Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т


жарияланым  түрінде  берілуі,  әрі  көпшілік  сипатын  танытары  сөзсіз



Pdf көрінісі
бет12/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

жарияланым  түрінде  берілуі,  әрі  көпшілік  сипатын  танытары  сөзсіз. 
Сондай-ак  фольклордың  бір  жанрына  қатысты  үлгілерді  бір  жинакқа 
топтастыруы 
сол  түстағы  қазақ  фольклортану  ғылымының  елеулі 
жетістігі  екені сөзсіз.
«Ер Сайын» кітабының  Мәскеуден  1923  жылы  жеке  кітап болып 
иіыкканы  белгілі  [242].  Бүл  енбек  те  ғалым  А.  Байтүрсынүлының 
қазақ  фольклортану  тарихына  қосқан  өзіндік  үлесі  екеиі  сөзсіз. 
Адамзаттың  бір  орында  түрмайтыны  тәрізді,  елде  заманның  саяси, 
экономикалық, 
әлеуметтік 
хал-ахуалына 
байланысты 
баспасөз 
қызметінің  (газет,  журнал,  кітап  бастыру  т.б.)  ерекше  етек  жаюы  өз 
кезінде жазба өдебиетті тудырады. Ал, жазба өдебиеттің кеңінен қанат 
жаюы  өз  кезегінде  ауыз  әдебиетіне  деген  сүранысты  төмендететіні, 
қолданыс  аясын  тарылтқаны  күмәнсіз.  Ал,  сол  «қаймагы»  әлі  бүзыла 
коймаған  заманда халық ауыз әдебиетін тездетіп қағазға түсіру  -  бәрі 
елін,  жерін  сүйетін  зиялы  барлық  азаматтардьщ,  оның  ішінде 
фольклорист-ғалымдардың  қүн  өткен  сайын  ең  басты  бір  борышы 
есепті.  Осы  «Ер  Сайын»  жырының  жеке  кітап  баспадан  шығуыньщ 
өзі- фольклортану тарихында үлкен бір қүбылыс болды.  Бүл  кітаптын 
белгілі  фольклортанушы  ғалым  Г.Н.Потанинге  арналуы-  жалпы  қазақ 
мәдениетін  қадірлейтін  азаматтардың  «Сібірдін  үлы  қарты  Потанин» 
еңбегінің  мән-маңызын  терең  түсінгендігін,  әділ  жоғары  бағасының 
берілуі  дер  едік.  Және  де  осы  жанрды  баспадан  шығару  аркылы 
ғалым  А.  Байтүрсынүлының  фольклорлық  үлгіні  -   үндеу  қүралы 
есебінде,  яғни  жер-жерде  халыктың  тездетіп  халық  мүраларын 
жинауға шақырған үгіт-насихат көзі үлгісінде колданғанын танытады.
Ғалымның  бүл  кітапты  ғалым  Г.Н.Потанинге  тарту  есебінде 
баспадан  шығаруының  тағы бір себептері бар десек:  бірі- үстаз есепті 
мойындауында  жатса,  екіншісі-  бүл  нүсқаны  ел  арасынан  жинау, 
қағазға  түсіру  жүмыстарьга  т.б.  Ахметтің  ғалым  Г.Н.Потаниннін 
үстанған  бағыт-  бағдарына  сүйену  негізінде  іске  асырды  деуге 
болады.
Кітаптың 
сыртқы 
мүқабасындағы 
мына 
деректер 
назар 
аударарлық.  Бірі:  «Жер  жүзініц 
еңбекилілері,  бірігіңдер!»-  деген 
маңдайшаньщ болуы бар  [243,  1  б.]. Демек Кеңес үкіметі түсында кез- 
келген  басылым  көретін  еңбек  осы  жоғарыдағы  үранды  сөзді 
маңдайша етуге тиіс болатын т.с.с,- бәрі  кезен ерекшелігін танытады. 
Екініпісі:  «Жазып  алып  өңдеген:  Байтурсынулы»,-  деген  сілтеме  де 
бар  [243,  1  б.].  Міне,  бүдан  біз  мәтінді  А.  Байтүрсынүлы  жинаумен 
шектелмей, 
өңдегенін  көрдік.  Екіншіден,  әлемдік  фолыслортану 
ғылымындағы мәтінді түзетпеу, өзгертпеу т.б.  керектігін міндеттейтін 
ғылыми  талаптың  бүзылғандығын  таныдық.  Ендеше  фольклорлық
156

мәтіннің  ғылыми  талапқа  сай 
басылым  кермеуі,  оның  ғылыми 
мәнділіпң төмендететіні анық.
Ал,  осы  үлгіиі  белгілі  ғалым  В.В.Радлов  жариялаған  нүсқамен 
салыстыра  қарастырған  ғалымдар  С.А.Қасқабасов  пен  А.Т.Әшенова 
мынадай 
түжырымға 
келеді: 
«Ахмет 
Байтурсыпулы 
қазақ 
фольклорын тек зерттеп қана қоймаган,  сонымен бірге  текстерін де 
жариялап,  өз  дәуірінің  қогамы  уіиін  қажетті  мақсатта  жондеп, 
редакциялап,  сол  кезеңнің  талабына  сәйкес  оңдеп  жариялаганын 
көреміз.  Міне,  осы  тургыдан  келгенде,  Ахаңның  фольклорга  деген 
көзқарасы  да  айқынырақ  көрінеді, 
Фольклордың 
қогамдық 
қызметінің  ерекіиеліктерін  тусінгенде  де  озіндік  аспект  тапқан. 
Сөйтіп,  ол  осы  гасырдың  басындагы  қазақ  елінің  рухани,  мәдени 
талабына  сай,  әлеуметтік, 
педагогтық  міндеттерге  сәйкес 
фольклордагы коптеген ескілікті, жаттанды, сондаЦ-ақ өте қарама- 
қарсы  қою  әдістерін  біршама  жумсартып,  әдеби(  мәдени  түрде 
беруге  тырысқан»,-  дейді  [244,65  б.].  Демек  А.Байтүрсынов  «Ер 
Сайын»  жырын  өңдеп,  редакциялап  жариялауда,  оның  мазмүнына, 
поэтикасына, мәдени, әдеби сипат беруге тырысқанын көреміз.
Одан  әрі  нүсқа  басылым  көрген  баспахананың  аты,  мекен-жайы, 
қай  секцияға  қарайтыны,  жырдың  тақырыптық  атының  аудармасы 
қай  халық  түрмысынан  жыр  шертетіні,  шығарманың  алғысөзі  мен 
түсініктемесін  Ахмет  Байтүрсынов  жазғандығы,  сондай-ақ  «Қыр 
баласы» 
(Әлихан 
Бөкейханов- 
Н.Ж.) 
атынан 
белгілі 
ғалым 
Г.Н.Потаниннің  өмірбаяны  берілгені  хақында  т.с.с.,  ягни  мәтіннің 
басылым көрген паспортгық деректері орыс тілінде келтірілген [243, 2
б.].  Сонымен  қатар  кітап  6000  данамен  шыккандығй  да  ескертілген. 
Демек  бүл  жинақ  ғылыми-көпшілік  сипатындағы  жарияланым 
қатарына  жатары  сөзсіз.  Себебі  жинақ  қүрастырушылары  бүрынғы 
басылымдарды  пайдаланып,  фольклорлық  текстерді  өз  мақсатына, 
көзқарасьша  сай  етіп  өңдеген.  Одан  әрі  «Г.Н.Потанинге  тарту»  -деп 
1915-нші  жылы  жазылган  6  тармақтан  түратын 
5  шумақ  өлеңі 
берілген [243, 3-4 б.].
Келесі бетген бастап «Ер Сайын» жырының  мәтінінің түпнүсқасы 
тольпстай  араб  әрпінде  берілген.  Бет  реттілігі  кітаптың  солынан  оң 
жағына  қарай  бағытталган.  Кітап  қүрастырушы  тарапынан  тыныс 
белгілері қойылуымен  катар,  жыр өлеңдері  арасында да сызықшамен 
ажыратылған  белгі  баршылык.  Шамасы  осы  белгілер  арқылы 
қүрастырушы  мәтінді  мағыналык  жағьшан  өзара  беліп,  ажыраткысы 
келген  тәрізді.  Мәтін,  негізінен,  өлеңмен  жазылған.  Сонымен  қатар 
кітаптың  17-ші, 33-ші, 49-шы, 65-шы,  81-ші бетгерінде, яғни әрбір  16 
бет сайын,  төменгі оң жақ шетінде «Ер Сайын-2»,  «Ер Сайьш-3», «Ер
157

Сайын-4»,  <<Ер  Сайын-5»,  «Ер  Сайын-6»  -деген  таңбалар  тағы  орын 
алған.  Шамасы,  ондагы  мақсат  кітап  көлемін  ажырату  үшін,  яғнй  16 
бетті  1  баспа табақ деп белгілеу қолданылса керек.
Кітап  соңында  Қыр  баласының,  яғни  белгілі  коғам  кайраткері 
Әлихан  Бөкейхановтың  ескертпесі  берілген:  «Өңдеп  әткерген  «Ер 
Сайынның» жыры  «Батыр Сайын» деп В.Радлов жазган жырмен бір 
екен.  Екеуінің  айырмасы  мына  осы  «Ер  Сайынның»  «аягы»  деп 
басылган.  Өзге  жерлер  айтушыга  қарай  озгеше  бола  береді.  Әзге 
жырда  жырдагы  кісілер  гана  өлеңдетіп  келеді,  өзге  әңгіменің  бәрі 
қара созбен айтылады.
«Ер  Сайып»,  «Қарақыпшақ Қобыланды»  (Ташкецтте  басылган), 
«Манас» қана олеңмен келеді.
Тыңдаушы  жаратқан  соң  жыршылардың  қара  сөзін  де  олеңге 
аударып жібергеп гой.  «Манас» қыргыз тілінде. Муны да «Куншыгыс 
баспасы»  басады»,-  деген  ескерту  орын  алған  [243,  85  б.].  Демек, 
мүнда 
Ә.Бөкейханов  тарапынан  жырдың  өңделгені  ескертіледі, 
сондай-ак  мүндай  нүсқа  белгілі  шығыстанушы  ғалым  В.В.Радлов 
жинағында да бар екендігі, оның аты «Батыр Сайын»  деп аталатыны, 
екі  нүсқаның өзара  бірдей екенін  ескере отырып,  айтушыға  қарай  әр 
жерінде  өзгешеліктер  бола  беретінін  айту  да  фолыслордың  көп 
нүсқалы  болатынына  т.б.  назар  аударту  белгісі  деп  қабылдаймыз. 
Сонымен  қатар  шығарушы  нүсқалар  арасындағы  өзгешеліктерге  де 
тоқталған.  Яғни  өлеңдетіліп  берілген  белгілі  бір  нүсқадағы  кісілер 
бейнелері,  өзгелерінде  қара  сөз  ретінде  келетіні  ескертілген.  Оньщ 
ішінде  өлең  түріндегісін  тыңдаушы,  яғнн  халық  үнатқаннан  кейін 
барып,  үлгіні  насихаттаушы  жыршылардың  өз  тарапынан  кара  сөзді 
өлеңге аударып отыру себебін де  түсіндіре кетеді.
Кітаптың соңына қарай Қыр баласының, яғни ғалым Ә.Бөкейханов 
жазған белгілі  ғалым  Г.Н.Потаниннің қысқаша  өмірбаяны келтірілген 
[243,  86-91  б.]:  «Г.Н.Потанин  Қызылжар  оязындагы  Сібірдің  атты 
казагының  баласы.  Әкесі,  казак-орыстың  жузбасіиысы,  Баян  ауыл 
аймагындагы  Суйіндікті билеп  турган.  Сол уақытта казак-орыстың 
Ямышская,  қазақша  аты-  Туз  қала  (Туз  қаладан  бурын  салынган 
Ертісте  қала  жоқ.  Бул  жер  бурын  қазақ  пен  жоңгардың  айырбас 
қылатын  жері  екен)  дейтун  қаласында  21-нші  сентябрьде  1838-нші 
жылы Г.Н.Потанин туган,
Бала  туган  соң  3  ай  өткенде,  өкесі  Қызылжар  оязына  кошкен. 
Бекетке  келсе,  қундақтагы  бала  шанадан  тусіп  қалыпты.  «Мен 
туган соң  3 айда дуние кезбек болып  шанадан тусіп қалып,  жогалып 
табылганым,  дуниені  кезіп  білуді  сонда  бастадым»,-  деп,  Г.Н. 
кулетін.
158

Г.Н.  Олібыда Қадетский корпусыпда  Уалихап улы Шоқанмен бірге 
оңыган.  Шоқанмен дос болган. Қырық жыл қоймай қуып жүріп,  1904- 
ниіы  жылы  Шоқанның  екі  кітабын  бастырды.  Корпусты  бітірген 
соң  1855-нші жылы  казак-орыстың  бастыгы  болып  Жетісу  барган, 
Алматыны 
Г.Н.  салдырган. 
1859-ншы  жылы  П.П.Семенов- 
Тяншанский  атанган,  Түркістанга  барып,  жер-суын  оқып  қайтып 
келе жатып,  Омбыда Г.Н. мен  Шоқанга жолыгып  сөйлеседі,  екі жас 
офицердің өзгеше екенін сезеді.
Сендер  мүнда  жүріп,  аяқ  асты  болмаңдар,  Петербор  барып 
университеттен оқу оқыңдар деп, Г.Н.  ліен  Шоқанга  ақыл береді.Екі 
жас Петербор барып университет түседі.
Г.Н. мүнда жүріп ботаниканы- жерге шыгатын шөп,  агаш-білімі, 
әр  жүрттың  әдебиеті,  түрмысы,  жер  білімінің  жолын  әдейілеп 
ізденіп  жақсы  білген...»,-дейді,  міне,  бұдан  мақалада  ғалым 
Г.Н.Потаниннің  фольклортанушылық  өмірбаянынгі  қатысты  құнды 
дерек 
көздерінің 
біраз 
қамтылған. 
Сонымен 
қатар 
автор 
Г.Н.Потаниннің  әйгілі 
«Восточные  мотивы 
в 
средневековом 
европейском  эпосе»  атгы  ецбегінде,  күнбатыстың  әдебиетіне  негіз 
болған  күншығыстағы  ауызша  айтылып  жүрген  ертегі,  жыр,  мақал, 
өлеңдер  т.с.с.  бар екенін ескертеді.
Сондай-ақ  1863  жылы  Сібірды  бөліп  алмақ  дегенге  саятын 
айыппен  Г.Н.Потаниннің  абақтыға 
қамалғаны; 
көп  білген, 
жазғандары  И.Р.Г.О.  беттерінде  басылғаны;  1920  жылы  жазды  күні 
Томда  (Томск  болуы  керек-  Н.Ж.)  дүниеден  қайтқаны-  бәрі  де 
қамтылған.  Мақала  соңы:  «...1915-нші  жылы  Г.Н.  80  жасқа  толды. 
Г.Н.  атына  багыштап  щәкірттері  кітап  басты.  Соган  қосылып 
қазақтың  олеңін,  жырын,  мақаласын  біздің 
қазақ  жастары  да 
баспақ болды,  мына  «Ер  Сайын»  мүның басындагы /Іхметтің «Г.Н.- 
га тартуы»  сонда  басылмақ болган  ед.  «Күншыгыс баспасы»  баспақ 
болып  отырган  Баржақсыүлы  Ахмет  жинаган  «Мың  бір  мақал»  да 
Г.Н.-га  қалап  басылмақ  еді»,-  деген  түсінік  беріліп,  соцынан  «Қыр 
баласы»  деген  ескерту  жазылған  [243,  91  б.].  Міне,  бұдан  біз  XX 
ғасырдағы Қазан  төцкерісінен кейінгі дәуірде не жинақ, не кітап т.с.с. 
баспадан  шығарылғанда,  көбінесе белгілі  бір ғалымның мерейтойына 
орай ұйымдастырылып отырғанын көреміз.
«Ер  Сайын»  кітабының  соңында,  сондай-ақ  кітап  ішінде 
кездесетін  кісі,  ел,  жер  аттарының  тізім  көрсеткіштері,  еңбектің  қай 
беттерінде не дерек  кездесетініне дейін  анықталып берілген  [243, 92 
б.].
Бұл  анықтаманы  да жазған  Қыр баласы (Ә.Бөкейханов).  Ал,  кітап 
мазмұны  соңғы бетге берілген  [243, 93 б.]. Соңғы бетгің бірінде тіпті
159

жарнама  орын  алған:  «Ұлттар  Комиссариаты  қарауындағы  Күншығыс 
баспасөз  кеңесінің басып  шығарған  қазакша  кітаптары мына кісілерде 
сатылады...»-деп, 
32 
елді-мекендегі 
адамдардын 
аты-жөндері 
келтірілген  [243,  94-95  б.].  Мәселен,  Семейде-Түрғамбайүлы  Маннан; 

Қарқаралыда-  Сапақүлы  Рахымбай дей отырып, Алаш,  Кереку,  Омбы, 
Қызылжар,  Орынбор,  Ақтөбе,  Ақбүлақ,  Орда,  Ташкент,  Түркістан, 
Ақмешіт,  Алматы  т.с.с.  елді-  мекеннің  тізімі  мен  ондағы  өкілетгі 
адамдардың  есімдері  көрсетілген.  Демек  сол  кездің  өзінде  де  кітап 
басу  үрдісімен  қатар,  оны  тарату,  сату,  насихаттау  т.б.  іс іт ң   бірге 
жүруі-  бәрі  баспағерлердіц  заман  талабына  қаншапық  икемделгенін 
танытады.
Кітапта  одан  әрі  «Күншығыс  баспасынан»  шыккан  15  шақты 
кітаптың тізімі  бар [243,  96 б.].  Мүнда фольклорға қатысты:  «Мың бір 
мақал»- жинаушы  Баржақсыүлы;  «Ер Тарғын»-Марабай,  өңдеген Қыр 
бапасы; 
«Кенесары-Наурызбай»- 
Нысамбай, 
жазып 
алған 
Басығараүлы;  «Ертегілер»-  аударушы  М.Жүмабайүлы;  «Тазша»- 
жазып алған Басығараүлы т.с.с. деген  қүнды дерек көздері бар.
1923  жылы  Мәскеуде  ғылыми-көпшілік  сипатта  шыққан  енді  бір 
жинақ-  «Мың  бір  мақал»  [245].  Кітаптың  сыртқы  мүқабасьгада: 
«Үлттар  Комиссариаты  жанындагы  Күншыгыс  баспасы;  Бүтін 
дүние  еңбеюиілері,  бірігіңдер!;  жинаушы-  Ахмет  Баржақсы  баласы: 
«Атаңның  баласы  болма,  / /  Адамның  баласы  бол»,-  деген  Абай  сөзі;
«Елу жылда ел өзгерер, / /  Жүз жылда-қазан»,-  деген халық маңалы»,- 
деп  басылған  дерек  көздері:  бірі-  мәтін  шыққан  баспахана  атын; 
екіншісі- 
кезең 
ерекшелігін 
айғақтайтын 
үндеу; 
үшіншісі- 
жинаушының  аты-жөнін;  төртіншісі-  халық  даналығын  дөріптейтін 
үлгілерді  насихаттау  үшін  алынған  дерек  көздері  болып  табылады 
[245,1  6.].
Одан  әрі  жоғарыдағы  кітаптағыдай  баспа аты,  орналасқан  мекен- 
жайы,  секциясы,  тақырып  аудармасы,  үлгіні  жинаушының  аты-жөні 
және  Н.Төреқүловтың  алғысөзі, 
нүсқаныц  неше  дана  екені  т.с.с. 
деректер- бәрі де орыс тілінде көрсетілген  [245, 2 б.]. Демек мүнда да 
Қазан  төңкерісіне  дейін  кітап  шығаруда  жүзеге  асатын  талаптардың: 
баспахана 
аты, 
мекен-жайы, 
тақырыбы, 
жинаушы 
немесе 
шығарушысы,кітап  шыққан  кала  аты  мен  жылы  т.с.с.  тәрізді 
қолданымдар-  бәрі  де  кітап  бастыруда  белгілі 
бір  дәстүр 
сабақтастығының болғанын  дәлелдейді.
Сондай-ақ  XX  ғасырдағы  Қазан 
төңкерісінен  кейінгі  дәуірде 
ғылыми-көпшілік  сипаттағы  фольклор  үлгілерін  жариялауда  Кеңес 
үкіметі  түсында  көптеген  қолдан  жасалған  қиындық  атаульгаың  туу 
себебін 
ашуға  тырысқан 
белгілі  қоғам  қайраткері 
Нәзір
160

Төреқүлүлының  алғысөзін толық беруді жөн көрдік:  «Мың бір мақал» 
кітабын көргенде, кейбіреулер:  буны не ушін басып  ш ыгарган? Қ азіргі 
кунде  ескі  мақалдардың  керегі  қанша  еді?~деп,  Кунш ыгыс  баспасөз 
кеңсесіне кінә қоюы мумкін.
Ж аңа  бул  кітаптың  қанша  пайдасы  барлыгын  кейбіреулер,  болки 
аңгара  алмаса  да.  Сондықтан  басқандагы  мақсатымыз  қайсы?  Сөз 
алдында соны қысқаша т усіндіруді керек таптық,
«Ер қазынасы-  ескі соз,  ел  қазынасы-  ескі сөз,  тіл қазынасы-  ескі 
сәз»  деген  бурынгыш рдан  қалган  мақал,  Бул  мақал 
әншейін  әлде 
қалай  айтыла  салган  мақал  емес,  өмір  ж узінде  ел  аузындагы  ескі 
сөздер:  мақал,  тиқпақ,  өлең,  ж ыр  секілділердің  өте  керектігі  ащщы 
тәжірибелермен  анықталгандықтан  айтылган.  Оның  ішінде,  әсіресе 
турмыс  тәжірибесінің  қорытындысы  м ақалдарөтеме-өте  керек. 
Себебі,  мақалда  айтуіиы 
елдің  басынан  кешірген  уақигалары, 
турмысы,  мінезі,  әдет-  гурпы  һәм  айналасындагы  өмірге  көзқарасы 
тегіс суреттеледі. Мысалы: Ай дейтін әже,  қой дейтін қож а ж оқ; ... 
Қудайым,  ханды  алмагай,  ханды  алып  қара  қазақ  сандалмагай;  ... 
Ханга  ерген,  ерін  қугиақтар;  Патша  залым  болса  журт  тозады, 
патша  галым  бөлса журт  озады;  ...  Ексең  егін,  ішерсің  тегін,-  деген 
мақалдар  қазақ  халқының 
әр   дәуірдегі  турмысын  һәм  вмірге 
көзқарасын  айнадан  көрсеткендей  ашық  көрсететін 
терең 
магыналы  мақалдар  емес  пе?  Қазақтың  кең  қоныста  «Ай  дерлік 
әжесіз,  қой  дерлік қожасыз»  еркін  көшіп  ен жайылган,  барлық керегі 
алдындагы  малынан  табылган  шагынан  бермен  қарай  талай 
дәуірлерді басынан кешіріп,  турмыс  талқысы,  заман өзгерісіне тусіп 
өзгергенін  һәм  ақырында  «Ексең  егін,  ішерсің  тегін»  деген  угымга 
келгенін көрсетпей ме?  «Ескі сәз»- мақал  «ер.  ел,  әдебиет  қазынасы» 
екендігі 
осыдан  көрінбей  ме?  Еіикімде  «корінбейді»  дей  алмас. 
Өйткені  мақал  турмыс  айнасы.  Турмысты  тануымыз  ушін  осы 
айнага  қарауымыз  керек.  Сондықтан  «Мың  бір мақал»  қазақ-қыргыз 
журтының  турмысын  тану,  қырдагы  елдің  ішкі  сырына  жету 
жолында көп көмегі тиетін оте пайдал кітап.
Дені,  бул  кітапта  қазақ-қыргыз  мақалы  тугел  жиналган  деуге 
болмайды.  Ел  ішіндегі  мақалдар  тугел жиналса,  бір мың  гана  емес, 
олденеше мыңга кетер.  Бірақ,  ол мақалдар  бул кунге шейін жиналып, 
басылып  дуниеге  шыққан  жоқ.  Әркімнің  аузында,  әр  кітапта 
бытырап  жур.  Оларды  жинап  бастыру  Туркістан,  Қазақстан  һам 
Қуншыгыс  баспасөз  кеңесінің  реттегі  ісі  болуга  тиіс.  Міне,  соның 
ушін,  «Мың  бір  мақал»  кітабы  бірінші  адым.  Бул  кітапта:  «Тәңірі, 
патша,  хан,  адам,  жақсы-жаман,  достық-қастық,  жалгыздық, 
квптік,  байлық,  жарлық,  сараңдық,  урлық,  өтірік,  билік,  қудалық,
161

той,  кәде,  қатын,  бала,  тәрбие,  заман,  сауда,  еңбек»  һом  тагы  басца 
нәрселер  туралы  цазақ,  қыргыздың  көэқарасы  қандай?  Солар 
қөрсеті/ігең.  Буларды  біліп  турмысты 
тану  ушін  әрбір  әлеумет 
қызметіндегі 
азаматтарга, 
мектептердегі, 
Совет 
партия 
школдеріндегі 
жастарга 
«Мың 
бір 
мақал» 
кітабы 
іздесе 
табылгысыз.  Бул бір.
Екінші,  «Мың  бір  мақалдың»  керектігі  тіл  үшін.  Адамның  ойын 
жарыққа 
шыгаратын 
күшті 
қуралы 
тіл. 
Қазақ, 
қыргыз 
еңбекшілерінің  ойы  өсіп,  санасы  улгаюы  үшін,  түсінікті,  жатық, 
таза  тілі болуы  керек.  Түсініксіз,  топас,  дөкір тілмен  қазақ,  қыргыз 
еңбекшілерін  тәрбиелеуге  һәм  олардың  арасына  Маркс  әдебиетін 
таратуга  болмайды.  Ж уырда жазып  шыгарган  «Турмыс мәселелері» 
деген  кітапшасында  Троцкий  ж олдас  тіл  туралы  былай  деген: 
«Жумыскер  табы  барлық  жаратылыста,  барлық  өмірді  негізінен 
тексеріп,  жаңадан  ойлай  бастады:  Бүл  ойды  жарыққа  шыгару үшін 
түсінікті,  таза,  өткір тіл керек».
Бізде 
осылай 
дейміз. 
Қазақ, 
қыргыз 
еңбекшілері  өзгеріс 
сергелдеңіне  жаңа-жаңа  есін  жиып,  турмысын  түзеу,  әдебиетін 
гулдендіру  туралы  ойга  кіре  бастады.  Енді  «жүрекке  жылы  тиіп, 
теп-тегіс  жумыр  келсін  айналасы»  дегендей,  таза  әдемі  тіл  керек. 
Тілдің  негізгі  журнагы  ел  аузындагы  ескі  сөз,  мақалдар.  «Мың  бір 
мақал»  кітабының  екінші  керектігі  осы.  Не  қылганмен  бул  кітап 
пайдасыз болмас деп ойлаймыз» [245,  1-4 б.],- дейді.
Міяе,  мүнда Кеңес үкіметі тұсында жаңа заман талабына сай жаңа 
қоғам,  өзгеше  саясат,  соны  әлеуметтік  мәселелерді  т.б.  шешумен 
қатар,  тың  мәдениет,  жаңа  әдебиет  т.с.с.  негізін  қалау  үшін  де 
фольклорды  пайдалану  мақсаты  көзделген.  Сөз  басьгада  заманға 
бейімделген  ыңғай  байқатса  да,  автор  ел  мүрасына  жаны  ашып,  оны 
ақтап  алу талабын да байқатады. Мәселен,  халыктың  ғасырлар  бойғы 
жиған,  білген  даналығы,  өмірге  көзқарасы,  тәжірибесі  т.б.  заманьгаа 
қарай  халықтың  түрмыс-тіршілігіне,  әдет-ғүрпына,  шаруашылыгына 
т.б.  түрлі  өзгерістерге  үшырайтынын  да  автордың  мысалдар  келтіре 
отырып дәлелдеуге  тырысуы- бәрі  сол кездегі  фолыслортану үшін аса 
бағалы  үмтылыс  еді.  Сөйтіп  мақалдардың  қоғамдағы  қолданбалы, 
практикалық  кызметтеріне  де  көңіл  бөлінген.  Осы  арқылы  халықтың 
түрмысын тану, елдің ішкі  сырьгаа жету т.б.  жолында да мақалдардың 
көп көмегі тиетіні ескертілген.
Сонымен катар кітапта  қазақтың бүкіл мақалының бір бөлегі ғана 
камтылған  дей  отырып,  келтірілген  мысалдардың  тақырыптык  сан 
алуандығына назар аудартқан.  Сондай-ақ тілдің таза, түсінікті,  жатық 
т.с.с.  болуы  үшін де кітаптағы  мақалдардың  дерек көзі бола алатыны
162

да  ескертілген.  Ендеше  «Мың  бір  макал»  жинағының  ғылым  үшіи 
маныздылығы: 
біріншіден, 
халықтың 
сан 
ғасырлық 
түрмыс- 
тіршілігін,  әдет-ғүрпын,  салт-санасын  т.б.  тану  қүралы  болса; 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет