 
Ким ол  йолсуз ерса аңа кецрү ол.
Білімнің  пайдасы  мен  надандыктың  зияны  туралы  жыр  тұтастай  дерлік 
ассонансқа  құрылған.  24  тармақтың  19-ы  «б»  дыбысынан  басталатын  сөз- 
ден  кұрылса,  оның  16-сы  кайталанып тұрған  «білім»  сөзі.
О р т а ң ғы  (іш кі) үй қастарды н  т ү л ғ а л ы қ  си паты :
а) 
З а т  есімдердің ұй қасуы  (
күнуң-түнүң):
Иаратты уғаным 
түнүң
  күндүзүң  •
Өтүп бири бирга йүрүр өң соң-а 
Түңатүр түнүини 
күиүң кетарип 
Күнүң кетарип
 баз йаругур тан-а, —  
бұл  шумақтан  үшінші  тармак  соңындағы  белгіленген  сөз  тіркесінің  келесі 
тармақ басында кайталанып  келуі де ұйқас сапасын  нығайта түсуде.
ә) 
Е тістіктер
Уқуш 
болса
 еркә  көр асгы  өкүш 
Билиг 
билсә
 өтрү болур  ер  көшүш 
Уқуш 
бирлә
  ишлар  камуг  иш  көдүг 
Билг бирлә бегләр  бу булмыш  өдүг.

кЗВбеь - 

  ' -■
*
б)  Е тістік сөздер  Иассауиде  қайталаіУіадан  кейін  ұйкасы п  келсе:
Ая, достлар, 
неч билмадим
  мен  иолимни,
Сағадатға багламадим  мен  белимни.
Ғайбат суздин 
неч  ишадгш
  мен тилимни, 
Наданлығым  мени  расуа  кылды,  достлар,  —   бірінші  және  үшінші  гар- 
мақтарда  кайталанып  келген 
неч  (кеіи)
  сөзінен  кейін 
бил.мади.\і  (оііме<)і\і). 
игмадим (тыймадым)
  етістіктері ұйқас тудыруда.
Ал,  Иүгінекиде  керісінше,  ягни  қайталама  алдында ұйқасады 
(сөзлаган- 
да-сөйлегенде,  беклаганда-бақлаганда):
Сафиһ ер тили өз башы душманы 
Тилиндин төгүлди телим ер қаны 
Өкүш 
сөзлаганда өкүнган
 тел им 
Тилин 
беклаганда өкүнган
 қаны,
соңғы жолдардың алгашқы бунағындағы белгіленген  етістіктердің 2,3-буын 
дыбыстарының  сәйкесуі  нәтижесінде  үйлесімділік  туса,  келесі  бунактагы 
қатар тұрған етістіктердің қайталанып  келуі әуезділікті  күшейте түскендей. 
Иассауидің  52-хикметі  толыгымен  етістік  сөздердің  жол  ортасында  ұй-
қасып келуіне құрылган.  Мысалы:
Курган заман 
инанган
 Абабакир  Сидык дур,
Устин болуб 
тиянган
  Абабакир  Сидык дур. 
Муңлашганда 
иглаган
 куллукка бел  баглаган,
Ич-бағрини дағлаған  Абабакир Сидык дур...
б) 
Келесі  күрделі  ішкі ұйқас кұрамын талгаулык  шылау,  зат есім  және 
септеулік құрайды.  Мысалы:
Ниқаб көтрүр ажун бирар  көз ачар 
Йазар қол қушар дег йана тарк качар 
Иазынғы булут дег 
йа түги
 дег халы 
Дыраңсыз кечар 
йа қуіи
 дег учар, —  
дегенде  соңғы  жолдар  ортасындагы  белгіленген  сөздердің  қазіргі  тіліміз- 
дегі баламасы  мынадай —  
йа (я),  түги  (түс),  қуиі  (құс),  дег  (сияқты).
  Мұн-
дағы  зат  есімдер  толымды  үйқас  жасаса,  талгаулык  пен  септеулік  шылау 
кайталанып түр.
Өлеңге  көремдік  қуат  бітіруде,  «тілге  жеңіл»  тиюде  дыбыстык  кайта- 
лаулардың  алатын  орны  ерекше.  Сондай-ак  акын  бір  калыптан  кұйылган 
сөздердің  дыбыс  кайталанушылыгын  шумактың,  хикметтін  есте  калып,  тез

жатталуына  пайдаланган.  Бұл  белгілі  бір  кагиданын  да  есте  калып.  көнілге 
сіңуіне алгы  шарт жасайды62.
Жалпы  поэзияда  қайталама  сөздерді  колдану,  ягни  сөз  кайталау  канша- 
лықты  маңызға  ие  болса,  дыбыстык  қайталауларды  коядану  да  соншалык-
ты өзіндік ерекшеліктерден тұрады.
Йассауи  болса,  дыбыс  кайталанушылыкты  зікір  айтуга  кажет  элемент 
деп  оңды-солды  қолдана  бермеген,  кайта  мазмұннын,  образдын,  суреттін 
бейнесін  беруде дыбыс  кайталанушылыкты  да пайдалана білген  акын.
Ал  мына  шумакта  ақын  керуен  мен  жол  сөздерін  кайталауда  екеуінін 
жалгастығын,  байланыстығын,  яғни  жолсыз  керуеннің,  керуенсіз  жолдын 
жоқ  екенін  көрсете  отырып,  өмірдің  мэні  козғалыста  деген  тұжырымына 
қосымша бояу бере алған.
Ж үгін ж үглеп  әр  керуен сапар қылар,
Жолсыз керуен сапарга нешік шығар.
Жолы  көп ж олды   көрген керуен  шығар,
Жол
 көрмеген керуен кадам 
шыкканы 
жок
 (134-х).
94-хикметте  ақын  Хақ  күдыретін  беруде,  онын  каһарынан  корыккан 
күлдың  ахуалын  суреттеуде 
X,  Қ,  һ
  әріптері  МазмұНға  аспандагы  найзагай 
болып  күркіреп,  осы  әріптердің  дыбысталуындагы  үзілмелі  жарылі ышгык 
қасиеті ескерілгеніне күмэн жок:
Қанар
  атты  каларынан,
/(орқып жылар кожа Ахмет.
Рахман атты рахметіңнен,
Үміт түтар кожа Ахмет.
Тарқата айтатын  болсақ,  орта түркі  поэзиясында дыбыстык кайталаулар
төмендегідей фономорфологиялык үлгіде кездеседі:
Дауыстылардын жол басында және ортасында келуі:
Баласагүниде;
Қайусын тилэсә өдүргил бирин 
Есиз едгү
 болса өкүнма йарын.
Йассауиде:
Уа уилта кеча кундуз кылмай тағат,
Хақ расулу уммат учун  иемай  нигмат.
Ичмти,  иемиш
  ниғматлари  кайгу  михнат.
Не иуз бирла хазретиға барғум  мана.
АхметбекА.
  ҚоЖа  Ахмет  Йассауи:  Көмекші  окү  кдралы 
Ліматы  Саіги
1988.-100-6. 
\

Кединги  келигли  кишилар  ара 
Аныц
 зикри таңсук едиз болсу теп 
Аның
  вудды бирла көңүллЁр толуп 
Аның
 йады  бирла ажун толсу деп.
Еши едгү
 болса, ер елгү болур 
Ер еіи едгүсинда
 өкүш  хайр  келүр 
Есизга
 йавума 
есиз
 сухбаты 
Сени таркин есиз қылығлық кылур.
2. 
Ж ол о р тасы н д а  келуі:
Баласағұниде:
Оқытчы  мени ыдты 
емди
 сеңә 
Мени  йалғуз ыдма 
ей ерсиг
 тоңа 
Битиг ыдты 
елиг
 өз 
елгин
 битиб 
Некү сөзләди 
ерсэ
 көргил оқыб.
Йассауиде:
Таңри тағала сузин  Расул  Алла суннатин, 
Инанмаган
умматин уммат
 демас  Мухаммад. 
Умматмин деб  иурурсин, 
буйриғини  қылмассын,
Ничук умид тутарсин,  анда  сурмас  Мухаммад.
Йүгінекиде:
Билигсизга хақ сөз татыксыз ерүр 
Аңа панд насихат асыгсыз ерүр 
Не түрлүг 
арыгсыз арыр
 йудыса 
Жаһил  йуп 
арымаз
 арығсыз ерүр.
Жол соңында келуі:

-
Иассауиде:
Иузим  қарасини 
ақ айлагайсиң,
Мухаммадни  маңа иа айлагайсин.
Сурар уақитда узин бандам дегайсин,
Қиямет кун мени шарманда қылма.
Йугінекиде:
Билиглиг киши көр билүр  иш өзин 
Билип етар ишни өкүнмас  к един 
Не турлүг иш  ерса билигсиз өни 
Өкүнм  ол  аңар йок өн 
аңда аОын.
Жол басында және соңында  келуі:
Йүгінекиде:
Иема пандим  алгыл узатма 
амаі

Амал
  исрасында бусуглы 
ажип 
Амал
 демишим дост узун  санмак ол 
Узун сама сакынч  өкүш  кыл 
амал.
5. 
Дауыссыздардың жол  басында және  соңында  келуі:
Баласағұни  жыр  жолында дауыссыздарды  кайталауда  көбінесе 
6
  жэне 
дыбыстарын қолданган.  Мысалы:
Билиг берди йаңлук бәдүди  бу  күн
Уқуш  берди өтрү йазылды  түгүн  немесе 
Некү тер ешитгил 
бу севмиги
  киши 
Севугкэ севүг'
 айбы ердэм  башы 
Севүглү
 нишаны бу ол белгүлүг 
Севүг 9
 айбы ердэм болур ей күлүг.
Йассауиде:
Тоқузгімда толганмидим тогри
 иолга,
Табаррук деб алыб иурди  колдин  кол га.
Қуанмидим  бу сөзларга,  қачтым  шөлга,
Ол сабабдин  алтмыш  учла кирдим  иерга. 
Йүгінекиде: 
\
 
"5 
л  .  .
Билиглиг билигни адарган болур 
Билиг татгын ей дост 
билиглиг билур 
Билиг 
билдүрүр
 ерга 
билиг
 кадрыны 
Билигни билигсиз
 адын  не  кылур. 
^  "
Санып сөзлаган
 ер 
сөзи сөз сагы
Өкүш  йаңшаган тил  ей алмас  йагы 
Сөзүң бошлуг етма йыга тут тилин 
Иетар башка бир  күн бу тил  бошлығы.
Жол ортасында келуі:
кл
Йассауиде:
Алтмьгш учда нада келди,  кул>  иерга кир,
Ьам 
жаныцмен

жананыцмен жаныцны
  бер. 
һ у  шимширин  қолға алыб,  нафсиңни  кыр,
Бир уа Барым, дидарьщны  курармин  му? 
Йүгінекиде:
к*
Иок ердим 
йараттьщ йана йоқ
 кылып 
Екинч  бар кылурсен  мукирмен  муңа 
Айа шак  йолында  йелигли  өтүн 
Кел отдин  өзүн йул  өлүмдин  өң-а.
Жол соңында келуі:
Уммат кунаһини тилаб у 
шаъу ишьиншан.

Ол  руз жаза иок бизда паруай  мухаммад.
Кечкил  һаммадин  изла  Мухаммадни  ризасын.
У а, Апла,боласин лахзада куйай.  Мухаммад.
Тирил едгү ф и’лын  көңүллар апып
Есизлиглигин өзни 
сираңгү сапып
Етар болсаң ишни 
саиып сақнып
  ет
Керак  му кераксиз му кетрү билип.
Жол басында жэне сонында келуі:
Йассауи де:
Ғ амал қылмай 
галам гылмын
 басыб иургай,
Улиб барса тар лахадга жаны куйгай.
Алла Расул  «динин кнм?» деб һайбат  қылғай,
Жан уа дилда хайй зикирини айтын, достлар.
Қорыта  айтқанда,  Қарахан  дәуіріндегі  көркем  сөз  өнерінің  гажайып  үл- 
гілері болып табылатын Ж үсіп Баласагүнның  «Құтты  білік»,  Ахмет  Иүгіне- 
кидің  «Ақикат сыйы»,  Ахмет Иассауидін «Диуани  хикметі»  сиякты  шыгар- 
маларға  талдау  жасау  аркылы  казак  акын-жыраулары  поэзиясындагы
дидактикалык-шешендік  толғаулар  мен  макал-мәтелдердін  кайнар  басгау- 
лары  ежелгі  түркі  дәуірінің  көркем  сөз  өнерінде  жатқанын  айкындалык. 
Сонымен,  ежелгі  түркі  әдебиеті  мен  казак  акын-жыраулары  поэзиясы  ара- 
сындағы  сан  ғасырларға созылып  жаткан  көркемдік  дәстүр  жалгастыгы  бір 
сәтке де үзілген емес деген тұжырымга келдік.
Қ.  Өмірәлиев  Қашқаридің  «Алп  Ер  Тона  өлді  му»  жырын  мысал  ете 
отырып,  жоктау  өлең  түрінің  VII  ғасырдан  XI  ғасырға  ауызша  жетіп,  тіпті 
ХУ-ХУІ ғасырлардағы  казақтың жоктау  өлеңдеріне ұласканын  айтады.  Сол 
сияқты  макал-мәтелдерді талдау барысында олардағы  тұракты  модель-фор- 
малардың, ұйқастык тәсілдердің әріден сакталып,  кейін  біздін  заманымызга 
дейін жеткендігін дәлелдейді63.
Қазактың  ауызш а  поэзиясы  XI ғасырға  тән  бұл  сиякты  ш у м а қ а р а л ы к  
желі  ұ й қ а с т ы   өлең  түрін  жыр  үлгісіне  көшіру  (шумақ  жігін  шұбыртпалы, 
үдетпелі  ұйқас  негізінде  бұзу)  арқылы  өте  ертеде  салттан  шығарған.  Бұл 
өзгеріс  жөнінде  бір  гана  болжам  жасауға  болады:  Х-ХІ  гасырдан  калган 
поэзиядагы  аааә —  
бббә...
 түріндегі тұракты  шумактык ұйкас өленнің айты- 
лу  интонациясына,  ыргагына,  оларга  тән  желіге  өзгеріс  ену  аркылы  шама- 
мен 
аааэ
 - 
бббэ
 - 
гггә  >  ааааэ  <
  > 
ббэ//бә
  - 
гггэ
  <  > 
ггэ/гә...
  түрінде  дамыды
63 
Өмірэлиев Қ.
  Көне  дәуірдегі  сөз  үлгілері  және  оларлы  чертгсх  і рсі.іі 
Қазақстан мектебі,  1971. —  №2.

да,  кейінгі  шумақтардын  жолы  азаю  я  көбею  аркылы  төрт  жолды  гұракты 
шумақтын  жігі  бұзылды.  Енді  өлен  шумаклен  жіктелмей.  ұйкаспен  жік- 
телетін  болды.  Ойды  айту төрт жолды  шумак талабымен  шектелмей.  акыи- 
дардың 
ұйқасты  жол
  күрау  кабілетіне  катысты  болды.  Сөйтіл  желі 
ұйқас- 
тардың
  арасындағы 
ігикі  ұйқасты  жолдар
  сан  жагынан  тұраксызданды 
Кейде  ішкі ұйқастардың өзі  екінші  сатыда тағы  кайталап,  желі  ұйкасы  гана 
емес,  ішкі  ұйкасы  да  қайталама  кайталама ұйкасты  өлек-жыр  түрлері  туды. 
Енді  шумақаралық  желілі  үйкас  орнына 
түйдек  ішілік
  желілі  (сатылы) 
ұйқас  пайда  болды. 
Түйдек
  (тирада) 
тармақты
  өлен-жыр  түрі  келіп  шык- 
ты.  Қазақтың жыр үлгісіндегі толгау, тақпақ (терме),  сарын,  жоктау,  жылау 
жырларының бәрі ұйқасы  жагынан осы түрде туды64.
Тарауға  қорытынды  жасайтын  болсақ,  сонау  көне  түркі  дәуіріндегі  сез 
ұйқасының ұшқындары  орта түркі  поэзиясында  дами  түскенін  немесе  орта 
ғасыр  ақындарының  көне  жәдігерлерден  үлгі  алғанын  жоғарыдағы  тілдік 
талдаулардан  айқын  аңғаруға  болады.  Белгілі  әдебиетші  Н.  Келімбетов  өзі- 
нің  зерттеу  еңбегінде:  «көне  түркі  жырының  дыбыстык  құрылысы  ерекше 
назар  аудартатынын,  Орхон-Енесей  ескерткіштеріндегі  өлендерде  бірынгай 
дауыссыз  дыбыстардын  кайталанып  киысуы,  ягни  аллитерация  жырлагы 
үндестікті,  мәнерлілікті  күшейте  түсетінін»  айткан  келіп.  ежелгі 
гүркі 
по ♦- 
зиясында  осылайша  бірыңгай  дауыссыз  дыбыстардын  («О»  —   «К»)  кайта­
ланып  отыруы  аркылы  жырдың  ішкі  мәнерлілігін  үдетіп  арттыра  түскен. 
Мұның  өзі  ежелгі  түркі  тілінің  үндестік  занына  да  сәйкес  келеді:  Ежелгі 
түркі  поэзиясындагы  осындай  аллитерация  көріністері  араға  сан  гасырлар 
салып  барып,  қазактың  батырлык  жырларынан  көркемдік  дәстүр  жал- 
ғастығын тапқан», —  дейді.
Тараудың  тұжырымы  —   түркі  ескерткіштерін  ХУ-ХУІІІ  гасырлардагы
акын-жыраулар  поэзиясынмен  салыстырғанда ұйкастын  өзіндік  ерекшелік-
терімен  айрыкшаланады.  Мүнда  ұйкасты  қайталаулар  (дыбыстык,  сөз,
тіркесті  сөз,  тармак)  және  морфемалық  ұйкасымдар  кұрайды.  Орта  түркі
поэзиясында  осы  қаиталаулардың  жиі  колданылуы  арадағы  сабақтастыкты 
аңғартады. 
&
64 
Омірглиев К
  Қазак поэзиясының жанры және стилі  - Алматы:  Ғ ылым  I
89-6. 
\

2. 
СӨЗ ¥ЙҚАСЫМЫНЫҢ 
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1.  АҚЫН-ЖЫРАУЛАР —  АУЫЗША  ПОЭЗИЯНЫ
ДАМЫТУШ ЫЛАР
Тарихи  деректерге  жүгінер  болсақ,  ежелгі  түркі-монғол  тайпаларында 
эпос  айтушылары  «ұзан»  деп  аталған.  Түрік  лұғатын  жазған  Фарханг  Шу
ри «үзан»  сөзін  қолыыа тамбур алып,  ел арасында өлең,  жыр айтатын адам- 
дарға қатысты  колданған.
Басқа  да  көршілес,  ежелгі  Орта  Азия,  Қазақстан  жерімен  терең  тарихи 
байланысы  бар халықтардың сөздігіне  қарап  отырсақ,  айтушылар  «шайыр» 
(түрік),  «бахши»  (өзбек),  «бақсы»  (қазақ),  «ашуг»  (эзірбайжан),  «бөө» 
(монгол), «үлгерч»  (бурят) болып түрліше аталады. Бүл  атаулар бірде ұстаз, 
ел  ағасы,  ақын  деген  үғымды  білдірсе,  енді  бірде  айтушы  мағынасында 
қолданылады  .  Сонымен  қатар  үлкен  эпопеялық  жырларға,  оларды  на- 
сихаттауға  байланысты  туган  атаулар  да  бар.  Олар:  тәжік  айтушылары  — 
гургулихондар,  бурят  халкының  эпос  орындаушылары  —   олохогшылар.
қыргыз  поэзиясыньщ  алыптары —  манасшылар,  казактын  үлкен  эпос  айту­
шылары —  жыраулар да осы сапаға қосылады.
Қазақ ауыз әдебиетінде айтушылар үш топқа бөлінеді:
а) 
өлең-термешілер; ақындық толғау;
б) 
ақын, жырау, жьфшылар66.
өлен-жырларды  ду-
неге әкелушілер, дамытушылар мен сақтап жеткізушілер —  майталман  жы- 
раулар, жыршылар және ақьшдар болды.  Осылардың  ішінде жыраулар  шы- 
ғармашылығы өзіндік жанрлық ерекшелікке ие.  Ол қазақ халқынын ертеден 
келе  жатқан  «суырыпсалма»  дәстүріндегі  толгау  жанры  болатын67  Халык 
айтушыларының келесі түрі —  жыршы.  Қысқаша айтқанда,  жыршы —  эпи-
калық өлең-жырларды орьгадаушылар.
«Жырау>>  деген  термин  өзіміздегі  «жырлау»,  «жыр  айту»,  «жырламақ»
сөзінен келіп шыққан.  Мүның түп төркіні байырғы  «жыр»,  «жыршы» деген 
ұгымдармен өзара астасып жатыр68.
Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т.
  Көне мәдениег жазбалары. -  Алматы  Казак
универскгегі,  1991. — 264-6. 
^
ак
Соцца, — 265-6.
Ахметов 3. А. О
 языке казахской поэзии. — Алматы: Мектеп.  1970. — С. 20-21 
Ьрте
 дәуірдегі казак әдебиеті. — Алматы: Ғылым,  1983.__59-6
66
67
68

Ежелгі  түріктер «йыр»  айтушыларды  «йырағу»  деп, өзінік  кызметі  сияк­
ты  бір-ақ  сөзбен  —   «йыр»  сөзімен  атаган.  Жазылган  өленді  де,  ауызша 
өлеңді де  «йыр» деп  айткан, бөлмеген.Ежелгі түріктер  «йыр»  айтушыларды 
«йырагу»  деп  атаған:  йырағу  -   кобызшы,  әнші69.  Ягни  йырагу  (жырагу  > 
жырау)  қобызбен  ән  сазына  келтіріп,  әндетіп  йыр  айтушылар  болган.  Бұл 
жыраулар айтатын жырлар:
1. 
Соғыс жырлары,  ерлік жырлары;
2. 
Өсиет-үлгі жырлары;
3. 
Жоктау жырлары,  естірту жырлары  болды70.
Профессор  3.  Ахметов  бұган  мынадай  аныктама  береді:  «Жыр  —  стих 
астрофический,  т. е.  он  лишен  строгой  строфической  организации.  Но  поэ­
тическая  речь  в  жыре  членится  тем  не  менее  на  группы  стихов,  периоды, 
различные  по  объему,  тирады.  Тирада —   группа  строк  (приблизительно 
от 
четырех  и  пяти до  двадцати  и  более)  объединенных  единством  смысла,  ин­
тонационной замкнутостью  и  рифмовкой»71.
Ал,  жырауларга  келеек,  олар  өмірдің  ұсак  мәселесіне  аз  араласып,  көбі- 
несе, заман,  дәуір,  өткен  мен  келешек,  адамгершілік,  жаксылык  пен  жаман- 
дык жайлы  ойлар,  болжаулар,  кагидалы  сөздер айтып  отырган72.
Жырау  ру  басы  аксакал,  халыктын  көкейтесті  арманынын  мұншысы. 
жыршысы  ретінде  өте  кажетті  тұстарда  гана  болмаса,  суырып  салып  жыр 
тудыра бермеген.  Ел  құрметіне  бөленген  жырауларга  жұрт болашагына  ка- 
уіп төніп,  қалың бұкара жол таба алмай  тыгырыкка тыгылган  екітадай  ауыр 
сагаттарда  гана  ақыл  салып,  кеңес  сұрайтын  болган.  Сонда  гаяа"жыраулар 
халыққа  күш-жігер  беріп,  осы  оқиганың  немен  тынарын  болжап,  тебірене 
жыр  толгайтын  болган.  Болашақты  барлап  болжам  айту —   көреген  де  біл- 
гір жыраулардың поэтикалық өнерінің басты  тәсілі  болып  саналган73.
Жырау —   ақпа-төкпе  импровизатор,  өлең  сөзді  кару  еткен  өнер  адамы, 
халықтын  камын  ойлайтын  парасаты  мол  ел  агасы,  кысылганда  жол  табар 
ақылшысы,  уақыт,  оқига  сырын,  замана  багыт-багдарын  акыл  таразысына 
салып сынай, салмактай  білетін,  болжаганы  болып.  айтканы  келетін  тапкыр 
да көреген дан  абызы,  кисық кеткенді  кылышпен  емес,  сөзбен  сілейтіп  буй- 
рык берер  әміршісі,  бетің бар,  жүзің бар демей  тура айтар  өткір  де  әділ  биі.
^  
Кашгари М.
 Дивану-Луғат-ит түрк. — Ташкент,  1963. Т.  3. — 43-6
Өмірәлиев Қ.
  Қазак  поэзиясының  жанры  және  стилі  —  Алматы:  Ғыяым  1983
—  240-6.
Ахметов 3. А.
  О языке казахской поэзии. — Алматы: Мектеп,  1970. — С.  59.
3  
ЬІсмайылов Е.
 Акындар. — Алматы,  1956. — 42-6.
Маргұлан Ә.
  Қазақ халқынын  көне  поэтикалык  мүрасын  жасаушылар  туралы: 
М. О. Әуезовтіц 60 жыддыгына. -  Алматы,  1959. — 73-6.

жөні  келгенде жыр  мен қаруды бірдей  жұмсап жауға аттанар жауынгер  жы- 
рауы  болған.  Ж ырау ел тагдырын  шешер  ірі  оқиғапар,  аса  мәнді  көкейкесті 
мәселелер  тұсында  толғанған.  Халық  өзгелерден  гөрі  қайғырғанда  демеп, 
қуанғанда  қанат бітіріп,  ақыл  косатын  асыл  сөз  иесі  жырауларды  қатты  ка-
дірлеген.
Жырау  —   дидактик,  өзінен  бұрынғы  жэне  түстас,  замандас  әріптесте- 
рінін  көрквмдік  бейнелеудегі  қол  жеткен  табыстарын  өзінше  айшықтап, 
сөзге  сыңғьф  әуез,  сазды  салмақ  қосады.  Көбінесе  өздері  көрінбей,  өзгені 
өсіре  көрсетуді  мақсат етеді.  Индивидтік  поэзиянын  енді  гана  ауызша  әде- 
биеттен  бөлінен  беріп,  жеке  отау  кұра  бастағанда  поэзияда  «меннің»  көрі- 
нуі  некен  саяқ  екені  анык.  Ж ыраулар  институтіне  әлі  де  болса  фольклор- 
дың  эсері  басымтүғын.  Такырыптык,  ритмикалык,  интонациялык 
ерекиіе- 
ліктердің дараланбаған,  сарапанбаған  кезі  еді74.
ХУ-ХУІІІ гасырларда  толық  мағынасындағы  поэзиянын 
өм ір  сүр ген ін е 
ешкім  шүбэ  келтірмесе  де,  ол  поэзия  біздін  түсымызға 
бастапкы  калпында 
толық  жеткен  жоқ,  ал  жеткен  жеке  нұсқалары  сан 
түрлі  өзгер істер ге 
ұшы- 
рап,  кейінгі  дәуірлердін  көп  косындыларын  бойына 
сіңіре  жетті.  Ал  X V - 
XVI гасыр  мен  XVIII гасыр  арасындағы  ауызша  поэзияны,  оның  ішіндегі 
лирикалык  поэзияны  багдарла,  шола  сүзе  карасак, 
бұл  
дэуірде  осы  лири-
калық  поэзияның: 
сарнау,  толгау,  зарлау,  тақпақ,  естірту,  жоқтау,  қош-
тасу
  сиякты  әлеуметтік-түрмыстық-философиялық  мазмүнга  ие  жанрлары 
болды75.
Қазак  халқының  ауызша  поэзиясының  жанры  толғау  болып  табылады. 
Толғау  жанрынын  поэтикасы  жайында  зерттеуші  Б.  Әбілкасымов  былай 
анықтама  берген  болатын:  «Толгау  —   это  устное  индивидуальное  стихо­
творное  произведение,  слагаемое  в  семи-восьми  сложном  размере  (с  опре­
деленными  отклонениями),  имеющее  тирадное  строение, 
н ази дател ьн о-ди ­
дактические и  героико-патриотические  мотивы,  речетацию»76.
«Толгау  —   казак  әдебиетінде  сюжетсіз  поэзиялык  туындынын  халык! 
тық  түрі,  белгілі  тақырып  бойынша  ойлар  түю,  философиялык 
пікірлер
білдіру пішіні», —  делінеді  поэзиялык сөздікте71.
74  Ерте дәуірдегі казак әдебиеті. — Алматы: Ғылым,  1983. —  131, 269-66.
Өмірялиев Қ.
  Қазақ  поэзиясынын  жанры  және  стилі  —  Алматы:  Гылым,  1983. 
- 6 8 - 6 .
76 
Абылкасымов Б.
  Жанр толгау  в  казахской  поэзии.  — Алматы:  Наука,  1984.  —
С.  106.
77 
Квятковский А. П.
 Поэтический словарь. —  Москва,  1966. — С. 305.

Толғау —   шындап  келгенде  ән  емес,  бірақ әуенмен  айтуга  лайыкталып 
шыгарылган  халықтық  лириканың  бір  түрі.  Толғау  халык  накылдарынын 
афористік  стиліне  жақын  және  жұтынған,  жаркын  афоризмдерге  бай.  Ды- 
быстық кайталау  мен  безендірудің өзгешелігі  мен  молдыгы  содан...  толгау 
үшін  айтылмақ  жайдың  өзара  байланысты  болуы  шарт  емес,  шыгарманын 
тұтастығы  мұнда  суреттелмек  кұбылыска  автор  катынасынын  бүтіндігі 
арқылы,  сондай-ақ,  кейбір  тұракты  композициялы  тәсілдерді  колдану  нәти- 
жесінде  камтамасыз  етіледі.  Ойдың  өрістілігі,  такырыптын  терендей  ашы- 
луы,  лирикалық  және  эпикалык  бастаулардың  біте  кайнасуы,  әмір  кұбы- 
лыстарын  мол  қамту сияқты  қасиеттерінін  аркасында толгау  халык  арасын- 
да  кең  қанат жайып,  ең  өнімді  жанрдың  катарына  жетті...  толғаудын  жанр- 
лык  түр  ретінде  қалыптасуы  халыктын  дидактикалык  поэзия  дәстүрімен 
байланысты болса керек78.
Жыраудың да  басты  жанры  -  толғау.  Толғау  дегеніміз —   ой,  толганыс, 
түйін,  мораль.  Толгау —   казактын  байырғы  ауыз  әдебиетінін  топырағында 
түзілген  форма79.  Сондыктан  жыраулар  аз  сөзбен  көп  ойды  түйетін  ыкшам 
күрылымды  поэзия түрін жасайды.  Осы себептен де толғаулар  көп  сәттерде 
бір-біріне ұқсас  үзіктерге,  афоризмдерге  айналып  кетуге  бейім.  Егер  ен  ко­
не үлгідегі  мақал-мәтелдер  өзінің лексикасында,  синтаксисінде,  баяндауыш 
формасында қайталауға қүрылып отыратын болса, асы ерекшеліктер дидак- 
тикалық-шешендік толғау-өлеңдерге де тән касиет.
Дидактикалық-шешендік толгау-өлеңдер өзінің 
синтаксистік^.әрі 
форма- 
лык,  әрі  лексикалық  қайталауга  құрылуы  жагынан  казак 
поэзия с ынын 
бас­
ка  түрлері  ішінде  ерекше  орынға  ие.  Бұл  жағынан  бірде-бір  жанр  тек  кел- 
мейді.
Шешендік  толгау-өлеңдерде  өленнің  үзын-ыргасындагы  сөз  мөлшеріне
шакканда  дара  сөздер  де,  дара  формалар  да  әдебиеттегі  өзге  әлен  түрлері-
нен  барынша  аз  болады,  әрі  бүл  сөздер  мен  формалар  кайталап  ке>ііп  оты- 
рады80.
Дидактикалық-шешендік  толғау  өлеңдер  казак  поэзиясында  мейлінше 
мол ұшырайды.  Бұл толгаулар  өзінің стильдік-тілдік,  модельдік  сипаты  жа­
гынан  өзараұксас болып  келеді. Дидактикалык-шешендік толгауларды  бел- 
гілі  бір тарихи  кезең аясында ғана  шектеп  койып,  оған  талдау жасау  кателік 
болар еді,  өйткені  мүндай толгаулардың тарихи тамыры  өте тереңде,  кадым
78
?9 
Ахметов 3. А.
 Казахское стихосложение. — Алматы,  1964. — С. 254-256.
80 
Назарбаев М.  Б.
  Әдебиет жэне дәуір. — Алматы: Жазушы,  1966. — 51-6.
ӨмірэлиевҚ.
  ХУ-ХІХ ғасырлардағы  қазақ  поэзиясынын тілі.  —  Алматы  1976
— 126-6. 
Ч

замандарда  жатыр.  Оның үстіне,  философиялық сарындағы  дидактикапық- 
шешендік толғаулар  көне түркі дәуірінде өмірге  келген  макал-мэтелдермен
сабактасып 
жатады81.
Жыраулардын  ішінде  Қазтуған  толғаулары  көлемі  жагынан  шагын  бол­
са  да,  ішкі  мазмұны  жағынан  толғау  түрін  өзге  бір  кырынан  танытады. 
Онын  толғауларынан  ерлік  рухы,  батырлык  лебі  еседі.  Асан  кайгы  толгау- 
ларында  негізінен  пессимистік  әуендер  басым  болса,  Қазтуганда,  керісін- 
ше,  ерлік,  өжеттілік  эуендері  молырақ.  Осы  тұргыдан  Караганда,  Казтуган 
толғаулары  батырлар  жырынын  жеке  бір  жырау  атымен  сакталган  шагыи 
бір  жалғасы тэрізді,  сонымен  катар,  поэзиямыздын  кейінгі  тұстарында  елә- 
уір  өріс  алган  ерлік  толғауларының  алғашкы  нұскаларынын  бірі  боп  табы- 
лады*2. 

Жалпы  шығыс  поэзиясына,  онын  ішінде  казак  ауыз  әдебиетіне  тэн  ди- 
дактикалық  дәстүр:  жақсылық  пен  жамандыктың,  зұлымдык  пен  махаб- 
баттың,  өмір  мен  өлімнің  катар суреттеле отырып, табан  аузында корытын- 
ды  жасалуы  немесе  тікелей  үйрету,  білдіру  мағынасындағы  дайын  этика- 
лык нормалар жеке авторлар творчествосында,  алғаш  Ш әлгез толғауларын- 
да өмірді  суреттеудегі  осы  жанрдағы  ең  бір  өнімді  тәсілі  ретінде  мол  орын 
алады.  г 
.

т 
г:
 
<
Ш әлгез  толғауларының  бір  ерекшелігі  —   жырау  өмірінің  әртүрлі  бел- 
белестерін  бірсыдырғы  толық  танытуында.  Жалпы  жырау  творчествосы 
өмірде,  әсіресе,  билеушілер  тарапынан  көп  әділетсіздік  көріп,  жан  күйзелі- 
сін көп тартқан адал,  ардагер адамнын бейнесін  көз алдыңа  келтіреді.
Жыраулар  тілінде  стандарттык  күшті  болады,  әсіресе 
грамматикалык 
тұлға-тәсілдер  біртектес  түрде  келеді.  Сондай-ак  жырау 
поэзиясы ны н  син- 
таксисіне  тән  параллельдер  белгілі  бір  сөздер  мен  тіркестердің 
ж эне  грам­
матикалык тұлғалардың үнемі  қайталап отыруын  кажет  етеді, 
бұл 
да тілдеі 
і 
стандартгыкты  туғызады83.  Грамматикалык  формалар  аркылы  ұйкас  жасау 
М.  Қашкари  жиған  барлык ауызша  поэзия  үлгілерінін  ерекше 
белгісі.  Ягни 
ұйқасты,  біріншіден,  грамматикалык  формалардың  түрленісіне  кұру,  екін- 
шіден,  ол  сөздердің  етістік  болып  келуі,  үшіншіден,  олардың  баяндауыш 
кызметінде  түруы  М.  Қашкари  дәуіріндегі  ауызша  поэзияның  да,  бергі  дә-
81
82
83
Келімбетов Н.
  Көркемдік  дәстүр  жалғастығы:  Зерттеу.  —  Астана:  Ел орда,
2000. —  157-6.
Ерте дәуірдегі казак әдебиеті. — Алматы: Ғылым,  1983. — 30-6 
Сыздықова Р.
  Қазақ әдеби тілінін тарихы:  ХУ-ХІХ  г. — Алматы:  Ана тілі  1993 
145-6.

уірдегі  қазак атымен  белгілі  ауызша  поэзия  үлгілерінін де бірден-бір  негізп 
ерекшелігі.
Қазақтың  азаматтық  поэзиясында  барынша  мол  орын  алатын  жанр  — 
дидактикалық шешендік толгау өлеңдер  екенін  жогарыда  айтып  кеттік.  Бұ- 
лар  өзінің стильдік-тілдік  белгілері  жағынан  бір  сипаттас  келеді  де.  о;і  бел- 
гілері  тілдің  белгілі  бір  тар  уақыт  аясына,  белгілі  бір  кезеніне  теліп  карас- 
тыруға  келе  бермейді.  Және  өзінің  осы  ерекше  касиетімен  олар  макал-мә-
тел жанрына өте ұқсас84.
Асанқайгы,  Қазтуған,  Шалкиіз, Доспамбет,  Шобан,  Маргаска.  Жиембет- 
тер  негізінен  екі-үш  жанрда  жырлаған:  бірі  —   дидактикалык  толгау,  онык 
тақырыбы —  жалпы  ақыл,  насихат айту,  екіншісі —  арнау толгау,  ягни  нак- 
тылы  біреуге,  не  оқигага,  не  өзіне  қарата  айтылган  сөз,  онын  такырыбы 
көбінесе  қоғам,  адам,  ел  қоргау,  үшіншісі —  портрет өлендер.  Оның өзінде 
де  бүл  жанрлар  жыраулардың  барлыгына  бірдей  тэн  емес:  Қазтуган  мен 
Доспамбетте,  Шобанда,  Маргасқа  мен  Жиембетте  дидактикалык  толгаулар 
жоқ (кезінде,  мүмкін, болган да шыгар, бірақ сакталмаган).
Ақыл-насихат сөздердің иелері —  Асан  мен  Шалкиіз  болса,  Қазтуган —  
портрет пен арнаудың шебері85.
ХУ-ХУІІ гасырдагы  қазақ  ақын-жыраулар  шыгармаларынын  тілі  орта 
гасырлық түркі  әдеби  тілі,  соның дәстүрі,  орфографиялык  принциптері  не- 
гізінде  қазақ  тілі  топырагындагы  жазба  кітаби  тілден  өзгеше,  сөйлеу  ті;п 
арнасында,  ауызша эдебиет аясында  калыптасып,  сол  бағытта латіыды.  Жә- 
не  ол  шыгармалар  көбіне,  жогарыда  көрсетілгендей,  ұрпактан  ұрпакка 
ауызша  тарады.  Ал  бұл  кұбылыстың,  ягни  шыгармалардың  ауызша  тара- 
луының өзіндік  ерекшелігі  болды:  біріншіден,  ол  шыгармалар  тілінде  ауьн- 
ша тілдің элементі  басым  болып,  бүгінгі  тілімізге  тым  жакын  келетін;  екін- 
шіден,  халық  жадында  ол  шыгармалар  толык  сакталмай,  когамга  катысты. 
келешекке,  өмір  күбылыстарына  байланысты  ой  түйіні  сақталып,  тіпті  тұ- 
рақталып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырган86.
XVIII гасырга  дейін  казак  көркем  әдебиеті  әлемінде  орын  алып  келген 
жыраулық  дәстүр  өз  күшінде  болуымен  катар,  онымен  жарыса  ақындар
мектебі  бел  ала  бастады.  Айтыска  түсіп,  ауыларалық,  агайынаралык  жайт- 
таР  мен  күнделікті тұрмыс жайын  жырлаган  ақындар  ХҮ-ХҮІП гасырларда
84 

Өмірэлиев Қ.
  ХУ-ХІХ гасырлардагы  казак  поэзиясының тілі.  — Алматы.  1976.
—  59-6.
85 
-
Сыздықова Р.
  Қазақ әдеби тілінін тарихы:  ХУ-ХІХ г. — Алматы:  Ана тілі  1993
—  80-6. 
\
V

да  болған.  Бірақ тақырып  ұсактыгы  мен  идея  таяздыгынан,  олардын  тари- 
хи-әлеуметтік үндері  болмай,  есімдері  де,  мұралары  да  халык жадында  сак-
талмаған.
Қазақ жырауларынын сан  ғасырлык творчествосын  негізінен  уш  кезеңге 
бөліп  қарастырған  жөн  сиякты.  Бірінші  топқа  жыраулык  дәстүрдін  негізін 
қалаған  апгашқы  өкілдері  Қорқыт,  Аталык  және  Сыпыра  жыраулар  жата- 
ды.  Бұл дэуір  ХІ-ХІУ  ғасырларды  камтиды.  Жыраулыктын  калыптасу  кезе- 
ңін  белгілейтін  екінші  топқа Асан  қайғы,  Қазтуған,  Шәлгез,  Доспамбет,  Ер 
Шобан  шыгармалары  кіреді.  Мұның кезеңі  ХУ-ХУІ  гасырлар.  Үшінші  топ- 
ты  жыраулықгың  эбден  толысып  кемелденген  кезеңіндегі  өкілдері  Үмбе- 
тей, Ж иембет, Тәтікара,  Ақтамберді, Бұқар  жыраулар  құрайды.  Бұған  XVII- 
XVIII ғасырлар  жатады.  Алдағы  бөлімдерде  ХУ-ХУІІІ  ғасырлар  кезенін 
қамтитын  аталмыш  жыраулардың  күні  бүгін  қолымызда  бар  туындылары, 
олардың  поэтикапық  деңгейі,  ягни  ұйқас  эволюциясы  жайлы  сөз  болмақ. 
Алайда  бір  ескеретін  жайт  —  хандық  дәуіріндегі  ақын-жыраулардын  тол­
гау,  жырлары  кейінгі  ұрпақтарға  ауызша  жеткендігі  мәлім.  Мұның  өзі 
кейінгі кезеңде ол  шыгармаларға аз да болса өзгеріс енуі  мүмкіндігін  жокка 
шығара  алмайды.  Тіпті  шығарманын толық түрінде  сакталуын  да  камтама- 
сыз ете алмайды87.
ш
2.2.  АҚЫ Н -Ж Ы РАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ НДАҒЫ   ҮЙҚАС  ТҮРЛЕРІ 
ЖӘНЕ  С Ө З  ¥ЙҚА СЫМЫНЫҢ ӨЗІНДІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
а) 
Толымды ұйқастардын жасалу жолдары
Тіл  гылымынын  атасы  А.  Байтүрсынов  поэзияның  элементтерін  кезінде
төмендегідей жіктеп  берген:
«Өлең  шумагы  бір  өлеңде  біреу  болуға да,  бірнеше  болуга  да  ықтимап. 
Бір өленнің шумағы  көбінесе бірдей болады.
Бір  шумактағы  тармақтың азы  екеу,  көбі  онға шейін  барады.  Тармақ бір 
шумақта  бір  түрлі  болуға  да,  эр  түрлі  болуға  да  ыктимал.  Бірак  эр  түрлі 
болганда,  кесте ретін жоғалтпайтын тәртібі болуға тиіс.
Бір бунақтың азы  біреу,  көбі төртеуден  аспайды.  Бір  шумактын  ішіндегі 
бунақтар  бірыцгай  орналасу  керек.  Мәселен,  үш  буынды  бунак  капыптас 
тармактың бірінің басында келсе,  өзгелерінін де солай басында келуі тиіс.

Бір тармақтың  ішінде кезек болуга да,  болмауга да  ыктимал.  Болган  хал­
де  я  біреу,  я  екеу,  я  үшеу,  онан  артык  болмайды.  Осылардын  бәрін  дұрыс- 
тап орнына келтіріп,  онын үстіне,  және де тармактардын аягын  уйкастырса. 
сөйлемдер  өлең болып  шыгады»88.
Жыр-толғаулардагы  ұйкас  жайында  профессор  3.  Ахметов  мынадай  пі- 
кір  білдіреді:  «в  жыре  часто  совмещаются  рифмы  двух  видов  —   оснавная, 
главная,  и  побочная,  вспомогательная.  Для  жыра  характерно  также  исполь­
зование монорифмы.  Это  прежде всего объединение  многих стихов одной  и 
той же рифмой, повторяющейся  через строку»89.
Үйқас  деп  эдетте  өлең  жолдарындагы  соңғы  сөздердің  бір-бірімен  үй- 
лес, үндес болып  келуін айтады.  өзара қиыстырылган  сөздердегі  сәйкес  ды- 
быстардың,  әсіресе  дауысты  дыбыстардың,  бірдей  немесе  ұқсас  болып  ке- 
луі —  ұйқастың жасалу шарты90.
Тармақ  соңындағы  сөз  буындарының  өзара  үйлесіп  айтылу  дәрежесіне 
карай,  ұйқасатын  буын  ішіндегі  дыбыстардың  көп-аз  болуына  карай,  казак 
тіліндегі  өлең ұйқасы 
толымды  жэне толымсыз
  болып  екіге  бөлінеді.  Сөз- 
дің соңғы  екі,  үш,  төрт буынының тұтастай  үйлесуі  толымды  ұйкас  жасай- 
ды.  Үйкасатын  сөздерде  соңгы  екі  буынның  бастапкы  дыбысынан  баска 
дыбыстарының  барлыгы  дәлме-дәл  ұйкасып  келсе,  мұны  толымды  ұйкас
деп атайды91.  Мысалы: 
і  
"
Ал дегенге 
аларга

і
Алып жерге 
ссиіарга...
 
• '
Байракты жүре 
алдырган. 
^
Бастай  қуып 
иіалдырган..
  (Шалкиіз). 
^
Мүндагы 
аларга-саларга,  алдырган-шалдырган
  сөздерінде  апгашкы  ұй- 
қасқан  екі  сәздін  бір-бірінен  өзгешелігі  «с»,  екінші  ұйкаскан  сөздердің  бір- 
бірінен өзгешелігі  «ш» дыбыстары  гана.
Толымды үйқаста ұйқасушы  сөздердің түбірлері  бірыңгай  (біркелкі)  фо- 
нетикалық дыбыстардан  тұрады.  Оган  жалғанатын  қосымшалар  да  дыбыс- 
тық  құрамы  жагынан  бірдей  болып  келуі  мүмкін.  Олардың  дыбыстык  құр- 
ылымы  әр  түрлі  болып  келген  жагдайда  түбір  сөздің  үйлесімі  әлсірейді. 
Сондықтан  толымды  ұйқаста  сөздің  түбірі  болсын,  оган  жалганатын  ко-
88
 
— ^
Байтұрсынов А.
  Шыгармалары:  Өлеңдер,  аудармалар.  зерттеулер  !//  ісұраст.
89  Шәріпов Ә., Дэуітов С. — Алматы: Жазушы,  1989. —  193-6.
во 
/^хметов 3- А.
  О языке казахской поэзии. — Алматы:  Мектеп.  ] 970.  — 6 1 -о
Томанов М.
  Түркі  тідцерінін  салыстырмалы  грамматикасы.  —  Алматы-  Каі;ік 
университеті,  1992. —  144-6.

сымшалар  болсын  тең  дәрежеде  кызмет  аткарады.  Осындай  түбір  мен  ко- 
сымшалардын  қонымды  (дұрыс)  үйлесуінен  жасалган  өлең  ұйкасы  көп 
буынды  болып  келеді.  Толымды  үйқастардағы  буын  саны  өлен  өлшемінін 
нақты  ырғақтык түрлеріне байланысты әр  түрлі  болып  келеді.  Баскаша  айт- 
қанда,  тармақ  сонындағы  нақты  ырғақтық  бөліктің  жалпы  санына  карай 
оның да  саны  анықталады.  Олар:  бір  буынды  толымды  ұйқас,  екі  буынды 
толымды  ұйқас,  үш  буынды  толымды  толымды  ұйқас.  Мысалы,  егер  өлең 
жолдары бір буынды сөзге аяқгалса, бір буынды толымды үйқас:
Атадан тудым жалкы 
боп,
Жақыннан көрдім талқы  коп,
Жасым жетпей он беске,
Қорғайтын жан адам 
жоқ.
 (Акгамберді).
Егер екі буынды сөзге бітсе, екі буынды толымды ұйкас:
Сен алтынсың —  мен 
пүлмын, 
I 
Сен жібексін —  мен 
жүнмін\
Сен сұлтансын —  мен 
қүлтын,
Сен сүнкарсың —  мен 
қумын.
 (Шапкиіз).
Үш буынға аяқталса, үш буынды толымды ұйкас:
Ай.  Абылай,  Абылай,
Қатын алма 
қарадан,
Қара тумас 
сарадан.

'  . 
Қ аты налса
нқарадан,
Алды кетпес 
баладан,
Арты кетпес 
жсиіадан.
  (Бүкар).
Қазақтың  жазба  поэзиясында  аяккы  сөзі  толымды  үйқаска  негізделген 
төрт буынды  сөздер де ұшырасқанмен,  жыраулар  шыгармашылыгында бүл 
кұбылыс үш буынды сөздердің ұйқасуымен шектеледі.
Төл  поэзиямыздағы  толымды  ұйкастын  ерекшеліктері  тек  жоғарыдагы 
түрлермен  ғана  шектеліп  калмайды.  Толымды  ұйкасқа  терең  талдау  жасау 
Үшін  сөз  ішіндегі,  дыбыстардың  өзара  орналасу  тәртібін,  яғнн  дыбыстык 
күрылысын жэне буын құрамын жан-жакты карастырып, зерттеу керек.
Жыраулар  поэзиясындағы  толымды  ұйкастарды  дыбыстык  белгілеріне 
карай төмендегідей түрлерге бөліп карастыруға болады:
а) 
Бір буынды толымды ұйкастағы дыбыстардын  орналасуы:
1. 
3-3  дыбысты.  Ұйкасушы  сөздердін  екеуі  де  үш  дыбысты  біте>
буынды болып келеді, яғнн  БА Б-БА Б(мұндағы  А  — дауысты  дыбыстын  Б
— дауыссыз дыбыстың белгісі):
Керегеге ілінген 
Шабылмаған семсер 
түр,
Жаудан апган кегімді,

Есіп де өмір өткен 
қур.
 (Жиембет).
а) 
Екі  буынды  толымды  ұйқастардағы  сөздердін  дыбыстық  кү- 
рылысын  мынадай топтарға белуге болады:
1. 
4-4.  Ұйқасушы  сөздер  ашық  және  бітеу  буындардан  тұрады 
/А+БАБ/:
Жел, жел есер, жел 
есер,
Жекендейін  саусылдап 
Ораздының ұлы 
өсер.
 (Ақтамберді).
2- 
5-5. ¥йқасаты н сөздердің бір буыны Б А Б , екіншісі БА-дан түрады:
Жақсы да келер бү 
көпке,
Жаман да келер бұ 
көпке,
Төңірегін жиғанда,
Сыймайды  екен  бір 
кепке
.  (Шалкиіз), 
немесе керісінше /Б А +Б А Б /:
Бұлан да бұлан,  бұлан сан,
Бұланның санын ок 
тесер
,
Бұлаңдап жүрген жігіттің
Жомарт қолын  жоқ 
кесер.
  (Актамберді).
6-6. ¥йқасаты н сөздердін буындары БА Б+БА Б-дан тұрадыг
Ш ағырмақ бұлт жай 
тастарщ
 
Ағытқан  койды жол 
бастар.
 (Ш апкиіз).
Дыбыс санының кемуіне қарай да тағы  бірнеше түрде  үшырасады:
1. 
4-5.  Ұйқасушы  сөздердің  бір  буыны  тек  А-дан,  ал  е&и«йісі  БА Б- 
дан тұрады:
Толғамалы ала балта қолға 
адып,
Топ бастадым  өкінбен,
Тобыршығы биік жай 
салып 
Дұспан аттым өкінбен.  (Доспамбет), 
немесе ұйқасушы  сөздердің бір буыны түйық, екіншісі  ашық буыннан  түпа-
ды, яғни А Б+БА  —  А Б Б +Б А   :
Жоғары  карап ок 
атпа,
Жуы қ түсер касы ңа,
Жаманга сырынды  косып  сөз 
айтпа
,
Кұндердің күні болганда
Сол жаман айғак болар басына.  (Шалкиіз).
2. 
5-6.  Ұйкасатын  сөздердің  бір  буыны  АБ-дан,  екіншісі  БАБ-лан 
түрады:
Ұрын келген күйеу қайда,
Жесір қайда тіл 
өтпесі 
Жендетті көрсет көзіме,

Желіккен басты кім 
кеспес.
  (Ақтамберді).
б) 
Үш  буы нды   то л ы м д ы   өлен ұ й касы н дағы   сөздердіц д ы б ы стары
4 түрлі ж олмен ж асалады :
1. 
6-6.  Егер  ұйқасатын  сөздердің  бәрі  ашық  буыннан  жасалса 
/БА+БА+БА/,  он да олардьщ бәрінің де дыбыс саны апты да-алты болады:
Сак етер тиді 
саныма,
Саксырым толды 
қаныма.
 (Доспамбет), 
немесе  алғашкысы  тұйық  буын  да  болып  келеді  /БА +БА +БА   -  
А Б + Б А + Б А /:
Бақыт берсін 
басыца
,
Тақыт берсін 
астыңа.
 (Бұкар).
2. 
7-7.  Ұйкасушы  сөздердін  жасалуында  екі  ашык  буын  /БА +БА /
және  бір  бітеу  буын  /Б А Б / болса,  онда  олардын  дыбыс  саны  да  үнеміжеті 
де-жеті болып  келёді: 
I  ■
 
>
Хандар шыккан 
төбедей,
Қабырғадан бүтін шыққан 
сүбедеіі
,
Аударылмас  қара кемедей,
Қандыауызга сырлап  сапган 
жебедеіі
,
Хан ұлы 
төредей.
 (Ер Шобан),
немесе керісін ш еЪ А Б + Б А + Б А :
Қарашы халық сыйласа,
Алтыннан болар 
белдігі.
Жақсы жігіт ұл туса,
Патшадан болмас 
кемдігі
 (Бұкар).
3. 
8-8.  Егер  ұйқасушы  сөздердің  бір  буыны  ашық  Б А ,  ал  қалған  екі 
буыны бітеу Б А Б + Б А Б  болса, дыбыс саны сегіз де-сегіз  болып  келеді:

ф
 
А   / 
Бостаны бар-ды 
теректіц^
Болаты бар-ды 
беректің.
  (Шалкиіз), 
немесе керісінше Б А Б + Б А Б + Б А  -  БА Б+БА Б+БА   :
Малмен  ісің 
болганда
,
Уақытыныз 
толганда,
Қарашын кашар  касыннан.  (Бұкар). 
сол сиякты  Б А Б + Б А + Б А Б  -  БА Б+БА +БА Б:
Сөйлегенде сөзі аузына 
сыймаган
,
Еріккенде кызыл тілін 
тыймаган.
  (Шалкиіз).
4. 
9-9.  Үйқасатын  сөздердің  бәрі  дерлік  бітеу  буыннан  тұрады 
/Б А Б + Б А Б + Б А Б /.  Мұндай  жағдайда  олардын  дыбыс  саны  тоғыз  да-тогыз
болып  келеді:
Бұ кеткеннен  қайтпасаң,
Ел,  әйелің, сәбиің

Көзінің жасын 
төктірдің,
Қабыргасын 
сөктірдің.
  (Шалкиіз).
Дыбыс  санының  кемуіне қарай:
1. 
5-6.  Ашық  буынды  сөздердің  ұйқасуы, 
яғни 
БА +БА +БА  
А+БА+БА:
Сары аязда қата ма
Қайнардың аққан 
тұныгы,
Қап түбінде жата ма 
Болаттын асыл 
сыныгы,
Хапкы тозып  кем  болмас,
Әділ болса 
ұлыгы.
 (Актамберді).
2. 
6-7.  Ұйқасушы  сөздердін  бірі  кілең  ашык  буыннан  кұралса,  екін- 
шісінде бітеу буын да кездеседі, яғни  БА +БА+БА  —  БА +БА Б+БА :
Желіде құлын 
жусаса,
Кереде тұлпар 
бусанса.
  (Маргаска), 
немесе А +БА Б+БА  —  БА +БА Б+БА   :
Талпынып салдым 
егінді,
Ішсін деп әркім 
тегінді.
  (Актамберді), 
сонымен бірге БА Б+БА +БА  —  А Б+БА+БА:
Ханға тізгін 
салмады,
 
/
Хан жарлығын 
алмады,
Баягыдай баршындап 
^
Бір ауызды 
болмады 
^
Қас түрпайы болған жұрт. (Шалкиіз), 
немесе Б А Б + Б А + Б А  —  А Б+БА +БА :
Халқына тиген 
пайдасы,
Ақсақалга жарасар
Тілеуқорлык 
айласы,
Бәйбішеге жарасар.  (Бұкар), 
сол сиякты БА +Б А +Б А Б  - А +БА +БА Б:
Ақтан болды-ау 
күніңіз,
Арсы менен күрсіге
Дау-таласты 
үніңіз.
  (Бұкар).
3. 
7-8.  Ұйқас  кұраушы  сөздердің  біріншісінін  алгашкы  буыны  тұйык. 
ал 
екіншісінікі 
бітеу 
буын 
болып 
келсе, 
яғни 
А Б + Б А + Б А Б  
-
Б А Б + Б А + Б А Б : 
_  
.
Кан жұқпас  кайқы  қара болат 
өтпеген,
Мактауына адам тауып 
жетпеген.
  (Ш алкиіз), 
немесе  алғашқы  буындары  ашық  болып  та  келеді,  яғни  А + Б А Б + Б А Б   -
Б А + Б А Б + Б А Б : 
\

Жауынын қанын 
агызган
,
Аузьшан балды 
тамызган.
 (Үмбетей), 
немесе  ұйқас  қүраушы  сөздердің  біріншісінің  алғашкы  буыны  бітеу,  ал 
екіншісінікі тұйык буын болып келеді Б А Б + Б А Б + Б А  -  А Б+БА Б+БА :
Буыршындай 
тіздестіу 
Жамандықты  іздесті,
Бірін-бірі 
күндесті.
 (Бұқар).
4. 
8-9.  ¥ й қ ас  кұраушы  сөздердің  біріншісінін  алғашкы  буыны  тұйык, 
ал 
екіншісі 
кілең 
бітеу 
буыннан 
тұрады, 
ягни 
А Б+БА Б+БА Б- 
Б А Б + Б А Б + Б А Б :
Салпан да салпан 
жортармыи
.
Сары азбанға косымды 
артармын.
  (Актамберді)? 
немесе  алгашқы  буыны  ашық  болып  та  келеді,  ягни  Б А Б + Б А Б + Б А Б   —  
Б А + Б А Б + Б А Б :
Қатынын болсын 
қалмақтан,
Қосының болсын 
қазақтан.
 (Бұқар).
Бұдан  шыгатын  қорытынды,  жыраулар  поэзиясындағы  аяккы,  толымды
ұйқасқан  сөздердін  дыбыстық  белгілері  мынадай:  бір  буынды  сөздер  —   3,
екі  буынды  сөздер  —   4,5,6,  үш  буынды  сөздер  —   6.7,8,9  дыбыстардан
түрадьі.  Бүгінгі  күні  бізге  жеткен  қолда  бар  мүраларды  саралай  отырып,
буын  санына  орай  жыр  жолдарының  жалпы  есебін  төмендегі  кестеден  кө- 
руге болады.
Буындар
жолдары
Процент
9)
 
Толымсыз уйқастардың жасалу жолдары 
Үйқастың  келесі  бір 
түрі 
—  толымсыз ұйқаста тармақ соңындағы  уйқа- 
сушы  сөздердін барлық буыны ұйқасқа негізделмей,  үндестік,  үйлесім  болу 
үшін дыбыс сәйкестілігі  соңғы буындарында ғана болады.  Мысалы:
Едігеден туған үгылдын
Мырзасы өзің 
болгансың
.

Атан қумас 
бурасын.
  (Ақтамберді), —  
деген  шумақта тек  қана  біркелкі  жалғанған  қосымшалардын  арқасында  үй- 
лесім болып,  ягни толымсыз ұйқас жасалып тұр.
Жыраулар  жыр-толғауларындағы  толымсыз  ұйкастын  жасалу  жолдары 
мынадай  болып  келеді:
1. 
Ұйкасатын  сөздердің  түбірлері  (негіздері)  үйлеспей,  біркелкі  мор- 
фологиялық түлғалардың  көмегімен  гана ұйкасып  келуін  екі,  үш  және  торі 
буынды ұйқастардан байқауға болады.  Мысалы:
Қарағайдан садак 
будырып
,
Қылшанымды сары  жүн  окка 
толтырып
,
Жанга сактау болган жұрт.  (Қазтуган), —
Егіз ұйқаспен жазылган  шумақта үйлесім  тудырып  тұрган  — түбір  сөзге 
біркелкі  жалганган  өзгелік  етіс 
(-дыр,~тыр)
  пен  көсемше 
(-ып)
  тұлгалары.
-  Ал  мұндагы сөздгң түбірлері жеке тұрып ұйқаса алмайды.
2. 
Жуан-жіңішке  буынды  сөз  ішіндегі  дауыссыз  дыбыстар  сэйкеспей 
келіп, толымсыз үйқасты жасайды.  Мысалы:
Қарагайлы  көдік бойында 
Қамшым  қалды ойында:
Бүлдіргесі бұлан 
терісі, 
өрімі құнан 
цайысы
. (Доспамбет), —  
белгіленген  үш  буынды  сөздерде  әр  түрлі  дауыссыздар  келіп,  тек  сонгы 
буындагы  с дыбысы  гана қайталанып тұр.  Бұл  жерде дауыстылардын жуан- 
жіңішке болып  келуі де үйкастың сапасын  әлсіреткен.
Тармақ  сонында  келген  сөз  ішіндегі  дауысты  дыбыстары  акус-
тикалық-артикуляциялық  жагынан  эркелкі  (.
жуан-жіңішке-еріндік
)  болып. 
ал дауыс-сыздары  біркелкі  келсе, толымсыз ұйкас  жасала береді.  Мысалы:
Тазылары түлкі 
алып,
Қаршыгасы қаз 
іліп,
ш
Сөз сөйлесе жөн 
болып
,
Не десе де жарасар.( Асан  кайгы), —
мүнда үйлесім  жасап  тұрган-  негізінен  дауыссыз 
л,  п
 дыбыстарынын  кайта- 
лануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет