Н. Ж. Туралина Қазақ поэзиясы: стиль және бейнелілік



жүктеу 5.96 Kb.

бет7/7
Дата15.03.2017
өлшемі5.96 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

Жұмыcтың   тaлқылaнуы   мен   жapиялaнуы.  Зеpттеу   жұмыcының   негiзгi
мaзмұны   мен   тұжыpымдapы   бойыншa     конфеpенциялapдa   бaяндaмaлap
жacaлды.   Зеpттеу   жұмыcы   бойыншa   хaлықapaлық   және   pеcпубликaлық
ғылыми-теоpиялық конфеpенция мaтеpиaлдapындa және ғылыми бacылымдap
мен жинaқтapдa 3 мaқaлa жapиялaнды. 
Атап   айтқанда:   «М.Әлімбаевтың   шығармашылығындағы   стиль
ерекшелігі»,«Мұзафар   Әлімбавтың   шығармаларындағы   лирикалық   кейіпкер
табиғаты»«Мұзафар Әләмбаевтың лирикалық өлеңдеріндегі  бейнелілік» 
Зеpттеу   жұмыcының   құpылымы.  Диссертациялық   зерттеу   жұмысы
кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының кіріспе бөлімінде:
- тақырыптың өзектілігі;
- мақсат-міндеттері;
- зерттеу нысаны;
- зерттеудің методологиялық негіздері;

- зерттеу әдіс-тәсілдері;
- ғылыми жаңалығы;
- зерттеу жұмысының нәтижелері жүйеленіп көрсетілді. 
 
Жұмыстың  бірінші тарауында орыс ғалымдарының  пікірлеріне сүйене
отырып,   қазақ   әдебиет   теориясын   зерттеген   ғалымдардың,   зерттеулеріне
тоқталып, мысалдар келтірілген.
 
Стиль жазушының барлық туындыларын түгел
қамтиды. Жай қарағанда бір-біріне ұқсамайтын секілді жазушының әр өлеңін
тереңірек   зерттесек,   өзара   ұқсастығын   көреміз.   Стиль   ұғымына   жазушының
тілі, сөйлем құрылысы, мәнері, шығармаларының композициясы, оқиға дамыту
әдістері,   тақырып   таңдаулары,   жанрлық   ерекшеліктері,   тағы   да   басқа
компоненттері   кіреді.   Ең   ортақ   мәселесі   –   идеялық   мазмұны.   Қазақ
жазушыларының   тілі   бейнелі,   құнарлы   екеніне   иек   артып,   қазір   біраз
әдебиеттанушыларымыз стиль дегеніміз тілдің байлығы деп ұғады. Рас, бұл да-
стиль. Әдебиеттану ғылымында көркем әдебиеттегі стильді біртұтас құбылыс
ретінде қарастыру салдарынан,  әдеби стиль туралы таластардың екіге бөлінуі
орын алып отыр. Біріншісі – стильді лингвистикалық қырынан ғана қарастыру.
Екіншілері, әдеби стильді тек өнертанымдық концепциямен ғана зерттеуді жөн
көреді. Сонымен бірге әдебиетті сөзбен сурет салу, өнер деп қоса түсіндіруді де
орын алып келеді. Сондықтан  әдеби стильді зерттегенде таразының екі басын
тең ұстаған жөн. Стиль, әр ақынның шығармашылық ерекшелігін танытатын
маңызды   сипат   болғандықтан,   оны   жан-жақты   және   терең   зерттеу   қажет.
Сонымен   бірге,   стиль   мәселесін   сөз   еткенде,   шығарманың   мазмұнынан
ажыратып   зерттеу   қисынсыз.  Стиль   ақын   шығармасының   әрі   идеялық,   әрі
көркемдік ерекшелігінің бірлігі болуы тиіс.
Стиль   ақынның   көркемдік   құралдарын   өзінше   жетілдіру   шеберлігімен
тікелей   байланыста   болады.   Стиль   жөніндегі   пайымдаулардың,   айтыс-
тартыстардың   бәрін   жинақтайтын   болсақ,   оны   кең   мағынада,   түрлі   арнада
түсіндіруге болады. Стильдің әдіс немесе ағымдық алмастыру болғанына көңіл
бөлсек   зерттеуші   Қ.Жұмалиев   нағыз   стильді   тек   талантты   жазушыдан   ғана
табуға   болатынын   атап   көрсеткен.   «Стиль   -   шын   талант,   ұлы   ақын
жазушылардың қаламдарына ған сипат–дейді ол. Кез келген ақын жазушыдан
стиль іздеу бекершілік. Өйткені барлық өлең қиыстырушыларды ақын, сөз жаза
білушілерді жазушы десек қателескен болар едік. Дарын жоқта – стиль жоқ. 
Бұл   екеуі   сабақтас.   Әдістен   тыс   стиль   жоқ.   Стиль   әдістің   құрамымен   ғана
танылады» .
Ақынның тіл шеберлігіне, сөз саптауына ырғақ, ұйқас, өз ерекшелігіне
байланысты өзгешелігі стильдің құрамында ғана танылады. 
Стиль термині әр түрлі ғылым саласында (әдебиеттану, өнер, тіл білімі,
мәдениеттану,  эстетика)  қолданылады.   Эстетикалық   категория   ретінде   стиль-
шығармашылық   үрдістің,   көркемдік   ойлау   процестің,   көркемдік   қарым-
қатынасты туындының  факторы  болып табылады.
Өлеңге, әрбір суретке, әрбір сөзге, поэзиялық нәр, көрік беретін- ақындық
ой   сезімнің   таңдауы,   көркемділігі.   Стиль   ұғымы   түрлі   деңгейде,   белгілі   бір
дәуірдегі әдебиет дамуының ерекшеліктерінен бастап әр түрлі әдеби бағыттар
мен   әдістердің   ерекшеліктері,   жеке   қаламгерлер   шығармаларына   тән

ерекшеліктер,   сондай-ақ   жеке   туындының   ерекшеліктеріне   дейінгі   түсінікті
қамтиды.   Стильді   көбіне   жеке   қаламгердің   жазу   ерекшеліктерімен
байланыстырады. Себебі әрбір әдеби шығарма оқырманға оны жазған автордың
шығармашылық   ерекшеліктерін   танытады.   Оны   тілден   де,   тақырып   пен
идеядан да, образ жасау тәсілінен де аңғаруға болады. Стиль қалыптастыратын
кезең, шығармашылық өрлеудің жоғары сатысы. Бұған жету үшін, шыңдалған
суреткерлік   шеберлік   керек.   Стиль   даралығы,   әр   қаламгердің   көркем   тіл
ерекшелігінен айқын байқалады. 
Стиль мәселесін зерделегенде жалпы әдеби процесті назарға ала отырып,
оның әр кезеңдегі даму ерекшелігіне  ден қойылады.  Жоғарыда  өзіміз айтып
өткен   көркемдік   әдіс   қаламгерлік   шеберлікпен   ұштастырыла   тығыз   бірлікте
талданады.   Өйткені   әдебиет   дегеніміздің   өзі  –    тұтас   организм,     сан
бөлшектерден   тұратын   бір   бүтін   дүние.   Бүтінді   бөлшектей   талдағанда,   сол
талдау   нәтижесі   айналып   келгенде   бөлшектің   бүтіндігін,   бір-бірінсіз   өмір
сүрмейтінін дәлелдеуге негізделеді. Әдебиет тарихында қандай стиль болсын
бірден,   бір   күнде   туа   салмайды.   Жаңа   стильдің   элементі   өзінен   бұрынғы
қалыптасқан стильдің өз ішінде туады, өсе келе, дами келе қалыптасады және
күреспен ғана өзіне жол ашады. Бұрынғы стильдің ескіргенін, дәуірдің озғанын,
енді ол бөгеттікке айналғанын сөз жүзінде  де, іс жүзінде де дәлелдеу, жаңалық
үшін ескілікпен келісімге келместік күрес арқылы өседі. Тартыспен ғана жаңа
стиль, ескі стильді тарих сахнасынан ысырып, оның орнын өзі басады. 
Стиль   мен   шеберлілік   бір-бірімен   егіз.   Шеберліктің   қыры   мен   сыры
қаншалықты мол болса, суреткер стилі соның барлығын қамтиды. Демек, небір
амал,   тәсілдерімен   өмір   сырын   жарқыратып   ашып   тастайтын   шеберліктің
сиқырлы күші сайып келгенде, суреткердің стиліне келіп тіреледі.
Стильдің қалыптасуы шеберліктің жетілуімен біте байланысты. Шеберлігі
жетілмеген жағдайда стиль де бір арнаға түспек емес. Бірақ та, жазушы стилін
тап басып, бірден аңғара қою да қиын. Стиль мәселесіне сыншы, зерттеушінің
оқта-текте ғана соғып отыратыны содан. Күні бүгінге дейін жеке ақын, жазушы
стилі   туралы   монографиялық   еңбектердің   бой   көрсетпей   келе   жатқандығы
осының айғағы.
Жұмыстың екінші тарауында М.Әлімбаев поэзиясының   стилі негізінде
лирикалық қаһарман бейнесі және бейнелілігі қарастырылған. Үшінші тарауда
ақын   поэзиясындағы   көркемдік   құралдар   арқылы     ақынның   шеберлігі
көрсетілген.  «Әр   ақынның   көкейінде   оның   өлеңін   жан-жүрегімен   сезініп,
түсінетін,   әр   сөзін   бар   бояуымен,   әр   дыбысын   бар   әуезімен   қалтқысыз
қабылдайтын   өз   оқырманының   аңсарлы   образы   бар.   Өлең   жазылып   жатқан
сәтте ол образ – бейне ақынның көз алдында көлденеңдеп тұрып алуы шарт
емес, әрине. Ол ақынның болмысымен тұтасып кеткен тұлға» [18, 30-б].
Әрине,   мұндай   ұласуға,   яғни   ақын   мен   лирикалық   каһарманның   бір
бейнеге,   тұтастық   дәрежесіне   жету   –   ақындықтағы   белгілі   бір   биіктік.  
Ақынның лирикалық кейіпкері арғы аталардың өзінің алдындағы барша
Алашына бақыт сыйлаған жолындағы жемісті еңбегін аса жоғары бағалайтын
азамат   болғандығынан   ондай   ағаларды   достар   түгіл,   дұшпан   да   табалай
алмайды — деп түйеді «Аталар мен ағалар» атты өленінде [12, 61-б].

«Еңбекті,   ел   үшін   еңбек   етуді   адамның   бойындағы   кабілет-дарынын
қопарта,   жарқырата   ашатын   арена,   ашық   майдан   деп   түсінетін   лирикалық
қаһарман «Ертеңге еңбек ету бір ғанибет» дейді:
«Өзін өз заманында мойындатпай
Ертеңгі күн кім атанар ерен батыр?!» [12, 61-б].
М.Әлімбаев өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер ұғымында «Өмір, тірлік»
дегеніміз   «Халық   үшін   үздіксіз   қажырлы   еңбек,   каһармаңдық   ерлік   болуға
тиіс».   «Өмірбаян   калай   жазылады»  [12,61-б]  деген   жырыңда   осындай   ой
қорытқан лирикалық кейіпкерді кезіктіреміз.
Ол үшін әр азамат аянбай, өзін аямай, туған елі үшін еңбектенуі — парыз.
«Әр ұл-кызың от болып лапылдаса, 
Маздамасқа дәтің жоқ, Қазақстан!» [12, 62-б] .
Мұндағы лирикалық қаһарман   өзін Сталин заманындағы, санасыз адам деп
санамайды, халқымның арқа сүйер азаматымын, панасымын!, деп сезінеді. «Ұл
тумайтын күнің жоқ, Қазақстан» деп  аталатын шағын өлеңіңде  әр азамат от
болып лапылдаса ғана, өз парызын толық өтей алады — деген ой түйеді автор.
М.Әлімбаевтың:
«Өзің от боп жанасың,
Өзгелердің нұрлантуға санасын.
Өзің күл боп қаласың,
Өзгелердің құнартуға даласын» [16, 322-б], — дегені оқырманды
нандырады, иландырады Ақын мен лирикалык қаһарманның бір тұтас тұлғаға
ұштасқанын, тоғысқанын байқаймыз.
Ақынның   лирикалық   қаһарманы   өткеніне   үнемі   ой   жіберіп,   талдау
таразысына   тартып,   қорытынды   жасауды   үрдіске   айналдырған.   Онысы   —
болашақгың   қамы,   өзін   жан-жақты   жетілдіру   қамы.   Мысалы   «Шәкірттіктен
кұтылдық — деп шаттандық» дейтін өлеңде «Көп нәрсені әлі шала білеміз» —
деп өкінеді. Оқуды аяқтаумен тынуға болмайды.
«Аз  білердің   сөзі  әр  кез   кібіртік»,  «Абзал   ұстаз  —  мінсіз  шәкірт».  Ол
ғұмыр  бойында  үйренуден  тиылмайды.  Оку білімін  үстемелеу, үзілмес   үрдіс
болғанда ғана — өмір өкінішсіз, еңбек жемісті [12, 31-б].
Екінші   бір   өлеңде   («Ақиқатты   іздеген»)   лирикалық   кейіпкер   ақиқатты
іздеген жанды өзіне дос санайды, ал жалғандықты жақтаған бір туғанын да жат
деп есептейді. 
Майдан даласында үзілген телефон сымын тістеп тұрып жалғастырып, екі
жақты тілдестірген байланысшы ерлігін суреттеген автор:
«...Көрінер ме бәлкім құным балалық
Араға егер түссе сайтан-алалық,
Дос жүректі дос жүрекке әрқашан
Сын   сағатта   сол   солдатша   жалғасам»  [16,65-б],  -   дейді.  Мұнда   да
лирикалық   кейіпкердің   акынмен   бір   тұлға   болып   тоғысып,   бірігіп-кірігіп
кеткенін сеземіз. Адал достыққа дәнекер бола білген адам өзі де достыққа берік
екеніне шүбә келтірмейміз.
«Қаруластарға хат» [16, 68-б] - деген өлеңінде лирикалық кейіпкер сонау
қанды   соғыста   шыбын   жанды   шүберекке   түйіп,   Отанды   опаттан   аман   алып

калысқандардың   бірі   болғанын   мақтаныш   тұтады.   Сөйтіп,   өзінің   ер   жүрек
сарбаз,   ел   қорғаны   екенін   жанамалай   аңдатады.   Ақын   «Қан   құйысқандар»
өлеңінде:
Алға жылжи, қансырап 
Қалмаған соң әліміз, 
Бір шұңқырға тамшылап
Бірге ұйыпты канымыз» [12, 169-б] - дейтін лирикалық қаһарманның
достыққа беріктігіне оқырман да сенеді.
«Матросовтың қаруласы сөйлейді» деген өлеңінде лирикалық қаһарман:
Қаһармандық жасалмайды бұйрықпен,
Жасалмайды уәде еткен сыйлықпен.
Ерлік көзі — ардың ғана әмірі,
Ерлік көзі — жүректердің дарыны
... Тыным жок қой, шек те жоқ қой ерлікте,
Қиын жоқ қой, қиын жоқ қой елдікке!» [12, 168-169б] – деп түйеді.
Ақын   суреттеуіндегі   лирикалық   кейіпкердің   сан   түрлі   психологиялық
ерекшеліктерін,  оны ақынның  көз  алдына  елестетуі  туралы  айта  келіп, «бұл
жырлар ақынның жырларынан орын алмасқа шарасы жоқ»  [19,  73-б]  — дейді
Е.Ысмайылов.
Жұмыстың ұшінші тарауында  М.Әлімбаев лирикалық қаһарманның ішкі
жан дүниесін осылай суреттейді.
«Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен,
жалпы ақиқат шындықтың әсері мен аса қатты толқыну, автордың өз басының
алуан-алуан   нәзік   түйсіктері,   күйініші,   сүйініші   тән   болып   келеді.   Ақын
басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс субъективті
нәрсе, бірақ сонымен қабат кәдімгі объективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл-
күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өзін
қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас» [23, 132-б].
Автор   қалай   дегенде   де   өз   заманы   жайында   өзегін   өртеген   ойларын
өрнектеудің   тетігін   тапқан,   яғни   өткен   заман   ақыны   атынан   сөйлеуі   арқылы
ұтымды тәсіл тапқан. Топтаманың екінші бөлігінде:
Кеткендей салмағынан бұта сынып,
Шынашақ күпінеді тұтамсынып.
Семірсе тексіз бұзау текіреңдеп,
Қорада күл шашады бұқамсынып» [17, 202-б]. 
Сырт қарағанда күнделікті тұрмыстағы күйкі — болмашы ғана көрініс сиякты,
ал шындап келсек, билік атаулының бәрінің тұтқасына отырып алған кілең бір
тексіздерді,   жетесіздерді,   кісіліктен   құр   алақандарды   мегзеп,   ақын   кеңестік
құрылысты сынға алған. Келесі бір шумақта автор ішкі ойының пердесін аша
түседі:
Тізгендей салтанатты көшін нардан
Қортықтың кұдайсыну несін алған?!
Ел қайтіп есін жияр кеуіп-піскен
Ессізге толып кетсе есіл жалған...» [17, 202-б] . 

Әлен ақын азамат болудың асқар биігін акыл-ойымен топшылайтын, сол
асыл азаматтықты көз алдына елестете алатын өнерпаз екенін де байқатады:
Жамандық жасамаған ерлік емес,
Жақсылық жамандықты жатсын бүктеп.
Күрестің қызуынан бос қалмауың,
Ғұмырлық пешенеден тосқан бағың!
Халықтың зердесінен өшпейтін із
Жақсылық жақсылыққа қоскандығың» [17,204-б].
Ұлы қаламгерлер Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Міржақып
Дулатов,   Ахмет   Байтұрсынов   және   тағы   басқалардың   өлмес   шығармалары
қырық құлыпты сандықтарда жатқан тұста:
Тастаса егер бөліп туған халқынан,
Нағыз өрт сол ақын жанын шарпыған.
Сонда ақынды мылтықсыз-ақ атқаны,
Сонда ақынды қылышсыз-ақ шапқаны...» [17, 208-б]  – 
деп М.Әлімбаев ақын трагедиясын қан жылап отырып жырлайды.
Әлен ақын қандай қоғамды армандайды? Енді соған үңіліп көрелік:
Бақыты оянған елдің
Келбетін келеді көргім:
Патшасы кемеңгер болар,
Ел-жұрты кенелген болар,
Көсемі алалап бөлсе,
Көркеймес елі де елше.
Адамы мейірбан болар,
Жақсылық қайырман болар.
Жұрт пен жұрт ұжымды болар,
Кайраты қызулы болар.
Тілімен ұғысар болар,
Дінімен туысар болар.
Әкімі ақынжан болар,
Жұртына жақындау болар.
Жасығы жауынгер болар.
Масылы тәлімгер болар.
Қарты да білікті болар:
Жасына сүйікті болар...» [17, 209-б] .
Топтаманың финалына жақындаған тұсында түйіп айтқан азаматтық тұжырымы
оқырманды селсоқ қалдырмайды. Әлен ақын былай дейді: 
Жек көрем
Сөлсіз-нәрсіз сұйықтарды. 
Жек көрем
Бозымдарды сұйық қанды. 
Жек көрем
Құлкын құлы қиқымдарды,
Арманын аталардың ұмытқанды» [17, 212-б].

Ата-бабалар   арманы  не  еді?   Ол  —  бостандық,   тәуелсіздік,   еркіндік,   халық
бақыты!  Ендеше,  әр қазақ сондай еркін күнге, егемендікке жеткенше, саналы
күрескер, сарбаз-жауынгер болуға тиіс. Ақын М.Әлімбаев бұл ұлтжандылардың
бәрінің   ізгі   парызы   деген   идеяны  ұқтырады.   Ендеше   «Шегендік  Әлен  ақын
айтыпты»   деген   топтама   өзінің   идеялық,  
эстетикалық   міндетін   орындаған
туынды деу қажет.
Ұлттық   бірлікке,   халықтық   тұтастыққа   үндейтін   туындылар   қатарынан
табылар туындының қадір-қасиеті осындай!
Шын  талант  қана   өз   туындылары   арқылы   өзінің   «Менін»   жалпы
адамзатқа ортақ тіршілікпен байланыста бейнелейді, ақындық рухын, сиқырлы
сөз өнерінің өз талантына тән құпиясын ашады. Соны түсіне білгенде соның
сырына қаныққанда ғана «ақынды білдім, таныдым» деп айтуға құқық бар.
Автор  туған  халқының  тәуелділік  қыспағында  қиналып  күн  кешіп
жүргенін  ұмытпайды.  Сол  қиямет-қайымды  бірде  болмаса  бірде  жаңа
өлеңдерінде оқырман есіне салып, жанашыр сезімін астарлап жырлап отырған.
Кеңестік отаршылықты, әрине, ол кезеңде ашықтан-ашық жазу мүмкін емес еді.
Жазу үшін кілт табу керек. М.Әлімбаев кейде сондай кілтті таба білген.
«Естай-Хорлан» дастанында М.Әлімбаев 1962 жылы: 
Әділдік жерде де жоқ, көкте де жоқ.
Ендеше бұл өмірге өкпе де жоқ» [24, 33-б], -  
деп батыл айтқанына куә боламыз.
Немесе дастанда: «Ақын орны не түрмеде, не төрде», - деп үзілді-кесілді
айтуы   қазақ   халқының   ақыл-ой   көсемдері   А.Байтұрсынов,   М.Дулатовтарды
жоқтау сияқты жанамалай әсер қалдырады.
«Алшынбай мен Шөженің диалогы» деп аталатын ақын қиялынан туған
аңыз 10 жолдық қана туынды. Сонда ақын Шөже аузынан айтылған: «Көрмеу
үшін көп сұмдықты жердегі, Зағиптығым артық па?! - деп отырмын» [16, 123-
б], -  деген диалог бар.
Туынды   алпысыншы   жылдары   жазылған.   Автор   тоқырау   заманының
зобалаңдарына ишара жасайды.
«Жаяу Мұсаның диалогы» деп аталатын жырдан:
Ер тартынса, Ел сорлайды ежелден,
Неге айқастың азабынан безем мен?!» [16, 124-б] – деген күрескерлік
pyx лебізін сеземіз. Автор бір өлеңінде:
Ақиқат келеді адам арманы боп,
Ақындар айтса, айтсын жанжалы жоқ!
Еліне жақсы жырдың жеткенінен
Ақынның жүрегінде жанғаны көп [16, 137-б].
  Бұл - бүркеулі шындық пердесін ашуға батылымыз бармай жүр дегенге
ишара.
«Ливан   баласы   Мүсілімнің   мұң-зары»   атты   өлеңі   «Социалистік
Қазақстан»   газетінде   Израильдің   Ливанға   жасалған   агрессиясы   тұсында
жарияланған. Өлең сол соғыс зардабынан жараланып жарымжан болып қалған
жас Мүсілімнің атынан айтылады.
Шерім-мұңым он батпан

Шілдеде де тоңамын.
Тумай жатып жылатқан
Келімсекке обалым! [12, 87-б]  - деп зарланады бала.
Жетелі   оқырман   автор   өлеңінде   қайшылық   барын   аңғарады.   Өлеңде
Ливан тарихына дәл келмейтін деталь  бар. Себебі әлгі ливандық бала  дүниеге
келгенде  Израиль  басқыншыларының,   яғни   келімсектердің   төбесі   бұл   елде
көрінген де жоқ еді. Ендеше, автордың айтып отырғаны, көкейіндегі өз еліндегі,
қазақ сахарасындағы келімсектер емес пе екен?! деген сұрақ туады.
Түсіп әуре-сарсаңға,
Сорлап жүрген бір мен бе?!
Қайда-қашан барсаң да,
Қайғы-қасірет күллі елде.
Ұл айырылды атадан,
Қыз айырылды шешеден...
Халқымыздың қападан
Оты мәңгі өше ме?!» [12, 87-б].
Қазақ   оқырманы   осы   қасіретті   өлеңді   оқи   отырып,   өз   халқының
басындағы қайғы-қасіретті еріксіз еске алады...
Кеше ғана бүтін ек,
Кеше ғана түгел ек [12,85-б], -
деген   жолдарды   оқығанда   құнарлы,   шұрайлы   жерінен   айырылып,   өз   елінде
аштыққа   ұшыраған,   үштен   бірі   алыс-жақын   елдерге   босып   кеткен   қазақ
халқының жәбір-жапасы ойға оралады.
Егемендікті аңсау, тәуелсіздіктің атар таңын жақындатуды ойлау, ойланту
деген осы өлең жолдарынан анық аңғарылады. Бір өлең үшін азаттық идеясы
тұрғысынан аз жүк емес. Елдігімізге арналған өлеңдер сөз болғанда ескермей
кете алмайтын бір туынды бар. Ол «Отандасқа хат» деп аталады.
Бұл өлең алпысыншы жылдардың соңында жазылса да, кеш жарық көрген
(1977).   Автордың   айтуына   қарағанда   бұл   өлеңді   «Социалистік   Қазақстан»,
«Лениншіл   жас»,   «Қазақ   әдебиеті»   газеттерінің   бірде-бірі   баспаған,
жариялаудан   жасқанған.   Себебі,   әңгіме   тарихи   отанынан   қуылған,   тағдыр
тәлкегіне   түскен   қандастардың   шет   елдердегі   көз   түрткі   қасіретті   болмысы
туралы. Автор өлеңінің бас жағында шет елдегі отандасқа:
Ей, отандасым, бейбағым,
Жұлдызынан жаңылған!
Мен сен жөнінде ойладым,
Қайысып кетті қабырғам [12,78-б], - 
деп сөз қатады.
Бір тұйықтан соң бір тұйық
Жанарың талып, жанып іш,
Тарта ма түпке тұңғиық,
Сарғайтып, езіп сағыныш?» [12, 79-б]  
Жат жерде жаны жүдеген кіріптарлардың көңіл-күйін ақын тап басады.
Шет жерде жасау шер-құса,
Бейдауа дерттей беймаза,

Елінен кетіп қаңғыса,
Азамат үшін сол жаза [12, 80-б].
Автор өлеңін аптаптай ыстық леппен, жанашырлық жалынмен түйіндейді:
Адасқан бауырым, елге кайт!
Сәлеміңді желмен айт.
Анаңдай бәрін кешіргіш
Елге қайт, бауырым, елге қайт!
Пейіштен бетер жерге қайт,
Өзіміз туған төрге қайт.
Елге қайт, бауырым, елге қайт! [12, 80-б]
Ол   тұста   —   Отандастарды   Отанға   қайтару   жөнінде   Қазақстан
топырағында   пенде   баласы   ауыз   ашпаған,   ол   тұста   мынандай   жанашырлық
ұран   тастау   ақынның   азаматтығына   куә   болар   дәлел   еді.   Аталмыш   өлең
Жамбыл облысы «Еңбек туы» газетінде 1977 жылы ақпан айында әзер басылған
екен. Ақынның ұлттық тұтастығымызды сақтауға әркез шақыратыны да айқын.
Мысалы, «Сақтық жыры» атты өлеңінде:
Осы   негізгі   үш   тарау   бойынша   зеpттеу   бapыcындa   төмендегiдей   түйiндеp
жacaлды:
  Мұзафар   Әлімбаев:   «Ақын  өлеңмен   ойлайды,   өрнекпен   толғайды»,   -
дейді.  Шындығында да, дүниені,  қоршаған ортаны, өмірді, тұрмыс-тіршілікті
ақындық көзбен көру, құпия жұмбақтарына үңілу, өткір де шынайы қабылдау,
түйсіну,  тану   —   поэзия   тілінің   бастау  көзі.   Яғни,  ақындық   шеберлік   —   сөз
өнерпазының   көркемдік   ойлау   жүйесіне,   ақындық   сапасына,   терең
дүниетанымына   тікелей   қатысты.   Ендеше,   Мұзафар   Әлімбаевтың   ой-өрісі,
дүниетаным   өресі,   білім-білігі,   парасат-пайымы,   шығармашылық   қабілет-
қарымы   айрықша   назар   аударады.   Шығармашылық   әлемін   шолар   болсақ,
мынандай сипат-белгілерді атауға болады:
- Ақынның ұлтжанды азаматтығы, елдік ұранына жаршы болуы. Мұзафар
Әлімбаев қазақ өлеңін көпсөзділіктен, боссөзділіктен арылтқан ақын.
-  Өлең  түрлерін  байытуға,  құбылтуға  баса  зер  салып,  отыздан  астам  түр
енгізген.
-  М.Әлімбаев  қазақ  әдебиетінде  философиялық  поэзияны  көркейтуге
үлес-сыбаға қосқан ақын.
-  М.Әлімбаев  –  қазақ  поэзиясында  диалог-өлеңдер  жанрын   дамытқан
ақын.
- М.Әлімбаев – қазақ поэзиясына жалғыз жолды жырларды тұңғыш енгізе
бастаған ақын.
- М.Әлімбаев  –  қазақ поэзиясында қос сөзді жырлар, үш сөзді жырларды
алғашқы жазған ақын.
-  М.Әлімбаев    –  қазақ  поэзиясында  ұмытылған  түр  -  рубаиларды  қайта
жандандырушылардың алдыңғы сапындағы ақын.
- М.Әлімбаев  – қазақ поэзиясында төлтума   нақылдар тудырушы ақын.
Диссертациялық  жұмыста МӘлімбаев поэзиясының ең басты, ең негізгі
ерекшеліктерін,  атап  айтқанда  лирикалық  кейіпкер  табиғатын,  бейнелілік
жүйесін  және  өлең  құрылысын  сөз еттік.  Ақынның  лирикалық  «меніне»  ішкі

рухани  дүниенің  байлығы,  лирикалык  ой-сезім,   ұлттық  дүниетаным,
философиялық  ой  түйіндеулер,  адамгершілік  қасиеттер,  ақиқат, қайырым  мен
сұлулықтың  үйлесімі,  жақсылыққа,  жаңалыққа  құштарлық,  идеялық
-эстетикалық мұрат, азаматтык әуен, әлеуметтік сана тән.
«Арманшылмын абыз қазақ атамдай, 
Ақылдымын атаң айтқан мақалдай. 
Дарындымын, жалындымын әкеңдей,
Кең далаға кең тарадым мәтелдей» [17, 383-б], –дегені осынау пікірімізге
дәлел.
М.Әлімбаев  поэзиясының  бейнелілік   жүйесінде  небір  көркемдік
құбылыстар  аса  мол.  Қуатты  ақындық  ой-сезімінен  нәр-қорек  тапқан  ақын
тілінде  алуан  сырлы  көркемдегіш-суреттегіш  құралдар  қызметін  бағамдауға
талпындық.
Ақын  шығармаларының  музыкалық  архитектоникасы  өлең  құрылысына
жасаған  түбірлі  өзгерістерінен  де  көрінеді.  Ол  өлеңнің  буын,  бунақ,  тармақ,
ұйқас,  шумақ,  дыбыстық  жүйесіне  қыруар  жаңалықтар  енгізді.  Әрине,  мұның
барлығы  көркемдік  мақсаттан,  саналы  поэзиялық  ойдан,  философиялық
толғаныстардан туғандығын байқауға әбден болады.
Қорыта  айтсақ,   дарынды  ақынның  біз  атаған  қырлары  міне  осындай.
Сонымен қазақ лирикасын, жалпы қазақ поэзиясын, шындап келсек, бүкіл туған
әдебиетімізді  әр  салада  аса  қымбат  жаңа  көркемдік  сапалармен  көркейткен
М.Әлімбаевтың еңбегі орасан зор.
Зерттеу жұмысында  72  әдебиет пайдаланылды. 
Кілтті сөздер тізімі: 
әдic-тәсілдер
зерттеу тарихы
ену жолдары
қолдaнылу еpекшелiгi
мaғынaлық қолдaныcы
төртағандар
үштағандар
өлең сөздіктер
cөздiк қоp
лирикалық қаһарман
стиль
бейнелілік
көркемдік ерекшелік
философиялық толғаныс
бунақ
буын
көркемдегіш-суреттегіш
лирикалық кейіпкер

Қ.Б. Әлжанованың ғылыми еңбектері тізімі

Атауы
Жұмыстың
сипаты
Баспа,  журнал  атауы,   номері,
жылы, беттері
Көлемі 
(б.б.)
Қоса
автордың
тегі
1
2
3
4
5
6
1
Қазақ
 
лексикасындағы
кірме сөздер 
мақала
«V   Торайғыров   оқулары»   атты
халықаралық
 
ғылыми-
практикалық
 
конференция
материалдары,   Павлодар,   С.
Торайғыров атындағы ПМУ, 2012.
Б.351-355 
0,25
-
2
Иса
 
Байзаков
шығармаларындағы   кірме
сөздердің   лингвомәдени
мәні 
мақала
Жас   ғалымдар,   магистранттар,
студенттер
 
мен
 
мектеп
оқушыларының   «ХІІІ   Сәтбаев
оқулары»   атты   Халықаралық
ғылыми
 
конференциясының
материалдары,   Павлодар,   С.
Торайғыров атындағы ПМУ, 2013.
Б.53-56
0,25
-
3
Пaвлодap Еpтic өңipi aқын-
жaзушылapы
 
тiлiндегi
кipме фpaзеологизмдеp 
мақала
«І   Ж.   Әбділдин   оқулары»   атты
республикалық
 
ғылыми-
практикалық
 
конференция
материалдары,   Павлодар,   С.
Торайғыров атындағы ПМУ, 2013.
Б. 73-76
0,25
-
Университет Кеңесінің
ғалым хатшысы                    
т.ғ.к., доцент
С.Ж. Тусупов
Кафедра меңгерушісі 
Ғ.Қ. Резуанова
Магистрант
 
Қ.Б. Әлжанова


1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал