Н. Ж. Туралина Қазақ поэзиясы: стиль және бейнелілік


Ақындық өнер және шығармашылық үдеріс



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата21.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#62206
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Н. Ж. Туралина аза поэзиясы стиль ж не бейнелілік

1.2 Ақындық өнер және шығармашылық үдеріс
Стиль – әр ақынның көркемдік жеке дара шеберлігімен байланысты.
Қазақ әдебиеттану зерттеушісі: Қ.Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және
бейнелілік» деген еңбегінде: «Стильдің алдымен лирикалық қаһарман
сипатынан аңғарылатыны, сол арқылы тақырып, идея, ұйқас, сюжет,
композиция деп т.б. – бәріне ықпал ететінін діттеумен бірге, тағы бір өзекті
мәселені естен шығаруға болмайды. Ол - стильді анықтаудағы екінші бір өзекті
құрал –суреткердің сөз қолдануымен, белгілі бір ортақ делінген баламаларды да
өзінше ажарлап ұқсата білумен байланысты екендігі»-деп көрсетеді [18, 384-б]. 
Қай ақынның болмасын стилінің байлығы-көркемдік ізденіс нәтижесінің
жемісі. Ақынның суреткер ретінде марқайып, айрықша стиль танытуына,
шеберлік шыңына жетуіне өзінен бұрынғы ақындар мектебі, өз ортасы, заманы
айрықша әсер етеді. Сондай-ақ, жеке ақынның, тұтастай қазақ лирикасының
биігін межелеуінде көркемдік әдіс, әдеби ағым, сөз саптаудағы бейнелеуіш
құралдар, көркемдік құрылымдар, бір сөзбен айтқанда стиль шешуші роль
атқарады. 
Ақын бейнесі әр өлеңде, әр қырынан әр түрлі көркемдік тәсілдер арқылы
нақтылы көрініс табады. Поэзияда ақын тұлғасы көбінесе жинақталған
лирикалық бейне қалпында көрінеді. Өйткені ақын өлеңінде үнемі басынан
кешкенді, өзі көрген, немесе, өз өмірінде болған жайларды ғана айтпайды,
болатынды, болуы мүмкін жайларды да айтады. Сондықтан өлеңдегі лирикалық
тұлға автордың, ақынның бейнесін танытады ол оның поэзиядағы көркемдік
көрінісі. Екеуінің түпкі негізі бір, мүлде ажыратып бөліп алуға келе бермейді. 
Лирикалық тұлға әсіресе сыршылдық сипаттағы және ой-толғаныс
түріндегі өлеңдерде айқын бой көрсетсе, ал ақынның, автордың бейнесі
лирикалық тұлға арқылы да, сонымен бірге қандай да бір басқа адамды
мінездеу, соның өзін сөйлету, ал сюжетті поэзиялық шығармада оқиғаны
баяндау арқылы да танылады. Осындай лирикалық тұлғаны зерттеу еңбектерде
18


лириалық қаһарман деп те атайды. Лирикалық қаһарманның басты ерекшелігін
айқындайтын ақынның қоғамдық, эстетикалық мұраттары, идеялары, өмір
құбылыстарын, халық тағдырын өзінше түсініп - сезінуі. Сөйтіп, лирикалық
қаһарман деген ұғым ақынның көптеген шығармаларында ой-сезім дүниесінің,
мақсат мұраттарының бірлік-тұтастығын танытады. 
Лирикалық шығармада көбінесе күрделік қоғамдық ой-пікірлер ақынның
жеке адамға деген жылы сезімі, не болмаса назары түскен табиғаттың бір
көрінісін сезінуі-бәрі тығыз байланысып жатады. 
Лирик – ақын қоғам өмірінің шындығын, өз көңіл-күйін білдіру арқылы,
өз сезім толқыныстары, ой-толғамдары арқылы танытады. Ақынның өз тұлға-
бейнесі оны тебіренткен ой сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі
алуан түрлі жағдайларға, қоғамдық мәселелерге, әр түрлі адамдардың іс-
әрекеттеріне, оның қатынасынан берген бағасынан айқындала түсіп, жан-жақты
толық көрінісін табады. Ақын бейнесі дегеніміздің өзі де ылғи бір қалыпта,
біркелкі сипатта көрінбейді, әр қырынан ашылып отырады.
Ақынның поэзиядағы тұлға-бейнесі мен халық бейнесі деген ұғымдардың
арасында жалғастық сабақтастық жоқ емес. Ақын бейнесінің өзгешелігі,
алдымен оның халқының өмірін, тағдырын қалай түсіне білетініне байланысты.
Ақын дарыны неғұрлым зор, қуатты болса, оның шығармашылығының
тамыры, сол ғұрлым терең жатады, халық поэзиясынан алатын нәрі де мол
болады. Бірақ халық поэзиясының қасиет сипаттарын бойына қанша сіңірсе де,
дайын үлгі - өрнектерді бар қалпында алып пайдаланбаған соң, ешқандай
ұқсастық сезілмейді.Ақын ойының жаңа, тың болуы, бейнелеу, суреттеу
тәсілдері арқылы қолданылса, ақын жаңашылдық сипатымен көрінеді. Ұлттық
поэзияның ең өнімді, ең құнарлы дәстүрлеріне мықтап табан тірей алғанда ғана
ақын бұрын ешкім таппаған жаңалық таба алады. 
Поэзиялық шығармада ақын ойының тереңдігі, көркемдік қиялының
қанатты ұшқырлығы, сезімінің нәзіктігі, әсерлілігі не нәрсені болсын, бірнеше
белгі- сипат арқылы айқын елестету қабілеті негізінде көп жағдайды айтпай-ақ
аңғартуға мүмкіндік туғызады. Осыған сәйкес ақынның ой-сезімін жеткізудегі
салмақ жүгі көбірек, зерделеп алынған сөздердің мағыналық тереңділігі,
бейнелілік, суреттілік қасиеті арта түседі. Ал салмағы жеңіл, әсерлілігі аз
сөздер, қажетсіз басы артық болып шығады.
Әдебиет өмір шындығының сәулесі. Өмір шындығы дегеніміз – бірімен-
бірі тұтасып жатқан ұшы - қиыры жоқ мол дүние. Ақын сол мол дүниеден
қанша алып, қалай пайдаланамын десе де өз еркі, яғни бұл жағынан алып
қарағанда ол жалпақ дүниені жалғыз өзі билейтін әмірші.Бірақ сол мол дүниені
қалай алып, қалай пайдаланбасын өзі суреттеп отырған өмір шындығын
молынан қамти отырып, дәуір талабына сай көркемдікпен шешіп бере білуге
тиісті. Ақын бұл жағынан алып қарағанда өзі өмір сүріп тұрған дәуір тынысына
тәуелді. Осыдан келіп ақын шығармашылығының халықтығы шығады. 
19


Әрбір адамның орнын тауып жұмсап, өмір шындығын молынан
қамтығысы келеді, аз айтып, көп мағына беруге тырысады. Сюжет эпикалық,
драмалық және лиро-эпикалық жанрдағы оқиғалы шығармаларға ғана тән, ал
композиция барлық жанрдағы шығармаларда сюжет бола бермейді, онда ой ғана
айтылады. Бірақ онда да идея мен композиция міндетті түрде болады.
Ақын, жазушының бірін юморист, бірін әңгімеші, енді бірін парасатты
ойдың суреткері деген де, сол бір ұғымды тудырарлық стильдік ерекшелік те әр
саладан дәлелдеуді тілейді. Эпикалық, лирикалық, сатиралық тағы басқа
жанрларда шығармалар тудырған ақындарды лирик, сатирик деп әр түрлі атап
жату да шартты. Осының бәрі де өз бойларына тән үлкен сыр, ерекше қасиет
сақтағандар.Олар бірер белгілерімен ғана аталғанымен өзіндік шеберліктерімен
көрініп, өз ерекшелігін танытқандар. Бұл ерекшелік түптеп келгенде суреткер
стилін айқындайды.
Жазушының стилі белгілі тарихи дәуірдегі көркемдік, стильдік
ізденістермен жалғасып жатады, әдебиетке тән көркемдік жүйесі, стильдік
өзгешеліктер тарихи-қоғамдық жағдайға байланысты, заманның әлеуметтік,
эстетикалық мақсат-талаптарына сәйкес қалыптасады. Әдебиетте орнығып,
өркендеп келе жатқан көркемдік принциптерді, стильдік мүмкіндіктерді,
бейнелеу тәсілдерін әр жазушы өзінің өмір тәжірибесі, талант талғамымен
ұштастыра қабылдап, ерекше пайдаланады.
Тәуелсіздік кезеңіндегі жылдар ғажайып, өсіп толысулар, самғаулар
кезеңі. Халық өмірінің ғарыштық жылдамдықпен өсуі қазақ жырларына тың
тыныс, жаңа соқпақтар әкелді. Бұрындары ойлы өлең, сезім толғанысы,
азаматтық әуен т.б. сипат қазақ поэзиясындағы қалыптасқан ұғымдар өзгеше
реңмен айтылып, өзгеше талғаммен талдана бастады. Қазіргі қай өлеңде
болсын, өмір шындығына бейімділік, реальды нақтылық, ойшылдық басты
сипаттардың бірі.Эпикалық жанрдағы көркемдік шеберлік, саздар мен
ізденістердің сан қырлылығы, молдығы да уақыт ерекшелігі.Сюжеттік өлеңдер
де өзіндік сымбат түрлендіре түскен. Тілдік, стильдік, формалық ізденістер.
Образ жасау, көркемдік бейнелеу принциптері. Осындай толып жатқан өзекті,
мәнді проблемалар соңғы он жыл поэзиясындағы сапалық өзгерістерді
көрсетеді. Қазіргі қазақ поэзиясының қаһарманы, бұл, прозаға қарағанда,
өзгешелеу, күрделі сипаттағы кейіпкер. Тек «лирикалық қаһарман» аталған
поэзия кейіпкері төңірегінде ғана қаншама идеялық-көркемдік желілердің
түйіні бар. Әуелі, поэзиядағы қаһарман тұлғасы қазіргі кезеңдегі қазақ
азаматының үлкен әріппен басталатын Адам ретіндегі бейнесінің тікелей жыр
әлеміне аяқ басуы. Қазақ өлеңінің шығармашылық дәстүрі тереңге тамыр
тартқан. Жаңашылдық- сол дәстүр атты қайнар бұлақтың көзі. Ақындарымыз
тақырып аясын кеңейтумен қатар, бұрынғы тақырып, мәселелерге басқа
қырынан келіп, тың тебіреністерін ұсынады.
Әдебиеттің дамуы елдің, халықтың дамуының белгісі. Поэзия
шеберлігінің, мәдниетінің ұшталуы, жаңа биіктерге, көтерілуі де рухани
20


дүниеміздің жарқын әлемі. Қазіргі қазақ поэзиясындағы шығармашылық
ізденістер арасында екі қасиет ерекше жоталанып көрінеді. Бірі – бүгінгі өмір
тынысына терең үңілу, өмір құбылысының поэзиясын сергек жүрекпен жыр
тілінде зерттеу болса, екіншісі – өмірден, жалпы болмыстан түйген түйін
тұжырымдап ой елегінде екшеп, поэтикалық талғамдарды жыр құмар қауым
қазылығына ұсыну.
Стильдік ерекшеліктер көркемдік құралдар жүйесінде, олардың ішкі
заңдылықтарынан өрбитін байланыстарымен өзара қарым-қатынастары арқылы
көрінеді. Ал қаламгердің өзіндік көркемдік әдісі оның өмірлік материалды
танып-бағалау, таңдау және бейнелеудегі өзіне ғана тән ұстанымдарынан келіп
шығады. 
21




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет