73
пісіреді. Қайнатпаны құйып алып, көжелер немесе тұздықтар
дайындау үшін пайдаланады.
Картоп және қырыққабатты қайнап жатқан тұзды суда пісіреді.
Қызылша, сәбіз және жасыл бұршақты тұзсыз пісіреді. Жасыл
көкөністерді түсін сақтап қалу үшін көп мөлшерлі суда (1 кг
көкөніске 3-4 л су) ыдыстың қақпағын ашып, қатты қайнатып
пісіру қажет.
Балғын күйінде мұздатылған көкөністерді жібітпей қайнап
жатқан суға салады. Консервіленген көкөністерді қайнатпасымен
бірге
қыздырады, қайнатпаны төгеді.
Сәбіз, кәдіш, асқабақ, қырыққабат, шалқан, қызанақ, саумалдық,
қымыздық және басқа да көкөністерді бөктіреді.
Тамырлы жемістерді текшелеп, бөліктеп, кесектеп кеседі, гүлді
қырыққабатты гүлшоғырға бөледі, ақбасты қырыққабатты
қылыштап турайды. Көкөністерді аз мөлшерлі суда немесе сорпада
(1 кг көкөністерге 0,2 л су алады) немесе өзінің шырынында
(ешқандай сұйықтық қоспай) сары май қосып, қақпағы жабық
ыдыста баяу отта бөктіреді.
Бөктіргеннен кейін қалған сұйықтықты төкпейді, көкөністермен
бірге пайдаланады. Бөктірілген көкөністерге сары май немесе сүтті
тұздық қосады.
К ө к ө н і с т е р д і
н е г і з г і
т ә с і л м е н
ж ә н е
қ ы з д ы р ы л ғ а н м а й д а қ у ы р а д ы .
Негізгі тәсілмен ашық ыдыста қуыруды: табада, жайпақ
қаңылтыр табада, ожауда плитаның бетінде немесе электротабада
жүргізеді.
Көкөністерді шикідей немесе алдын ала пісірілген (картоп,
қырыққабат) күйінде қуырады. Майды 140 - 150°C температураға
дейін қыздырады, оған азық-түлікті салып, сары қабықша пайда
болғанша аударып немесе араластырып қуырады, содан кейін
қуыратын шкафта дайын болғанша ұстайды.
Көкөністерді негізгі тәсіл бойынша қуыру барысында көкөністер
массасынан 10-15
%май алу қажет. Қуыру үшін жануарлар майын
немесе өсімдік майын пайдаланады.
Қызып тұрған майда қуыру үшін қуырма ыдыс және
электротабаларды пайдаланады. Азық-түлік пен майдың ара
салмағы — 4 : 1. Жаунуарлар майы мен өсімдік майының қоспасын
пайдаланған жөн: 50 % жанаурлар майы және 50 % өсімдік майы
немесе 70 % жанаурлар майы және 30 % өсімдік майы.
Қуырма ыдыста қуырған кезде азық-түлікті кептіреді немесе
аунатады, 170-180 °C дейін қыздырылған майға салады.
Көкөністерді сары қабықша пайда болғанша қуырады, күрекшемен
аударады. Қуырылған өнімдерді елеуішке, кепсерге немесе гүрсілге
75
6.2 кесте. Кепкен нан тұздығы
Азық-түлік
Салмағы , г
брутто
таза
салмағы
брутто
таза
салмағы
Сары май
800
800
Кесілген кепкен бидай наны
300
300
Лимон қышқылы
2
2
Шығымы
—
1000
—
25
6.3 кесте. Сүтті
тұздықтағы сәбіз
Азық-түлік
салмағы, г
1 порцияға
2 порцияға
брутто
таза
салмағы
брутто
таза
салмағы
Сәбіз
271
217
Асхана маргарині
5
5
Бөктірілген сәбіз
—
200
Сүтті тұздық
—
50
Шығымы
250
76
5. Тазартылған картопты бөліктерге кесіңіз, қайнаған су құйып,
тұз қосыңыз және жұмсарғанша пісіріңіз. Суын төгіп, картопты
плитаның үстіндегі кәстрөлде кептіріңіз, сосын езіңіз. 60 °C дейін
суытыңыз, шикі жұмыртқа қосып араластырыңыз.
6.4 кесте. Сәбізден жасалған сәбіздер, қаймақты тұздық
Азық-түлік
Салмағы, г
1 порцияға
2 порцияға
брутто
таза
салмағы
брутто
таза
салмағы
Сәбіз
156
125
Асхана маргарині
5
5
Сүт
15
15
Су (сорпа)
15
15
Ұнтақ жармасы
15
15
Жұмыртқа
Достарыңызбен бөлісу: