Басты пиязды өңдеу. Пиязды өлшейді. Басты пияздың жоғарғы
(мойын) және төменгі (түбіртегін), құрғақ қабыршықтарын алып,
суық сумен жуады, өлшейді және қалдық мөлшерін анықтайды.
Басты пиязды өңдеген кезде қалдықтар 16% көп болмау керек.
Қалдықтарды жою керек.
Жұмыс орнын жинап, үстелді, азық-түлікті турайтын тақтайды,
пышақтарды жуады.
ТАЗАРТЫЛҒАН КӨКӨНІСТЕРДІҢ
САПАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Картоп. Сыртқы түрі: түйнектері таза, беті тегіс, ауада тұрып
кеппеген, көз қалдықтарынсыз, қабығы және қара дақтарсыз,
жұмсақ емес. Пішіні және үлкендігі бойынша бірдей кесілген
картоптың кесектері.
Иісі — бөтен иісі жоқ жаңа аршылған картоп түйнегінің өзіндік,
иісі.
Картоптың түсі ақтан ақ сарыға дейін.
Консистенцисытығыз, жұмсақ емес.