Н. И. Дубровская


Кеспенің  сапасына  қойылатын  талаптар



Pdf көрінісі
бет61/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   151
Кеспенің  сапасына  қойылатын  талаптар.  Сыртқы  түрі: 
бетінде  біркелкі  қуырылған  қабықша,  қиығында  ірімшік  бірдей 
бөлінген.  
Дәмі піскен макарон, ірімшік, сәл тәттілеу. 
Қабықшаның түсі сарғыш қоңыр, қиысында ақ. 
Пайдалы кеңестер 
Ботқаларды пісірген кезде жармалар мен сұйықтықтың  (сүт 
және  су)  ара  салмағын  қатаң  сақтаңыз,  қатты  қайнауына  жол 
бермеңіз. Бытырап піскен қарақұмық ботқасын баяу қыздыруда 
буға ұстап жұмсарту қажет.  
Пудингке  ақуыздарды  тұрақты  көпіршік  пайда  болғанша 
шайқаңыз,  оларды  ботқаға  соңғы  кезекте  қосыңыз,  абайлап 
араластырыңыз. 
Көмештелген  тағамдарға  арналған  порциялық  табаларға 
май  жағып,  кепкен  нан  себіңіз.  Пудингтің  формаларын  толық 
толтырмаңыз:  V
3
бөлігі  бос  болып  қалу  керек.  Пісірілген 
тағамдарда  қуырылған  қабықша  пайда  болу  үшін  өнімдердің 
бетіне пісірмес бұрын жұмыртқа немесе қаймақ жағыңыз.  


71
 
 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
 
 
1.  Ботқалардың консистенциясы неге байланысты? 
2.  Жармаларды неге қайнап жатқан тұзды суға салады? 
3.  Ботқалар пісу барысында көлемін неліктен арттырады? 
4.  Ірімшік  жұмыртқа  қосылған  қарақұмық  ботқасы  басқа 
көмештерден қалай ерекшеленеді? 
5.  Көмештелген тағамдарда қуырылған қабықша пайда болу үшін 
не істеу керек? 
6.  Бөктірілген күрішті қалай дайындайды? 
7.  Жармалар және макарон өнімдерін пісіру кезінде төгілетін және 
төгілмейтін тәсілдердің айырмашылығы неде? 
8.  Қандай тағамдар үшін макарондарды төгілетін және төгілмейтін 
тәсілмен пісіреді? Неге екенін түсіндіріңіз. 
9.  Пудингті көмештеу кезінде шайқалған ақуызға не болады? 
10. Жарма және макарон өнімдерін қандай температурада береді? 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет