Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т



Pdf көрінісі
бет8/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

100

көрсетуде,  шыққан  жылын,  Патша үкіметінен  рүксат  алғдн  күнін  §кі 
тілде, яғнн  казақ-орыс тілдерінде ескерту,  шығарушы  баспаның атын, 
кімнін  қаржысына  шыққанын  анықтауға  т.с.с.  қатысты  берілген 
деректерді 
еңбектің 
сыртқы 
мүқабасында 
келтіруде- 
жинақ 
үтымдылығын  танытса,  ал  мәтіннің  жазылынып  алыну  қүжатына 
катысты  дерек  көздерінің:  кімнін  ауызынан,  қалай,  қай  уақытта,  қай 
жерде, қай тәсіл арқылы кағаз бетіне  түскендігінің т.с.с.  болмауы сол 
кезең ерекшелігін танытатын кемшіліктер катарына жатады.
Сол кездегі қалыптасқан шығыстану ғылымы талабы бойынша кез 
келген  мәтіннің түпнүсқасы  міндетті түрде  арабша  бррілуі  қажет деп 
табылған.  Себебі  шығыстанушы  ғалымдар  түпнүсқаға  көп  көңіл 
бөлген.  Жинақта  бүл  талаптың  орындалуы  оның  ғылыми  сипатта 
жарияланым  көргенін  танытады.  Ал,  мәтіндердің 
өзара  реттік 
сандармен  ажыратылуы  жүйелілік  талабынан  туындаған.  Ондағы 
мақсат:  қарастырғанда,  зерттегенде,  салыстырғанда  бір  мәтіннің  әрі 
түпнүскасын, әрі транскрипңнясын, әрі аудармасын өзара тез ажырату 
үшін қажет болған.
Ғалым Н.Н.Пантусов қүрастырған  «Материалы  к  изучению  казак- 
киргизского  наречия» кітабының  алтыншы  шығарылымы жақсы мен 
жаман  билер  хақында  айтылған  қазақ  әндеріне  арналған  [170]. 
Мәтіндегі  сөз  дыбыстарының  өзгешеліктерін  дәлдеп  көрсету  үшін, 
кириллица 
таңбаларымен 
мәтіннің 
ғылыми 
транскрипциясы 
келтірілген.  Соңынан  «қой»,  «шыбын»,  «болыс»,  «қайтіп»,  «түлпар 
т.б. деген создерге түсініктемелер қосақгалған [170,9-12 б.].
Бүл  түсініктемелер 
кітап  соңында  берілмей,  мәтін  соңында 
сілтеме  түрінде  орналасқан.  Ерекшелігі:  мәтін  ішінде  кездесетін  9 
сөзге 
мағыналык  жағынан  түсініктемелер  берілгенде,  ол  сөздің 
қайдан  келгеніне,  немесе парсы тіліндегі  мағынасына (мәселен,  «қой» 
сөзі  парсы тілінде  «хуат»  сөзінен деп  көрсетілген)  назар аударса,  ал 
«шыбын  жаным»  тіркесіндегі  «шыбын»  сөзіне  келгенде, 
оның 
қазақтар  түсінігінде  адамның  жаны  үғымында  қолданатыны,  яғни 
адам  жан  бергенде  «шыбын»  түрінде  көрініс  берегіні  де  т.б.  сөз 
болады. 
Сондай-ақ, 
мөтіннің  таза  орыс  тіліндегі 
аудармасы 
енгізілген  [170,  13-15  б.].  Мәтіндегі  өлеңдер,  көбінесе  орыс  тіліне 
сөзбе-сөз  аударма  түрінде  берілген.  Мәтіндердің  бүлайша  екі  тілде, 
әрі  қазақ  тілінде  (араб  әрпімен),  әрі  орыс  тіліндегі  аудармасы  бірге 
берілуі  жинақ  маңыздылығын  арттырады:  біріншіден,  әрі  орыстын 
ғалымдары  мен  түркітанушылары,  әрі  орысша  окыған  қазақтар  үшін 
қажет  болса,  екіншіден, 
жалпы  Ресей  ғалымдары  мен  Еуропа 
ғалымдарына  арналғандығын  танытады.  Ондағы  ғалым  көздеген 
мақсат:  осындай  үш  түрде  (әрі  араб  әрпі,  өрі  кириллица,  әрі  орыс
101

тіліндегі  аудармасы)  жарияланым  көрген  ғылыми  жинактар  арқылы 
қазақ елінің мәденнетін бүкіл әлем  жүртшылыгына таныстыру.
Жалпы  қамтылған  мәтіндер  өзара реттік  сандармен  белгіленсе де, 
өлең  шумақтары  ажыратылмаған.  Сол  себепті  әр  үлгідегі  үйқасы 
да 
әр  түрлі:  бірде  кезектес,  бірде  шалыс,  көбінесе 
қара 
өлең  үйқас 
түрінде алынып, буын саны да арапас келеді. Мәселен:
Әуелі сөз сөйлейін Жаратқаннан (-а)
Нүр жауар ер жігітке талаптанған (-а)
Кезегі сөйлейтүғын келгенінде (-ә)
Не болар жігіт адам қарап қалған (-а)...,- 
делінген  өлең  жолдарьгаан  [170,5  б.],  оның  қара  өлең  үйқасына 
қүрылған,  3  бунақгы,  11  буынды  өлең  екенін  көрсетеді.  Әр  өлең 
жолынан  кейін  нүкте,  үтір  тәрізді  тыныс  белгілері  кітапта 
көрсетілмеген. Енді осы үзіндінің орысша аудармасына көз  салайык: 
Начну слово о Создатель (т.е. именем Божьим).
На  молодңа,  ищушего  познания,  дождем  сыплется  (Его)
нур.
Когда наступит очередь говорить,
То какой-же молодец промолчит?- 
деген  іспетті  сөзбе-сөз  аударма  үлгісі  орын  алган  [170,13  б.].  Бір 
өкініштісі  бүл  мәтіндердің  кімдерден  алынғандығы,  калай,  қандай 
тәсілдер  арқылы  қағаз  бетіне  түсірілгені,  оньщ  жазып  алыну  уақьпы, 
жері көрсетілмеген, яғнн текстің паспорттық деректері жоқ.  Бүлар сол 
кезеңде  фольклор  үлгілерін  жариялауда  ғылыми  ташштардың  толық 
калыптасып  үлгермегендігін  көрсетсе  керек.  Ал,  сол  кездегі  мүндай 
көлемі  неғүрлым  шағын,  қаржы  аз  жүмсалатын,  қайтарымы  тез 
кітаптарды  баспадан  шығару  т.б.-  бәрі 
сол  кез  үшін  ең  тиімді 
жолдардың  бірі  болғандығын  дәлелдейді. 
Сонымен  қатар  бүл 
кітаптардың  халыкты  бірте-бірте  сауаттандырудагы  маңызы  ерекше 
болғаны да анық.
Жақсы  һәм  жаман  қатындар 
турасьгада  жинақталған  өлеңдер 
жинағын  [171]  қүрастырған  Н.Н.Пантусов  о  баста  фольклорлық 
мәтіндерді  қазақтың  жергілікті  тіл  ерекшеліктерін  зертгеу  нысанасы 
ретінде қолдануды көздеді.  Және осы арқьшы қазақ фолыслорын жан- 
жаққа  насихаттады,  орыс  тілді  елдерге  таныстырды.  Жинақтың 
маңыздылығы:  паспорттық дерек көздері  кітаптың  алғашқы  беттеріне 
жинакталып  берілген.  Мәселен,  жинақ қүрастырушысының  аты-жөні, 
қандай  мақсатқа  арналғаны,  басылым  реті  көрсетілді.  Сондай-  ак 
мәтіннің  қысқаша  мазмүнына  қатысты  мағлүмат  берідді.  Одан  әрі 
араб 
әрпіндегі 
мәтіннің 
өзін, 
мәтіндегі 
сөз  дыбыстарының 
өзгешеліктерін 
дәлелдеп 
көрсету 
үшін 
кириллица 
әрпімен
102

фонетикалық  траискриациясын  да  бірге  берген.  Сандай-ақ  мәтін 
түсінікті  болу  үшін  орыс  тіліндегі  сөзбе-сөз  аудармасының  да  бірге 
берілуі,  әрі  жинақ  белгілі  профессор  Н.Катановтың  алғысөзімен 
ашылуы  т.б.-  бөрі  сол  дәуірдегі  қазақ  фольклорын  жинақ  етіп 
жариялаудың  дөстүрлі  талаптарын  қалыптастыруда  маңызы  ерекше 
болды,
Жинактың  тағы  бір  маңыздылығы,  алғысезден  [171,  3-4  б.]  кейін 
кітаптың  үш  бөлімге  бөлініп, 
біріншісінде-  қазақ  мәтінінің  араб 
әрпіндегі  нөмірлеиген  34  шумағын  рет-ретімен  берілсе  [171,  5-11  б.], 
екінші  бөлімде-  осы  өлең  шумақтарыныц  кириллица  әрпіндегі 
ғылыми транскрипциясын  көрсетілуі  [171,  12-16  б.]  т.б.-  бәрі  кейінгі 
фольклортанушы 
ғалымдарға 
фольклорлық 
үлгінің 
ғылыми 
жарияланымын  қалай  баспадан  шығару  керектігін  дәйектеген 'үлгі- 
жобаға  айналған.  Кемшілігі  дегенде,  мәтіннің  қалай,  қашан  т.б. 
жазылып алынғанына катысты деректер берілмеген.
Жалпы  бүл  өлеңдердің  авторы  белгісіз.  Жеткізуші  ақсақал 
пікірінше  өте  ерте  кезден  ел  арасында  айтылып  жүрген  үлгі  екендігі 
сөз  болады.  Және  де  бүл  үлгі  қазак  жерінің  түкпір-түкпірінде  жиі 
айтылатыны,  түрлі нүсқада келетіні, әрі ол  нүсқаны айтатьга ақындар 
әнді өз атынан айтып, оған өз жанынан бірнеше  сөздер қосатыны т..б. 
тәрізді  дерек  көздері  жинақ  алғысөзінде  берілген.  Дегенмен 
профессор  Н.Катанов  алғысөзде  бүл  өлең  жолдарының  иесі  ретінде 
Ыбырай  есімін  келтіреді.  Тек  ол  қай  Ыбырай,  ата-тегі  толық 
берілмеген.  Сондай-ақ  алғысөзде: 
қазақ  ерлерінің 
өз  әйелдеріне 
қалай  қарайтыны;  әйел  азаматтарының түрмысының  ауырлығы;  бала 
тәрбиелеуде, үй шаруашылығында әйелдердің орны,  сөзге шешендігі, 
т.б.  әйел  мәселелері-  бәрі  де  ғалымды  толғандырады.  Ал,  өлең 
жолдарына келетін болсақ:
Қара қас жарық маңдай, қара көзді,
Дауысы жіп-жіңішке жүмсақ сөзді.
Мінезі майға еріткен қорғасындай 
Көрсең де ертелі-кеш бір мінезді,- 
деп  берілген  [171,5  б.].  Міне,  бүдан  біз  өлең  жолдарының,  көбінесе 
үш  бунакты,  11  буынды  кара  өлен  үйқас  түріңде  келетінін  білдік. 
Мәтіндердің 
араб  әрпіндегі  түпнүскалары  киряллица 
өрпінде 
берілген  фонетикалык транскрипцияларымен дәлме-дәл,  өрі  орысша 
аудармаларымен  сөзбе-сөз  келуі-  бөрі де жинақтың  ғылыми  сипатын 
танытады. Жннақтағы  берілген 34 мәтіннің  ерқайсысы бір-бір шумақ 
көлемінде ғана,  және де  бөрі сүлу әйелді  суреттеуге арналган.
Н.Пантусовтың 
1909  жылы  жарыкка  шыккан  «Образцы 
кнргизской  народной  литературы»  атты  кітабы  қазақтың  7 ертегісін,
103

түрлі-түрлі  наным-сенімге  байланысты бата, арбау,  қарғыс т.б.  тәрізді 
тұрмыс-салт  жырлары  үлгілерін  де  қамтыған. 
Бұлар  алдыңғы 
жинақтарға  енбеген  тыц  үлгілер.  Жинақ  сыртыыда: 
фольклорды 
жинап,  құрастырған  Н.Н.Пантусов  есімі,  кітап  аты  (Қазақ  халық 
әдебиетініц  үлгілері),  мәтін  мен  оның  аудармасының  тақырыптары 
бірге  берілген.  Кітаптың  ішкі  бетінде  Археология,  Тарих  және 
Этнография  Қоғамының Кеңесі  бойынша басылым көргені, хатшысы 
Б.Вареке екені де көрсетілген.
Одан  әрі  жинақ  мазмұиы  беріледі.  Онда бір  беттегі  еқі  бағанның 
бірінде  орыс  әрпімен  ертегілердің,  тұрмыс-салт  жырлары  үлгілерінің 
аты беріледі де, дәл қасында  жинақтағы  бет көрсеткіштері:  алдымен 
орыс тіліндегі  аударма мәтіннің  бет көрсеткіпггері,  одан кейін жақша 
ішінде  араб  әрпіндегі  қазақ  мәтінінің  бет  реті  т.б.-  бәрі  бірге  бір 
жолдың  бойында жазылған.  Берілген  мәтіндер  екі  тілде,  қазақ-орыс 
тілдерінде  берілген. 
Аддыңғы  жинақтарға  қарағанда,  кемшілігі- 
кириллица  әрпіндегі  транскрипциясы  мен  кіріспесі  жоқ.  Орыс 
тіліндегі  аудармалар  жинақ  алдындағы  55  бетті  құраса,  ал  артынан 
берілген  фольклорлық  мәтіндердің  араб  әрпіндегі  түпнүсқасы  да  55 
бетті  қамтиды.  Және  де  араб  әрпіндегі  үлгілер  жинаққа  қосымша 
ретінде енгізілген.
Жинақтың бетгерінде ертегілер:  «Әулие  ишан», «Әділетті  патша», 
«Хан  мен  Қызыр»,  «Сүлеймен  пайғамбар»,  «Кептерлер  турасында», 
«Момынбай  мен  жеті  қарақшы»,  «Шығайбай  мен  Алдар  көсе»  [172] 
т.б.-  бәрі  де  жеке-жеке  рим  сандарымен  болініп,  ажыратылып,  рет- 
ретімен  берілген.  Ертегі  тақырыптары  тек  жинақ  мазмұнында 
көрсетілгенмен, тікелей алғашқы  тәрт мәтін түсына келгенде [172,  1-
11  б.]  жазылмаған.  Ал,  калған  соңғы  үш  нұсқа түсьшда тақырыптары 
жазылған.  Шамасы, 
жинақ  қүрастырушысы  төрт  мәтіннің  бет 
көлемінің  аздығына  бола  (бірінде-  2  бет,  екіншісі-  5  бет,  үшіншісі-4 
бет,  ал  төртіншісі-3  бет)  жеке-жеке  тақырыптарын  мазмүньгада 
көрсетіп,  жинақ ішіне  келгенде,  арнайы жазуды мақсат етпесе  керек. 
Кейінгі  ертегілердің бет  мәлшері  әрі  көлемділеу,  әрі  мазмұны  бәріне 
танымал  болып  келгендіктен:  («Кептерлер  турасында»-  11  бетгі, 
«Момынбай  мен  жеті  қарақшы»-  8  бетті,  «Шығайбай  мен  Алдар  -  
Көсе»  -  4  бетті  құрайды 
[172,  18-22  б.])  тақырыптарын  әрі 
мазмұнында,  әрі  жинақ  ішінде  керсетуді  жөн  санаған  тәрізді.  Бұл 
жағдай  араб  әрпіндегі  қосымшада да  сакталған. 
Жинақтың  әр
бетінің 
жоғарғы 
жұп 
сандарымен 
нөмірленген 
жағында 
«Н.Н.ІТантусов»  есімі  орта  түсында  жазылынып  отырса,  ал  тақ 
сандармен  белгіленген  беттер  тұсында:  ертегілер  болса,  «қазақ
104

ертегілері»  (киргизские  сказки)  деп,  егер  қазактыц  ианым-сенімдері 
болса, «киргизские  поверья и приметы» деп т.с.с. көрсетіліп  отырғаң.
Нүсқа  ішінде  кездескен  кейбір  түсініксіз  деп  тапқаң  сөздердің 
ғылыми 
түсініктемесі 
сол 
беттің 
төменгі 
жағында 
арнайы 
оқшауланып  беріліп  отырылған.  Мәселен,  қазақ  фольклорында  жиі 
кездесетін  Қызыр  бейнесіне  мынадай  түсініктеме  берілген:  «Хизир 
(Қызыр  дегені-  Н.Ж.)  -Пророк,  живущий  и  теперь  являющийся  в 
разных  видах  людям,  принося  им 
утешеіше  и  счастье.  Хизир 
показывает  счастливейшим  людям  в  виде  путников  и  странников. 
Результат  посещения Хизира,  впрочем,  зависит  от  приема,  который 
оказывают  ему:  если хозяин дома примет Хизира ларково  и угостит 
чем  богат,  на  хозяина  посыплется  всякая  благодать,  а  если  Пророк 
не  принят  или  принят  плохо,  то хозяина  ожидает  несчастье.  Хизир 
особенно  часто  посещает  людей  во  время  поста  «Рамазан»,  а 
потому  в  это  время  никому  не  следует  отказывагпь  от 
гостеприимства»,-  делінген  [172,  7  б.].  Жинақ  ішіндегі  берілген  өрі 
қазақ 
(араб  әрпінде), 
әрі  орыс  тіліндегі  мөтіндерді  өзара 
салыстырганда, тілдік, стильдік, мағыналық, кейіпкерлері, оқиғасында 
өзгеріс жоқ.  Тек қосымша ретінде берілген араб әрпіндегі түпнүсқада 
фольклордың  Жетісу  қазағы  арасында  жиналғанына  баса  назар 
аударылған,  ол  жағы  орыс  тіліндегі  аудармасында  көрсетілмеген. 
Жинақ  ішіндегі  аудармасында  әндер  топтамасын  ел  арасынан 
жинаған  Мүртаза  Абылайханов  есімі  екі  тілде,  екі  нүскада  да  мәтің 
соңынан 
көрсетілсе 
де, 
орысшасында 
«аударған 
аудармашы 
К.Чигиров» деген  сілтеме бар  [172,  55  б.].  Демек араб әрпіндегі  қазақ 
мәтіндерін  ел  арасынан  жинаушы  есімінің  көрсетілуі,  оның  орыс 
тіліне  аударған  аудармашы  К.Чигиров  есімі  берілуі  т.б.-  бәрі 
фольклорлық  үлгілерді  жариялауға  қойылатын  ғылыми  талаптардың 
орындала  бастағанын  танытады.  Жалпы,  мүндай  мөтінге  қатысты 
паспорттык  деректер  кейбір  ертегілер  түсында,  алғыс,  қарғысқа 
қатысты  топтамалар  ішінде  болмағанмен,  «Кептерлер  турасында» 
ертегі  түсында  Қарабоз  Қантарүлынан  жазылынып  алынғаны,  руы 
Қүрман  (Курман) 
екендігі  турасындагы  дерек  коздері  екі 
тілде 
берілген.  Сондай-ақ  араб  әрпіндегі  түпнүсқада  бүл  мәтіннің  1905 
жылы  19  январьда  қағаз  бетіне  түскені  көрсетілген  [172,  26  б.]. 
Жалпы, бүлар жинақтын  үтымды жақгары.
Жинактын тағы бір маңызды түсы «Момынбай мең жеті қарақшы» 
ертегісіне  келгенде:  «Записано  в  г.  Капале  со  слов  киргиза  Нисана 
Қемпрешева»,-  деген  ескертуі  бар  [172,  23  б.].  Бүдан  біз  нүсқаның 
ауызба-ауыз  арқылы  хаттапганын  көреміз.  Ал,  текстің 
бүлай 
жазылынып алынуы мөтіннің паспортына кажетті  маңызды дерек көзі
105

болары  сөзсіз.  Демек  XX  ғасырдың  бірінші  жартысында  казак 
фольклорын  түрлі  жннактарға  енгізе  отырып,  нұсқаның  паспорттык 
деректерін  бірге беру  сол тұстағы  халық  ауыз әдебиетін жариялауда, 
әрі  насихаттауда үлкен маңызға ие  болгандығын  көрсетеді.  Ал, жинақ 
ішіндегі кейбір мәтіндердің мүндай  паспорттық деректерініц болмауы 
т.б.-  ондағы  фольклор  үлгілерін  жинау,  жариялау  кемшілігі  болып 
саналатыны сөзсіз.
Қазақтың  халықтық  наным-сенімдеріне  келгенде,  олардың  да 
Қапал  уезінде  жазылғаны  көрсетілсе  де,  қай  уақытта,  кімнен  жазып 
агтғаны  т.б.  көрсетілмеген  [172,  35-40  б.].  Мұнда  халықтык  наным- 
сенімге  қатысты  77  мәтін  қамтылган.  Мәселен:  «1)  Воет  собака- 
хозяину  опасность (грозит).
2) Если каркает ворона, будет ненастъе.
3)  Если  шекочет  сорока,  в  доме  твоем  будет  гость»,-  деген 
тәрізді  [172,35  6.].  Бүлардан  кейінгі  қазақтардың 
алгыс  сөздері 
жазылган  [172,  41-43  6.].  Мәселен:  «1) Да  благославляет  (тебя) Бог.
2)  Да  умножится  твое  потомства...»  ,-деген  тәрізді  [172,  41  б./. 
Сондай-ақ 
әр  бет  соңында 
түсінбеген  сөздерге 
берілген 
түсініктемелері  де 
бар.  Одан  әрі  қазақтардың  қаргыс  сөздері 
келтірілген [172,  44-46 б./.  Мәселен: «1) Да застрелит  (тебя) Бог.  2) 
Да побъет  (тебя) Бог...»,- деген үлгіде алынған  [172, 44 б.]. Кітаптың 
бүдан  кейінгі  беттерінде:  белгілі  бір  лауазым  орнына  сайлау  мезгілі 
болғандағы  адамдардың  іс-әрекетін  бейнелейтін 
қазақ  елеңдері 
енгізілген 
[172, 
47-55 
б.]. 
Соңынан 
«К.Чигиров» 
деген 
аудармашысының есімі бар [172, 55 б.].
XX 
ғасыр 
басында 
қазақ 
фолыслорын 
жариялауда, 
әрі 
насихаттауда  ерекше  маңызды  рөл  атқарған  А.Е.Алекторовтың 
«Киргизская  хресгоматия»  еңбегі  екені  анық  [173].  Еңбектің басқа да 
жинақтардан  ерекшелігі:  үйде  және  класта  орындау  үшін, 
орыс 
тіліне  аударатын  мақалалар  жинағы  суреттермен  бірге  берілгендігі. 
Басылымның  орысша-қазақша  сөздігі  бар.  Бұл 
хрестоматияның 
алғашқы  басылымы  Орынборда  1898  жылы  шыққан.  Оқу  күралының 
мақсаты  -орыс  тілін  меңгертуге  арналған.  Алғысөзде  мәтіндердің 
қысы  ұзақ  кештерде  окылу  ықтималдығын  ескерген.  Сол  себепті 
алдымен  мәтін  мазмүны  орысша  ауызша  айтылу  керек  десе,  одан 
кейін  ғана  жазбаша  орындалуы  қажеттігі  үсынылады. 
Мұндағы 
көлемі  шағын-шағын  100  мәтіннің,  негізінен,  балалар  санасына, 
қабылдауына 
сәйкес  қүрастырылған.  Олардың 
жас  ерекшелігі 
ескеріліп,  мәтін  бірте-бірте  күрделеніп  берілген. 
Сондай-ак 
хрестоматияда  қосымша  қарастырылатын  оқу  құралдар  тізімі  де  бар 
[173,1-2 6.].
106

Мазмүнда  берілген  мәтін  аттары  скі  тілде,  яғни  кэзак-орыс 
тілдерінде  қатар  түр,  Мөтіннің  өзі  де,  аттары  да т.б.  -   бәрі  орыстың 
кириллица  әрпімен  жазылған.  Мәтін  реттілігі  1-  ден  100-ге  дейін 
сандармен  аныкталып, бірінен соң бірі тізбектеліп келтірілген.
Мәтіндердін  араб  әрпіндегі  түпнүсқалары  мен  орыс  тіліндегі 
аудармалары берілмей, тек кириллица  әрпіндегі транскрипциясы ғана 
болуы,  шамасы,  бүл  оқу  қүралының  ғылыми  мақсаттан  гөрі 
ағартушылық  мақсат  көздегенін  дәлелдейді.  Дегенмен  қазақ  тілінің 
өзіндік  ерекшеліктерін  кириллица  әрпіне  түсірілгенде  туындайтын 
кейбір 
мәселелер, 
өз 
кезегінде 
тілтанушы 
ғалымдарды 
да 
қызықтырары  сөзсіз.  Мәтіндер  кириллица  әрпіне  түсірілгенде  қазак 
тіліндегі  :  «ә»,  «ғ»,  «к»,  «е»,  «ү»,»ү» тәрізді  әріптерінің  орнына,  осы 
әріптерге  үқсас  орыс  тіліндегі  «а»,  «г»,  «к»,  «о»,  «у»  өріптері 
алынып, олардың үстіңгі  жағына екі нүкте белгісін қатар қою арқылы 
іске  асырып  отырған.  Ал  «ң»  дыбысының  орнына  «н»  дыбысын  ала 
отырып,  төбесіне  емес,  керісінше,  әріптің  оң  жақ  шекесіне  бір  үтір 
тәрізді белгіні  қою  арқылы  ажырату  іске  асып  отырған.  Сол  арқылы 
кітапта  қазақ  тілінің  өзіндік  ерекшелігін  көрсетуге  тырысу  орын 
алган. Ал, мәтіндер шоғырынан кейін:  «Материалы для разговорных и 
письменных  упражненнй»,-  деген  толықтырма  бар  [173].  Мүнда 
жоғарыда  келтірілген  мәтіндер  топтамасының  ретгілігіне  сәйкес  бір 
бетті  екі  бағанаға  бөле  отырып,  кішігірім  бір  сөйлем  көлемінде 
тапсырмалар,  сауалдар  т.с.с.  тізбегін  берген.  Мәтіннің  әрқайсысына 
100  тапсырма  ойластырылған.  Оқу  қүралының  басты  ерекшелігі- 
сауалдар мен  тапсырмалар орыс тілінде  берілген.  Қойылған сауалдар 
баланың  жас  ерекшелігіне  сәйкес  топтастырылған.  Демек  казақ 
тіліндегі  мәтіндер кириллица әрпімен берілсе де, оқу кұралы  ішіндегі 
сауалдар мен тапсырмалар таза орыс тілінде қойылуы, әрі мәтіндердің 
дені  балалардың  санасына жақын  халықтық  шығармалардан  құралуы 
т.б.-  бәрі  қазақ  балаларына  орыс  тілін  меңгертуге  арналған 
хрестоматияның күндылығын арттарары күмәнсыз.
Мәтіндер,  көбінесе  балалар  үшін  әрі  танымдық,  әрі  ақпараттык 
т.б.  мақсатта  топтастырылған.  Мөселен,  орындық,  керует,  таба, 
пышак, сағат, мектеп, үй хайуандары, жылқы, сиыр, қой, ит, әтеш, қаз 
т.б. тәрізді такырыгггарды камтиды.
Іріктелген  100  шақты  мөтіннің  24-і  фольклор  үлгілеріне  жатады. 
Ол  үлгілер,  негізінен,  ертегілерді:  «Айтыс»,  «Епші  мен  қасқыр», 
«Қаскыр  мен  түлкі»,  «Байлық»,  «Шал  мен  өлім»,  «Әділ  қазы», 
«Жиренше  шешен  мен  Алдар  көсе»,  «Шайтан»  турасында т.б.  [174] 
қамтиды.
107

Бүл  кітапга  орыы  алғаы  фольклор  үлгілері  балаларға,  көбінесе 
үгіт-наснхат, үлгі-өнеге  күралы т.б.  ретінде де үсынылған. Мүнда тек 

қазактың  түрмыс-гіршілігіне,  әдет-ғүрпы  мен  салт-  санасына  т.с.с. 
ғана  орай  мәтіндер  ғана  емес,  сондай-ак  орыс  елінің  де  түрмыс- 
тіршілігі,  әдет-ғүрпына  т.б.  катысты  үлгілер  іріктедіп  косылған. 
Мәселен,  «Мектеп»,  «Ресей жайынан хабар» т.с.с.  нүскалар бар  [175]. 

Сонымен  қатар  бүл  хрестоматиядағы 
мәтіндерді  орыс  тіліне,  әрі 
жеңіл,  әрі  тез  аудару  үшін,  соңынан  қазақша-орысша  сөздігі  бірге 
берілген  [173,  1-62  б.].  Бүл  сөздік  беттері 
өз  алдына  жеке 
нөмірленген.  Сөздіктегі  аудармасы  бар  сөздер  екі  бағанаға  бөлініп, 
алфавнт  тәртібімен  орналасқан.  Алдымен  казақша  сөз  беріліп,  іле- 
шала оның орысша аудармасы мен түсініктемесі орналасып отырған.
А.Е.  Алекторов  қолданыстағы  әрбір  қазақ  сөзінің  не  сөйлем 
ішінде,  не  ауыз-екі  сөйлеу  кезінде  болсын  түрлі  тәуелдік,  жіктік 
жалғаулар  арқылы,  не басқа да  сөздермен  тіркесу арқылы мағыналық 
жағынан  түрлену  мүмкіндігін  де  ескерген. 
Демек  А.Е.Алекторов 
фольклорлық  текстерді  балалар  үшін  редакциялаған,  тілін  өте 
қарапайым  етіп  жіберген.  Балаларды  оқытуда,  оларға  арнап 
хрестоматия  қүрастырғанда  т.б.  аударма  мәселесін  шешумен  қатар, 
орыс  тілін  жетік  менгерту  мақсатын  шешу  үшін  арнайы  сөздік 
жасаған.  Ендеше  А.Е.Алекторовтың  фольклорды  дайын  тілдік  мәтін 
көзі  ретінде  пайдаланған хрестоматиясының үтымды жагын  көрсетсе, 
ал  ол  мәтіндердің  қайдан  алынғанына  түсініктемелер  берілмеуі, 
өзгеріске үшырауы кемшілігі болады.
Қазақ  фольклорын  жариялауда  А.В.Васильевтің  енбегі  ерекше 
назар  аударарлық  [176]. 
Ол  өзінің  бүрынғы  шарты  бойынша  әр 
жинағын  жеке  жанрға  арнап  отырған.  1898-1900  жылдары  ертегіге, 
мақал-мәтелге арнайы жинақ шығарса, енді  жүмбақтар мен батаны да 
жеке  топтама  етіп  шығарған:  “Образцы  киргизской  народной 
словесности.  Вьгауск  2.  Киргизские  загадки.  Оренбург.  Типография 
Ф.Б.Сачкова.  1900,  60  стр.”  Кітап  мүнда екінші  рет  басылым  көрген, 
мәтіннің  орысша  аудармасы  бар.  Бүл  жинақтың  маңыздылығы: 
мәтінмен 
бірге 
оның  мазмүны  да, 
кіріспесі 
де 
кездеседі: 
«Предисловие;  Загадки  религиозного  содержания;  Загадки  в  виде 
состязания  джигита  с  девуппсой;  Загадки  предложенные  Аубакиру 
муллой  Ходжа  Ахмедом»,  -деген  тәрізді  т.с.с.  [176,  1-3  б.].  Ескеретін 
бір  нәрсе,  кітаптың алғашқы  бетінде:  “Перепечатано  из  “Тургайской 
газегпы  за  1900  год",  -деген  ескертуі  де  бар  [176,  1  б.],  Мазмүны 
алдымен  кіріспеден  (1-2  б.),  негізгі  бөлімі-  4  тараудан  түрады. 
Кіріспеге бүл казақ жүмбақтарының Торғай облысының қазақтарынан 
жазылып 
алынғандығы 
турасында 
айтылады. 
Жүмбақтарды
108

казактардыи  көп  колданатыны,  кұрметтейтіні,  кез  келген  жастар  бас 
косуы  жұмбаксыз  өтпейтіні  ескерілген.  Тіпті  кейде  жұмбак  айту мен 
оны  шешуге  арналғаң  жарыстар  көптеген  топтар  арасында,  әсіресе 
ерлер  мен  әйелдер  араларында,  тіпті  сол  топтардың  ұсынған 
жекелеген  тұлғалары  арасында  да  өтетіні  айтылады.  Мәселен,  «Ақ 
қойылі турып  кетті,  қара  қойым жатып  қалды,-  делінсе  аудармасы 
былай берілген,- Белыймой баранушел, а  черный остался» [176,  1  б.]. 
Бұл  мәтіннін  сөзбе-сөз  аударма  негізінде  берілгенін  айғақтайды.  Әр 
жұмбақтың жауабы сол жұмбақтың астына жақша ішінде оқшауланып 
беріліп  отырған.  Мәселен:  “Қар  менен  ясер  жазғытұры,  -делінсе, 
аудармасы,  -Снег  и  земля  весною”,-  делінген.  Сондай-ақ  өр  жұмбақ 
рет-ретімен  нөмірлеңген.  Ондағы  мақсат  түпнұсқаны  аудармамен 
салыстыру  жұмысын  жеңілдету.  Мұның  бәрі  жинақ  маңыздылығын 
арттырады.  Жинақтағы  жұмбактар:  жан-жануарларға,  адамға,  оның 
тұрмыс-тіршілігіне  қажетті  деген  заттарды,  қоршаған  ортасы 
төңірегіндегі тақырыптарды құрайды. 
Мәселен, 
"Қара 
сиырым 
қарап  тур,//Қызыл сиырым жалап тур ” (қазан  мен  ет),  -деп  берілсе, 
орыс  тілінде,  -Черная  корова  спокойно  стоит,  //А  красная-лижет”,- 
делінген  [176,  19  б.].  Демек  бұл  үй  тұрмысында,  шаруасында  т.б. 
қажетті  деген  заттардың  жұмбақталу  үлгісі:  бір  жағынан,  жастарды 
жіті  байқағыштыққа,  зеректікке  т.б.  тәрбиелесе,  екінші  жағынан, 
олардың  ойлау  қабілетін,  логикасын  дамытатыны  да  сөзсіз.  Яғни 
жұмбақтардың 
халық 
өмірінде, 
сондай-ақ 
танытқыштық  та, 
ақпараттык  та  т.б.  кызмет  аткаратындығының  дәріптелуі,  сөз  жоқ, 
жинақтың ұтымды жақтары болып табылады.
Жинақтың  келесі  тарауында 
діни  мазмұндағы  7  жұмбақ 
қамтылған.  Жұмбақ  төркіні:  Мұхаммед  (Ғ.С.)  пайғамбарға,  Құран 
кітабына,  Мұхтасар  кітабына,  Мұса  (Ғ.С.)  пайғамбардың  таяғы,  бір 
Алла, Ай мен Күн, бес уақыт намаз, отыз күн ораза, шайтан, молдадан 
оқыған бала т.с.с. төңірегінде келеді.  Мөселен, “Басы жоқ,  жаны жоқ, 
//От отгап, су ішкен (жауабы- пайғамбардың асасы), -десе, аудармасы, 
-Без головы, без души, //Обжигал огнем и пил воду”,- делінген тәрізді 
(ответ — жезл  пр.  Моисея)  [176,  32  б.]  үлгілерден  жинақталған  т.с.с. 
Демек бұл жинак қазақ жұмбақтарын:  105  үлгісін, діни  үғымдағы-11, 
айтыс  түріндегі-1(4  жұмбақтан  тұратын);  ұзақ  өлең  үлгісіндегі-7 
жұмбағын  т.б.  камтиды.  Жинақ  маңыздылығы-түрлі  әлеуметтік 
топтардың: өрі қарапайым халық, жігіт пен қыз, оқыған молдалар мен 
ақындар  т.б.  өкілдерінің  ауызба-ауыз  шығарған  жүмбактарының  бір 
араға  жинақталып,  әрі  олардың  орыс  тіліне  аударылып  басылым 
көргені  көңіл  аудартады.  Сол  арқылы  қазак  фольклорының 
жұмбактарға бай екендігін басқа халықтарға дөріптеумен катар, қазак
109

халық  ауыз  әдебиетініц  алтын  қорын  байытып  отыр.  XX  ғасырдын 
басында 
белгілі 
ғалым 
А.В.Васильевтің 
бүл 
жинағы 
қазақ 
фолыслортаңу  ғылымында  фольклор  үлгілерін  екі  тілде  (казак-орыс 
тілінде)  жариялаудың  өзіндік  жолын  негіздеді.  Сол  аркылы  келесі 
ретте  шығатын  басқа  да  фольклорлык  жинақтардың  баспадан 
шығарудың жүйелі, ғылыми  жолын көрсетті.
А.В.Васильев, сондай-ак  қазақтың баталарын бір жерге жинақтап, 
«XII  молитвенных  благожеланий»  атты  кітап  қүрастырып  бастырған 
[177].  Қазақша  мәтін  сөзбе-сөз  орыс  тіліндегі  аудармасымен  (сөздері 
қысқармаған) берілген.  Жинаққа  12 бата  енген. Мәтіндер негізі  1904- 
1905  жылдар  аралығында  шығып түрған  «Торғай  газеті»  беттерінен 
алынып, 
өз  алдына  жеке  қүрастырылған.  Ендеше 
фольклорлык 
мәтіндердің  бір  кітапқа  жанрлық түрғыдан  топтастырылып,  қайдан 
алынғандығына назар аударылуы және екі тілде қатар басылым көруі 
т.б.  -   бәрі  жинақтың  ғылыми  сипатын  танытады,  әрі  оның 
қүндылығын артгырады.  Жинақтьщ ғылыми  талаптарға сай басылым 
көруі,  зерттеушілер  үшін күнды дерек көзі болып табылады,  және де 
ондағы  келтірілген  дерек  көздері  дәлділігімен,  сапалығымен  т.б. 
ерекшелінеді.
1910  жылы  жарық  көрген:  «Қазақтың  айтысқан  өлеңдері»,-  деп 
аталған жинақта:  «Қыз бен баланың айтысқаны», «Орынбай  акын  мен 
Тоғжанның  айтысқаны»,  «Орынбай  мен  Серөлінің  айтысқаны», 
«Бейбіт пен  Өске ақынның айтысқан  сөздері»-  атты  айтыс нүсқалары 
алғаш топталып берілген [178].
Мүнда «Қыз бен баланың айтысқаны» үлгісі алдымен «кыз»,  одан 
кейін  «бала»  сөзімен  аралас  берілген.  [178,  2-8  б.].  Айтушының 
әрқайсысының  сөзі  жеке-жеке  келтірілген.  Өлен  жолдары  арасы 
жүлдызшалармен  бөлінген, 
барлығы  222  жолдан  түрады.  Айтыс 
соңында:  «Ақырында  баланы  34  жасар  қыз  жеңгені»,-  айтылады 
[178,8  б.]. 
Жалпы  кітапта  айтыс  үлгісінің  800-дей  өлең  жолдары 
жинақталған.  Дегенмен  айтыс  үлгілерін  жинаққа  топтастырьш, 
баспаға  үсынған  кім  екендігіне,  кімдерден,  қалай,  қашан  т.с.с. 
жазылып  алынғанына  катысты  дерек  көздері  көрсетілмеуі  кемшілігі 
болса,  жақсы  жағы-  айтыс  жанрының  бір  жерге  топтастырылып 
алғаш  рет  жинақ  түрінде  басылым  көруі  дер  едік.  Ендеше  қазақ 
айтысын  әрі  жинап,  әрі  жариялауда,  әрі  насихаттауда  т.с.с.  бүл 
жинақтың маңызы ерекше зор болды.
ДегенменГXX ғасырдың  басында белгілі бір максатта түрлі-түрлі 
фольқлорлық  жинақтар  күрастырылғанда,  көбінесе  газет,  журнал 
беттерінде басылған мәтіндер жиі алынатыны да т.б.- бәрі сол дәуірде 
кітап  шығарудың  кезең ерекшелігін  айғақтайтын дәстүрлі тәсілдеріне
110

айналғандығын 
көрсетеді. 
Мұнда 
арнайы  каражат 
шығарып,
• 
эқспедициялар құрудың қажеттігі аз, дайын басылым қөрген ұлгідёрді 
жинау 
т.б,- 
бәрі 
уақыт 
аздығымен, 
төл 
оқулықтардың 

 
жетіспеупгілігімен  ғана  түсіндірілсе  керек. 
Мәселен,  Орьшбор 
қаласында  1905  жылы  жарыққа  шыққан  «Базай  батыр  и  сын  его
атты  кітап  бар  [179].  Бұл 
кітаптың  қазақша  мәтіні,  яғни  түпнүсқасы  берілмеген,  керісінше, 
орыс 
тіліндегі  мәтіні  ғана  бар.  Кітаптьщ 
жариялаушысы, 
қүрастырушысы  турасында,  кім  айтты,  қашан  айтты  т.с.с.  тәрізді 
бірде-бір  дерек  көзі  беріпмеген.  Тек  «Торғай  газетіңің»  1905  жылғы 
|  
санынан  алындьі  деген  ескертуі  ғана  бар  [179,1  б.].  Әр  бетте  30  жол 
бар. Мөтін өзі іштей үш бөлікпен ажыратылған: бірінші бөлімде Базай 
батыр  ерлігі,  карсылас  жауын  жеңуі, 
тіпті  өзіне  қарсы  шыққан 
Қазақай ханды  өлтірмей еліне қайта  билік жүргізуіне рұқсат етуі т.б. 
сөз болады [179,1-5 б.].
Бкінші,  бөлімінде,  соғысқа  Базай  батыр  кеткенін  пайдаланып 

қарсыластарының  елді  қанауы,  тонауы  және  аяғы  ауыр  әйелі 
’ 
Айсұлуды  тірідей  жерге  көмуі  сөз  болады,  одан  әрі  көрден  дүниеге 
нәресте  келуі,  оны  әкесі  Базай  батырдың  соғыстан  келген  соң  көруі, 
қуануы,  той  жасауы,  атын  бір  шал  Көцұгаы^цщ ^^аьЬ  баланың 
ерекше  күштілігі  т.с.с.-  бәрі  рет-ретімен  баяндапады  [179,  5-13  б.]. 
Ал,  үшінші  бөлім  Базай  батыр  баласы  Көрұғлының  ерліктеріне 
арналады  [179,  13-18  б.].  Жалпы  кітаптың  кейбір  ғана  жерлерінде 
қазақша бір-бір  өлең шумақгары беріледі де,  қалған жерлерінің бәрі 
орыс  тілінде  жазылған.  Міне,  бұл  кітап  не  ғылыми  сипатымен  де 
ерекшеленбейді,  не  жинақ,  не  хрестоматия  үлгісінде  де  басылым 
көрмеген.  Фольклорды  мұндай  тәсілмен,  яғни  түпнұсқасыз  орыс 
тіліиде  ғана 
жариялау  XIX  ғасырдан  келе  жатса  да,  XX  ғасыр 
басында сирек кездесуі, оның ескіре бастағанын керсетеді./
Соыдай-ақ  бұл  жылдары  баспадан  шығарылған  жинақтардың 
соңында,  әсіресе  Қазан  қаласында  шыккандарында,  міндетгі  түрде 
қаржысы  көрсетіліп  отырылды.  Сонымен  бірге  кейінірек  шығуға 
тиісті,  не  сол  кезге  дейін  жарияланған  кітаптардың  тізімі,  жылы, 
каржысы,  қай  қаладан,  кімнің  баспаханасынан  жарық  көргенін 
анықтайтын  акпараттык  тізім  көрсеткіші  де  бірге  басылуы  іске  асып 
отырған. XX ғасырдың  басындағы кітап шығару ісі тек баспагер үшін 
қаржы  көзі  болумен  бірге,  ол  фолыслорлық  үлгілердің  таралуына, 
насихатталуына т.б. қажетті үгіт-насихат құралы да болды.
Бір  кітап  «Букварь  для  киргизских  аульных  школ»  деп  аталады 
[180].  Мұнда  қазақтың  жұмбактары  мен  12  шакты  ертегілері 
топтастьфылып, қазақ жөне орыс тілдерінде бррілген. Бұған қарағанда
111

автор фолыслорды оқу қүралына қажетті мәтін көзі ретінде колданған. 
Оқу  құралында  құрастырушының  аты-жөні  толық  көрсетілмей,  тек 
инициалы  ғана берілген. Демек XX ғасыр басында мәтіндерді  кімнен, 
кашан,  қалай,  қай  уақытта  т.б.  жазып  алғандығына  қатысты  дерек 
көздері  қамтылмауы  сол  тұстағы  кітаптардың  ғылыми  сипаттан  гөрі 
бұқаралық мақсатга басылғанын дәлелдейді.
Ал,  «Келіннің  бетін  ашатын  терме»»  кітабына  келетін  болсақ: 
«Қазанда  «Домбровский»  матбәгәсында  басма  (олімшідүр) Хүсаинов 
уәрсәләрінің  қаражаты  илан  1910-ншы  жылда»,-  деген  жазумен 
басталады  [181,  1  б.]. 
Әр  бет  30  жолдан  түрады.  Бұл  жолдағы 
берілген  өлең  жолдары  өзара  тек 
жұлдызша  арқылы  ғана 
ажыратылған.  Сырт  карағанда  қара  сөзбен  берілген  тәрізді  ой 
қалдырады.  Мәтінді  құрастырған  адамның  есімі  келтіріліп,  соңғы 
бетте:  «Басниф  еткуші  Түркістан  мәхкүмінде  Шәді  төре  Жиһанкез 
үглы»,- деген сөзбен аяқтапады [181, 20 б.].
Мұндағы «Келіннің  бетін ашатын терме» атгы кітабы бұған дейін 
1910 жылы жарық көрсе, енді міне  1915 жылы да қайта басылып отыр. 
Екі  нұсқадағы  мәтінді  жариялаушы  адам  есімі  Шәді  төре  Жиһанкез 
ұғлы  екендігі-  мәтіннің  бір  екендігін  дәлелдейді.  Тек  бірінші  нұсқа 
«Б.Л.  Домбровский» 
баспаханасынан  шыкса,  екінші  басылымы 
«Университет»  баспаханасынан шығып отыр.  Нұсқаның бет мөлшері 
де, ондағы өлең жолдары да,  жұлдызша тәрізді  ажырату белгілері де, 
алғашқы  өлең  жолдары  да  т.б.-  бәрі  сайма-сай,  сөзбе-сөз  дәл  келеді. 
Демек  XX  ғасыр  басында  кітап  бастыруда  не  қаржы  үнемдеу,  не 
пайда  табу  мақсатында,  кейбір  басылым  үлгілері  баспахана  иелері 
арасындағы  өзара  келісім  бойынша  мәтінді  сол  қалпында  қалтырып, 
тек  баспаханасы  мен  жыл  көрсеткіші  бар  т.с.с.  мүкабасын  ғана 
өзгертіп  отырған.  Ал  қалған  жерлерін  сол  қалпында  берген.  Мұндай 
жарияланған  кітаптардың  ғылыми  сипаттан  гөрі  бұқаралык  сипаты 
басымдау келеді.
Түйіп 
айтқанда, 
XX 
ғасыр 
басында 
қазақ 
фольклорын 
жариялаушылар  не  кітаптың,  не  жинақтың,  не  хрестоматиялардың 
сыртқы  мұқабасында  мынадай  дерек  көздерін  көрсету  міндетгі  деп 
санаған:  еңбекгің  аты;  құрастырған,  не  бастырған  жинаушысы,  не 
шығарушысы және кітапқа қаржы бөлген  бастырушысы кім  екендігі; 
баспахана аты,  кай  қалада;  кай  жылы шыққаны т.с.с.  Кітаптің мұндай 
паспорттык  деректерін  толтырудағы  мақсат:  фольклорлық  мәтіннін 
түрлі-түрлі  нүсқаларының  өзі  қалаған  бір  үлгісін  әр  баспахана  несі 
өзінше  шығарады.  Демек  жоғарыдағы  талаптарды  орындау  бір 
мәтіннің  бірнеше  нұсқасын  бір-бірімен  шатыртырмай,  араластырмай, 
үқсас  болмау жағын т.с.с.  кадағалау,  әрі  ажырату үшін  қажетті  дерек
112

көздеріне айналмақ. Осы жоғарыда келтірілген дерек көздеріне  қарап, 
әр мәтіннің бірнеше  нүсқасын өзара салыстыра зерттеу мүмкіндігі де 
туады.  Мысалы,  «Қисса-и  Айман-Шолпан»  жырын  алайық:  «Ңәшорі: 
Щамсуддип  Хусаинов  уәрсосі.  Қазан.  Б.Л.Домбровский  матбәгәсі. 
1 9 1 6 деген деректермен  басылған [182]. Әр бетте екі бағана бойына 
і:. 
30  өлең  жолдары  бөлініп,  барлығы  әр  бетте  60  өлең  жолдары  еніп 
отырған. 
Мәтін  ішінде  «Енді  Көтібардың  Мамайға  айтқаны», 
«Айманның жігіттерден  жауап  сүрағаны»,  «Әлкисса Әлібекгің  айтып 
келе  жатқан  өлеңі»  т.с.с.  тәрізді  жеке  отау  тіккен  тақырыпшапар  да 
кездеседі.  «Қисса-и-Айман-Шолпаң»  атты  кітап  соңында  мынадай 

өлең жолдарымен берілген ескертуі де бар:
... Аяғы бүл киссаның енді бітгі,
Жүсіпбек жазған сөзін тамам етті.
Кімге опа қылады жалған дүние 
Сөйтіп жүріп дүниеден олар да өтті.
Ахмедкәрім, қүлақ сал сөзімізге,
Жеті қисса жазып бердім өзіңізге.

Инша Алла! Жазармын тағы кітап
Сочинитель автор болдым сізге,..[182,20 б.].
Демек  бүл үлгіні  жеткізуші  Жүсіпбек  қожаның  өзі  болса,  мәтінді 
жинап, жазып жіберуді сүраған Ахмедкәрім есімді азамат аты аталады 
(оған бүған дейін 7 мәтін үлгісі жіберілгені де ескертіледі).
Келесі  «Қисса-и  Қүламерген»  кітабына  келсек,  онда:  «Нәшәрі: 
кітапшы 
Шәмсуддин 
Хүсаинов 
уәрсәсі. 
Қазан, 
Университет 
табиғханасы.1916»,- деген деректер орналастырылған  [183]. Мүнда да 
соңғы  бетге  баспадан  шыққан,  сатылуда  бар  кітаптар  тізімі  қоныс 
тепкен.  Әр  бет  екі  бағанаға  бөлінген  жыр  жолдарынан  келеді. 
Шамамен әр бетке 52 өлең жолдары сыйдырылған,
Кітап соңына карай өлеңмен берілген мына дерек көзі енгізілген: 
...Міне, жаздым өлең қылып қара сөзді,
Баспашы қүлағыңа ал осы кезді.
Баспашы түзеп  басқыл қателерін 
Іздейін  қүрмет  кылсаң  жазушы  ерді...,-  деген 
Ғабдырахман,  Ізбас  үғлы  Бектасовтьщ  шығарылған  өлеңі  беріледі 
[183,  24  б.]. 
Демек  бүл  нүсқаның  ел  арасында  қара  сөзбен
айтылатын  үлгісі  бар  екені,  оның  өлең  түріндегісін 
жеткізушісі 
Ғабдырахман Ізбас Бектасов екені айқындалады.
Дегенмең  XX  ғасыр  басында  мундай  бүқаралық  сипаттағы 
басылымдармен  қатар,  ғылыми  сипаттағы  да  фольклор  үлгілері 
жарияланып  түрды.  Мәселен,  «Едіге  мен  Тоқтамыс»  туралы  үлгінің 
сырткы  мүқабасында:  мәтін  қолжазбасыньщ  иесі  белгілі  ғалым
113

Щ.Ш.Уөлиханов  екендігі  ескерілген.  Үлгіні  шығарушы  профессор 
П.М.Мелиоранский 
екендігі; 
мәтін 
1905 
жылы  С.-Петербург 
каласындағы  И.Бораганскийдың 
баспаханасында 
басылғандыгы 
ажырагылған. 
Сондай-ақ 
Орыс 
Географиялық 
Қоғамының 
ұйғарымымен  басылды т.б.  деген тәрізді  дерек  көздері  бар.  Сонымен 
қатар  кітаптың  ішкі  бетінде  зерттеушілер  ушін  тез  табылсын  деген 
мақсатпен  мазмұны  берілген.  Онда  алгысөз,  сәздік  пен  қазак  мәтіні 
үшке  бөлініп,  беттері  көрсетілген.  Кітаптың  бір  ерекшелігі,  орыс 
әрпінде  берілген  алғысозі  мен  сездігінің  [184,  1-23  б.]  беттері  солдан 
оңға  қарай  нөмірленіп  оқылса,  ал  берілген  қазақша  мәтіннің 
түпнүсқасы  араб  әрпімен  жазылгандыктан,  керісінше,  оннан  солға 
қарай  оқылады.  Сол  ретпен  мәтін  де  номірленіп,  кітапқа  да  солай 
кірген [184,  1-39 6.].
Кітаптың  алғысөзінде  колжазбаның  өзіңе  сипаттама  беріледі:  25 
беттен  түратындығы; 
қалыпты 
орта 
беттерде  жазылғандығы; 
қолжазбаның  сыртқы  мұқабасы  қара  түсті  қалың  қатырма  қағаздан 
жасалғандығы; қолжазбаның тақырыбы көрсетілгендіктен,  шығарушы 
М.П.Мелиоранский  өз тарапынан  мәтінді  «Едіге  би»  деп  атағандығы 
т.б.  жазылған.  Демек  П.М.Мелиоранский  бұл  мәтінді  дайын 
қолжазбадан  кошіріп  басқан.  Бұл  мәтінді  ғалым  Ш.Уәлиханов  1841 
жылы  Аман  Қарағай  аймағының Күрлеуіт Қыпшақ ауылының  ақыиы 
Жүмағұлдың  аузынан  естіген.  Ал,  Ш.Ш.Уәлихановтың  әкесі  сұлтан 
Шыңғыс  Уәлиханов  өз  тарапынан  ол  мәтінді  сөзбе-сөз  қағазға 
түсірген.  П.М.Мелиоранский  айтуына  қарағанда,  қолда  бар  үлгінің 
үш  бірдей  нүсқасынан  (3-нүсқаны  Арслан  байдың  аузынан  жазып 
алған да сұлтан Шыңғыс Уәлиханов).  1842 жылы Шыңғыс пен Шоқан 
бір  ортақ  үлгі  жасаған.  Дегенмен  ортақ  үлгі  жасау  ғылыми  сипатты 
танытпаса  да,  ол  үлгіні  Ахмет  деген  азамат  көшірген.  Онысы  орыс 
тіліне  аударылып  «Ш.Ш.Уәлиханов  таңдамалысынын»  233  пен  264 
беттер  арасында  басылғаны  да, 
аудармада  кейбір  кемшіліктердің 
болуы, 
шамасы 
мәтінді 
көшірген 
Ахмет  тарапынан 
кеткен 
кемшіліктен  туу  мүмкіндігі  де  т.б.-  бәрі  ғылыми  басылымды 
шығарушы  профессор  П.М.Мелиоранский  тарапынан  сөз 
болады. 
Кезінде  бұл  мәтінге  Шоқан  Уәлиханов  көптеген  толықтырулар  мен 
өзгертулер  енгізсе, кейін профессор П.М.Мелиоранский оз тарапынан 
бұл үлгіні сол озгерістермен қайта шығаруды  жөн көрген.
Алғысөзде 
профессор 
П.М.Мелиоранский 
одан 
әрі 
Ш.Ш.Уәлихановтың  мәтінге  жасаған  ескертпелерінің  өрқайсысына 
жеке  -  жеке  тоқталып  кетеді.  Кейде  Ш.Уәлиханов  өзі  үшін  мәтін 
өлеңдерінің  ретгілігін  өзгерткісі  келген  төрізді  ескертпелері  бар  дей 
огырьга,  П.М.Мелиоранский  оларды  басқа  адамдардың  түсіиуі
114

киындығын  да  ескертеді.  Сол  себепті  мәтіыді  колжазбаның  әуелгі 
үлгісімен басуды жөн  көрдік деп түсіндіреді. Қолжазбада қара сөзбен 
зқазьшған үлгіге қарағанда өлең түріндегісі басымдау келеді.  Және де 
өлең жолдары өзара жүлдызшалармен ажыратылған.
Алғысөзден  басқа  әр  бет  соңында 
мәтін  ішіндегі  түсінбеген 
сөздерге  түсініктемелер  берілген.  Алғысөзде  қазақ  өлеңдерінің 
қүрылысы, яғни шумағы, үйқасы т.с.с. қарастырылған. Сонымен катар 
араб  әрпінде  жазылған  қолжазбаның  орфографиясы,  фонетикасы, 
таңбалардың  жазылу  ерекшеліктері 
т.с.с.»  (Зәрі 
П.М.
Мелиоранскийді  қызықтырған. 
Мәтін  ішінде  казақ  тарихына 
қатысты  кездесетін  көптеген  тарихи  есімдердің  Алтын  Орда 
дәуірінде,  яғни  14 ғасырдың  соңы  мен  15  ғасырдың  басында  ерекше 
маңызды  қызмет  аткарғанына  да  назар  аударылған.  Едіге  бейнесінің 
зерттелу тарихына тоқтала отырып, белгілі ғалымдар: Ибн - Арабшах, 
Ш.Ш.Уәлиханов, 
В.В.Радлов, 
И.Н.Березин, 
В.Д.Смирнов,
В.В.Вельяминов-Зернов  т.с.с.  пікірлеріне  шолу  да  жасалынған.  Сөз 
соңында  қазіргі таңда  «Едіге  мен  Тоқтамышқа»  қатысты  үлгісінің  13 
нүсқасы  бар  дей  отырып,  профессор  П.М.Мелиоранский  сол 
нүскалардың  рет  -  ретімен  қайда  басылғанын,  кім  басқанын  т.б. 
көрсетіп кеткен [184,  17-18 б.].
Алғысөзден  кейін  араб  әрпінде  жазылған  кейбір  қазақ  сөздерінің 
аудармасы  жасалып,  түсініктемесі  бірге  беріледі  [184,  19-23  б.]  . 
Мүнда,  көбінесе  ғалым  Ш.Уәлихановтың  берген  түсініктемелері 
алынған.  Мәселен:  «үшан»  деген  (шамасы  «үшан  теңіз»  деген 
мақсатта  болуы  керек  -  Н.Ж.)  сөзді  ғалым  Ш.Уәлиханов  «огромное 
неперелетное»  деп  дұрыс  түсіндірсе,  профессор  П.М.Мелиоранский, 
керісінше,  «судно,  корабль,  лодка»  деген  мағынасы  дүрыс  болуы 
керек  дегенді  алға  тартады  [184, 
19  б.].  Біздіңше,  ғалым 
Ш.Ш.Уәлиханов түсініктемесі мағыналық жағынан дүрыс аударылған 
да, ал П.М.Мелиоранскийдікі мүлде басқа болса керек.
Ап,  араб  әрпінде  жазылған  қазақ  мәтініне  келсек,  үлгі 
Ш.Ш.Уәлиханов  қолжазбасы  негізінде  сөзбе  -  сөз  берілген.  Әр  бет 
сонында:  бет  ішінде  кездесетін  түсініксіз  сөз  болса,  орысша 
түсіндіреді:  егер  асты  сызылған  сөз,  не  сөз  тіркес  болса,  бүл 
қарындашпен  сызылған  белгілердің  авторы  кім  екендігі  ескертіледі, 
тіпті  не үшін  асты  сызылғаны да  шығарушы тарапынан түсініктемесі 
бірге  берілген.  Әр  бет  20  жолдан  түрады,  өлең  жолдары 
жүлдызшалармен ажыратылған, кейде сөйлем арасын ажырату белгісі 
ретінде  екі  сызықшаны  тігінен  қатар  қойып  отырған.  Сондай-ақ 
ішіндегі  бір  сөз  үсті  сызылып,  орнына  төбесінен  баска  сөз  жазылса, 
оны  да  сол  бет  сонында  түсініктеме  ретінде  жазып  отырған.  Демек

шығарушы  қолжазбаның  өзімен  де текстологиялык  жұмыс  жүргізіп 
отырған. 
Жалпы  кітап соңында «Едіге  би» дегеп тақырыпшасы  мен 
шыққан  қаласы,  жылы,  баспаханасының 
мекен-жайы  т.б.  —  бәрі 
көрсетілген.
Сонымен  XX  ғасырдың  басында  шыққан  ғылыми  сипаттағы  бұл 
кітаптың  маңыздыльпы:  біріншіден,  мәтіннің  жазылынып  алыну 
паспорты  толық  берілуі,  ягни  кімнен,  қашан,  қай  тәсілі  арқылы, 

кімнің  жазып  алғанына  қатысты  ақпарат  көздерінің  т.б.  толық 
қамтылуы  дер  едік.  Екіншіден,  мәтіннің  бірнеше  нұсқалары  өзара 
салыстырылып,  зерттеу  тарихы  да  бірге  берілуі  назар  аудартады. 
Үшіншіден, қолжазбаның өзімен текстологиялық зерттеу жұмыстарын 
жұргізіп, 
ескертпелерін, 
тұсініктемелерін, 
то лықтыруларын, 
сөздіктерін т.б.  бірге беруі көңіл аудартады. Төртіншіден, мәтіндердің 
қай  тілде  жазылғанына  қарай  дәстұрлі  бет  реттілігін  кітап  ішінде 
сақтау т.с.с. -  бәрі де  бүл басылымның  ғылыми  сипатта  басылғанын 
дәлелдейді.
Ә.А.Диваев-  жүзден  аса,  әр  түрлі  мағлұматтар  мен  мақалалар 
жариялаған адам. Ә.Диваевтың ғылыми үлкен маңызы бар аса көлемді 
еңбектерінің 
бірі- 
«Сырдария 
аймағының 
есеп-санақ 
материалдарының 
жинақтарында» 
(І-ХІ 
томдар, 
1891-1915 
жылдардағы)  жарияланған  этнографиялық  материалдары  болып 
табылады.  Бүл  жинақтың  беттерінде  Ә.Диваев  ондаған  ертегі, 
көптеген  мысқыл  әңгімелер,  ертегі,  аңыздар,  жын-пері  жайындағы 
хикаялар,  мақал-мәтелдер,  жұмбак-жаңылтпапггар,  қазақ  халкыньщ 
эпостық  жырларының  нұсқаларын,  сыршылдык  әдет-ғұрьпггьщ, 
наным-ырым және бесік жырларын жариялаған. Текстерді жариялауға 
іріктегенде  Ә.Диваев  ең  алдымен  оқушы  жұртшылыққа,  көшпелі 
халық  шығармаларына  тән  қасиеттерді  барынша  толық,  мейлінше 
айқын көрсете алатындарын жеткізуге тырысқан.
Ә.Диваев  кеңінен  қолданған-жарияланған  материалдарға  түсінік 
жазып  отыру  әдісі  әлі  де  өзінің  маңызьга  жойған  жоқ.  Бүл 
түсініктердің  денін  этнографиялық  анықтамалар  деп  атауға  болады. 
Ә.Диваев  кісі  аттарына,  тұрмыста  кездескен  уакиғаларға  және 
халықтың өмір туралы жырларына үнемі түсінік беріп отырады.
Хапықтың  өмірі  мен  күнделікті  тұрмысындағы  ерекшеліктерді 
аша  отырып,  Ә.Диваев  жазған  түсініктерінде  қазақтардың  рухани 
мөдениетін,  соның  ішінде  халық  поэзиясының  ерекшеліктерін 
көрсетуге  ден  қояды.  Мәселен,  ол  былай  дейді:  «..Жиреншенің  аты 
әлде  неше  қыргыз  (қазақ-  Н.Ж.)  әңгімелерінде  кездеседі.  Ол 
ақылдылыгымен  және  тапқырлыгымен  көзге  туседі,  ақырында 
Жәнібек  ханга  уәзір  болып,  шешендігімен  атагы  шыгады!»  [185].
116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет