сұлулықтың үйлесімі, жақсылыққа, жаңалыққа құштарлық,
идеялық
-эстетикалық мұрат, азаматтык әуен, әлеуметтік сана тән.
«Арманшылмын абыз қазақ атамдай,
Ақылдымын атаң айтқан мақалдай.
Дарындымын, жалындымын әкеңдей,
Кең далаға кең тарадым мәтелдей» [47, 383-б], – дегені осынау пікірімізге
дәлел.
Мұзафар Әлімбаев қазақ халық ауыз әдебиеті тұнығынан сусындап,
фольклорлық туындылардың жарқын үлгілерін жинастырып, олардан тәлім
алып, көңілге түйіп, сол дәстүрді жалғастыра, жаңа қырынан жарқырата алды.
«Халықтан асқан ақын да жоқ, өнерпаз да жоқ» [72,52-б], «Елден үйренген ер
кенжелемейді» [72, 444-б], – деп тұжырымдайды ақын бұл жөнінде. Ақын өз
өлеңдерінде әрқашан ұлттық тәрбие мен салт – дәстүрге
ерекше мән беріп
отырады, қытымыр кездің өзінде Мұзафар Әлімбаев бүлдіршіндерді
халқымыздың бойына тән игі жақсы қасиеттерге баулып отырады. Жұмбақ,
санамақ, мақал-мәтел, өтірік өлең, жаңылтпаш тәрізді халықтық жанрлар ақын
шығармашылығында трансформацияланып, өз жалғасын табады. Шынайы өнер
туындысынан халықтық рух пен діл, ұлттық мінез бен салт-дәстүр, халықтың
өзіне тән болмысы мен таным көкжиектері көрініс табуы қажет. Сонда ғана
шығарманы халықтық деп атауға негіз бар. Мұзафар Әлімбаев поэзиясының
өміршеңдігі оның халықтық айдыннан нәр алып, сан ғасырлар сынынан өтіп,
бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан қазақ поэзиясының құнарлы
топырағында гүлденуі дәлел.
Қаламгер жырлары бүлдіршіндер үшін бір жағынан ұғынықты болса,
екінші
жағынан көркем, бейнелі, әрі әсерлі. Бұл, әрине, ақын шеберлігінің
айғағы.
Қорыта айтсақ, дарынды ақынның біз атаған қырлары міне осындай.
Сонымен қазақ лирикасын, жалпы қазақ поэзиясын, шындап келсек, бүкіл туған
әдебиетімізді әр салада аса қымбат жаңа көркемдік сапалармен көркейткен
М.Әлімбаевтың еңбегі орасан зор.
84