187
тілім нанға үстін толықтай жабатын азық-түліктерді қояды, олар
шетіне шықпауға тиіс. Бутербродтарды майсыз дайындауға болады
немесе оны тек әсемдеуге алуға болады.
Күрделі бутербродтар дәмі мен түсі үйлесетін азық-түліктердің
бірнеше түрінен дайындайды. Ақжелкек, аскөктер, жасыл пиязбен,
жұмыртқа, сары май, жаңа піскен көкөністермен және басқа да
азық-түліктермен әсемдейді.
Жабық бутербродтар (сандвичтер) екі нан тілімінің ортасына
ірімшік, шұжық, немесе басқа азық-түліктер салынады.
Бидай нанын тілімдеп жалпақтығы 5-6см, қалыңдығы 0,5см етіп
кеседі, үстіне май немесе май қоспаларын жағады. Бір тілімшеге
жіңішке туралған азық-түіліктерді салады, ал май жағылған екінші
тілімді үстіне жабады, порцияға бөледі. Жабық бутербродтар үшін
кішкене нандарды (дөңгелек және сопақша пішінді тоқаштарды)
пайдалануға болады. Тоқаштарды кесіп, кесілген жеріне ірімшік,
шұжық немесе басқа азық-түліктерді салады.
Достарыңызбен бөлісу: