Ыстық тәтті тағамдар. Пудинг, суфле, қамырға салынған алма,
құймақшаларды ыстықтай береді.
Пудингтер. Пудингтерді күріш және ұнтақ жармалардан,
ірімшік, ақ нан, кептірілген нан және басқа азық-түліктерден
дайындайды.
Пудингтердің
көмештерден
айырмашылығы
қоспаларының көптігінде (жүзім, цукат, жаңғақтар және т.б.) және
консистенциясының аса нәзіктігінде, себебі оған шайқалған ақуыз
қосылады. Пудингтерді пісіреді немесе буда, дұрысы порциялық
ыдыста қайнатады.
Суфле. Суфле (үлпілдеген бәліш) жидек немесе жеміс езбесінен
немесе шайқалған ақуыз қосылған сүтті жұмыртқа қоспасынан
дайындалады, 270...280°C температурада қуыру шкафында пісіреді.
Суфлені жылумен өңдегеннен кейін, бетіне қант ұнтағын сеуіп
пісірген ыдысында береді. Салқындатылған сүт немесе кілегейді
жеке береді.
Құймақшалар. Құймақша қамырын сүтпен дайындайды және
құймақша пісіреді.
Қуырылған жағына фарш (алма, ірімшік, қою тосап) салады,
төртбұрыштап бүктейді және майға екі жағынан да қуырады. Алма
және тосап қосылған құймақшаларды қант ұнтағымен, ал ірімшік
қосылған құймақшаларды қаймақпен немесе маймен береді.