ақын шығармашылығындағы стиль ерекшеліктерін анықтау;
ақын поэзиясының тақырыптық–идеялық мазмұнын
айқындау;
лирикалық қаһарман бейнесін ашу;
дәстүрлі ақындық шеберліктің ақын шығармаларында көрінуі, көне
үлгілердің жаңарып, жаңғыруы;
өлең кестесіндегі көркемдегіш құралдардың, бейнелі сөздердің қызметі,
алатын орны. Метафора, теңеу, эпитет, метонимия, кейіптеу секілді тілдік,
образдық, бейнелі сөздерді қолданудағы амал-тәсілдері;
образдық-бейнелілік жүйесіндегі
жаңалықты құбылыс, күрделі
абстракциялық тілі, сөздердің сымбат-көркін ашуы;
шығармаларындағы көркемдік компоненттер үйлесімі, олардың бір-
бірімен өзектес құбылыстар екендігі;
ақын шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктердің, түрлі сөз
қолданыстарының табиғат, қоғам, жеке адам
өмірін сипаттауда алатын
орны.
М.Әлімбаев өлеңдерінің құрылыс жүйесіндегі жаңалықтарды, тың
тәжірибелерді анықтау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Мұзафар Әлімбаевтың лирикасы
көркемдік-эстетикалык және теориялық тұрғыдан жан-жақты, жүйелі
қарастырылып, арнайы зерттеуге арқау болып отыр.
Қазақ поэзиясындағы
стиль және бейнелілік М.Әлімбаев шығармашылығы негізінде қарастырылады.
Қазақ балалар поэзясының дамуына сіңірген зор еңбегі және әдеби сында
лайықты бағалануына қарамастан Мұзафар Әлімбаевтың балаларға арналған
шығармалары әдебиеттану ғылымында өзінің зерттеушісін әлі тапқан жоқ.
Белгілі сыншылар мен ғалымдардың, ақын-жазушылардың жекелеген пікірлері
болмаса, ақынның балаларға арналған өлеңдерін ғылыми тұрғыдан жан-жақты
қарастыратын арнайы еңбек жазылған жоқ. Осы тұрғыдан келгенде ақын
М.Әлімбаев шығармашылығын тұтастай алып зерттеу, шығармаларын жанрлық
ерекшеліктеріне жіктеу, оның туындыларындағы автордың шеберлігін,
көзқарасын таныту және сол арқылы қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
– жұмыстың басты жаңалығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: