Балық фаршын дайындау үшін балықты (көксерке, нәлім, теңіз
алабұғасы, жайын және т. б.) таза етке бөледі, бөктіреді және ұсақтап
турайды. Пиязды қуырады, салқындатады және балықпен
араластырады да тұз, бұрыш, туралған аскөк салады, ақ тұздық
құйып араластырады.
Фаршқа пісірілген күріш қосуға болады. Егер фарш құрамында
күріш болса онда тұтқырлығы үшін ақ тұздық қоспайды.
Фаршқа арналған қырыққабатты тазартады, турайды немесе
майдалап турайды, жидітеді және қайнаған суда 2-3 минут ұстайды,
алып шығып сығады да майға қуырады. Фаршты салқындатады және
қуырылған пияз, тұз, бұрыш, туралған жұмыртқа қосады.