Туралған майшабақтарды ұсақталған жон етіне сүтте
жұмсартылған нан, алма, май, пияз және т.б. қосып дайындайды.
Туралған майшабақтарды астауға салып пияз немесе гарнирмен
әсемдейді.
Ақсерке, құныс балық, кетенің құрамындағы тұз 4-10% құрайды,
сондықтан оны жон етіне бөледі, әдетте оны кесіп гарнирсіз,
тілімделген лимон немесе аскөк салып ұсынады.
Салқын
тағамдар
үшін
түтінде
ысталған
балықтар
пайдаланылады, терісіз, сүйексіз және сіңірсіз порциялық
бөлшектерге бөледі. Жаңа піскен қызанақ, қияр, жасыл салат немесе
пісірілген көкөністерден дайындалған күрделі гарнирмен, майонез
салынған жасыл бұршақ және тұздалған қиярмен бірге ұсынылады.