Н. Ж. Туралина Қазақ поэзиясы: стиль және бейнелілік



жүктеу 0.71 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата15.03.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ҚОРЫТЫНДЫ
Мұзафар   Әлімбаев:«Ақын  өлеңмен   ойлайды,   өрнекпен   толғайды»,   –
дейді.  Шындығында да, дүниені,  қоршаған ортаны, өмірді, тұрмыс-тіршілікті
ақындық көзбен көру, құпия жұмбақтарына үңілу, өткір де шынайы қабылдау,
түйсіну,  тану   –   поэзия   тілінің   бастау   көзі.   Яғни,  ақындық   шеберлік   –   сөз
өнерпазының   көркемдік   ойлау   жүйесіне,   ақындық   сапасына,   терең
дүниетанымына   тікелей   қатысты.   Ендеше,   Мұзафар   Әлімбаевтың   ой-өрісі,
дүниетаным   өресі,   білім-білігі,   парасат-пайымы,   шығармашылық   қабілет-
қарымы айрықша назар аудартады. Сол себептен ақын поэзиясының бейнелілік
жүйесінде небір көркемдік құбылыстар аса мол. Қуатты ақындық ой-сезімінен
нәр-қорек  тапқан  ақын  тілінде  алуан  сырлы  көркемдегіш-суреттегіш  құралдар
қызметін зерттеу жұмысы барысында  бағамдауға талпындық.
Ақын  шығармаларының  музыкалық  архитектоникасы  өлең  құрылысына
жасаған  түбірлі  өзгерістерінен  де  көрінеді.  Ол  өлеңнің  буын,  бунақ,  тармақ,
ұйқас,  шумақ,  дыбыстық  жүйесіне  қыруар  жаңалықтар  енгізді.  Әрине,  мұның
барлығы  көркемдік  мақсаттан,  саналы  поэзиялық  ойдан,  философиялық
толғаныстардан  туғандығын  байқауға  әбден  болады.  Шығармашылық   әлемін
шолар болсақ, мынандай сипат-белгілерді атауға болады:
– Ақынның ұлтжанды азаматтығы, елдік ұранына жаршы болуы. Мұзафар
Әлімбаев қазақ өлеңін көпсөзділіктен, боссөзділіктен арылтқан ақын.
– Өлең түрлерін байытуға, құбылтуға баса зер салып, отыздан астам түр
енгізген.
–  М.Әлімбаев  қазақ  әдебиетінде  философиялық  поэзияны  көркейтуге
үлес-сыбаға қосқан ақын.
–  М.Әлімбаев  –  қазақ  поэзиясында  диалог-өлеңдер  жанрын   дамытқан
ақын.
– М.Әлімбаев – қазақ поэзиясына жалғыз жолды жырларды тұңғыш енгізе
бастаған ақын.
– М.Әлімбаев  –  қазақ поэзиясында қос сөзді жырлар, үш сөзді жырларды
алғашқы жазған ақын.
–  М.Әлімбаев    –  қазақ  поэзиясында  ұмытылған  түр  -  рубаиларды  қайта
жандандырушылардың алдыңғы сапындағы ақын.
–М.Әлімбаев  – қазақ поэзиясында төлтума   нақылдар тудырушы ақын.
–М.Әлімбаев  –  қазақ поэзиясына окказианал сөздерді енгізген алғашқы
ақын.
Диссертациялық  жұмыста М.Әлімбаев поэзиясының ең басты, ең негізгі
ерекшеліктерін,  атап  айтқанда  лирикалық  кейіпкер  табиғатын,  бейнелілік
жүйесін  және  өлең  құрылысын  сөз еттік.  Ақынның  лирикалық  «меніне»  ішкі
рухани  дүниенің  байлығы,  лирикалык  ой-сезім,   ұлттық  дүниетаным,
философиялық  ой  түйіндеулер,  адамгершілік  қасиеттер,  ақиқат, қайырым  мен
83

сұлулықтың  үйлесімі,  жақсылыққа,  жаңалыққа  құштарлық,  идеялық
-эстетикалық мұрат, азаматтык әуен, әлеуметтік сана тән.
«Арманшылмын абыз қазақ атамдай, 
Ақылдымын атаң айтқан мақалдай. 
Дарындымын, жалындымын әкеңдей,
Кең далаға кең тарадым мәтелдей» [47, 383-б], – дегені осынау пікірімізге
дәлел.
Мұзафар   Әлімбаев   қазақ   халық   ауыз   әдебиеті   тұнығынан   сусындап,
фольклорлық   туындылардың   жарқын   үлгілерін   жинастырып,   олардан   тәлім
алып, көңілге түйіп, сол дәстүрді жалғастыра, жаңа қырынан жарқырата алды.
«Халықтан асқан ақын да жоқ, өнерпаз да жоқ» [72,52-б], «Елден үйренген ер
кенжелемейді» [72, 444-б], – деп тұжырымдайды ақын бұл жөнінде. Ақын өз
өлеңдерінде   әрқашан   ұлттық   тәрбие   мен   салт   –   дәстүрге   ерекше   мән   беріп
отырады,   қытымыр   кездің   өзінде   Мұзафар   Әлімбаев   бүлдіршіндерді
халқымыздың   бойына   тән   игі   жақсы   қасиеттерге   баулып   отырады.   Жұмбақ,
санамақ, мақал-мәтел, өтірік өлең, жаңылтпаш тәрізді халықтық жанрлар ақын
шығармашылығында трансформацияланып, өз жалғасын табады. Шынайы өнер
туындысынан халықтық рух пен діл, ұлттық мінез бен салт-дәстүр, халықтың
өзіне тән болмысы мен таным көкжиектері көрініс табуы қажет. Сонда ғана
шығарманы  халықтық  деп атауға  негіз  бар.  Мұзафар  Әлімбаев  поэзиясының
өміршеңдігі оның халықтық айдыннан нәр алып, сан ғасырлар сынынан өтіп,
бүгінгі   күнге   дейін   жалғасып   келе   жатқан   қазақ   поэзиясының   құнарлы
топырағында  гүлденуі  дәлел. 
Қаламгер   жырлары   бүлдіршіндер   үшін   бір   жағынан   ұғынықты   болса,
екінші   жағынан   көркем,   бейнелі,   әрі   әсерлі.   Бұл,   әрине,   ақын   шеберлігінің
айғағы.
Қорыта  айтсақ,   дарынды  ақынның  біз  атаған  қырлары  міне  осындай.
Сонымен қазақ лирикасын, жалпы қазақ поэзиясын, шындап келсек, бүкіл туған
әдебиетімізді  әр  салада  аса  қымбат  жаңа  көркемдік  сапалармен  көркейткен
М.Әлімбаевтың еңбегі орасан зор.
84

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ
1 Әдебиеттану. Терминдер сөздігі (құрастырушылар: 3. Ахметов, Т. Шанбаев).
- Алматы: Ана тіл, 1996. - 90 б.
2 Виноградов     В. Стилистика.Теория поэтической речи. Поэтика. М., 1963.-
255 б.
3 З.Қабдолов, «Әдебиет теориясының негіздері», Алматы,  1970 ж.-210б
4 Сахариев Б. Күрескер түлғасы. – Алматы: «Жазушы», 1979.- 383б.  
5 Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. – Алматы: «Жазушы», 1984.-252б.
6 Әлімбаев М. Жалғыз жолды жырлар//«Қазақ әдебиеті».- 1996.- №18
7 Әлімбаев М. Туған тіл туралы төрттағандар//«Ана тілі».-1994.- №12
8 Әлімбаев М. Ой моншақтары//«Қазақ елі».- 1996.- 22 қараша
9 Әуезов М. Шығармалар жинағы. Жыл келгендей жаңалык сеземіз.- Алматы: 
«Жазушы», 1985; 
10 Елшібек Ж. Ерекше туынды//«Егеменді Қазақстан».- 1996.- 4 қараша.
11 Әлімбаев М. Өлең-сөздік. – Алматы: «Атамұра», 
12 Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік 
көркем әдебиет баспасы, 1958;
13 Борев Ю. Б. Эстетика. - Ростов н/Д., 2004. - 704 б. 
14 З.Ахметов. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы.1996.ж. 186-187.б.
15 Жұмалиев Қ.Стиль - өнер ерекшелігі. - Алматы: Жазушы, 1966. -384б
16 Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы: Жалын, 1991. - 464 б.
17 Қабдолов 3. Сөз өнepi. - Алматы: Санат, 2002. - 11-360 б.
18  Қ. Жүсіп. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. – Павлодар, 2007.
318-436 б.
19 Гегель В. Ф. Эстетика. - М., 1968, 4-х т. 1 т. – 302-305 б.
20  Храпченко   М.   Б.   Познание   литературы   и   искусства,   теория   пути
современного развития. - М: Наука, 1987. - 575 б.
21 Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры.- Алматы: Жалын,1997.-366 б.
22 Соколов А. Теория стиля. - М., 1968. - 223 б.
23 Поспелов Г. Проблемы литературного стиля. - М., 1970. - 330 б.
24 Қаратаев М. Стиль зерттеу принциптері//Стиль сыры. - Алматы, 1974.-335 б.
25 Mүcipeпoв F. Суреткер парызы. - Алматы, «Жазушы» ,1971. -544б.
26 Mүcipeпoв F. Әдебиет – кәсіп емес, өнер. - Алматы, «Жалын»,1987.-124-125б
27 Mүcipeпoв Ғ.Бес томдық шығ.жин. 4 том. - Алматы, 1975. - 555 б.
28 Қаратаев М. Стиль зерттеу принциптері//Стиль сыры. - Алматы, 1974.-335 б.
29  Бахтиярова   С.   ХХ   ғасыр   басындағы   қазақ   поэзиясындағы   стильдік-
көрекемдік ізденістер. – Диссертация. Алматы, 2002, - 133б.
30  Бекхожин   Қ.   Жастар   дауысы.-  Алматы:  Қазақтың   біріккен   мемлекет  
баспасы, 1958; 
31 Қирабаев С. Шындық және шығарма.- Алматы: «Жалын», 1981; 
32 Қабдолов 3. Аға буынның өнегелі өкілі//Заман Қазақстан.-1999.- 14 қараша;
85

33  Қайырбеков  Ғ.Сарабдал   сөз  сардары//Егеменді   Қазақстан.-   1993.-  29  
қазан; 
34 Кәкішев Т. Қайратты қалам қарышы//Жұлдыз.- 1983.- №10; 
35 Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. – Алматы: Жазушы, 1992;
36  Молдағалиев  Т.  Қаламы  қолынан   түспеген   ақын//Қазақ  әдебиеті.-  1993.- 
№39; 
37 Сейдімбеков А. Қаламгер мәртебесі//Қазақстан мұғалімі.- 1980.-  29 қазан; 
38 Кедрина 3. Из живого источника. -  Москва: Советский писатель, 1979 
39 Қабдолов 3. Сөз өнері. – Алматы: Мектеп, 1982
40 Әлімбаев М. Өмір. Өнер. Өнерпаз.- Алматы: Өнер, 1991
41 Мырзалиев Қ. Шығармалар жинағы. I т.- Алматы: Жазушы, 1989
42 Әлімбаев М. Сүймеген жүрек семеді.- Алматы: Жазушы, 1987
43 Қайырбеков Ғ. Сарабдал сөз сардары//Егемен Қазақстан.- 1993.- 29 қазан.
44 Кәкішев Т. Өз өрнегі бар ақын//Сарыарқа самалы.- 1993.- 4 қараша
45 ӘлімбаевМ. Шығармалар жинағы I т.- Алматы: Санат, 1997.
46 Әлімбаев М. Таңдамалы II томдық. I т.- Алматы: Жазушы, 1983.
47 Әлімбаев М. Шығармалар жинағы.- Алматы: Санат, 1997.
48 Сахариев Б. Уақыт тынысы.- Алматы: Жазушы, 1968
49 Ысмайылов Е. Ақын және революция.- Алматы: Жазушы, 1961.
50 Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтандақ беттері.- Алматы: Білім, 1995
51 Мақатаев М. Қош, махаббат.- Алматы: Жазушы, 1988
52 Жақыпов Е. Өлеңін оқып өзін ұқ//«Жалын».- 1983.- №5
53 Қабдолов 3. Әдебиет теориясының негіздері.- Алматы: Мектеп, 1974
54 Әлімбаев М. Сақтық жыры//Жұлдыз.- 1989.- №1
55 Нұрғалиев Р. Телағыс.- Алматы: Жазушы, 1986
56  Әлімбаев   М.   Әлихан   Бөкейхановтың   соңғы   суретін   көргенде//Қазақ  
әдебиеті.- 1991.- №23
57 Базарбаев М. Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы. – Алматы: Жазушы, 1973
58 Негімов С. Ақын — жыраулар поэзиясының бейнелілігі.- Алматы: Ғылым, 
1991
59 Әлімбаев М. Таңдамалы. II т.- Алматы: Жазушы, 1983
60 Әдебиеттану терминдерінің сөздігі.- Алматы: Ана тілі, 1996
61 Оразов Л. Мастерство и волшебство.- Москва: Советский писатель, 1972
62 Қабдолов 3. Сөз өнері.- Алматы: Мектеп, 1976
63 Әлімбаев М. Көңіл күнделігінен.- Алматы: Жалын, 1980
64  Әлімбаев   М.   Бабалар   батырлықты   елдес   еткен...//Қазақ   елі.-  1995.-  14
ақпан.
65 Әлімбаев М. Қалам қайраты. – Алматы: Жазушы, 1976
66 Қонаев Д. Тәуелсіз ел ең әуелі...кұрметпен қарай білуі керек// Егемен 
Қазақстан.- 1994.- 17 желтоқсан
67 Әлімбаев М. Нақылдың төркіннамасы.- Алматы, 1996
86

68  Федоренко  Н.  Афоризм  как  жанр  словесного  искусства//Вопросы 
литературы.- 1973.- №9
69 Слободкин Г. Лихтенберг и его афоризмы.- Москва: Наука, 1964
70 Әлімбаев М. Ақмаңдайлым.- Алматы: Өнер, 1984
71  Қапасова   Б.Қ.   Қазақ   әдебиетіндегі   балалар   лирикасы   (60-90жж).
Филол.ғ.к.дисс.:Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
2000.
72  Әлімбаев М. Өмір. Өнер. Өнерпаз.Эссе, естеліктер, ой-толғамдар. Алматы:
Жазушы,1992
73  Тұрабаева   Г.К.   Окказиональные   преобразование   пословиц   и   поговорок.
Автореф., дисс. к.ф.н. Алматы, 1989, -224 б.
74  Мұратова   Г.   Қазақ   көркем   әдебиетіндегі   окказионал   сөздер.   ф.ғ.к.
диссертациясы. Алматы, 1991, -145 б.
75 Нұрмұханов Х. Сөз және шеберлік. – Алматы: Ғылым, 1987, -287 б.
76  Еспекова   Л.Ә.Қадыр   Мырзалиев   поэзиясындағы   окказионализмдер:
филол.ғыл.канд.диссертациясы. Алматы, 1998.-164б.
77 Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы, 1995, 172 б.
78 М.Әлімбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Санат» баспасы. –
Т. 1-2. – 1997,702 бет
79 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы, 1977. -712б.
87

Қолжазба құқығында
Туралина Назира Жанатлековна
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ: СТИЛЬ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛІЛІК
(М.Әлімбаев поэзиясы негізінде)
6М020500  -  Филология
Филология магистрі 
академиялық дәрежені іздену диссертациясының
рефераты
Павлодар, 2013

Жұмыс Инновациялық Еуразия университетінде орындалды         
  
Ғылыми жетекші:                                                 филология ғылымдарының  кандидаты, 
                                                                                доцент
                                                                                Ғ.К. Резуанова
    
Ресми оппонент:                                                  филология ғылымдарының  кандидаты,  
                                                                               ПМПИ доценті
                                                                               Қапасова Б.Қ.
Мемлекеттік аттестаттау
комиссиясының хатшысы,  
филология магистрі  
            
         Ш. С. Байжекина  

Тақырыптың  өзектілігі.  Қазақстанның  халық  жазушысы,  мемлекеттік
сыйлықтың  лауреаты,  Ы.Алтынсарин  медалінің  иегері,  көрнекті  ақын,  көп
қырлы  талант  иесі  Мұзафар  Әлімбаевтың  шығармашылығы,  әсіресе  поэзиясы
туған  елінің  тарихына,  көркемдік  куәгер  екендігі  ешкімге  де  күдік  келтіре
алмас.  Мұзафар   Әлімбаев   шығармалары   негізінде   өлеңдеріндегі   көркемдік
ерекшеліктер арқылы, ақын стилін зерттеп, анықтау диссертациялық  жұмысқа
негіз болып отыр. Жұмыстың өзектілігі мен қажеттілігі  ақын шығармаларынан
көрінетін   тілдегі   көркемдегіш   құралдардың,   троптардың   қолданылуы   мен
шығарма табиғатындағы көркемдік ерекшелікті айқындаумен сабақтас болады. 
Мұзафар   Әлімбаев   өлеңдерін   тақырыптық-идеялық   жағынан
топтастырып,   автордың   өзіндік   стилін,   көркемдік   тәсіл,   ақындық   шеберлік
бағытында қарастыру жұмыстың өзектілік сипаты болып табылады. 
Ақын шығармашылығын зерттеген белгілі сыншы Б.Сахариев: «Мұзафар
кызығы да, қиындығы да, бейнеті де, зейнеті де мол шығармашылық жұмыстан
бір  күн  мойнын  босатпайтын,  өз  талантын  тынымсыз,  толассыз  толғаныс,
тебіреніс  арқылы,  іркілмей  іздену  арқылы  шыңдап,  біртіндеп  өсіп,  өндіре
жазып  келе  жатқан  жемісті  қаламгер»  [3,   277-б],   -  деген  жолдарынан  көп
нәрсені  аңғаруға  болады.  М.Әлімбаевтың  әр  алуан  жанрдағы  елуден  асқан
төлтума  кітаптары  жарық  көрген,  таңдаулы  өлең-жырлары  отыз  сегіз  тілге
аударылған.
Әдебиет  зерттеушісі,  ғұлама  ғалым  Б.Кенжебаев  акынның  кім  және
қандай  болуға  тиіс  екенін  былайша  түйіндейді:   «Ақын  деген  талантты,
дарынды,  ерекше  қабілетті,  аса  білімді,  мәдениетті  адам  деген  сөз.  Ол
жағдайды,  мәселені,  өмірдегі  өзгерісті,  жаңаны,  жақсыны  жұрттан  бұрын
көруге,  аңғаруға,  сол  көргендері  мен  аңғарғандарын  дәл  түюге  тиісті:  жұрт
білмегенді ол білуге міндетті. Сөйтіп, ол әрдайым тың, жаңа мағыналы, күрделі
ой-пікір,  дәл,  нанымды,  жарасты  сезім,  сурет  тауып  айтуға  тиісті»  [4,  67-б].
Ғалымның  ақындарға  қойған  талабы  тек  үздіксіз  ізденіс  арқасында  ғана
орындалмақ.  Б.Сахариевтың  жоғарыдағы  М.Әлімбаевқа  берген  бағасы
Б.Кенжебаев қоятын талаптарға толық лайық деуге болады.
Ақын М.Әлімбаев бірыңғай поэзиясын ғана күйттейтін ақын емес, оның
таланты сан қырлы. Ол әдебиеттанушы, қазақ поэзиясының, қазақ әдебиетінің
өзекті  мәселелерін,  өткен  замандардағы  және  бүгінгі  ақындарымыздың
шығармашылығын  талмай  зерттеуші.  Оның  «Қалам  қайраты»,   «Толқыннан
толқын туады», «Өмір. Өнер. Өнерпаз», «Көңіл күнделігі», «Өрнекті сөз - ортақ
қазына» сияқты зерттеу кітаптары көпке белгілі еңбектер.
Мұзафар  Әлімбаев  халық    фольклорын  жинаушы  ғана  емес,  сонымен
бірге  мақал-мәтел  жанрын  ондаған  жылдар  бойында  зерттеген  ақын.
М.Әлімбаевтың  «Өрнекті  сөз  -  ортақ  қазына»  деген  монографиясы  (1967)
мақал-мәтелдерді аударудың теориясын жасап, тәжірибесін анықтаған еңбек.
Тәжірибелі  әрі  беделді,  шебер  тәржімашы  Мұзафар  Әлімбаев  дүние
жүзінің  85  халықтары  мен  ұлыстарының  мақал-мәтелдерін  және  әйгілі
тұлғалардың нақылдарын (бас-аяғы 30 мындай) қазақшалап, 7-8 кітап шығарған
кісі.
 Мақал-мәтелдерді
 зерттеуі 
Мұзафар 
Әлімбаевтың 
поэзиясын
сұлуландыруға, көріктендіруге әсерін тигізгенін анык байқауға болады.

Акын Мұзафар Әлімбаевты қалың қауым, оқырмандар ұстаз қаламгер деп
бағалайды.  Оның  бұл  саладағы  еңбегі  ұлы  педагог  Ы.Алтынсарин  медалімен
марапатталуы тегін емес. 
Халыққа  кең  танылған  ақын  М.Әлімбаев  қазақ  әдебиетінде  естелік
жанрын  қалыптастыру  мен  өркендетуге  де  зор  үлес  қосты.  Ол  қазақтың  50
шақты  ұл-қыздары  жөнінде  үлкен  біліктілікпен,  ыстық  сүйіспеншілікпен
естеліктер жазып, жариялады. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, А.Жұбанов,
Б.Момышұлы,  С.Мәуленов  және  т.б.  жөніндегі  естеліктер  ғибраттылығымен
қымбат. «Өмір.  Өнер.  Өнерпаз»  және  «Көргендерім  көңілде»  атты  кітаптары
осыған дәлел.
Мұзафар  Әлімбаев  көркем  аударма  саласында  да талмай еңбек етті.  Ол
зерттеу  еңбектерінде  көркем  аудармаға  да  көп  көңіл  бөледі.   Көптеген
халықтардың 80-85-тей акындарының поэзиясын қазақшалаған. Оның Шандор
Петефи,  Сағди,  Тоқтағұл,  Пушкин,  Апиолинер,  Фучик,  Райнис  және  т.б.
аударма өлеңдері қазақ оқырмандары көңілінен шыққан дүниелер.
Байқағыш,  алғыр  ойлы  М.Әлімбаевтың  басқа  ақындардың  әлі  көзі
шалмаған  тосын  сюжеттерді  тауып,  аз  сөзбен  сурет  жасайтын,  сюжетті  оқиға
динамикасына  зор  мән  беретіні  —  жас  ақындарға  жақсы  мектеп  дерліктей.
Мұзафар  Әлімбаев  бұрын  жырланған  сюжеттерді   қайталамауға   тырысады,
әрқашан  мәнді  идеяны  танытар  тартымды  оқиғаны  кейде  өз  қиялымен  ойлап
табатыны — өнегелі үрдіс. 
М.Әлімбаевтың ақындық өнерпаздығы және кейбір шығармалары туралы
М.Қаратаев,  Қ.Бекхожин,  З.Қабдолов,  С.Қирабаев,  Ғ.Қайырбеков,  Т.Кәкішев,
Қ.Мырзалиев,  Т.Молдағалиев,  А.Сейдімбеков,  Б.Сарбалаев,  Зоя  Кедрина  және
тағы басқалар сын-мақалалар жазған. Диссертациялық  жұмысымызда олардың
түйінді  ой-толғамдарын  мүмкіндігінше  ғылыми  саралауымызға  өзек  ретінде
пайдаланып отырдық.
Жұмыстың  мақсаты.    Қазақ   поэзиясындағы   стиль   және   бейнелілікті
М.Әлімбаев   поэзиясы   негізінде   анықтау.  Мұзафар  Әлімбаевтың  поэзиялық
шығармаларын  талғам  таразысынан  өткізіп,  іріктеп,  сұрыптап,  жүйелі  түрде
талдау,  акындық  мәдениетін,  көркемдік  ізденістерін,  эстетикалық  таным
дәрежесін  дәлелдеп  көрсету,   ақынның  суреткерлік  даралығын,  идеялық-
тақырыптық  нысанасын,  философиялық-эстетикалық  қырларын,  ұлттық
көркемдік дәстүрге қосқан үлесін, қазіргі қазақ поэзиясында алатын тиісті орны
мен  лирикасының  бейнелілік  сипатын  ашу  —   диссертациялық    жұмыстың
басты мақсаты. 
Аталмыш мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:

ақын шығармашылығындағы стиль ерекшеліктерін анықтау;

ақын поэзиясының тақырыптық–идеялық мазмұнын  айқындау;

лирикалық қаһарман бейнесін  ашу;

дәстүрлі   ақындық   шеберліктің   ақын   шығармаларында   көрінуі,   көне
үлгілердің жаңарып, жаңғыруы;


өлең кестесіндегі көркемдегіш құралдардың, бейнелі сөздердің қызметі,
алатын орны. Метафора, теңеу, эпитет, метонимия, кейіптеу секілді тілдік,
образдық, бейнелі сөздерді қолданудағы амал-тәсілдері;

образдық-бейнелілік   жүйесіндегі   жаңалықты   құбылыс,   күрделі
абстракциялық тілі, сөздердің сымбат-көркін ашуы;

шығармаларындағы   көркемдік   компоненттер   үйлесімі,   олардың   бір-
бірімен өзектес құбылыстар екендігі;

ақын   шығармаларындағы   көркемдік   ерекшеліктердің,   түрлі   сөз
қолданыстарының   табиғат,  қоғам,   жеке   адам   өмірін   сипаттауда   алатын
орны.

М.Әлімбаев   өлеңдерінің  құрылыс  жүйесіндегі  жаңалықтарды,  тың
тәжірибелерді анықтау;
Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы.  Мұзафар  Әлімбаевтың  лирикасы
көркемдік-эстетикалык  және  теориялық  тұрғыдан  жан-жақты,  жүйелі
қарастырылып,  арнайы  зерттеуге  арқау  болып  отыр.  Қазақ   поэзиясындағы
стиль және бейнелілік М.Әлімбаев шығармашылығы негізінде қарастырылады. 
Қазақ балалар поэзясының дамуына сіңірген зор еңбегі және әдеби сында
лайықты   бағалануына   қарамастан   Мұзафар   Әлімбаевтың   балаларға   арналған
шығармалары   әдебиеттану   ғылымында   өзінің   зерттеушісін   әлі   тапқан   жоқ.
Белгілі сыншылар мен ғалымдардың, ақын-жазушылардың жекелеген пікірлері
болмаса, ақынның балаларға арналған өлеңдерін ғылыми тұрғыдан жан-жақты
қарастыратын   арнайы   еңбек   жазылған   жоқ.  Осы   тұрғыдан   келгенде   ақын
М.Әлімбаев шығармашылығын тұтастай алып зерттеу, шығармаларын жанрлық
ерекшеліктеріне   жіктеу,   оның   туындыларындағы   автордың   шеберлігін,
көзқарасын таныту  және сол арқылы қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
– жұмыстың басты жаңалығы болып табылады. 
Зерттеу  нысаны.  Жұмыстың   зерттелу   көзі   –   ақын   шығармаларының
көркемдік ерекшелігін, сөз өрнектерін талдау болмақ.
Мұзафар  Әлімбаевтың  «Қарағанды  жырлары»,   «Лирика»,   «Менің
Қазақстаным»,   «Тандамалылар»,   «Жолдар-жырлар»,   «Жүрек  лүпілі»,   «Көңіл
күні»,   «Балдәурен,  шіркін,  балалық»,   «Ақмаңдайлым»,   «Сүймеген  жүрек
семеді» т.б. жыр жинақтары.
Зерттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері. 
Ұлттық  әдебиеттану  ғылымының  аса  көрнекті  өкілдерінің,  атап  айтсақ,
А.Байтұрсынов,
 М.Әуезов,
 Қ.Жұмалиев,
 Е.Ысмайылов,
 М.Қаратаев,
М.Базарбаев,  Б.Сахариев,  Б.Кенжебаев,  З.Ахметов,  З.Қабдолов,  С.Қирабаев,
Т.Кәкішев,  Ш.Елеукенов,  Ә.Нарымбетов,  Р.Нұрғали,  Қ.Мәшһүр-Жүсіпов,
С.Негимов секілді т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері құрайды. Сонымен қатар
В.Г.Белинский,  Г.Н.Поспелов,  Б.В.Томашевский,  Л.Н.Тимофеев,  Г.О.Винокур
т.б. еңбектеріндегі ғылыми-теориялық қағидалар басшылыкқа алынды.
Зерттеудің  ғылыми  практикалық  мәні.  Қазақ   әдебиетін,   оның   ішінде
поэзияның   тіл   кестесін,   өлең   өрімін,   саздылығы   мен   әуезділігін,   яғни,
көркемдік, сапалық қасиетін жан–жақты қарастыратын әдебиет теориясы. Сол
себепті   диссертациялық   жұмыстың   негізгі   тұжырымдары   мен   нәтижелерін

жоғары   оқу   орындарында  М.Әлімбаев  поэзиясы   бойынша   оқылатын   арнайы
курстарда   пайдалануға   болады.    Сондай-ақ   жоғары   оқу   орындарында   жеке
қаламгер  лабороториясын,   ақындық  әлемiн  арнайы  курстар  ашып  оқытқанда
бұл еңбектiң көмекшi құрал ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
  Зерттеу   әдісі.  Зерттеу   жұмысын   жазу   барысында,   талдау,   жүйелеу,
жинақтау, тұжырымдау әдіс-тәсілдері қолданылды. 
Зерттеу жұмысының құрылымы.  Диссертациялық   жұмыс кіріспеден,
негізгі үш негізгі бөлімнен (әрқайсысының тараушалары бар) және қорытынды
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі
72 атаудан тұрады. 
Қоpғaуғa ұcынылaтын негiзгi тұжыpымдap:
-  М.Әлімбаев шығармашылығындағы стиль ерекшеліктері анықталды;
-  ақын поэзиясының тақырыптық–идеялық мазмұны  айқындалды;
- ақынның таңдамалы шығармаларындаңы лирикалық  қаһарман бейнесі
ашылды;
- өлең кестесіндегі көркемдегіш құралдардың, бейнелі сөздердің қызметі,
алатын  орны  анықталып,  метафора,  теңеу, эпитет, метонимия,  кейіптеу
секілді   тілдік,   образдық,   бейнелі   сөздерді   қолданудағы   амал-тәсілдері
қарастырылды;
- ақын шығармаларындағы образдық-бейнелілік жүйесіндегі жаңалықты
құбылыстар, күрделі абстракциялық тілі, сөздердің   мағыналары мысал
түрінде көрсетіліп айқындалды;
-   шығармаларындағы   көркемдік   компоненттер   үйлесімі,   олардың   бір-
бірімен өзектес құбылыстар екендігі дәлелденді;
-   ақын   шығармаларындағы   көркемдік   ерекшеліктердің,   түрлі   сөз
қолданыстарының   табиғат,  қоғам,   жеке   адам   өмірін   сипаттауда   алатын
орны көрсетілді.
-  М.Әлімбаев   өлеңдерінің  құрылыс  жүйесіндегі  жаңалықтар,  тың
тәжірибелер анықталды;
Каталог: library -> magpdf
magpdf -> И. Р. Гросс СҰлтанмахмұт торайғыров шығармашылығының тілі
magpdf -> Магистратура «Журналистика және қазақ филологиясы» кафедрасы магистрлік диссертация сын есім шырай категориясы теориясының қалыптасуы
library -> М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих
magpdf -> Диссертация «Қазіргі қазақ Әдебиетіндегі табиғат лирикасы»
magpdf -> Диссертация 6N0205 «Қазақ филологиясы»
magpdf -> Б. М. Кусманова Ж. Аймауытовтың шағын әҢгімелеріндегі («Әнші», «елес») етіс категориясының функционалдық Қызметі
magpdf -> Х. В. Бекбосынова функционалды грамматика ұҒымдарымен етістің Ұштасуы (КӨркем шығарма мәтіндер негізінде) 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
magpdf -> Магистратура
magpdf -> Магистерлік диссертация
magpdf -> А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет