Тіліміздегі окказионал сөздердің де бір алуан эмоциялық, экспрессивтік
қызметі барын ескерсек, окказионал тіркестер жалпы халықтық бейнелі сөз
орамдарына өзінше сонылық, мәнерлілік үстейді. Әдетте, окказианал сөздер
мағына бірлігімен және құрамындағы компоненттердің тұрақтылығымен
ерекшеленеді. Ал окказионал сөздердің стильдік өзгеріске түсуін олардың
жасырын жатқан ішкі мүмкіндіктерінің тереңдігінен деп түсінеміз. Сондай-ақ,
бұрыннан қалыптасқан окказианал сөздердің осындай дамуы, өзгеруі, жаңаруы
тұрақты сөз тіркестеріндегі «тұрақтылықтың» шарттылығы, өзгермелілігі, оның
варианттылыққа жақын екендігін аңғартады [76,110- б.].
Окказионал сөздерді қолдануда авторлық өзгеріске түсіру окказионалды болу
– жаңарту, түрлендіру мақсатын көздейді.
Тіл білімінде «окказионализм» деген терминді ең алғаш енгізген
Н.И.Фельдман болатын.
Көркем шығармаларда окказионализмдер жазушының бейнелі ойын
жеткізуде бірден-бір таптырмас құрал болып табылады.
Мысалы:
«Шеңгел де өз жерінде дүркірейді,
Әркімнің өз елінде басы құнды»
[78,35-б].
Бұл өлең жолындағы «шеңгел де өз жерінде дүркірейді» тіркесі –
жазушының өзіндік қолданысы . Жалпы тілде шеңгел, дүркірейді
деген сөз
тіркестері,
«әркімнің өз елінде сұлтан болатындығын меңзейді » бұл жерде
жазушының өзіндік метафоралық қолданысы екенін аңғарамыз.
«шеңгел де
дүркірейді» деп «басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген ақын
«әркімнің өз елінде басы құнды» деген түсіндірмесінен шөп екеш шөптің өзі өз
елінде көктеп-көгереді деген ойды өлең жолының мағынасынан білуге болады.
М.Әлімбаев өз шығармаларында қазақ тілі байлығын молынан игерумен
бірге, оны өз шығармаларына орынды және оқиға өрісіне сай үйлесімді
пайдалана білген. Жазушы айтайын деген ойын нақты, қысқа түрде ықшамдап
жеткізу мақсатында окказионалды қолданыстарды кеңінен пайдаланған.
Мысалы: Көп жұмысқа үлгерер,
Көптің ісі үдерер.....
Шаруаны жабыла
Бітіруді
үме дер [78,15-б.].
Халықтық қолданыста
«үме» сөзі (диалект, үйілу, жұмылу, бірігу) [78,15-б.]
деген мағынаны білдіреді.
Тұрғауышты жуыстым
Санамадым азапқа.....
Достарыңызбен бөлісу: