Пайдалы кеңестер Котлет массасының рецептерін қатаң сақтаңыз. Нанды
салқын суда жібітіп, сығып аламыз, сүтті тек қана дайын
фаршқа саламыз.
Макаронмен орама бірден бірнеше порцияға дайындалады.
Орамаға дайындалған котлет массасына жұмыртқа
саламыз, ораманы пісірер алдында бірнеше жерден тесеміз.
151
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1
Туралған өнім үшін сиыр етінің қай бөлігі пайдаланылады?
2. Табиғи туралған массаның котлеттен айырмашылығы неде??
3. Котлет массасындағы нан қандай рөл атқарады?
4. Котлет массасын не үшін қағады?
5. Котлет және туралған табиғи массадан қандай тағамдар
дайындалады?
6. Туралған бифштекс түрлерін атап өтіңіз.
7. Ораманы дайындаған кезде фарштың қандай түрлері
пайдаланылады?
8. Орама, тефтели котлет массасы котлет пен домалатпа үшін
дайындалатын котлет массаларынан қандай айырмашылығы бар?
9. Тефтелиді дайындау үшін қандай жылу өңдеулері
пайланылады?
10. Туралған бифштексті қуырған кезде пішінін жоғалтып, түрі
өзгерді. Өзгеру себептерін атаңыз және олардың алдын алу
шаралары қандай?
11. Туралған
котлеттер
дұрыс
қуырылмады,
кесілген
жерлерінде қызғылт түс бар. Кемшіліктерді жою үшін қандай
шаралар қолдану қажет? Котлет массасынан дайындалған
өнімдердің қуырылғанын қалай анықтауға болады?
152 № 11 Зертханалық-тәжірибелік жұмыс
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰСТАРДАН
ДАЙЫНДАЛАТЫН ТАҒАМДАР