Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т


Қорыта  айтканда,  халыктың өз  алдына жеке  отау тігіп  егеменді  ел



Pdf көрінісі
бет11/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33

Қорыта  айтканда,  халыктың өз  алдына жеке  отау тігіп  егеменді  ел 
болуды  армандауы,  өзінің 
төл  мәдениеті  мен  тіліне,  тарихына, 
әдебиетіне  деген  табиғи  қызығушылыктың  кайта  өркендеуі  т.б.-  бәрі 
де  оқулықтар  жазуға  фольклорды  алудың  бірден-бір  себебі  болғаны 
сөзсіз.
Сөйтіп,  XX  ғасырдың  алғашқы  жартысында  бұқаралык  сипатга 
жарияланған  фольклорлық  басылымдар,  көбінесе  жалпы  халыкка 
арналды. 
Онда  жүртты 
оку-білімге 
шакыру  тәрізді  жаппы 
ағартушылық  көзкараспен  қатар,  фольклорды  үгіт-насихат,  тәрбие 
қүралы  т.б.  есебінде  қолдану  мақсаты 
да 
көзделді.  Ал, 
педагогикалық  сипатта 
жарияланған  фольклор  тәрбие,  тәлім,  ой 
дамыту,  өмірді  таныту,  білу,  тіл  кестелігі  т.б.  тәрізді  мақсатта 
қолданылды.  Сондай-ақ  педагогикалық  сипатгағы  басьшымдарда 
фольклорды  баланың  даму  барысын  реттеу  үшін  де  т.б.  қарастыру 
орын алды.
2.2.2  Ғылыми- көпшілік және ғылыми  сипаттағы 
жариялаиымдар.
XX  ғасыр  басындағы  Ресей  еліндегі  саяси  дағдарыстар,  толқулар, 
соғыстар,  төңкерістер,  үкімет  ауысулары  т.б.  -   бәрі  сол  елдің  отары 
болып  есептелінген  көптеген  үсақ халықтардың саяси  санасын  оятып, 
жеке  дербес  ел  болуға деген  үмтьшысын  тудырғаны тарихтан  белгілі. 
Ал,  өз  алдына  тәуелсіз,  дербес  ел 
болу  үшін  көптеген  саяси, 
экономикалық,  әлеуметтік  жағдайлармен  бірге  әр  халыктың  өзіндік 
үлттық идеологиясы,  яғни таным, информация, тәрбие т.б.  көзі  болуы 
да  шарт  десек-  бәрі  Ахмет  Байтүрсыңовтың  «23  жоқтауды»  сол 
кездегі  халыққа  таным,  үлттық  тарих,  үлттық  мәдениетгің,  үлттық 
тәрбие  көзі  деп  сараптағанын  танытады  [238].  Демек  ғалым  бүл 
жинакты әрі халықты  өзін-өзіне танытудың саясат қүралы ретінде де, 
әрі  халыкты  ағартушылыкка  бастайтын  үгіт-насихат  көзі  т.б.  деп  те 
түсінгендігін  айғақтайды.  Мүндай  фольклорды  ғылыми-көпшілік 
сипатта  қарапайым  халықтың  ақыл-ойын,  мүқтаждағын 
таныту 
қүралы ретінде пайдалану үлгісі белгілі орыс ғалымы А.Н.Радищевтің 
(1749-1802) де еңбегінде бар [239].
Ғылыми-көпшілік  сипаттағы  басылымдар,  негізінен,  фольклорды 
жалпы 
жүртшылыққа  танымдық,  информациялық,  тәрбиелік, 
эстетикальпс 
мақсатта 
қолдануды 
көздейді. 
Сондай-ақ 
қазақ 
фолыслорын  зертгеушілер  үшін  де 
маңызды  ғылыми  дерек  көзі 
болады.
148

Ел арасынан ғалым М.Әуезрв жинаған  фольклор үлгілері:  «Қүдері 
қожанын  Қарқаралы  тауымен  қощтасқаңы»,  «Сыбан  Сабырбай 
акыннын  Солтабай  төреге  айтқан  сөзі»,  «Бүқар  жыраудың  Кереңге 
айтқан  сөзі»,  «Ай,  Таңсықтың  қоштасқаны»,  «Жаман  бақсының 
сарыны»,  «Жаман  сарт  сарыны»,  «Сыбан  Ақтайлақ  би»  т.с.с,- 
алдымен  1925  жылы  «Таң»  журиалында  басылым  көрсе  (№1,2,4) 
кейіннен  ғалымнын  1927  жылы  жариялым  көрген  «Әдебиет  тарихы» 
кітабына дайын дерек  көзі  болғаны  белгілі  ( Қызылорда.  1927.-Б.29- 
31,  39-40,  189,  191).  Бүл 
үлгілердің  қалай,  кімнен  қағаз  бетіне 
түскеніне  қатысты  ақпарат  көздерінің  берілуі  т.б.-  бәрі  де  ғалым 
М.Әуезовтің  фольклорлық  мәтінді  қағазға  түсірудің  басты  шартын, 
үлгінің  қағазға  түсу  паспортын  толтырғанын  танытса,  осы  арқылы 
әлемдік  фольклортану  ғылымының  талабын  орындауда  кейінгілерге 
негіз 
қалағаны  айқындалады.  Демек  Кеңес  заманында  қазақ 
фольклорын зерттеуге арналған арнайы  мақалалар дені  фольклордың 
әр түрлі жанрларының өзіндік ерекшеліктерін,  мәдени мүраны  игеру, 
фолышордан үйрену,  фольклордың тарихын зертгеу  т.б. мәселелеріне 
арналуы-  бәрі,  сөз  жоқ,  қазақ  фольклортану  ғылымы  қалыптасуына 
үлкен әсер етті.
Ал,  Мәскеуден 
1926  жылы 
жарықка  шыққан 
«Жоқтау» 
жинағының  сыртқы  мүқабасындағы  мына  бір  сөздер  барлық 
фольклорист-ғалымдарды  алаңдатқаны  да,  толғантканы  да  белгілі: 
«Жинастырган, 
тузеткен- 
Байтурсынулы 
Ахмет»,- 
делінген 
[238,143  б.].  Себебі,  біріншіден,  қазақ  фольклортану  тарихында,  әрі 
қазақ  әдебиеті  мен  мәдениеті  тарихында  т.б.  түңғыш  рет  қазақ 
халкының  400  жылдық  тарихын  қамтитын  әйгілі  23  жоқтаудың  бір 
жинаққа  жиналып  басылым  көргені  т.б.-сезсіз,  сол  XX  ғасыр 
басындағы  казақ  фольклористика  ғылымының  жеткен  жетістігін 
көрсетсе,  өрі  А.  Байтүрсынүлының  қазақ  халқының  мәдениетіне 
қосқан  еңбегін  танытады.  Ал,  екінші  жағынан  бүл  келтірілген 
сілтемеден  ғылымның  барлық  фольклорист-ғалымдарға  қойылатын 
басты  ортақ  принңипті,  яғни  фольклорлық  мәтінді  ел  арасынан  не 
ауызба-ауыз, 
не 
көне 
жазбалар, 
не 
ескі 
кітаптар 
жүзінен 
жиыстырганда  өзгертпеу,  түзетуге  үшыратпау  т.б.  кағидасының 
бүзылғандығы-  бәрі  фольклортанушы 
А.
Байтүрсынұлының  фольклористік  қызметінің  осы  түстағы  кемшілігі 
боп саналады. Дегенмен осы олқылықтардың өзіндік себептері де жоқ 
емес:  біріншісі-  сол  тұстағы  қазақ  фольклортану  ғылымынын 
балаңдығы  десек;  екіншісі-  сол  кездегі  (XX  ғасыр басындағы)  Ахмет 
Байтұрсынов 
тәрізді 
қазақ 
фольклортанушыларының 
арнайы 
фольклористік  білімінің  болмауы.  Бұлар  сыртқы  себеп.  Мәселе,  А.
149

Байтүрсынүлы  фолыслорға  өз  түсындағы  идея,  түсініктерін  енгізуде. 
Сондай-ақ кез келген ғылым саласы  өзінің туу, пайда болу, калыптасу, 
даму  кезеңдерін  т.б.  басынан  өткерген  түста  мүндай  кемшіліктердің 
туары  да,  кайталатыны  да  заңдылык  -  ол  уақыттын ткғыздылығымен 
шектеулігі,  әр  коғамның  осындай  еңбекке  деген  саяси-әлеуметтік 
сүранысының,  мүктаждығының  ерекше  күшеюімен  байланысты. 
Демек  халықтың  өзінің  төл  әдебиетіне  (фольклорына),  тарихына, 
тіліне т.б. деген  рухани азықтың өте-мөте жетіспеушілігі- бөрі  сол XX 
ғасыр  басындағы  халықтың  саяси-әлеуметтік,  экономикалық  хал- 
ахуалынан туады.
Қүнды  тарихи  мәтін  көзі  дегенде,  ғалым  А.  Байтүрсынүлының 
жоқтау  жырларынан  халықтың  түрмыс-тіршілігінің  әр  замандағы  әр 
қырын,  мәдениетін,  ақыл-ойын,  салт-дәстүрін  т.б.  зергтеу  үшін 
қажетті  деректер  беруі  көңіл  бөлерлік.  Содан  да  болар,  ғалым 
қазақтың төрт жүз жылдық тарихында ең маңызды деген 23  жоқтауын 
бір араға жіктеп, саралап, топтастырған.
Кез  келген  ғылым  саласында  озіндік  ерекшелігін  айғақтайтын 
жинақ  шығару  үшін  қажетгі  шаралар  есебінде  қолдағы  бар 
материалдарды  сүрыптау,  әрі  саралау  іс і|  жинақты  дайындау 
жолындағы әрі  ауыр, әрі қара жүмысты көп қажет ететін т.б.  жауапты 
кезең.  Себебі  қүрастырушы  қолындағы  мәтіндер  жанр  жағынан  да, 
тіпті  көркемдік  сапасы  жағынан  да  т.б.  әр  түрлі  болады.  Сондай-ақ 
кейбір  фольклорлык  мәтіндердің  жалпы  коркемдік-стильдік  формасы 
(сюжеті,  тілі,  образдар  жүйесі  т.б.)  жақсы  болса  да,  біреулерінің 
мазмүны  (тақырыбы,  идеясы  т.б.)  субъективті  түрде  нашар  деп  те 
табылуы  мүмкіи.  Кейде  кейбіреулерінің  тақырыбы,  йдеясы  неғүрлым 
сәтті  деп  табылғанда  да,  керісінше  оның  көркемдік  сипаты  солғьга 
болуы  да  ықтимал.  Әйтсе  де  өлемдік  фольклористикада  ел  арасынан 
жиналған  кез келғен халық туындысы,  мейлі  көркемдік жағы  солғьш 
тартса да,  сол  арқылы керексіз көрінсе де т.б,- бәрі белгілі  бір халық 
өмірін  т.б.  тануда  мүндай  үлгілердің  қажеттігі  әлемдік  фольклортану 
ғылымында  дәлелденген.
Жинақ  атаулының  бәрінің  де  көлемі  әркашан  белгілі  бір 
мөлшермен шектеулі келетіндіктен қүрастырушы  ең алдымен кітапқа 
нені  енгізіп,  нені  қалдыратынын  алдын-ала  мәтінді  саралай  отырып 
шешіп 
алады. 
Алайда  фольклортану 
ғылымы 
үшін 
барлық 
нүсқалардың  болуы  өте  маңызды.  Себебі  неғүрлым  нүсқалары  көп 
болса,  соғүрлым  зерттеушілер үшін  зерттеу  мәселелері  кеңейе түседі. 
Әрі ғылыми корытьгадыларды  неғүрлым дәл жасау мүмкіндігі туады. 
Сонымен  қатар  жинақтың  шығуы,  сүрыпталуы  мен  даярлық 
кезеңдеріие 
сыртқы  саяси  фактордың  әсері  болатыны  күмәнсыз.
150

С.Қаскабасов дүрыс  айтады:  «...  жинақіпың мазмунына,  ерекшелігіие, 
сөз  жоқ,  сол  дәуірдегі  тарихи  жагдайлар  мен  фольклортану 
гылымының  жалпы  дәрежесі,  багыты,  сондай-ақ,  иіыгарушылардың 
саяси-қргамдық, гылыми көзқарасы әсер»,- етеді [240].
Қазактыц  жоктаулары  арасынан  23  үлгіні  А.Байтүрсыновтың  өз 
аддына  жеке  бөліп  сүрыптауының,  әрі  жариялауының  өзіндік 
ерекшеліктері  бар:  бірі,  жоқтаулар  ішінен  ең  көркемдісі  дегендерін 
алуы-  халық  тәрбиесінде 
фольклордың  атқаратын  танымдық, 
информациялық,  тәрбиелік  қызметтері  арасынан  оның  эстетикалық 
функциясын жоғары бағалағандығы танылады.
Жинаққа  кірістірілген  жоқтаулар  атаулының  бәрі  де  қазақ 
халқының  тарихындағы  әйгілі  қоғам  қайраткерлері:  хандар,  билер, 
батырлар 
т.б. 
есімдері 
төңірегіндегілерін 
сипаттайды. 
Яғни, 
А.Байтүрсынов 
фольклорды-  түлғатану,  тарих  козі  деп  таныған. 
Сондай-ақ  зерттеуші  жоқтауды  жариялауда  жырдың  көнелілігіне  де 
назар  аударған.  Ал,  халықты  толғандырған  қоғамдық  мәселелерге 
тарихи  түрғыдан  назар  аударту  да,  үлттық  материал  көзі  ретінде 
фольклорды  алуы  да  т.б.-  бәрі,  сөз  жоқ,  оның  қазақ  фольклортану 
ғылымы тарихына косқан өзіндік өлшеусіз үлесі екені сөзсіз.
«23  жоқгауды»  жарыққа  шығарғандағы  А.  Байтүрсынүлының 
жинаушылық,  жариялаушылық,  зерттеушілік  қызметтерінің  тағы  бір 
кыры,  сыры,  ерекшелігі-  ол  ғалымның  халық  шығармаларына  әрі 
акын,  әрі  жазушы,  әрі тарихшы, әрі тілші,  әрі үстаз, әрі  философ, әрі 
журналист,  әрі  газет-кітап  шығарушы  баспагер  ретінде  т.б.  жалпы 
жан- жақты келуінде жатыр.
«Жоқтау» 
еңбегінің 
«бастырушыдан» 
(яғни 
ғалым 
А. 
Байтүрсынүлынын)  деген  айдармен:  «..Дүниеде  ешбір  ел  өз-өзінен 
шықпайды. Дүниеде ешбір  тілді бір  шешен  кісі  ойішп  шыгарган жоқ 
та,  шыгармайды  да.  Тіл  деген  нәрсе  қалың  елдің  күндегі  түрмыс 
қазанында  қайнап  пісіп,  дүниеге  келеді.  Сонан  соң  гана  шешендер, 
«тіл  көсемдері»  тілді  безеп,  жолга-жөнге  салып,  жүйесін  айырып 
встіреді.  Сондықтан  әдебиет  тіліне  негіз  етіп  ел  аузындагы  тіл 
алынбаса,  ол  әдебиет  адасып  кетпек;  енді  гана  все  бастаган  қазақ 
әдебиетін  алганда,  мүны  естен  шыгармау  керек.  Ел  аузындагы  тіл 
дегенімізде, 
нені 
үлгі-әрнек 
етіп 
аламыз? 
Әрине, 
осындай 
жоқтауларды,  мақалдарды,  жүмбақтарды,  ертегілерді,  өлеңдерді, 
тагы-тагы  осындайлардыі...  Бүл  «Жоқтаулардың»  ішінен  әзіргі 
заманның жас тілшілері,  жазушылары  талай материал табар деген 
үмітіміз  бар.  Мәнісі  көбірек  қазақ  тарихына  тиісті  болса  да,  тілін 
үйрету,  тексеру,  тілінен  пайдалану  осы  заман  жастары  үшін  де 
керек  жүмыс.  Қазақтың  әзіргі  тілі  бай,  жалпақ,  түсініқті,  өткір,
151

қысқа  суретті  Оолса,  коп  қару-жирақтың  бірінің  жонделгені  де>>,- 
д$гең  А.Байтүрсыновтың  фольклорды  жинаушы,  жариялаушы, 
зерттеуші  қызметтерінің  бағыт-бағдарын  айкындаған 
ғылыми  ой- 
пікірі  берілген  [238,  144  б.].  Бүл  жинакка  ғьшыми  сипат  беріп  түр. 
Мөселен,  осы  бар-жоғы  10  шакты  сөйлемдегі  А.  Байтүрсыиүлынын 
пікірінен, 
біріншіден,  ғалымньщ  жинакты  шығарудағы 
басты 
максаты 
ағартушылық-демократтык 
көзкарастан 
туындағанын 
анғартады.  Екіншіден,  А.  Байтүрсынүлынын 
осы  өзінін  кыска 
кіріспесімен  жинақты 
ғылым  үшін  мацызды  етуді  ойлаған. 
Үшіншіден, А. Байтүрсынүлы фольклорды тілші-ғалым есебінде казақ 
тілінің  қүдіретін  насихаттау  деп  түсінген.  Тіпті  казақтын  әдеби  тілі, 
негізінен,  ел  аузындағы  тілден  алынуы  керек  дегенді  жаза  отырып, 
оның негізі фольклорда жатқанына баса назар аударткаиын, сондай-ақ 
ғалым 
А.  Байтүрсынүлы  фольклорды-жае  тілші  ғалымдар  мен 
жазушылар үшін, олардың зерттеушілік,  шығармашылык жолдарында 
баға  жетпес  материал,  дерек  көзі  болатынына  ерекше  көңіл 
бөлгізгенін аңдауға болады.
Қазактың  400  жыл  тарихын  қамтитын  жоқтаулардын  беташары 
есебінде  ақын  Шәңгерейдің  «Қүйрык  атып  қүлия»  деген  жолдардан 
басталатын  толғауы  (240  жол)  берілген  [238,  144-145  б.].  Мәтін, 
негізінен,  заманның  бір  орныида  түрмайтындығына,  зымырап  өте 
шығатынына,  түрмыс-тіршіліктің  бейберекетсіз,  өрекетсіз  т.б.  базар- 
той  болып  өтуі  т.б.-  бәрі  өмірдің  ақыр  соңында  күні  өткен  бәйтерек 
тәрізді  яселмен  қүлап,  іріп-шіруіне  әкеледі  дей*  отырып,  одан 
баршаның  қүтылмасына,  маңдайға  мсазғанын  көретіндігіне  назар 
аудартады. Демек А. Байтүрсьшүлы ақын Шәңгерейдің осы толғауын- 
жастарды  іс-әрекетке,  күреске,  М.Ж.Көпеев  айтқандай:  «өлім  бетін 
көрмей  турып алдын-ала кутінуге  шақырган  угіт-насихат  қуралы» - 
деп үсынғанын көрсетеді.
«Жоқтау»  жинағында  келтірілген 
23  жырдың  әркайсысынын 
ғылыми түсініктемелері  бар.  Бүл  сол  кезең  үшін  үлкен  жаңалық  еді. 
Жоқтаулардағы  тарихи  түлғалардың  іс-әрекеті,  олардың  дәріптелуі- 
бәрі  де  фольклор  бояуымен  берілген.  Кейіпкерлер  мен 
мазмүны 
бойынша  бүл  жинақ  сонау  XVI  ғасырда  өмір  сүрген  Едіге  бидің 
нәсілі,  Ноғайлының  батыры-  Мамай  батыр  есімімен  бастап, 
XX 
ғасырдың  басындағы  1916  жылғы  үлт-азаттық  қозғалыстың  Торғай 
өңіріндегі 
басшыларының  бірі  болған,  елі  өзін  хан  сайлаған 
Әбдіғапар  Үзын  Қыпшак  есімімен  байланысты  туған  жоқтаумен 
аяқтапады. 
Осыншама  дәуір  өкілдері  туралы  жүйелі  жинақтың 
шығуы  А.  Байтүрсынүльшың  көп  ізденгенін,  еңбектенгенін  т.б. 
танытса,  әрі  оның  осы  арқылы қазақ фольклортану тарихына қосқан
152

өлшеусіз  еңбегін  айкындайды.  Сонымеи  қзтар  жоқтау  жырлардың 
тарихи  қайраткерлердің  өмір  сүру  кезеңдеріне  сәнкес  хронологиялық 
ретімен  берілуі,  белгілі  бір  есімге,  мәселен,  «Төлебайға»  катысты 
жырларды  циклдік  әдіс  арқылы  бір  арнаға топталуы  т.б.-  бәрі  ғалым 
А.  Байтүрсынүлының  фолыслорды  жинауда  да,  оны  жариялауда  да 
т.б.  белгілі  бір  ғылыми  жүйелілікке  негізделген  ерекшелігін 
саралайды.
Жинақтағы 
жоқтаулардың 
барлығында 
дерлік 
тарихи 
түсініктемелердің  бірге  берілуі  т.б.-  бәрі  бүл  жинақтың  жоғары 
ғылыми  деңгейін  көрсетеді.  Түсініктемелерді  іштей  жіктесек:  біразы 
жоқтаудын  кімге  арналып  шығарылғандығына  байланысты;  біразы 
оңы 
орындаушылар 
төңірегінде; 
тіпті 
жоқтаудағы 
тарихи 
кайраткерлер  өміріне  қатысты  фактілер  де  сөз  бодады;  кейде  ол 
жоқтаудың 
кімнің 
жазбасынан 
алынғандығына 
да 
(мәселен, 
В-В.Радловтан) 
назар 
аударылған. 
Мұның 
бәрі 
әлемдік 
фольклористикада 
халық 
шығармаларын 
жинаушылар, 
жариялаушылар  үшін, 
мәтіннің  қағазға  жазылу  паспорты  есепті 
болады-дағы,  яғни  бұл  А.  Байтүрсынүлының 
фольклортанушылар 
алдында 
қойылатын 
бірден-бір 
басты 
талабын 
орындағанын 
көрсетеді.  Мәселен,  «Мамай  батырға»  байланысты  жоқтауда,  оны 
Мамайдың  шешесі  -Қараүлектің  жоқтап  айтқаны  деуінен-ақ,  мәтінді 
шығарған адамның атын, әрі  оның жоқтау кейіпкеріне  кандай қатысы 
бар  екені  білінеді.  Ал:  «Мамай-Едіге  бидің  нәсілінен,  он  алтыншы 
ғасырда өмір сүрген  ноғайлының батыры»,-  деген  ғалым сілтемесінен 
[238,  150 б.] біз бүл жырдың XVI ғасырда тууы мүмкіндігін ескереміз. 
Жалпы  мұндай  тарихи  түсініктемелер  «Қаз  дауысты  Қазыбек» 
жоқтауында  да  кездеседі,  онда  жырды  айтушы  болып  қызы  Қамқа 
алынады  да,  жоктау  кейіпкерінің  өміріне  қатысты  қүнды  тарихи 
мағлүматтармен толықтырылған: «Қаз дауысты Қазыбек 97 жасында 
өлген.  Қазыбек  өткен  жылы  Шаншар  Қанцй  би  туеан.  Қанай  72 
жасында  тоқал  алган,  тоқал  8  жылда  үш  бала  тапқан.  Осы  үш 
үлдың  кенжесі Қожабай  осы  күні  (1925 ж.)  ақсақал  болган Ақайүлы 
Қасеннің  шешесі  Багзе  бәйбішемен  қүрдас  екен.  Бү  бәйбіше  биыл, 
1925-ші  жылы  87~де  болады  екен.  Қазыбек  тугалы  (97+80+87)  264 
жыл  өткен.  Қазыбектің  туган  жылы(1925-267)  1661  жыл  болады. 
Қазыбектің өлген жылы (1661-97)  1758-інші жыл болады.
Қарқаралының  тауын  айнала  отырган  Қарашор  Түркістаннан 
ауып келе жатқанда, Бетпақтың даласыңда қарада Киік би туыпты. 
Ана  жогаргы  Қазыбектің  есебінше  адам  жасын  салыстырып 
қарасақ, Қарашор 1748-інші жылы Арқага келген болады.
153

Сонда  Шор туганда,  «биі ауган  елге хаи  қояло)  деп,  Бөкейді  окесі 
Барақтан  сурап  өкелген  екен.  Бөкей  сонда  14  жастагы  бсиіа  екен. 
1819-щі жьілы  85 жасында Бокей хан өлген.  Қазыбектің елі Шаншар 
Қараіиордан  Арқага  бурын  келген.  Қазыбек  Едірей  келсе,  онда 
Қанжыгалы  Абыз-Шомақ  отыр  екен.  Қысты  күні  Абыз-Шомақтан 
қатық ішіп,  Қазыбек:  «Жерің жақсы екен.  Маган лайьіқ»,- деп,  Абыз- 
Шомақты  мүйіздеп,  қуып  жіберген.  Абыз-Шомақ туқымы  осы  күні 
Ертістің батысында Қасқыр  қала тусында»,- дейді [238,  153-154 б.]. 
Тарихи  тұлға  Қаз  дауысты  Қазыбектін 
неше  жасында  дүние 
сапғанын,  балалары  кімдер,  олардың да балалары  кандай  күй  кешуде, 
қай жылы,  кай жерде туылып, қай жылы өмірден кеткеніне дейінгі т.б. 
тарихи  деректердің  мол болуы,  олардың туған  жылдарын  айқындауда 
өзіндік  тошнылау  зерттеулерінің 
болуы  т.б.і-  бәрі  ғалым  А. 
Байтүрсынүлы  жинағының  өзіндік  ерекшелігін,  әрі  фольклортану,  әрі 
түлғатану тарихында  күнды  мағлүмат көзі  болмак.  Міне,  бүдан  біз  А. 
Байтүрсынүлының  жоктауды-  халыктың  өткен  өмірінін  айнасы, 
көненің, 
тарихтың 
көзі 
деп 
қарастырғанын 
таныдык. 
Яғни 
фолыслордың  басқа  да  жанрларына  карағанда  (тарихи  аңыздар  мен 
тарихи 
жырлардан 
басқа 
т.б.) 
жоктаулар- 
өзінін 
неғүрлым 
нактылығымен  де,  кімге  бағышталып  айтылғандығымен  де  т.б. 
ерекшеленеді.  Жоқтауда  да  өлген  кісіні  артық  мақтап,  дәріптеу, 
идеялизациялау  бар.  Бірақ  соган  қарамастан  онда  шындықтан  тым 
алшақтау жоқ.
Осы  тәрізді  тарихи  мәні  бар  қүнды  түсініктер  «Кеңгірбай  би», 
«Алтай  Тәті»,  «Жантай»,  «Шокшолай  қызының  жоктауы»,  «Қыздьщ 
жоқтауы», 
«Әбжан», 
«Балқын 
қыздың 
жоқтауы» 
төрізді 
шығармаларда  да  баршылық.  Тек  бір  ерекшелігі-  бүл  сілтемелердің 
авторы 
болып 
белгілі 
фолыслорист-ғалым 
В.В.Радлов 
есімі 
көрсетілген 
[238]. 
Сондай-ак 
«Қенесары-Наурызбай» 
жоктауы 
Мәскеудегі  қазақ  бөлімі  басқан  «Кенесары-Наурызбай»  кітабынан 
алынды  деген  де  ескертуі  бар  [238,  160  б.].  Міне,  бүдан  біз,  бірінші, 
ғалым  А.  Байтүрсынүлының  бүл  түстағы  фолькпорды  негізгі 
жинаушылық  әдісі-  ол  дайын  ескі  кітаптар  жүзін  пайдалануы  десек; 
екіншісі,  әр  жағдайда  ол  фольклорльщ  мәтіндердің  кімдерден,  қай 
кітаптан  алынғандығын  нақты  көрсетіп  отьфуды  үмытпауы  т.б.-  бәрі 
фольклордың  негізгі  ғылыми  принциптерін  (ғылыми  дәлділікті  өзіне 
дейінгілердің  пікірлерін  саралағандығын)  меңгергенін  танытады. 
Кімнен  не  алса  да  көрсетіп  отыруды,  мәтіннің  паспортын  толық 
беруді т.б. үмытпағандығын діттейді.
Сондай-ақ  «Әйеке»  жоктауын  -Бүдабай  ақын  [238,  173-179  б.]; 
«Есмағамбет»,  «Ерғазы»  жоқтауларьш,  «Төлебай»  жоқтауын  [238,
154

164-173  б.]  -   бөрін  Қарпық  ақын;  «Абдрахман»  жоқтауының  иесі- 
ақын  Абай  [238,192  б.];  «Ормамбетгі»-ақын  Нармамбет  [238,  193-199 
б.]  шығарды  деген  де  түсініктемелер  берілген.  Әйтсе  де,  «Байжігіт 
Мұрат»  [238,  181-182  б.],  «Ысмайыл  хан»  [238,  182-187  б.]; 
«Жолдыбай» 
[238, 
189 
б.], 
«Әбдіғапар» 
[238, 
199-208 
б.] 
жоктауларыныц  бәрінде  дерлік 
белгілі  есім  төңірегінде  өмірлік 
сілтемелер  болса  да,  нақты  жырды  кейінгі  айтушылары  мен 
шығарушылардың  есімдері 
көрсетілмей,  ие  ол 
жыр.  қайдан 
алынғандығы туралы дерек көзі де берілмей қалған.  (
Аталган  түсініктемелердің  тағы  бір  өзгешелігі-  белгілі  бір 
түлғатану төңірегінде сілтеме берілгенде, сол есімге қатысты бірнеше 
тарихи адамдар туралы мәліметтердің  де бірге қосылуы. Екіншісі, сол 
тарихи  есімдердің  пайда  болу  тарихы  да  (мәселен,  Кеңгірбай  есімі 
Кеңгір  әзеніне  қатысты  қойылуы),  тегі  де,  қазақтың  қай  ру  өкілі 
болып  келетініне  шейін  т.б.  ескеріліп  отырған.  Мәселен,  «Ормамбет 
1901  жылы  өлген.  Баласы  ақын Нармамбет жоқтаған.  Бүл  1919 жылы 
өлді.  Бүлардың елі Тобықты,  Балқаш көлін  қыстап,  Тоқырауын  өрлеп 
көшіп,  Сарыарқаны  жайлайды.  Ормамбет  бейіті  Жалаңаштың 
басында.  Бұ  Тоқырауынның бір тарауының басы»- делінген  [231,  199 
б.].  Бүл  сілтеме  Ормамбет  есіміне  арналған,  жоқтауды  шығарған 
баласы- ақын Нармамбет.  Екеуінің де нақты өмірден кеткен кезеңдері 
көрсетілген, 
елі-Тобықты, 
қыстауы-Балқаш, 
жайлауы-Сарыарқа, 
Ормамбет  бейіті-Жалаңаштын  басындағы  мекен-жайда  орналасқан. 
Бүлар  тарихи-топонимикалық  сілтемеге  жатады.  Демек  ғалым  А. 
Байтүрсынүлы  жоктаудағы  тарңхи  есімнің  өмірде  шын  болғандығын 
дәлелдеу  үшін-  дәлел  көзі  ретінде  беріп,  әрі  мәтінді,  әрі  мәтіндегі 
есім  төңірегіне  қатысты  тарихи-топо нимикалық  атауларды  да 
қілданған.
|   Қорытд  купгддпе.  белгілі  орыс  ғалымы  В.Н.Татищев  (1686-1750) 
тәрізді  І24Г],  фОЛьклорганушы  ғалым  А.  Байтүрсынүлы  да  фольклор 
мен  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  -   халыктын  өмірін,  тыныс-тіршілігін 
және  мәдениетін  жан-жақты  зерттеу  үшін  күнды  мәтін  деп 
карастырған.  Сондай-ақ  фольклорлық  нүсқалардың  хапық  тарихын 
гану  үшін  маңыздылығын,  олар  бойында  сақталған  документальды 
деректердің көптігіне,  сол себепті ол халықгық үлгілерді қағаз жүзіне 
жиыстырғанда 
фонетикалық 
дәлділікгі, 
көшірілген 
мәтіннің 
нақгылығы,  ол  өз  кезегінде  сол  мәтін  тілін  жинаупгының  жетік 
меңгеру 
кажеттілігімен 
байланыстылығы 
т.б.- 
бәрін 
ғалым 
А.  Байтүрсынүлының  мәтінді  жан-жақты  сараптағанын  танытады. 
Ендеше  жинақтыц  алғысөзі  мен  ғылыми  түсініктемесі  бірге  берілуі, 
оның әрі  ғылыми  сипатын  аңғартса,  ал,  оның жалпы  халыкка арнайы
155


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет