Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


Асхана және ас үй ыдыстарын жуу және дезинфекциялау



бет162/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

10.5. Асхана және ас үй ыдыстарын жуу және дезинфекциялау. Асхана ыдыстарын ыдыс жуатын машиналарда жуады. Олар жоқ кезде қолмен жууға рұқсат етіледі. Асхана ыдыстары үш секциялы ваннада жуылады, шыны ыдыстар, асхана аспаптары, ас үй ыдыстары - екі секциялы ваннада. Асхана ыдыстарын тағам қалдықтарынан тазалағаннан кейін, жуғыш заттар қосып бірінші секцияда жуады, сонан соң суының температурасы 40С төмен емес және бірінші секциядағы суға қосылған мөлшерінен екі есе кем мөлшерде жуғыш зат қосқан жағдайда екінші секцияда жуады. Ыдыстарды метал торға орналастырған үшінші секцияда температурасы 65С төмен емес ағып тұрған ыстық сумен шаяды. Ыдыстарды торларда, сәкілерде, сөрелерде кептіреді. Жуғыш зат ретінде синтетикалық жуғыш заттарды, кальцийленген соданы, натрий метасиликатын және басқаларды қолданады.
Ас үй ыдыстарын тағам қалдықтарынан тазаланғаннан кейін, ваннаның бірінші секциясында температурасы 40С төмен емес суға жуғыш зат қосып щеткамен жуады, екінші секциясында темпертурасы 65С төмен емес ағып тұрған ыстық сумен шаяды. Асхана ыдыстары сияқты етіп сөрелерде кептіреді. Асхана аспаптарын (керек-жарақтарын), шыны ыдыстарды ас үй ыдыстары сияқты етіп жуады. Асхана аспаптарын құрғақ ыстық шығаратын шкафта 10 минут бойына аптап алады. Жұмыс күнінің соңында хлорамин, сульфохлорантин, дезоксон, т.б. сияқты қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялаушы заттармен барлық ыдыстарды және керек-жарақтарды дезинфекциялайды.
Ыдыстарды өңдеу үрдістерінің кезектілігі карантин уақытында өзгереді. Ыдысты 1 сағатқа дезинфекциялаушы ерітіндінің біріне (хлорамин 1% ерітіндісі, сульфохлорантиннің 0,5% ерітіндісі және басқалар) салып қояды да, содан соң ыстық сумен шайып кептіреді. Ыдыстарды жууға арналған жөкені, ескі нәрселерді, щеткаларды жуғыш заттармен ыстық суда жуып, дезинфекциялайды немесе қайнатады, кептіреді. Аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде де, алдымен ыдыстарды және тағам қалдықтарын зарарсыздандырады. Әр түрлі жұқпалы аурулар кезінде зарарсыздандырушы заттар мен әдістері тиісті нұсқаулармен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет