Т.Кәкішев, Ш.Елеукенов, Ә.Нарымбетов, Р.Нұрғали, Қ.Мәшһүр-Жүсіпов,
С.Негимов секілді т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері құрайды. Сонымен қатар
В.Г.Белинский, Г.Н.Поспелов, Б.В.Томашевский, Л.Н.Тимофеев, Г.О.Винокур
т.б. еңбектеріндегі ғылыми-теориялық қағидалар басшылыкқа алынды.
Зерттеудің ғылыми практикалық мәні. Қазақ
әдебиетін, оның ішінде
поэзияның
тіл кестесін, өлең өрімін,
саздылығы мен әуезділігін, яғни,
көркемдік, сапалық қасиетін жан–жақты қарастыратын әдебиет теориясы. Сол
себепті диссертациялық жұмыстың негізгі тұжырымдары мен нәтижелерін
жоғары оқу орындарында М.Әлімбаев поэзиясы
бойынша оқылатын арнайы
курстарда пайдалануға болады. Сондай-ақ жоғары оқу орындарында жеке
қаламгер лабороториясын, ақындық әлемiн арнайы
курстар ашып оқытқанда
бұл еңбектiң көмекшi құрал ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Зерттеу әдісі. Зерттеу жұмысын жазу барысында, талдау, жүйелеу,
жинақтау, тұжырымдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық
жұмыс кіріспеден,
негізгі үш негізгі бөлімнен (әрқайсысының тараушалары бар) және қорытынды
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі
55 атаудан тұрады.
6