Талындай он өрілген тал жібектің,
Гауһардың от шарпыған ұшқынындай,
Өлшеусіз кеңдігіндей жер мен көктің,
Аяулы, абыройлы ана тілім!
Кетіпті ғазиз анам сені сыйлап
Жыр болып көкірегімде жанатұғын [46, 208-б].
Өлеңде теңеу дегеніміз тұнып тұр. Сындарлы ойдан, сырғалы сезімнен,
эмоционалды толғаныстан туған сөздер бейнелілік және мәнерлілік жағынан
бірін-бірі күшейтіп, көркейтіп тұр. Бұлар белгілі бір ақындық ойды
ерекшелейді.
Отызыншы жылдарда панасыз калған пақыр жетімек сол кездегі
сергелдеңді, сорлаған жылдарын еске ала келе:
Телмірген вагондағы елге қарап,
Елесін жетімді кім ерге балап?
49
Үміті ұстатпайды ұшығын да
Паровоз түтініндей желге тарап [46, 132-б].
«Желге ұшқан түтіндей» теңеуі арқылы күнкөрістің өзінен түңілген титтей
балақайдың көлеңкелі көңіл-күйін көрсетеді.
Үміт лағып метеориттің тасындай
Жоғалғанын сорлаған қыз сезді ме? [46, 19-б]
Метафора теңеу сәтті табылған көркемдеме. Бір ұғымға екі рет
қайырылған ізденгіш ақынның екі түрлі теңеу, екі түрлі метафора тапқаны -
таланттылықтың бұлтартпас белгісі.
Автордың «Почташы болдым сол жылдары» деген жерлесінің атынан
жазылған бір өлеңі бар. Сонда почташы теңеген бір шумақ сипаты мынандай:
Жүрмеймін киіз боқша бір асынбай,
Жаманат тарататын жамағатқа
Біресе сұм үрейдің ұрасындай [45, 91-б].
Сөзсіз замана куәларының, сұрапыл соғыс куәларының бірі деп бағаларлық
туынды!
М.Әлімбаев лирикасынан шендестірудің небір үздік үлгілерін көруге
болады. Шендестіру ақын лирикасында жаңаша және жақсы шыраймен
көрінеді.
Автор қолданған шендестіру тәсілінің бір мысалы мынандай:
Осы ма сайқал мінез сойқан деген
Қу тағдыр кегің кетсе қайтар менен!
Тышқанмен алыстырдың арыстанды
Пырақты жарыстырдың байталменен! [47, 212-б]
Бұл өлеңде ақынның қолданған шендестіру тәсілдері өте ұтымды. «Екі нәрсе
қатар, яки қарама-қарсы келгенде арасындағы айырым көзге көбірек түседі.
Биік пен аласа, ұзын мен қысқа, көрікті мен көріксіз, шебер мен олақ, ғалым
мен надан қатар келгенде араларындағы айырмасын ашық көреміз [39, 172-б].
Сен минутыңды қисаң маған,
Мен айларымды берейін саған.
Сен ақ сүтіңді құйсаң маған,
Мен қаймағымды берейін саған!» [45, 173-б].
Бұл шумақта да шендестіруді автор шеберлікпен орынды қолданады, отанының
өз перзентіне деген үлкен қамқорлығын, игі еңбектегі қайтарымын ақын
осылай бейнелеген.
М.Әлімбаев поэзиясында алмастыру тәсілін де сәтті пайдаланады.
Мәселен:
Жүреді-ау кейде Аяздар жетпей бізге,
Сонан соң туралыққа беттейміз бе?!» [42, 34-б]
Автордың Аяздар деп отырған Аяз билері - әділ билер, әділ шешетін
қазылардың шешімі...
50
«Кейіптеу (олицетворение) – әр түрлі табиғат құбылыстарын, жансыз
нәрселерді адам кейіпіне келтіріп, немесе қалайда жан бітіргендей етіп
суреттейтін көркемдік тәсіл» [60, 108-б].
Ақын Мұзафар Әлімбаев кейіптеуге де жиі-жиі қол артады.
Шын өнер көпшіліктің игілігі,
Ешкімнің тежей алмас қиылығы.
Өнердің қарасаңшы жанарына
Өлімнің тоғытылмас қанарына [47, 182-б].
Өнер де, өнерпаздар да өлімге «бағынбайды», мәңгі жасайды, – деп
қортындылайды. Жансыз өнерге жанар бітіру арқылы жасалған кейіпкер суреті
тірі құбылыс сияқты сезіледі. Немесе:
Астан кестең ботқадай,
Шым-шытырық Дүние!
Аласұрған тоқтамай
Жын-құтырық Дүние! [47, 188-б].
Бүкіл ғаламды алақ-жұлақ, ессіз-есер «жын құтырыққа» балау кейіптеудің өте
бір сәтті мысалы.
Шұбалған шұбар ақшаңдақ,
Жер бауырлайды қақшаңдап.
Ызғиды жаяу борасын,
Бұраң да бұраң ақсаңдап [47, 38-б].
Жан біткендей «жаяу борасын» жанды түршіктіреді.
Жалған айтып жұбатам ба, төз дейін!
Шығады деп айта алмаймын бәрі естен.
Өлген жылдар, өшкен күндер тізбегін,
Жас келіншек, еске салар нәрестең [45, 25-б].
«Өлген жылдар», «өшкен күндер» – деп ақын дерексіз ұғымдағы уақыт,
мезгілге жан бітіреді.
Қылыш жүзді қиянат
Хан тағында құтырған.
Сәуле түспей сығалап,
Қыпшақ күні тұтылған» [45, 252-б].
Дерексіз «қиянат» деген ұғымды жандандырып «хан тағында құтырған» деп
сипаттап, оған бір жауыздық мінез береді.
«Әсірелеу, күшейту – бейнелі сөз, өмірде кездесетін әр түрлі
құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асырып айту тәсілі.
Әсірелеу - бейнелілігін, әсерлілігін арттыру үшін қолданылатын құбылтудың
бір түрі» [60, 58-б].
Ақын Мұзафар Әлімбаев әсірелеу тәсілін өз поэзиясында жиі қолданады.
Қиялмен жандарыңнан жүрем өтіп,
Сендерге сәт тілеймін тілек етіп
Ағайын, көш қозғалды... Алдарыңнан
51
Құс жолын төсейінші кілем етіп [45, 558-б].
Бұл шумақтың соңғы жолдарындағы әсірелеу арқылы ақын өзінің еліне
оралған отандастарына деген ниетін, ықыласын білдіреді. Көктегі құс жолын
кәдімгі «кілем етіп» төсеу қолдан келмес құбылыс болса да, ыстық тілекті
бейнелейді.
Отан жерін от құшып,
Өзектерге от түсіп,
Көкіректі кек қысып,
Оқыс өстік, бек пісіп.
Лап қойыстық қас жауға,
Талап, ұйпап тастауға
Жанған отқа шомылдық,
Жауған оққа көмілдік [45, 80-б].
«Отқа шомылдық», «оққа көмілдік» – бұл әсірелеу арқылы ақын майдан
даласындағы өлім сеуіп тұрған қанды шайқастың қиындығын, жауынгерлердің
батырлығын танытады. «Сыйыну жыры» атты өлеңіңце Мұзафар Әлімбаев
әсірелеу тәсілін:
Басқанда ащы айқайға, жауды атойлап,
Қара тас кақ айырылған қаһарынан» [45, 128-б], –деп Қабанбай батырдың
қаһармандығын асыра, аспандата бейнелейді. Абай поэзиясына арналған «Ұлы
ақын мен ой құшақ» деген өлеңінде ақын:
Балқыта тебірентіп шың-құздарды,
Аялап даналықпен ұл-қыздарды,
Алашты асқақтатып Абай жыры
Жер түгіл, жылытады жұлдыздарды» [ 45, 230-б], – деп әсірелеу тәсілімен
Абай поэзиясының аруақтылығын, ұлылығын, теңдессіз құбылыс екенін
суреттейді.
Мұзафар Әлімбаев поэзиясында құбылтудың тағы бір түрі – литота
(кішірейту) де жиі кездеседі.
Жақсылардың ежелден жаны сұлу,
Жаны сұлу жандардың бәрі сұлу.
Тау санамас тарысын тарлан-боздар,
Бөгде тауды оған жоқ тарысыну» [47, 103-б].
Бұл шумакта гипербола (ұлғайту) мен литота (кішірейту) аралас алынған.
Ұлғайту мен кішірейту тәсілдері аркылы ақын өлеңіндегі образға ерекше бір
көркемдік көрініс береді. Тауды тарыдай ғана санау, тарысын тауға теңестіру –
өте ұтымды.
Троп, яғни құбылту тәсілдерінің талайын тәжірибелі ақын
шығармашылығынан табуға болатынына көзіміз жетеді.
Мен де бір – қызғанышыңмын көгіңдегі,
Мен де бір – ақ шабақпын көліңдегі.
Мен де бір – бұлбұлымын тоғайыңның,
52
Мен де бір –тілеуіңмін көңілдегі» [42, 165-б].
Ақын өз туған топырағы – Маралдысына осылай қайырылады.
«Маралдыма махаббат» деп аталатын өлеңінен төрт бірдей құбылтуды табамыз.
Автордың сексенінші жылы жазылған «Кім ұмытар» деген өлеңінде:
Кім ұмытар кір жуып, кіндік кескен,
Бейғам, аңғал балалық тірлік кешкен.
Өз шаһарын шарасыз тастап жауға.
Жас дәуренін жорықта у ғып ішкен? [42, 188-б]
Соңғы жолдағы соны метафора елең еткізеді: «Жас дәуренін... у ғып ішкен» деу
«Жорықта уайым-қайғы шекті» деген жалаң ойдан әлдеқайда уытты, әлдеқайда
өткір!
Интернационалистік терминдерді ойнатуға жас кезінде өте құмар болған
Мұзафар Әлімбаев жастық шағы жайында:
Операм түгел алдымда – деп те жазды [46, 23-б].
және де:
Өйткені таза жүрегім –
Өзіңнің монополияң [46, 19-б].
«Бір өзіңдікпін» дегеннен мынау бейне әсерлірек, өткір...
«Құмыра қабырғасындағы жазу» өлеңі:
Маған құй да, еңбегіңнің балын аш,
Құмардан шық – қанып іш.
Сары уайым – сарылыс [47, 218-б].
«Еңбектің балы» мен «сары уайымның уы» сияқты шендестірулер — бұлар әрі
көңілден шығатын салыстырма метафоралар.
Ойсыздарға ұстатпа
Ой перзентін әдемі [47, 219-б].
Автордың «Ой перзенті» деп балап отырғаны көркем әдеби кітап! «Сәби күлсе»
деген өлеңдегі салыстырма – баламалар кімнің болсын зердесіне жатталып
қалатындай жарқын:
Сәби күлсе –
Тар бөлмең де кеңиді.
Сәби күлсе –
Қөңіл тоңы ериді.
Бала күлсе –
Ысырылар мұнар бұлт.
Бала күлсе – кірбің кейіс тынар кілт.
Бала күлсе –бүкіл жиһан жарқырар,
Бала күлсе –шөлде бұлақ сарқырар [42, 248-б].
Қорқыт ата өнерінің құдіреттілігін жеткізе айта білген зерлі жырдың мына бір
шумағын келтірелік («Мен күйлер шерткенде» атты өлеңнен):
Таң сазымен ертелеп
Ойнайды елік еркелеп,
53
Жолбарысқа сүйкеніп [42, 229-б].
Шендестірудің шыңындай дерлік бейне! Қорқау жолбарысқа момын елік
сүйкеніп еркелесе, енді бұдан асырып айтудың өзі кімге болсын қиын соғатын
шығар!
Дәуірімнің дауылы
Сіңген менің өлеңім!
Өршілдіктің жалыны
Сіңген менің өлеңім!
Тозса тозар шинелім,
Тозбас бірақ өлеңім [42, 178-б].
Бұл - салыстырмалар жасауға, метафора тудыруға соғыс ардагері, жауынгер
командир ақынның өмірлік тәжірибесі көмектескен. Автордың болмашы
детальді ойнатып, салмақты салиқалы ой айтатынын сыншылар да, оқырмандар
да бұрыннан айтып келе жатқаны аян. Соған тағы бір уәж болар жеке шумаққа
назар аударайық:
Тынған жоқ жер үстінде мылтық үні,
Сор, – дейді дүниенің жұрты мұны...
Өкінбен стволды нық бітейтін
Халқымның болсам егер бір тығыны [42, 177-б].
Отаншыл жүрек қана ел–жұрты үшін құрбандыкқа шалынудан іркілмейді!
«Табиғат – тәрбиеші, тәрбиеші болғанда тамаша тәрбиеші. Өйткені
табиғат – бәріміздің ұлы анамыз. Анадан асқан аяулы тәрбиеші бар ма?!» [63,
126-б], – дейді ақын Мұзафар Әлімбаев.
Жалпы арғы–бергі замандардағы поэзия тарихына көз тіксек, назар
аударсақ, ақын атаулының талантын айқын да ашық әрі кең танытар
аренасының бірі пейзаждық өлең–жырлар.
Табиғатты тамылжыта суреттеуге талаптану М.Әлімбаевтқа да тән. Бұл
тақырыпта да оның өнері өрелігін, биіктігін танытады. Мәселен «Қансонар»
атты өлеңін алайық:
Түнде жауды далада
Ақ ұлпа қар - ақ көбік.
Көзің тайдыр, қара да.
Дақ түспеген пәк керік!
Салмақ жоқ-ау со қарда,
Бар дегенің бекердей.
Өзге түгіл, сонарға.
Қазақ сахарасының ғажайып суреттен де сұлу қансонары. Қардың ұлпалылығы
ауаның өзіндей жеңіл.
Қысқы қардың қансонарын суреттесе де өлеңде ызғар жоқ, керісінше өлең
жанға жылу дарытады. Түркіменстан табиғатының бір көрінісіне арналған
«Тедженнің түнгі аспаны» өлеңіне көңіл бөлейік:
Тедженнің түні...
54
Әлдебір алып ұста адам
Қолымен көкке
Қара көк барқыт ұстаған.
Биікте
Жарық жұлдыздар — алтын шегелер
Барқыттың үстін бастырып қағып тастаған [47, 358-б].
Көздің жауын алатын көркемдік! Өзіміздің де Сахара аспаны түнде осылай
көрінбей ме?! Көрші елдің көк аспаны қазаққа ыстық. Өйткені бұл өленде
жаратылыстың жан-жүректі аялаған сұлулығы бар.
Ақынның пейзаждық лирикасында тағы бір ерекшелік бар. Ол – туған
жердің табиғи бітімін тарихтағы атқарған рөлімен сабақтастыра жырлаудың
әсерлілігі. Мысалы «Жоңғар қақпасы» деп аталатын өлеңінде:
Бабалар батырлықты елдес еткен
Кәрленген қатер төнсе елге шеттен,
Жоңғардың қақпасынан ішке қарай
Қас түгіл, тас өте алмай жерге шөккен [64,23-б], - деп жырлайды.
Көк талы көк шапанды келіндердей,
Жидегі ер сүймеген еріндердей,
Толқиды қызыл шілік шымылдықтай
Ақ қайың жалтылдайды өңін бермей
Қақтаған күміс түйме шалғайында
Қаптаған көкшіл көлдер өн бойында.
Айдын ба, ақку - қаз ба - айырмассың,
Өспесең Маралдының маңдайында [64, 14-б].
Тұтас бір қабырғадай ұйыса өскен қызыл шіліктің ілулі шымылдықтай толқи
тербелуі, қызыл жидектің қыз ерніндей тамылжуы, ақ қайыңның аппақ күмістей
жалтылдауы, келіншектің өңіріндегі күміс түймелердей Маралды өңіріндегі
қаптаған көлдер – бәрі де жанды сурет!
Жібек қанат самал өтті жүгіріп,
Балқытылған ақ күмістей құбылып,
Бала толқын әне қалды ізінде,
Бал күлкідей жас сәбидің жүзінде [42, 73-б].
Қайталанбастай бір сәттік, бір демдік қана ғажайып көрініс, айдынның бетіндей
самал ізі сәбидің жүзіндегі тәтті жымиыстай жанға жылы, көңілге қуаныш
сыйлайды.
Өзге лирикасы сияқты М.Әлімбаевтың пейзаждары ықшам, өте жинақы,
шымыр бітімді келеді. Мәселен, жоғарыдағы жыр көлемі сегіз-ақ жол.
«Сочиде қар борап тұр» деген өлең он екі жолдан құралған. Шығыс
жақтан бораған қарды тамашалаған ақын:
Кәдімгі қары-ау мынау даламыздың,
Иісі бар атамыздың, данамыздың.
55
Қары ма бөрі жортқан түнгі ауылдың
Қары ма бұл иісі сіңген қырғауылдың
Өзге емес тек қазағың түсіне алар
Қысырдың қымызының иісі де бар.
Тезектің қышқылтымын сездім бе екен
Қиялмен қырдың үстін кездім бе екем» [42, 69-б].
Кәдімгі қазақы мінез, қазақы қабылдау. Сочиде отырып Сарыарқаның қарын
елестету соның айғағы.
Ақын ауылының көрінісін бір ракурстан ғана қарап поэзиялық әдемі этюд
жасайды:
Асыға асқаныңда қайқаң белден,
Алдыңнан ауыл шығар ойпаң жерден.
Айна көл бозғылт тартып жатар тымық,
Секілді қымыз кұйған жайпақ зерен [47, 294-б].
Бұл – Маралды көлінің Қызылағаш ауылының ақындық панорамасы.
Бір айдың «мінезін» мінсіз бір-ақ ауыз өлеңге сыйғызу ақындардың
ақынының ғана қолынан келеді. Мысалы, «Наурыз» өлеңі:
Наурызда маужырап
Жылы болмас күн тегіс.
Көлкір жолда қар жылап
Күндіз – көктем, түнде – қыс... [46, 175-б]
М.Әлімбаев оқырманға жаратылыстың жақсылығын қызықтаушы ғана
болма, табиғаттың көркіне көрік қосушы, өркен үстеуші болуың керек деген
идеяны да ұсынады... Мысалы, «Гүлге көзқарас» өлеңінде табиғат-анаға
аяушылық сезіммен қарауға шақырады:
Кінәлі – гүл шешегін басқан аяқ,
Гүлді мен аялаймын жастан аяп.
Гүл бақтың ортасында өтсе игі
Адамның бар өмірі бастан аяқ [48, 175-б].
Мұзафар Әлімбаев поэзиясының озық үлгілері оқырманды ойға шомылдырмай,
қиялын қозғамай өтпейді.
Жоғарыдағы жалғыз шумақгы оқыған ұлан да, жер ортасына жеткен
жетелі де, гүл бақтар–бақшалар өзінен–өзі жайқалмайтынын ескере келе, кез
келген адам жер үстін жасыл орманға, хош иісті жұпарлы гүлдерге толтыруға
тиіс деген ой түйері хақ.
Ақынның пейзаждық лирикасын оқып отырғанда оның мына пікірі ойға
оралады: «Жаратылысты жандандыру, табиғатты адамдандыру —
елжандылыққа елжірете баулудың бір өте ұтымды жолы. Ірі ақындар ешқашан
да бұл сәтті естен шығармаған» [65, 151-б]. Демек, білімдар ақын жалаң
декларация ғана ұсынып қоймай жаратылыс, яғни туған ел табиғаты жайында
жақсы жырларды да қалың көпке мезгіл-мезгіл сыйлап отырады деген сөз.
56
Автордың «Баян тау», «Қысқы ауылдың көрінісі», «Тентек өзен», «Күзгі
дала», «Тамшы», «Есік көлінде», «Маралдыма махаббат», «Қиыршық қар»,
«Көңіл мен көктем» деген көркем топтамасы, «Күн күркірі», «Алматы күзі»,
«Түнгі Алматы», «Жаңбырдан кейінгі бақша» және соңғы жылдарда
балдырғандар үшін Қазақстанның көрікті жерлері мен қалалары жайындағы
топтамасы ежелгі атамекен – қазақ сахарасын аялап сүюге тәрбиелейтіні сөзсіз.
Ақын М.Әлімбаев лирикасының тағы бір құнды қасиеті өлең-жырын
өрнекті мақал-мәтел қалыбына салып, нақылдық нақышқа бөлейтіні дер едік.
Ол мұндай талапқа өте ерте құлаш ұрған. Тіпті талаппен жігерленген ақын өз
діттегеніне қол жеткізгеніне куә боламыз. Ақын кейде тіпті бір туындысын
тұтас нақылға айналдыра біледі. Мәселен: «Атақ-даңқ қалай шығады» деген
жыр басынан аяғынан дейін біріңғай нақылдан құралған:
Көмірдің аты Тесумен шығар.
Жанумен шығар. Балтаның аты
Балғаның аты Қырнаумен шығар.
Қағумен шығар. Бояушы аты
Қашаудың аты Сырлаумен шығар.
Шекумен шығар. Ақынның аты
Күректің аты Жырлаумен шығар.
Көсумен шығар. Шәкірттің аты
Ал біздің аты Тындаумен шығар [45, 325-б].
немесе «Суретшілер» өлеңін алайық:
Күн – суретші
Мың тірілтер бояуды.
Жел – суретші
Сыбызғы етер сояуды.
Су –суретші
Алқа жасар янтарьдан.
Сөз –суретші
Жаз жасайды қаңтардан [47, 336-б].
Ойшыл ақынның әр туындысының көбінесе нақылға жақын нақышпен
түйінделетіні – көркемдік ұтыс әрі ақын лирикасының басты артықшылығы мен
әрлілігіне, философиялық лирика екендігіне куә.
Ақын поэзиясын сөз еткенде оның нәрлі нақылдарын айтпай кетуге
болмайды. Алғашқы нақылын 16 жасында ауызша шығарған М.Әлімбаев көп
жылдық шығармашылығының ұзына бойында 2500-дей нақылды дүниеге
келтірді. Олар түгел дерлік баспасөз жүзінде жарияланған. Ақынның айтуына
қарағанда, нақыл ойға алмаған оқыста ауызша шығарылады екен. Белгілі бір
оқиғаға, жағдайға, көңіл-күйіне орай туған нақылдардан бірнешеуін келтірейік:
Ақыл – Алланың бергені,
Білім – адамның тергені.
XXX
57
Жеріңді сатпа,
Теріңді сат.
XXX
Қылығы кінәз,
Ғылымы тым аз.
Кемеңгер «Кенелдім» десе де,
Кемелмін демейді [47, 240-242б].
Айтқыш ақынның асыл нақылдарының біразы қазақтың мақал-мәтелдері
жинағына да енген. Оның үстіне баспасөз бетінде де халық кәдесіне жарап жүр.
Мәселен, автордың «Елін сүйгеннің еңсесі биік» [42, 261-б], -деген нақылы
«Халық кеңесі» газетінің бетінде басылғаны М.Әлімбаев асыл сөздерінің халық
қолдылығына куә. Сонымен, М.Әлімбаев лирикасындағы нақышты өрнектер
мен нәрлілік және төлтума нақылдары ақынды өз замандас әріптестерінен
өзгеше көрсетіп, ерекшелендіретін елеулі белгілер. Ақынның поэзиясын қалың
қауымға құрметтететін қасиеттердің бір қыры да осы болар.
«Егемен Қазақстан» газетінде (1994 жылы 17 желтоқсанда) қазақтың ұлы
азаматы, аса көрнекті қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың «Ақиқаттан
аттауға болмайды» атты естелік кітабынан «Тәуелсіз ел ең әуелі... құрметпен
қарай білуі керек» деген атпен үзінді басылды. Сол үзіндіде автор өз ой-
толғамын былай түйіндеген екен: «Сөз маржанын ой түбінен тере білген ақын
інім Мұзафар Әлімбаев айтқандай «Заман азса, Тіл сөйлемес, пұл сөйлер. Адам
азса, Діл сөйлемес, жын сөйлердің — кебін киіп жүрмес үшін тәуелсіз ел әуелі
елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдар мінбері баспасөзіне жағдай туғызып қана
қоймай, құрметпен де қарай білуі керек» [66].
Халық жазушысы һәм қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаевтың
қанатты сөздер тудырудағы еңбегін Д.Қонаевтың «Сөз маржанын ой түбінен
тере білген ақын» деп жоғары бағалауы қаламгерге деген халық құрметін де
аңғартқандай әсер қалдырады. «Өнердің ең алды — сөз өнері» деп саналады.
«Өнер алды — қызыл тіл» деген қазақгың мақалы және бар. М.Әлімбаев сөз
өнерін терең меңгерген ақын.
Әдебиетші ақынның «Өрнекті сөз – ортақ қазына» атты жинағы 1967
жылы 22,5 мың дана таралыммен жарық көрген. Ал «Нақылдың төркіннамасы»
атты жаңа кітабынан үзінділер «Қазақ әдебиеті» (5 тамыз 1995ж.), «Ақтөбе»
газеті (13 тамыз 1994 ж.), «Ардана» газеті ( 7 қазан 1994 ж.), «Ана тілі» (21
шілде 1994ж.), «Алматы ақшамы» (23 қаңтар, 1995 ж.) газеттерінде басылды.
Онда ойлы нақылдардың үстел басында емес, әр қилы жағдайда ойламаған
жерде туғандығы баяндалады. Мысалы: Біртуар композитор Шәмші
Қалдаяқовты еске алу кешіне арнайы шақырып, ақын Мұзафар Әлімбаевқа
сазгердің айтулы әріптесі ретінде теледидардан сөз сөйлеткен екен.
Теледидардағылар материалды монтаждағанда қысқартып, ақын естелігін
эфирге шығармай койыпты. Соған кейіген Мұзағаң: — «Тіріде жыртса
хатыңды, өлген соң құртар атыңды» [67, 142-б], - деген екен. Уытты әрі өрнек
58
бір нақыл өлең осылай туған. Бұған қарағанда, мақал мен мәтелдей емес, әр
нақылдың өзінің туу тарихы бар.
Екіншіден, нақыл авторының аты белгілі болады. Үшіншіден, нақыл
өлең-жыр сияқгы жазылмайды, ауызша шығарылады. Біздің қазақ әдебиетінде
осы күнге дейін нақыл жөнінде арнаулы ғылыми еңбектер, зерттеулер жоқтың
қасы. Орыс әдебиетінде де афоризм – нақыл жанры әлі жан-жақты зерттеле
қоймаған. Бұл тұрғыдан алғанда, атақты ғалым Н.Федоренконың «Афоризм как
жанр словесного искусства» деген зерттеуіі бірден-бір білікті ізденіс. Оның
пайымдауынша: «Афористика - одно из средств образно-речевого выражения
мудрости, совокупность интеллектуальнах изречений, отграненных в
лаконичную и совершенную форму» [68, 64-б]. В.Дальдың атақты сөздігінде
афоризм - «Короткое и ясное изречение, правило, основанное на опыте и
рассуждении отрывочное, но полное по себе положение - деген анықтама
берілген. Қазақ энциклопедиясында: «Нақыл – түйінделе тұжырымдалған терең
ойлы, жұмыр бітімді өнегелі сөз», - делінген. Ал «Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде» тіпті өте келте қайырылған. Орыс халқында «Речь без афоризма -
что еда без соли» дейтін мақал бар екен. Қазақшасы «Нақылсыз сөз - татымсыз
ас» дегенге келеді.
Нақылдың ғылыми дәлірек бір анықтамасын әдебиетші Г.С.Слободкиннің
«Лихтенберг и его афоризмы» деген зерттеуінен табамыз: «Афоризм
приобретает силу благодаря ясности оценок жизни, поведения людей, благодаря
верности мысли, обобщений и выразительной, лаконичной форме, в которую он
облечен» [69, 175-б].
Нақылдың көркемдік, эстетикалық болмысы жөнінде тұжырым айтар
болсақ, нақыл дегеніміз мағыналы идеяның, ойдың мәнерлі өрнекпен, ақылдың
айшықпен тоғысуы.
Әйгілі адамдардың мұраларындағы нақылдардың бәрінен де ойлылық пен
кестелі көркемдік табамыз. Ұлы сөз зергері Мұхтар Әуезовтің «Сын шын
болсын, шын сын болсын», –деген нақылы міне осындай сырлы сипатты болып
келеді.
Ұлы ұстаздардың өнегесінен үлгі алып өскен ақын, әдебиетші Мұзафар
Әлімбаевтың да нақылдары жанрдың барынша көркемдік, идеялық, мазмұндық
шарттарын сақтайтынына куә боламыз. Нақылдары сонысымен құнды. Өрелі
толғау, өрісті ой, терең мазмұн М.Әлімбаевтың нақылдарына да тән: «Елдікті
жырлау – Ерлікті шыңдау», «Өнегелі ұстаз «өзім бол» демейді, «өзің бол»
дейді», «Қол суретші емес, көңіл суретші», «Құдайын ұмытқандар құтырады»,
«Рухы ұқсастар оңай ұғысады», «Мінген атыңнан құласаң да, Елдік салтыңнан
кұлама», «Баланың сотқары — пәленнің шоқпары» және т.б. [67, 43-47б].
Халықтық мақал-мәтелдегідей емес, әдетте нақылдың мазмұнында,
идеясында субъективті тенденция, жеке бастың ой түйіні басым болады, –
дейтін әдебиетші ғалымдар пікірі ақиқаттан алшақ емес.
59
М.Әлімбаев нақылдары өзі дарынды ақын болғандықтан әдемі өлеңмен
өріледі. Бүл бірінші ерекшелігі. Екіншіден, ел аузына көшкен елеулі нақылдары
саздылыққа, аллитерация мен ассонансқа, ішкі ұйқастарға құрылады.
Үшіншіден, көркемдеуіш құралдарға қаныққан метафора, теңеу – қанатты сөзге
қан құйғандай сезіледі. Төртіншіден, қарама-қайшылық күресімен шектестіру
де
ақын нақылдарын көріктендіре, шындық сипатын арттыра түседі.
Бесіншіден, М.Әлімбаевтың қанатты сөздері халықтық қалыпқа өте жақын.
«Сөзде –тұқым,
Өнсе – құтым,
Өлсе –жұтым» [40, 342-б], – дейді ақын. Әр сөзі, бәрі де өз орнына
қағылған шегедей... Суырылып алынбайды. Алты сөздің бесеуі ұйқас-
үйлесімдермен ажырағысыз жымдасқан.
Ақын нақылдары қалың көпшілікке қымбат ғибратын зергерлікпен
ұсынады. Сонысымен де құрметті және көңілді ерекше аударатыны – ақын
нақылдарының бұрынғы сөздеріне ұқсас, үндес, өрелес келуі. Ақын
нақылдарының көркемдік бітімі, эстетикалық сипаты көңіл аударарлықтай
ерекше бітімді. Ақынның тағы бір поэзияға қосқан үлесі ол окказианалды
сөздерді ұтымды және шебер қолдана білуі.
Тілдегі дағдылы қолданыстан тыс құбылысты және көркем
шығармалардағы қолданысына қатысты авторлық шығармашылық стиль
табиғатын тануға көмектесетін, негіз болатын ерекше мәнді бір заңдылық бар.
Ол – окказионализм құбылысы.
Тілдегі окказионалды сөздер экспрессивтік, эстетикалық қызмет құралының
бірі ретінде қаралса, ойды барынша көрікті бере білудің негізгі көрінісі
окказионалды фразеологизмдерде тіпті айқын аңғарылады. Бұны қазақ тіліндегі
мақал-мәтелдердің окказионалды өзгеру жайын қарастырған Ғ. Тұрабаева
мақал-мәтелге қатысты окказионализм құбылысын кең көлемде анықтап оның
құрамына контекстік қолданыста кездесетін барлық құрылымдық,
семантикалық өзгерістер мен варианттарды кіргізеді. Олар: мақал-мәтел
құрамындағы лексемалық ауыстыру, мақал-мәтелдердің құрылымын
окказионалдық кеңейту және тарылту [73,13-б.].
Окказионализмдер – белгілі бір шығармада пайдаланылып, контекст
арқылы анықталатын, әдеби тілімізге кіру қабілеті шектеулі сөздер, немесе
Р.Сыздықова «тосын сөздер» десе, ғалым Х. Нұрмұханов «Сөз және шеберлік»
атты зерттеу еңбегінде потенциалды сөздер мен окказионалды сөздердің ара
жігін ажыратып, окказионализмдер контекст қалауына орай тек «бір ғана
қолданымдық» болып қызмет атқаратын сөздер деп сипаттама береді [75,78-б.],
Г.Мұратова «окказионал сөздер», Л. Еспекова «окказионализм» деп қолданған
[76,5-б.].
Академик М. Серғалиев әдеби тілдің талаптарын есте сақтап жүру, орындау
– әр сауатты, мәдениетті адамның рухани міндеті және парызы екендігін айта
келіп: «...халықтық тілді оның тармақтарын одан әрі тереңірек игеру барысында
60
норманың басқа бір түрін де білу қажеттігі туындайды. Ол – стилистикалық
норма. Стилистикалық норманы, былайша айтқанда, әдеби тіл нормасына
қосымша, оны толықтыратын, анқытап, дәлелдейтін норма десе де болады»
деген тұжырым жасайды [77,40-б.] Нормаға сәйкессіздік окказионал сөздердің
басты ерекшелігі деуге болады. Сөйлеу – дайын тілдік единицалардың
қолданыстағы көрінісі. [75,48-б.].
Мұзафар Әлімбаевтың төмендегі жеке авторлық қолданыстағы
окказионализмдердің тосын үлгілеріне назар аударайық.
Лепес
Лепес (емес сөзталас) –
Әркімнің ойы момақан.
Достарыңызбен бөлісу: |