Н. И. Дубровская



Pdf көрінісі
бет7/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   151
Сәбіз  және  қызылша.  Сыртқы  түрі:  тамырлы  жемістері  таза, 
бүтін,  бояуы  бойынша  бірдей,  аталған  ботаникалық  сұрыпына 
сәйкес,  түп  және  сабақтарының  қалдықтарынсыз,  қара  дақ  жері 
және тері қалдықтарынсыз.  
Сәбіздің түсі қызғылт сары немесе әр түрлі реңкті сары, барлық 
тамырлы  жемістері  бойынша  біркелкі,  қызылшалар  –  әр  түрлі 
реңкті күңгірт қызғылт, сопақ және ақ сақина тамырлы жемістерге 
жол беріледі.  
Консистенцисы: еті шырынды, тығыз, иілмелі. 
Ақбасты  қырыққабат.  Сыртқы  түрі:  қаудандары  жаңа  піскен, 
бөліктерге  бөлінген,  қара  дақтары  жоқ,  үсіген  немесе 
ауылшаруашылық  зиянкесі  немесе  ауру  жапырақтары  бар,  өзегі 
жойылған. Қаудандардың түсі ақтан жасыл реңкі бар ақ сары түске 
дейін.  Консистенциясыиілмелі  немесе  тығыз,  бірақ  жұмсақ  емес, 


9
шырынды, қытырлақ.  
Пияз. Сыртқы түрі: жуаша пісіп жетілген, үлкен, құрғақ, бояуы 
сұрыпына сәйкес, мойын немесе түбіртек қалдықтарынсыз, шіріктің 
немесе 
бөліктердің 
қара 
дақтарынсыз, 
ауылшарушылық 
зиянкестермен  және  аурулармен  зақымданған.Түсі  —  ақ,  күлгін, 
қоңыр  немесе  әр  түрлі  реңкті  жасылдау.  Консистенциясы 
шырынды, иілмелі. 
КӨКӨНІСТЕРДІ КЕСУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ 
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ОРЫНДАУ  
Көкөністерді  қарапайым  кесу  үшін  жұмыс  орнын  дайындау: 
«ОС»  таңбасы  бар  азық-түлікті  турайтын  тақтай,  астаулар, 
пышақтар. 
Картопты кесу. 
Ұ з ы н н а н .   Ірі  картопты  таңдап  алып,  жұқалығы  2 мм 
болатындай пластика етіп кесіп, бір-бірінің үстіне қойып, ұзындығы 
4-5 см болатындай ұзынша етіп кесеміз. Ұзыннан кесілген картопты 
қатты қуыру кезінде қолданады.  
Б р у с о ч к и . Диаметрі 3-4 см картоп түйнек қалыңдығы 0,7.1 см 
пластинкаларғакесіп,  ал  пластинкаларда  дәл  сондай  үлкендікпен 
кесектерге кесіңіз. Қуыру, қышқылтым көжелер дайындау, макарон 
өнімдері  қосылған  көжелер  және  басқа  да  тағамдар  үшін 
пайдаланады.  
Т е к ш е л е р . Ірі  текшелерді  әдетте  көжелер  мен  бұқтыру  үшін 
пайдаланады, 
ал 
орташа 
текшелерді – «Сүттегі 
сүт» 
тағамындайындау және қуыру үшін, ұсақ текшелерді салаттар және 
салқын  тағамдарды  безендіру  үшін.  Картопты  қалыңдығы  2.2,5  см 
пластинкаларға кесіңіз, ал пластинкаларды кесектерге, ал кесектерді 
кесік  2  немесе  2,5  см  болатындай  текшелерге  кесіңіз.  Үлкен  емес 
түйнектерді  төрт  бөлікке  бөлген  жөн.  Орташа  текшелерді  әдетте 
1.1,5 см кесікке, піскен картоптың кесіктерін 0,3.0,5 см кеседі.  
Б ө л і к т е р . Картоптың бұндай кесіндісін көбінесе қышқылтым 
көжелер,  бұқтырылған  тағамдар,  қыздырылған  майда  қуыру  үшін 
пайдаланады.  Ұсақ  түйнектерді  екіге  бөліп,  радиусы  бойынша  3-4 
бөлікке кесіңіз.  
Т і л і м д е р . Тілімдеп  кесілген  шикі  картопты  қуыру  үшін 
пайдаланады,  ал  піскенд – салаттар  және  винегреттер  үшін 
пайдаланады.  Үлкендігі  орташа  түйнектерді  бойымен  екіге  бөліп, 
тақтайға  салыңыз,  әр  қақ  жартысын  тағы  да  қақ  бөліңіз  және 


10
 
 
қалыңдығы 1. 2 мм тілімдерге кесіңіз.  
Д ө ң г е л е к ш е л е р . Дөңгелектеп  кесілген  шикі  картопты 
қуыру үшін, ал піскенді балықты, етті көмештеу үшін пайдаланады
Шикікартопты  бірдейлеп,  оған  цилиндр  пішінін  беріп,  қалыңдығы 
1,5...2 мм көлденең дөңгелекшелерге кесіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет