Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері



бет167/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

3. Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері.
Дене дамуы баланың денсаулық жағдайының ең ақпаратты және сезімтал критерийлерінің бірі болып табылады. Дене дамуы деп әрбір нақты жас кезеңінде, баланың өсу және даму үрдістерін көрсететін, ағзаның морфологиялық және функционалдық сипаттамаларының жиынтығын айтады. Дене дамуын зерттеу үшін екі зерттеу әдісі қолданылады: жекелендірілген және жалпыландырылған. Жекелендірілген зерттеу әдісі жеке бір баланың дене дамуын зерттеу мен бағалау үшін жүргізіледі. Ол баланың туған күнінен 18 жасқа толғанға дейінгі дене дамуын жүйелі түрде және ұзақ уақыт бақылаудан тұрады. Әрбір жас кезеңінде баланың биологиялық даму деңгейінің күнтізбелік жасына сәйкес келуі және оның үйлесімділігі анықталады, ағзаға қолайсыз әсер ететін факторлар белгіленеді және қажетті сауықтыру шаралары жүргізіледі.
Жалпыландырылған зерттеу әдісі әр түрлі жас-жыныс топтарындағы балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау мақсатында, балалардың үлкен контингенттерін бір мезгілдік жаппай тексеруден тұрады. Осы әдістің көмегімен балалар мен жасөспірімдердің өсу және дамуының жалпы заңдылықтары анықталады, дене дамуы көрсеткіштерінің аймақтық және жергілікті үлгілері (стандарттары) дайындалады, қоршаған орта факторларының балалар денсаулығына тигізетін әсері зерттеледі, тіршілік ету жағдайларына, оқу, дене шынықтыру тәрбиесі және еңбекке баулуды ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар негізделеді.
Балалардың дене дамуын зерттеу үшін көрсеткіштердің үш тобы қолданылады: соматоскопиялық, соматометриялық және физиометриялық. Соматоскопиялық көрсеткіштерге баланы қарау кезінде бағаланатын көрсеткіштер: дене бітімінің түрі, май басу дәрежесі, бұлшық еттің тонусы мен дамуы, қаңқа сүйегінің, омыртқаның, кеуде торының, аяқтардың, табанның пішіндері, екіншілік жыныс белгілерінің дамуы жатады. Соматометриялық көрсеткіштерді дененің әр түрлі параметрлерін: дене, тұлға, аяқ-қолдардың ұзындықтарын, дене массасын, көкірек торының, бас, иық, сан шеңберлерін өлшеу және тістерінің санын санау жолдарымен анықтайды. Физиометриялық көрсеткіштер ағзаның функционалдық жағдайын сипаттайды. Әдетте, өкпенің тіршілік сыйымдылығын, қолдың және аяқ бұлшық еттерінің күшін, артериалдық қан қысымын және жүректің соғу жиілігін анықтауды қолданады.
Алынған мәлеметтерді бағалауды жасына байланысты, нақты аймақтарға арналып дайындалған стандарттармен салыстырып, жүргізеді, себебі әр түрлі климаттық-географиялық жерлерде тұратын балалардың дене дамуының өзіндік ерекшеліктері болады. Дене дамуын бағалау үшін әр түрлі әдістер қолданылады: индекстер, сигмалық ауытқулар, Z – score шкаласы бойынша, регрессия шкалалары бойынша, кешендік, центильдік және басқалар. Индекстер әдісі дене дамуын бағалаудың ең алғашқы әдістерінің бірі, ол әр түрлі соматометриялық көрсеткіштердің, көбінесе дене массасы мен ұзындығы шамаларының арасындағы арақатынасы болып табылатын индекстерді санауға негізделген. Индекстердің 100-ден астамы белгілі, солардың ішінде кеңінен таралғандары Брок индексі мен Кетле-2 индексі. Кетле-2 индексі дене дамуын бағалау үшін басқа көрсеткіштермен бірге кеңінен қолданылады және көптеген елдерде қабылданған. Ол келесі формула бойынша анықталады: BMI (body mass index) = дене салмағы/ дене ұзындығы2 (кг/м 2). Басқа индекстерге қарағанда, Кетле-2 индексі әр түрлі жастағы балалардың дене ұзындығы мен дене массасының арақатынасын жеткілікті дәрежеде дәл көрсетеді, ал басқа индекстердің қолданылуын шектейтін негізгі кемшілігі, әр түрлі жас кезеңдеріндегі дене өлшемдерінің өзгеруі пропорционалды болмайды деген фактіні елемеу болып табылады. Бұл жағынан сигмалық ауытқулар әдісі бір қадам алға басқандық болып табылады. Дене дамуын бұл әдіспен бағалауды баланың дене дамуының көрсеткіштерін (массасын, дене ұзындығын, көкірек торының шеңберін және басқаларын) енді жас-жыныс топтарына тиісті стандартпен (М) салыстырып жүргізеді. Бұл көрсеткіштер стандарттан (үлгіден) қанша -ға ( - орташа квадраттық ауытқу) ауытқығанын анықтайды да, ауытқу мөлшеріне байланысты дамуды 5 дәрежеге бөледі: орташа (М1); орташадан жоғары (1М2); жоғары (М2); орташадан төмен (1М2) және төмен (М2).
Даму дәрежесін анықтайтын негізгі критерийі дене ұзындығы болып табылады. Даму дәрежесінен анықтаудан басқа, дене массасы мен кеуде торы шеңберінің өзгеруі бой ұзындығына пропорционалдығын сипаттайтын үйлесімділігі де анықталады. Бұл әдіс бойынша, егер стандарттық ауытқуларымен берілген дене дамуы көрсеткіштерінің бір – бірінен айырмашылығы бір сигмадан аспайтын болса, онда дамуы үйлесімді болып саналады. Бірақ, бұл әдістің де кемшілігі бар: ол көрсеткіштердің өзара байланысын есепке алмайды, әрбір көрсеткіш жеке бағаланады. Сондықтан, қазіргі кезде сигмалық ауытқулар әдісі мүлдем қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет