Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т


  Экспедициялық  тәсілмен  жинау



Pdf көрінісі
бет6/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

1.2.3  Экспедициялық  тәсілмен  жинау.
XX 
ғасырдьщ  бірінші  жартысында  Қазақстанда  фолыслорды 
жинау,  зерттеу  жүмыстарымен  Жазушылар  одағының  поэзия 
секциясы,  Қазақтың  С.М.  Киров  атындагь:  Мемлекеттік  университеті 
мен  Қазақтың  Абай  атындағы  педагогтік  институтының  қазақ 
әдебиеті  кафедрасы,  КСРО  Ғылым  академиясы  Қазақ  филиалының 
Тіл, әдебиет, тарих институты (1946 жылдан бастап Қазақ ССР Ғылым 
академиясының Тіл мен әдебиет институты) шұғылданды.
Жоғарыда  біз  атап  өткен  ұйымдар  Қазақстанның  жер-жеріне 
экспедициялар  жіберіп,  ауыз  әдебиетінің  материалдарын  жинатып 
отьфды.  Халық  ауыз  әдебиетін  жинаушылар  тек  материалдарды 
жазып  алып  қана  қоймай,  оны  айтушы  адамдармен  үнемі  байланыс 
жасап,  қамқорлыққа алды.  Ел  арасынан  халық ауыз  эдебиетін  жинау 
істері де  көпшілік арасында жүргізілген саяси- тәр>бие жұмыстарымен 
тығыз байланысты болды.
Халық  ауыз  әдебиетін  жинаушылар  экспедияцияда  жүрген 
кездерінде  ақындармен  әнгіме  өткізіп,  көпшілікке  арнап 
ауыз 
әдебиетінің  мәселелері  жөнінде  лекциялар  оқиды.  Жиналатын 
материалдардың  сапасына  да  көп  көңіл  аударды.  Көбінесе,  тарихи 
жанрға жататын  шығармалар,  халықтың  нақыл сөздері,  осы  заманды 
бейнелеп  көрсететін 
өлеңдер 
молырақ 
жиналды.  Халық  ауыз
72

әдебиетін  жннау  жұмысымен 
ақындардың  өздері  де 
шұғылдана 
бастады-  Мәселен,  ақын  Айса  Байтабынов  өзі  білетін  «Қобылаңды>>, 
«Әуез  батыр»,  «Ер  Сайын»,  «Көрұғлы»,  «Телағыс»  жырларының 
нұсқаларын 
тапсырды 
[123]. 
Ақын 
Шапай 
Қалмағамбетов 
«Қобыланды»,  «Ер  Тарғын»,  «Қарабек»,  «Құбығұл»  сиякты  бірқатар 
жырлардың  қолжазбаларын ел арасынан іздестіріп тапты [124].
Экспедицияның 
жұмыстары 
жұргізідці: 
ақындар 
мен 
жыршылардың  өмірбаянын  жазып  алу,  олардың  өлең  мен  жырды 
орындау  кезінде  әркайсысына тән  ерекшелігін  сипаттап  айту,  ауыз 
әдебиеті  шығармаларының  нұсқаларын  іздеп  тауып  алу  міндеті 
кезделді.  Сол  сияқты  шаруалар  мен  жұмысшылардың  Қазан 
төңкерісіне дейінгі және Кеңес тұсындағы  фолыслорын жинау міндеті 
де  қойылды.  Бағдарламада  кәркемөнер  ұйірмесінің  жұмысын 
зерттеуге,  ауыз  әдебиеті  шығармасының  тууына,  белгілі  бір 
шығарманы  әр  адам  езінше  айтып  кете  алатындығына  көп  көніл 
бөлінді.  Бағдарламада  кәрсетілген  осы  нүскаларға  сәйкес  ауыз 
әдебиетін  жинаушы  адам  шығарманы  біреуден  біреу  қалай  жаттап 
алатындығын  білуге  тиіс  болды.  Сонымен  халық  ауыз  әдебиетін 
жинау  мәселесі  ғылыми  мәні  бар  іске  айналып,  оны  жинауға 
бұрынғыдай  бірлі-жарым  адам  емес,  көпшілік  болып  ат  салысты: 
С.Әбдізақов  (Көкшетау  облысы),  Қ.Амантаев  (Оңтүстік  Қазақстан 
облысы),  Н.Әминов  (Солтүстік  Қазақстан  облысы),  Н.Байтілеуов 
(Батыс  Қазақстан  облыеы),  М.Бимағамбетов  (Гурьев  өблысы)  т.б. 
Ақындар  мен  жазушылардан  фольклорды  жинау  жұмыстарына: 
Құлзақ  Аманкелдин,  Желеу  Жақыпов,  Ысқақ  Жүсіпов,  Шапай 
Қалмағамбетов және т.б. қатысты.  Жинау  жүмысының әдіс-тәсілі де 
жөнге  келтірілді.  Халық  ауыз  әдебиеті  шығармаларының 
есте 
қалғандарын  ғана  жазып,  оны  қалай  болса  солай  түзете  салу  мүлдем 
қойылды.  Халық ауыз  әдебиетінің  шығармаларын  жазып аларда оны 
айтушы  адамдар  мен  шығарманың  шығу  төркіні  жайындағы 
мәліметтер  ескерілді.
1917 
жылдан  бастап  экспедицияның  негізгі  міндеті- 
Кеңес 
фольклоры  мен  батырлар  жырының,  түрмыс-салт  дастандарының 
нұсқаларын т.б.  ел аузынан жазып  алу болды.  XX  ғасырдың бірініші 
жартысындағы  қазақ  фольклортану  ғылымындағы  фольклорды 
іздестіру,  жинау  ісі  жеке  даралық  жүмыстары  негізінде  басталып, 
бірте-бірте жалпылық сипат ала бастады.  Сөйтіп, Қазакстанда  1920-40 
-шы  жылдары  алғашқы  экспедиңиялар  ұйымдастырылды.  Мәселен, 
1920  жылғы  Сырдария  экспедиңиясын  Ташкенттегі  Қазақтың 
ғылыми-зергтеу  қоғамы  үйымдастырған.  Ал,  1921  жылғы  Жетісу 
экспедициясы;  1935  жылғы  Қостанай  экспедициясы;  1940  жылғы
73

Семей  экспедициясы;  1940,  1942  жылғы  Арал  экспедициясы;  1946 
жылғы  Көкшетау-Ақмола  экспедипиясы;  1946  жылғы  Қостанай, 
Семей,  Ақтөбе,  Қарақалпақ  экспедициялары;  1947  жылғы  Қостанай, 
Гурьев  экспедициялары;  1948  жылғы  М анғыстау  экспедициясы;  1949 
жылғы  Гурьев  экспедициясы  -б әр і  де  КСРО  Ғылым  академиясының 
Тіл-әдебиет  бөлімі  (1940,  1942  ж.),  кейіннен  Қазақ  ССР  Ғылым 
академиясынын Тіл  жөне әдебиет институты  (1946,  1947  ж.),  Әдебиет 
және  тіл  институты  (1948,  1949  ж.)  тарапынан  үйымдастырылды. 
Қазан 
төңкерісіне 
дейінгі 
фольклорды, 
көбінесе 
белгілі 
ірі 
фольклортанушы  ғалымдар,  мәдениет  және  өнер  қайраткерлері, 
ағарту  мен  медицина  қызметкерлері  т.б.  жинастырып,  баспа 
бетгерінде,  түрлі  жинақтарда,  ғылыми  еңбектерде  жарияланғаны 
мөлім.  Ал,  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  дәуірдегі  фольклортану 
ғылымы  дамуы  үшін  фольклорды  жинауға  арналған  көптеген  түрлі 
экепедициялардың үйымдаетырылуының да т.б. үлкен мәні болды.
Баспа  беттерінде  фольклорды  жинауға  қатысты  көтерілген 
мәселелер:  мәтінді қағазға делме-дәл түсіру жүмысының каншалыкты 
маңызды  екендігін  түсіндіруге,  нүсканың 
жазылынып  алыну 
паспортының  дүрыс  толтырылуына 
т.б.  көңіл  белінді.  Мүндай 
мәселелердің  шығу  себебі  жалпы  көпшіліктің  фольклорды  жинаумен 
айналыса  бастауынан  туындап  отырды.  Яғни  мүндай  кең  аукымды 
фолыслорды  жинау жүмыстары  жүргізілгенде,  маман  еместердің ісіне 
байланысты  түрлі  ауытқулардың,  кемшіліктердің  туындайтыны 
заңды.  Ал,  түрлі  экспедициялар  үй ымд астырылғанда,  олардьщ 
күрамында  әр  түрлі 
маман  иелері:  жазушы,  ғалым,  өнер 
қайраткерлері,  мүғалімдердің  қатысуы  да  т.б.-  бәрі  де  жинау 
жүмыстарына өзіндік ерекшеліктер қосқаны сөзсіз.
¥йымдастырылған  экспедициялар  түрлі 
елді- 
мекендердегі 
фольклорлық  мәтіндерді  жинаумен  ғана  шектелмеді.  Сондай-ақ  сол 
елді-мекеннің  халыктарының тілдік, диалектикалық ерекшеліктері  де, 
топонимикалык атаулардың этимологиясы да, жергілікті  елдің өзіндік 
түрмыс-гіршілігі  де, 
халықтың  қүрамын, 
санын 
және 
өсуін 
айгақтайтын  мәдени  ескерткіштермен  бірге  көне  кітаптар  меи 
қолжазбаларға да көңіл  бөлу  өсті.  Сонымен  қатар  үйымдастырылған 
экспедициялар  арнайы  белгілі  бір  жердің  фольклорлық  репертуарын 
жинаумен  де  шүғылданды.  Мүнда,  квбінесе  түрғылықты 
бақылау 
әдісі қолданылды.
Осьшдай  'экспедициялық  әдіс  арқылы  жингшған  мол  халықтык 
мүралар  елдегі  «фольклорлық  мүрағаттың 
алтын  қорынан»  орын 
тапқаны  белгілі. 'Мүның  бәрі  идеологияның  басқа  салалары  төрізді, 
әдебиеттің 
де, 
оның 
ішінде 
фолыслор 
жинаудың 
кезеңдік
74

ерекшвліктері  мол  болғанын,  оны  жіті  қадағалап,  ескерту  қажетгігін 
дәлелдейді.
Фолыспорлық мұраны жинау жұмыстарында  тұрғылықты  әдіспең 
қатар  жиі  орын  алатын  әдіс-  экспедициялық  жұмыс.  Мұндай  жинау 
әдісі,  әдетте  фольклорды  тақырыптық,  не  жанрлық тұрғыда  жүйелеу 
түрімен  байланыстырылады.  Сондай-ақ  бұл  әдіс  белгілі  бір  елді- 
мекендегі  фольклордың  хал-жағдайын  теқсеру  қажеттігі  туғанда  да 
жиі  қолданылады.  Жинаудың  экспедициялық  әдісі,  көбінесе  Кеңес 
өкіметі  тұсында  жиі  қолданылып,  дәстүрлі  жоспарлы  істердің  біріне 
айналды.  Фольклорльщ ^экспедициялар  алдында,  негізінен  алғанда, 
бірнеше  мақсатгар қойылып жүзеге асады:
1)  Алдыңғы  жинаушылар  ізімен  үйымдастырылған  эқспедиция, 
негізінен  табылған  мәтіндерді  ертеде  қағазға  тұекен  үлгімен 
салыстыру жүргізеді;
2)  Бұрын  фольклортанушылар  тарапынан  қарастырылмаған  елді- 
мекенге  жіберілген  экспедиция,  негізінен,  фольклор  үлгілерін 
зерттеушілердің 
жинаушылық 
жұмысында 
орын 
алған 
«ақтаңдақтарды» жоюға мүмкіндік береді;
3)  Белгілі  бір  дәстүрді,  не  жаңа  мәтіндерді  қағазға  түсірумен 
байланысты  жасакталған  экспедиция,  негізінен,  жаңа  үлгілердің  ел 
арасында өмір  сүру ерекшеліктерін т.б. қарастырады;
4)  Нақты  тарихи  оқиғалар  мен  кайраткерлерге 
катысты 
фольклорлык  мәтіндерді  іздестіру  мен  кағазға  түсіруге  байланысты 
шыққан  экспедициялар істерін үйлестіру іске асырылады;
5) Барлау не шолу жасау үлгісіндегі экспедиция, әдетге алдын-ала 
фольклорды  жинастырумен  шүгылданып,  оларды  белгілі  бір  нақты 
едці- 
мекендегі 
жинаушылық 
қызметке 
қатысты 
жобаларды 
қарастарғанда,  оларды салыстыру, жүйелеу жұмыстары үшін белсенді 
түрде  қолданады.  Қазір  де  фольклортануда  жинау  жүмыстарында, 
көбінесе осы экспедициялық әдісі жиі қолданыладьь/
Фольклорды  экспедициялык  тәсіл  арқылы  жийаудың басқаларға 
қарағанда  үтымды  жағы  экспедицияға  шықпай  тұрып  басталынады: 
белгілі  бір  жерде атқарылатын  жүмыстың  мақсаты,  жинау жұмысына 
кажет  дәптер, 
қағаз, 
қалам 
т.б. 
тәрізді 
заттардың 
болуы 
ойластырылады.  Сондай-ақ  фольклор  жинаушы  сол  елді-мекендегі 
халыктын  түрмыс-тіршілігі,  сапт-дәстүрі,  әдет-ғүрпымен  т.б.  алдын 
ала 
хабардар  болады.  Сонымен  катар  ол  аймакқа  қатысты 
этнографиялық  та,  географиялык  та  ерекшеліктерді  ескереді.  Тіпті 
кезінде 
алдын-ала  ол  жерден  жиналған  нүсқалар,  қолжазбалар, 
қітаптар т.б. болса, олармен жіті танысады.
75

Жалпы фольклорды жинаушылар:  фольклорды сүйетіндерді және 
насихаттайтындарды  алдымен  іздестіреді.  Таныс  емес  адамдармен 
жүмыс  аткару  тәсілін  меңгереді. 
Әңгіме  барысында  фольклорды 
айтатындар  т.б. турасында да хабарлар алып, олардың әркайсысымен 
жеке  жинаушылык  жүмыстарын  жүргізуге  мүмкіндік  алады.  Мүндай 
жергілікті  түрғындарды  өнгімеге  тарту  тәсілі-  жинау  жүмыстарын 
неғүрлым 
тездетіп, 
оның 
қарымды, 
сәтті 
жүруіне 
әкеледі. 
Фольклорды  насихаттайтындарға  немкүрайды  карамай,  керісінше 
оларға үлкен ықылас таньпып, қүрметпен қарау т.б.- бәрі фольклорды 
айтушы  мен жинаушы арасында,  ең маңызды сенімділік,  ризашылык 
карым-қатынастарды 
қальпггастырады. 
Ал, 
бүл 
өз 
кезегінде 
фольклорды  айтатындарды  барынша  көп  іздестіруге  колайлы  жағдай 
тудыруға т.б. мүмкіндік береді.
Экспедиция барысындагы  жинау жүмыстарында белгілі тәртіптін 
болуы  шарт.  Яғни  шаруашылық  мезгіліне  колайлы  не  таңертеңгі,  не 
кешкі  мезгілден гөрі, фольклорды айтушының  шаруадан бос мезгілін 
таңдап,  әңгімеге  тарта  білуі  шарт.  Мүндай  жагдайда  айтушының 
көңілі  шаруаға  алаңдамай,  емін-еркін  көсіле  сөйлеуіне  мүмкіндік 
туады.  Экспедиңия  кезінде 
бүл  шарттарды 
белгілі  ғалым 
Г.Н.Потанин 
орындаған. 
Қазақ 
халык 
поэзиясын 
жинауға 
Г.Н.Потанин  өзіндік  жолмен  келді.  Г.Н.Потанин  қазақ  даласымен 
шекаралас  жерде  туғандықтан,  ол  бала  кезінен  бастап  қазақтармен 
араласып  өсті.  Омскідегі  Кадег  корпусында  Г.Потаңин  Уәлиханов 
Шоқанмен  жақын  дос  болдьі.  Олардьщ  достығы  қазақ  ағартушысы 
Шоқан  Уәлиханов  қайтыс  болғанға  дейін  үзілген  жоқ.  Кадет 
корпусын  бітірген  соң. Г.Н.Потанин  Жетісуға  жіберілген  арнаулы 
отрядка  қосылды.  Ол  осында  қазақ  халық  поэзиясын  жазып  ала 
жүретін  отрядтың  тілмашы  жүзбасы  И.Бардашевпен  қарым-қатынас 
жасайды.  И.Бардашев  қазақ  мақал-мәтелдерін  жинап  бастырған. 
И. 
Бардашевтың 
және, 
өсіресе, 
Ш.Уәлихановтың 
әсерімен 
жас 
Г.Н.Потанин қазақтың халық шығармаларына кызығады.
Алғашқы  рет  анықталған  мәліметтер  бойынша,  қазактын 
фолыслорлық  шығармаларьга  Г.Н.Потанин  1860  жылдардың  басында 
жаза  бастаған.  Белгілі  астроном  К.Струвенің экспедияциясында істеп 
жүріп, Г.Н.Потаннн Тарбағатай төңірегіндегі Қожырада көшіп жүрген 
ауылдардан  "бірнеше  жүмбақ,  мақал,  өлең  және  Ытығыл  батыр 
туралы бір ертек жазып  алады  [125].  1876 жылы Монғолияға жасаған 
саяхатта 
істеген 
жүмыстарының 
нәтижесін 
жариялағанда, 
Г.Н.Потаңин  қазақшң  жиырма  сегіз  аңыз-ертегісін  бастырды. 
Олардың  басым  көпшілігі  әлем  жаратылысы  туралы  аныздардан 
қүралған  ("Кірпік  шешен",  "Көртышкан",  "Көкек",  "Алғашкы
76

адамдар"  т.б.)  Бұлардын  барлығы  да  Тарбағатайда  жазылған  [120]. 
1895  жылы  Г.Н.Потанин  қазақ даласына қайтадан  шығады.  Бұл  жолы 
Ақмола  облысы,  Көкшетау  уезіндегі  Уәлихановтардын 
ауылына 
барады.  Г.Н.Потанин  Петербург  университетінің  студенті  қазақ 
Сұлтанғазиниаи 
ондаған 
ертегі-аңыздарды 
жазып 
алады 
(«Большая  медведица»,  «Үркер»,  «Самое  великое  в  природе», 
«Предание об избрании Чингис-хана», «Череп» т.б.) [127].
Сырымбеттегі  Уәлихановтардың  ауылына  барып  қайтканнан 
кейін  Г.Н.Потанин  өзінің  мүрағатын  қазақ  халық  поэзиясынан 
жаңадан  жазғандарымен  толықтыра  түседі.  Ғалымның  жергілікті 
жерлердегі  тілшілерінің  саны  өсіп,  олардың  жинау  жүмыстарынын 
сапасы да арта түседі. Мысалы, Г.Н.Потанин мен Сүлтанғазиннің  1895 
жылғы  жинақтарына  Көкшетаудағы  К.В.Урасовтың  және  Ақмола 
облысындагы 
А.Головачев 
пен 
И .Итжановтың 
жазып 
алған 
материалдары  маңызды  үлес  болып  қосылды.  Бұл  материалдардың 
барлығын  құрастыра  келгенде,  "Живая  старина" 
нсурналында 
Г.Н.Потанин 
бастырып  шығарған 
"Қазақ-қырғыз 
және  алтай 
ертегілері  мен  аңыз-әңгімелері»  1916  жылы  жарык  көрді  [128]. 
Сөйтіп,  Г.Н.Потанин жинау жұмысында бірінен бірінің айырмасы бар 
екі  кезең  байқалады.  Бірінші,  XIX  ғасырдың  алпысыншы-жетпісінші 
жылдары.  Бұл  уақыттарда  Г.Н.Потанин  экспедиңияға  шыққанда, 
саяхаттың  негізгі  (әрине  географиялық)  міндетгерін  атқара  жүріп, 
казақ  халық  ауыз  әдебиеті  мен  этнографиялық  материалдарын 
жолшыбай жинай жүрген. Екінші  кезеңі-  XIX ғасырдың тоқсаныншы 
жылдарынан  басталады.  Бүл  уақыттарда  ғалымның  төңірегіне  халық 
поэзиясын  сүйетін  тілшілер  топталады.  Бұлар  Г.Н.Потаниннің 
басшылығымен фольклор материалдарын жинауды дамыта түседі.
Г.Н.Потаниннің  1913  жылы  жасаған  экспедициясы  өте  жемісті 
бодды.  Ол  Қарқаралы  уезіне  қарасты  жерлерге  шығып,  қасына 
орысша  білетін  қазақ  студенттерін  (Әлімхан  Ермеков)  ертіп,  халық 
прозасынын  біраз  үлгісін  орыс  тілінде  хатқа  түсірді.  Ертекшінің 
айтқанын  қазақ  студенттері  орысшаға  колма-қол  аударып  отырғанда, 
Г.Н.Потанин  кағазға  түсіріп  отырган.  Осы  экспедиция  жинаған 
материалдарын  жанр  жағынан  сараптасақ,  мынадай  жүйені  көреміз: 
негізінен,  аңыздар мен  ертегілер («Үш ойшы»,  «Дариға қыз»,  «Народ 
мын»  т.б.)  1913  жылғы  эқспедиция  материалдары  «Живая  старина» 
журналында,  кейін  1917  жылы  «Казак-киргизские  и  алтайские 
предания, легенды и сказки» деген атаумен шыққан жеке кітапка еңді.
Г.Н.Потаниннің  халық  ауыз  өдебиетін  жинау  әдісі  В.Радловка 
қарағанда  басқаша  болды.  Сырымбетте  Г.Н.Потанин  ауыз  өдебиетін 
жинауға  Шоқан  Уәлихановтыц  туысқандары  Жақып,  Махмұд  және
77

Қоқышты  тартады.  Олар  Г.Н.Цотанинге  ертегішілерді  тауып  беріп, 
білгендерін  айтып,  өздері  де  ат  салысады  [129].  Айтылған  аңыз- 
ертегіні  аударушы  Сұлтанғазиннің  көмегімен  Г.Н.Потаниң  бірден 
орысша  аудармасын  және  казақтың  кейбір  сөздері  мен  сөйлемдерін 
|  
сол  кезде  колданылатын  орыс  транскрипцнясы  аркылы  жазып  алын 
отырады.  Г.Н.Потанин  тіл  ерекшелігін  елеген  жоқ,  оның  есесіне  ол 
мәтіннін  мағыналық  өзгерісіне  назар  аударды.  Г.Н.Потанин-  бір 
шығарманын әр түріне (вариантына) көңіл беліп, оларды жазып алған 
алғашкы түркітанушылардың  бірі.
Жинауда  да,  зерттеулерінде  де  Г.Н.Потанинді  қазақ  халық 
поэзиясының  баска  салаларынан  гөрі  аңыз,  ертегілері  көбірек 
қызыктырады.  "Солтүстік-Батыс  Монғолия  очерктерінің"  екінші 
кітабында  Тарбағатай  жеріндегі  экспедиция  кезінде  жиналған 
аңыздары  мен 
ертегіпері  бар.  "Қазақ-қырғыз  және  алгай  ертегі, 
аңыздары"  деген  жинақ  Кекшетау  мен  Қарқаралы  жеріндегі 
экепедиция 
кезінде 
жиналған 
аңыз, 
ертеғілерінен 
құралған. 
Г.Н.Потаниннің  бірсыпыра  макалаларында  «Монғолдың  Гесер  хан 
туралы  ертегісі",  "Қазак  ертегісінде  орыс  қызы  Дариға",  "Дапа 
жырьгадағы  теңіз  қызы",  "Марья-ертегі,  жырдың  аққуы",  "Ломбард 
ңиклді дастандарға ұқсас  орда дастандары",  "Добрыня туралы  жырға 
жаңа  қоспалар  жайында"  сияқты  атақты  аңыз,  ертегілерінен  дәлел 
келтіріп отырған [130].
Г.Н.Потанинмен 
қатар 
XX 
ғасыр 
басында 
фолыслорды 
экспедициялық  тәсілмен  жинаған  фольклортанушы  Ә.  Диваев. 
Сырдария облысының генерал-губернаторы Н.И.Гродековтың арнайы 
тапсырмасымен  Ә.Диваев 
ел  арасынан,  негізінен,  хұқықтық 
бағыттағы  материалдар  жинаумен  қатар,  сондай-ақ  жергілікті 
зиялылар  қолында  сақтауда  жатқан  түрлі  қолжазбалардан  көшірме 
түрінде  тарихи  аңыз-әңгімелерді,  батырлар  жырларын,  жұмбақтарды 
да т.с.с. жинастырған.
Жинау  жұмыстары  барысында  ғалым  В.П.Наливкин  құрастырған 
жинау  бағдарламасымен  танысады 
[131]. 
Жинау  жұмыстары 
барысында  Ә.Диваевты  фольклордың  түрмыс-салт  жырлары  және 
басқа да ұсақ жанрлары (мақал-мәтелдер,  аңыздар т.б.) қызықтырған. 
В.П.Наливкин  бағдарламасына  сүйене  отырып  Ә.Диваев  Майлықожа, 
Сапарбай 
Мырзабеков 
айтуларынан 
сөзбе-сөз 
аңыздар 
мен 
ертегілерді,  зиялы  қазақтар  колында  сакталған  қолжазбаларды  да 
жинастырады.
1918 
жылы Ә.Диваев Ортаазиялық университеті мен Тұрқістандық 
Шығыстану  институтында  қазақтардын  этнографиясы  мен  шешендік 
өнеріне  қатысты  дөрістер  оқиды.  Шығыстану  институтының  қазақ
78

этнографиясы  мен 
қазақ  тілі 
кафедрасы  Ә.Диваев  арқасында 
студентгерді  де  ғылыми  жинау  жұмыстарына  тарта  білді.  Олар  1920 
жылдары халықтық мұраларды жинауға ат салысады.
1920  жылғы  Сырдария  облысына  жасалған  Ә.Диваев  бастаған 
экспедиция  нәтижелері  80  дәптер  (оның  45  дәвггері  фолыслорға 
арналған)  жинағы  ретінде  тізімі  жасалған  [132].  Әр  дәптердегі 
берілген  фольклорлық шығармалардың  саны да әр түрлі.  Мәселен, № 
14 дәптерде  бір ғана  "Данышпан  патша"  деген  ертегі  берілсе,  ал №20 
дәптерде  11  ертегі  қамтылған.  Жалпы  фольклорға  қатысты  45  дәптер 
қойнауында  134  мәтін  топтамасы  бар.  Олар:  5-  мақал-мәтел,  16- 
жұмбақ,  Ьжаңылтпаш  топтамаеымен  бірге,  77-  ертегі  үлгісі,  19- 
түрмыс-салт  жырлары  нүсқаеы,  3-аңыз,  11-  айтыс,  2-  эпостық  жыр 
үлгісі  бар.  Мәселен,  №1  дәптерде  әрі  мақал-мәтелдер топтамасы  мен 
бір ертегі  үлгісі  қатар  жазылса,  келесі  бір №4  дәптерде-  бірыңғай  12 
ертегі,  №15  дәптерде  -бірыңғай  6-  жоқтау  үлгісі,  №21  дәптерде- 
бірыңғай  6  айтыс  нүсқасы  да  келтірілген.  Демек  жинаушы  Ә.Диваев 
белгілі бір елді-мекенде  фолыслордьщ тек бір ғана  жанрын  жинауды 
мақсат  түтпаса  керек, 
шамасынша  барлық  жанрларды  қамтуға 
тырысқандығы  танылады.  Бүл  Сырдария  экспедициясында  қағазға 
түскен  фольклор  шығармалары  тек  жанрдың  әр  түрлігімен  ғана 
ерекшелінбейді,  сондай-ақ ол үлгілердің ел  арасында әрі  қара  сөз,  әрі 
өлен түрінде де  кең тарағанына да  назар аударылған.  Бүған,  көбінесе 
Ә.Диваевтың  өлең  түріндегі  нүсқаларға  жақша  ішінде  жазып  кеткен 
ескертпелері  дәлел.  Мәселен,  №64  дәптер  басында  берілген 
фольклорлық  үлгілердің  (жүмбақтар,  ертегілер)  барлығы  да  өлең 
түрінде келеді деп ескертеді.
Экспедиция  кезінде  қағазға  түскен  фольклорлық  жазбаларға 
катысты  толтьфылған  паспорттьнс деректер деңгейі  әр түрлі.  Бірінде, 
экспедиция  атауы,  үйымдастырушысы,  жинаушысы,  жыршысы  кім, 
кай  жерде,  қай  мезгілде,  мәтіннің  сиясының  түрі,  әрпі 
толық 
көрсетілсе,  мәселен,  «Тоқсан  үйлі  тобыр»  нүсқасы  1920  жылғы 
Сырдария  экспедициясы  кезінде  Сырдария  облысының  елді-мекеніне 
қарасты  Сорқүдық  жерінің  жыршысы  Жүманазар  Үрімқүлүлы 
қолжазбасынан  алынғаны,  мәтін  кеңсе  қағазына  араб  әрпімен,  көк 
сиямен  жазылғаны  анықталған  [133].  Евді  бірінде  қолжазба  кімнен 
алынғаны  белгісіз деген  ескертуі де бар. Мәселен, «Қобыланды батыр 
ертегісі» үлгісі  1920 жылғы Сырдария экспедициясы кезінде Ә.Диваев 
жинағаны,  қолжазба  кімнен  алынғаны  белгісіз,  араб  әрпімен,  қара 
сиямен  жазылғаны  көрсетілген 
[134].  Бүл  1920  жылғы  Сырдария 
экспедициясын 
Ташкенттегі 
Қазактың  ғылыми-зерттеу 
қоғамы 
үйымдастырған [135].
79

Сондай-ак  1921  жылы  Жетісу  облысына  Ә.Диваев  бастап  барған 
экспедицня  нәтижелері  67  дәптер  көлемінде  сакталған,  онын  50 
дөптері  ішінде  фольклорлық  мәтіндер  тізімі  берілген  [136].  Барлык 
фольклор  үлгілері  280  шақты  болса,  оның  ішінде:  ертегілер-100 
шақты,  аңыздар-  30  шақты,  мақал-мәтелдер  шоғыры-  26,  жүмбақтар- 
14  топтама,  жаңылтпапггардың  -2  шоғыры,  түрмыс-салт  жырына 
катысты-60  шақгы  нүсқа  (жар-жар,  беташар,  бата,  жоқтау,  естірту, 
бәдік  т.б.)  бар.  Сондай-ақ  айтыстың-15  үлгісі,  түрлі  ақындар 
шығармалары,  терме,  қисса  т.с.с.  үлгілері  де  кездеседі.  Әр дәптерде 
фольклор  үлгілері  жанр  жағынан  да,  саны  жағынан  да,  көлемі 
жағынан да  әр түрлі  болып келеді. Олардың ішіндегі кара сөзбен, әрі 
өлең  түріндегі  шығармалар  аралас  келеді.  Өлең  түріндегі  материал 
міндетті  түрде  жақша  ішінде  арнайы  ажыратылып  көрсетілген. 
Ендеше  жоғарыдағы  экспедиция  нәтижелерінің  Ә.Диваев  тарапынан 
тізім  үлгісі  ретінде  берілуі  т.б.  -  бөрі де  қазақ  фольклорының  жанр 
жағынан,  тақырыптық  жағынан  бай  екендігін  дәлелдері  сөзсіз. 
Ә.Диваев 
экспедиция 
бағдарламаларын  әзірлейді.  1922  жылдың 
күзінде  Ә.Диваев  8  мыңдай  беттен  түратын  далалық  жазбаларды 
жүйелеп, сипаттама беріп, ара-жігін аясыратты.
Негізінен,  жинау  жүмыстары  кезінде  Ә.Диваев 
фольклорлық 
шығарманың  не  ескісі,  не  жаңасы  деп  ерекше 
көңіл  бөлмейді. 
Ә.Диваевтың  жинау  ерекшелігі 
халыктық 
поэзияның  барлық 
элементгерін  қамтиды.  Ол  қазақ  фольклорының  барлық  жанрларын 
кағаз  бетіне  түсіреді:  эпос,  ертегі,  аңыз-әңгімелер,  мақал-мәтелдер, 
жүмбақтар, түрмыс-салт жырлары т.с.с.  Шымкент, Қазалы, Әулие-ата, 
Таппсент, барлык Сырдария өңірі  тәрізді елді-мекендердің- бәрінде де 
Ә.Диваев 
фольклорлык 
үлгілерді 
фольклортанушы 
ретінде 
тыңғылықты жинасгырған.
Шымкент,  оның  іпгінде  Қазығүрт  жерінде  Қалабай  Дәулетбаев, 
Бекболат  Қылышбаев,  Садық  Түлкімбаев,  Сәлімгерей  Омаров, 
Сапарбай  Мырзабаев, 
Бәйтерек  Аманбаев,  Жүніс  Тайшыков, 
Пірмүхаммед  Тайтанов  т.с.с.  төрізді  жергілікті  қазақтар  Ә.Диваевқа 
ертегілерді,  аңыздарды,  жүмбақтарды,  мақал-мөтелдерді,  эпостық 
жьфларды, түрмыс-салт жырларын ауызша айтып берген.
Шымкенттен  алыс  емес  жерде  Ә.Диваев  ақын  Майлықожа 
Сүлтанходжинмен  кездесіп,  одан  Алдар  көсе  мен  Шығайбай, 
Жиренше  тәрізді  халыктық  үлгілерді  жазып  алады.  Ал,  келесі  бір 
жерде ақын  Еркінбек  Ахынбековке  жолығып,  одан түрлі  түрмыс-сапт 
жырларын  (жар-жар,  аужар  т.б.)  қағаз  бетіне  түсіреді.  Ал,  Қаратау 
жерінде белгілі ақын Майкөт Сандыбаевпен танысады.
80

Ә.Дивдевтың  негізгі  жинаушылық  тэсілі  ол-  фольклорлык 
шыгарманы  экспедиция  кезінде  тікелей жинау тәсілі арқылы қағазға 
түсіру.  Берілген  мәтін  төңірегіндегі  түсініктемелерінде:  сөзбе-сөз 
кағазға түсті  дей  отырып,  айтушының  аты-жөні,  түратын  елді-мекені 
көрсетіліп  отырылған.
XIX  ғасырдың 
соңы, 
XX  ғасырдың 
басьшда 
халықтық 
шығармалар  ел  арасында  теқ  ауызба-ауыз  ғаңа  емес,  сондай-ақ 
қолжазбалар  түрінде  де  таралғаны  даусыз.  Сол  себепті  Ә.Диваев 
қолжазбаларды  да  жинаған.  Егер  де  иесі  бермеген  жағдайда,  онда 
қолжазбаның  көшірмесі  алынып  отырылған.  Мәселен,  Еркінбек 
Ахынбеков  қолжазбасынан  Ә.Диваев  Алпамыс  туралы  эпосты, 
ертегілерді,  ал  Қожабай  Амандықов,  Мақан  Шақтыбаевтан  т.б- 
бірнеше ертегі мен  жоқтау жырларын жазып алған.
Ә.Диваев жазбаларының басты ерекшелігі ол халықтық поэзияның 
сол  халықтың  түрмыс-тіршілігімен  байланыста  екендігін  таныту  еді. 
Халықтық  поэзияның  мәтіндерін  әрі  нақты,  әрі  дәлелді  қағазға 
түскендігіне көз жеткізу үшін, жинаушы Ә.Диваев оларды қайта-қайта 
тыңғылықты  тексеріп  отырған.  Бүл  жүмыс  барысында  Ә.Диваев 
көптеген  тілшілер  көмегіне  арқа  сүйеген.  Олар  жиналған  үлгілерді 
әрі  тексеріп,  әрі  толықтырып,  әрі  жаңа  мәтіндерді  де  қағаз  бетіне 
түсіріп  отырған:  «Одип  из  следующих  киргиз  Чимкентского  уезда 
Муллали Махдибаев по просъбе моей прислал мне распросные сведения
о Қазыкурте на киргизком языке» [ 137],- деқці Ә.Диваев.
Ә.Диваев  жүздеген  мақал-мәтел,  он  шақты  ән,  180-дей  ертегі, 
бірнеше 
қазақ 
эпосын 
т.с.с. 
жинағаи. 
1920-1921 
жылдар 
аралығындағы  Сырдария 
мен  Жетісу  экспедиция  нәтижелерін 
сараптаған Ә.Диваевтың бір пікірі бар:  «Б.шгодаря этим  материалам 
мы  можем  в  значительной  степени  пополнить  новыми  терминами 
наши  тюрко-  джагатайские  словари.  Сказочный  эпос  дает 
бессмертные  киргизкие  типы  тазша,  косе,  чикбермес  Чагайбая  и 
т..т. 
Этнографический  материал  из  области  киргизского 
сказочного эпоса.,  а также  пословицы  и  поговорки,  влившись живой 
струей в  собранный  и  напечатанный уже ранее материал, рельефно 
осветят  Вам  все  стороны  киргизского  быта...  Весьма  обильный 
животный эпос,  главным  образом  о лисице,  окажется благодарным 
материалом для сравнительной этнографии (ср. хотя бы роль лисицы 
в  китайском  фантастическом  романе).  Предания  о  происхождении 
казах-  киргизов, 
дунган,  таранчей,  ногаев  и  родословные  о  них 
таблицы...  послужат  необходимым  пособием  при  составлении 
истории киргиз-казахского народа и турок вообще»[\3&],- дейді.
81

Ә.Диваев  жинаушылығыныц  тағы  бір  ерекшелігі-  ол  экспедиция 
кезінде  тұрғылықты  жинау  тәсілін  де  қолданған.  Бұл  жинау  тәсілі, 
негізінен, 
кырык  бес  жыл  Түркістан  жерімен  байланысты  болды. 
Жылдың  әр  мезгілінде  Ә.Диваев  ауылдарды  аралап,  халыктык 
мейрамдарда,  тойларда  т.б.  елмен  бірге  болып,  халықтьщ  тұрмыс- 
тіршілігін,  әдет-ғүрпын  тікелей  бақылауыыа  мүмкіндік 
алды. 
Ә.Диваев  әзірлеген  жинау  бағдарламасы  экспедиция  мүшелерінен 
тарихпен қатар халықтың рухани мәдениетін де зерттеуді талап етті.
Халық  ауыз  әдебиетінің  мұрасын  жинау  мәселесі  баспасөз 
жүзінде,  әсіресе  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  бетінде  талай  рет 
көтерілген-ді.  Бірақ  жинау  жұмысының  кең  түрдегі  бағдарламасы
1920  жылдардың бас  кезіндегі Жетісу,  Сырдария  экспедицияларының 
іс-тәжірибесінен  кейін  ғана  барып  жасалған.  Мұндай  бағдарламаны 
жасауда  Ә.Диваев  елеулі  еңбек  етгі.  Ол  экспедицияға  катысушы 
адамдарға  арнайы  нүсқау  беріп,  қазақтың  ауыз  әдебиетінің  Қазан 
төңкерісіне дейінгі және  Кеңес дәуіріндегі барлық жанрларын жинау 
жөнінде  іскер  басшылық  жасады.  Сондықтан  да  жинаушылар 
қазақтың  халық  поэзиясының  ұсақ  жанрларына  дейін  хатқа  түсіріп 
отырды.  Кейін,  Ә.Диваев  Сьфдария,  Жетісу  эқспедицияларының 
материалын  жүйе-жүйеге  бөліп,  саралаған  кезде:  «...1)  мақалдар  мен 
мәтелдер,  жорамалдар 
мен  жүмбактар;  2)  әдет-ғұрьщ,  махаббат 
өлеңдері  мен бесік жырлары, жоқтау өлеңдер;  3) ертегілер,  мысалдар, 
гіерілер  жөніндегі  әңгімелер,  ескі  нанымдар,  арбаулар;  4)  халык 
медицинасы,  бақсылар,  көз  байлаушылар,  арбаушылар,  олардың  жын 
шақыру  белгілері  т.б.;  5)  қазақ  пен  кырғыздың  шығуы  жайындағы 
тарихи материалдар, үлкен  орданың  пайда болуы, тұрғын  мекені  атап 
көрсетілген  қазақ  рулары  жоніндегі  кесте  (шежіре);  6)  батырлар 
жыры,  аңыздар,  аңыз  әңгімелер;  7)  үйленумен  байланысты  көңілді 
жайда  айтылатын  салт,  жора  өлеңдері,  өлген  адамды  жерлеумен 
байланысты салт, жырлар, ас т.б. жазып алынғандығын атап көрсетгі.
Осыдан  кейін ауыз әдебиетінің жиналуға тиісті  материалдарының 
тақырыбы  кеңейе  береді.  Эпос,  мақал-мәтел,  ертегілер  жер-жерден 
көп  жазылып  алынады.  Дегенмен  алғашкы  кезде  жинаушылардың 
кейбіреулері  Г.Н.Потанин  сияқты  1917  жылғы  төңкеріске  дейінгі 
түркітанушылардың  жазған  жобасы  мен 
бағдарламасьгаа  ғана 
сүйенеді.  Онда  ауыз  әдебиетінің  төуір  деген  үлгілерін  сұрыптау, 
жинау жайы көрсетілмеген болатын.
Ә.Диваев 
жинаған 
материалдардан 
экспедицияға 
қатысқан 
адамдарды  ақындар  шеберлігін  зертгеу  ісіне  жұмылдырғанын  анық 
көруге  болады.  Ә.Диваевтың  фольклор  материалдарын  жинау
82

жүмысындағы  негізгі  мақсаты  «Қазақтың  жанды  бейнесін  барлық 
жағынан көрсетуге» үмтылу болатын.
Мәселен,  (экспедиция  кезінде  А.В.  Затаевич  жазып  алған 
«Қобыланды»,  «Ақ  қайың»,  «Дударай»,  «Кәрүғлы»,  «Шалқар  көл» 
сияқгы  өлеңдердің  ішінде  неше  түрлі  атаулар  келтірілген:  «...  гүлдер, 
көбелек, қанаус,  сәулем,  қара шаш,  еркек пен әйелдің аттары,  қүндыз 
бөрік,  қызыл көйлек,  25 жас, ага, жылқы аттары,  ақсақ қүлан,  қүлын, 
шоқырақтап шабу, атты шідерлейтін жіп,  аң аулау,  соқыр, жоқтау, 
соқырдың жылауы,  Орал өзені, Ащы көл және тагы басқа да  жер-су 
аттары,  жалпы  мәжіліс,  үлықтар  мәжілісі,  жеңіс  сыры,  халық 
батырлары,  атақты  әншілер,  күн мен  ай,  қүстар  т.б.»  [139].  Бүған 
қарағанда  А.Затаевичтің  жазып  алған  елеңдерінен  халық  өмірінің  әр 
апуан 
жағы 
байқалады7  Мүндай 
жағдай 
Жетісу, 
Сырдария 
экспедицияларының  маТериалдарьшан  да  көрінеді. 
Онда:  «Тазша 
жөнінде», 
Алдар  көсе  жайында  ертегілер,  «Алпамыс»,  «Қамбар», 
«Тарғын»,  жырлары,  1916  жылы  туған  өлеңдер,  большевиктерді 
мадақтайтын революциялық өлең-жырлар бар.
Осы экспедицияға қатысқан адамдардың ақындар репертуарларын 
біліп  алуы  игілікті  істің  бірі  болды.  Мәселен,  Жетісу  экспедициясы 
алғаш  рет  Кенен  Әзірбаевтың  өлеңдерін,  Сүйімбайдьщ,  Сарбастьщ, 
Бақтыбайдьщ,  Қуандықтың  өлеңдері  мен  айтыстарын  жазып  алды. 
Сол сиякты Сырдария  экспедициясы Мәделіқожа мен Майлыкожаньщ 
өлеңдерін де жинап кайтты.
(Жалпы 
ауыз 
әдебиеті 
мен 
фольклорлық 
нүсқаларды 
жинаушылардың  көпшілігі  үстанған  дәстүрдің  бірі-  экспедициялық 
тәсіл  екені  белгілһ) Бүл  экспедиция  сапарларында  В.В.Радлов, 
Г.Н.Потанин,  Ә.Диваев  сынды  ғалымдар  көптеген  халық  ауыз 
әдебиетін  жинайтын 
тілшілер  мен  өз  елінің  мәдениеті  мен 
фольклорына  жанашыр  көзкараспен  қарайтын  энтузиаст  адамдардың 
да 
көмегіне  сүйеніп  отырғаны  мәлім.  Және  де  фолыслорист  - 
ғалымдар  колданған  мүндай  тәсіл  фольклорлық  үлгілердің  жанр 
жағынан жан-жақты жиналуына негіз болды.
В.В.Радлов, 
Г.Н.Потанин 
тәрізді 
фольклорист-ғалымдар 
фольклорлық  үлгіні  жинағанда,  жанрдың  көнелілігіне  баса  назар 
аударып,  көмекшілеріне,  көбінесе  сол  жағын  көп  тапсырғаны 
байқалады.  Онысы дүрыс  та,  әдетте  бір  ел  өкілі  екінші  бір  халықтың 
тарихын,  әдет-ғүрпын  т.б. 
білгісі 
келсе,  ең  алдымен  оның 
фолыслорын, яғни әсіресе көне жанр түрі- аңыздарына зейін салатыны 
мәлім.  Сол  арқылы  бүкіл  халықтың  түсінігін,  арман-ойын,  салт- 
ғүрпын,  мәдениетін  т.б.  түсінеді.  Ә.Диваев,  М.Ж.Көпеев  болса, 
халыкқа  сол  кезеңде  «не  керек»  дегендерді  ара-жігін  ашпай  жинай

берген. 
Яғни 
елінің 
тарихы, 
әдег-ғұрпы, 
халыкгың 
мінез 
ерекшеліктері,  тұрмыс-салты 
т.б.  -  бәрі  кажет  боларын  сезіиіп, 
неғүрлым  ауқымды  жүмыстар  атқарған.  Сонымен  жинаушылыктың 
негізгі 
мақсаты 
халыққа 
«не 
пайдалы» 
деген 
түрғыдан 
жүргізілгендіктен  де,  басқа  дамыған  елдер  қатарында  өмір  сүру  үшін 
қазаққа  не  қажет,  өскелең  үрпақты  қалай  тәрбиелеген  жөн,  ол  үшін 
қандай  үлгі-өнеге  боларлық  іс-әрекет  қолдану  керек,  сондай-ақ 
тарихтың  қай  кезеңдері:  үлгілі  билер  мен  айбарлы  хандар  заманы  ма, 
әлде  аты  аңызға  айналған  Асан  қайғы  мен  Жиренше  шешен  тәрізді 
бабалар дәуірі  ме, қайсысында кейінгілер тағылым аларлык каншалық 
мән жатқандығы,- бәрі Ә.Диваев пен М.Ж.Көпеевті  қызьпстьфған.
Ә.Диваев  пенІМ.Ж.Көпеевтің  фольклорды  экспедициялық  жинау 
тәсілі  үш  әдіске  сүйенген:  а)  ауызша  айтылғанды  сөзбе-сез,  немесе 
тьщдау  негізінде  хатқа түсіру;  ә)  ел  ішіндегі  қолжазбалардан  көшіру;
б)  ертеректе  шыққан  кітаптардан  көшіріп  алу/ М.Ж.Көпеев  жинаған 
фольклорлық  үлгілерді  фольклорист-ғалым  Ә.Диваев  экспедициясы 
да  пайдаланған  тәрізді.  Себебі  Мәшһүр-Жүсіп 
қолжазбалары 
арасында  "Еңсегей  бойлы  ер  Қасым"  атты  ертегі  /шамасы  "Ер  Есім" 
болар-Н.Ж./  1062-папкада  сақталғаны  белгілі.  Онда  жоғарыдағы 
ертегімен  қоса  бірнеше  фольклорльщ  үлгі  тағы  бар.  Оларды  "1920-
1921  жылдар  арасыда  Ә.Диваев  жинаған",-  делінген  дерек  те  бар. 
Қолтаңба  араб  жазуы  үлгісінде  күнделік  іспетті  папканың  сыртқы 
мүқабасында  жазылған.  Ал,  сол  Ә.Диваев  жинаған  деген  папканың 
ішкі  жағында,  соңына  карай  мынадай  еекертпе  берілғен:  "Атақты 
Мәшһүр-Жүсіп Көпейүлының айтуына қараганда осылай",-делінген.
Халық  поэзиясы  үлгілерін,  оның  ішінде  мақал-мәтелдерді 
М.Ж.Көпеевтің  де  жинағаны  мәлім.  Фольклордың  басқа  жанрларына 
қарағанда, 
мақал-мәтелдерді  жинаумен  айналысу  фольклорист- 
ғалымнан  үзақ  уақыт  пен 
қажымас 
ізденуді,  еңбектенуді  қажет 
ететіні  белгілі.  Себебі  мақал-мәтелдер  дайын  күйінде  жеке  дара 
кездеспейді.  Оларды  айтушының  не  ауызекі  сөзінен,  не  қолжазбалар 
ішінен,  туындылар  арасынан  іздеп  табу  аркылы  қағазға  түсіру 
керектігі  аян.  Мұнда  жоғарыда  аталған  жинаушылыктың  негізгі  үш 
тәсілі де қолданылады.
Жинаушылықтың  осы  формасын:  «экспедициялық»,-  өдісті 
Ә.Диваев  та,  М.Ж.Көпеев  те  көп  қолданған.  Бірақ  жинаупіылык 
барысында  М.Ж.Көпеев  жоғарыдағы  фольклорист-ғалымдар  тәрізді 
тілшілердің т.б.  көмегіне  сүйенбеген.  М.Ж.Көпеевтің  казак тілін  жете 
меңгергендігі,  бір  жағынан,  оның  жинаушылық  қызметінің  тілдік 
қиындыктарға  үрынбауын  негіздесе,  оның  жинау  жүмыстарының  тез 
каркынды  жүруіне  де, 
фольклорлық  үлгілврінің  мол  болуына  да
84

ыкпал  етті.  Осынын  бәрі  М.Ж.Көпеев  жинаушылыгының  негізін 
күрайды.  Экспедициялык  әдіс  арқылы  аса  мол  материалдарды  қалай, 
қайдан  жинады  десек,  1887  жылы  29  жасар  М.Ж.Көпеев  Бүхар, 
Ташкент,  Түркістан  шаһарына  барады.  Бүл  шаһарлар  ол  кезде  Орта 
Азиядағы  мүсылман көпщілікгің мәдениет орталығы,  бүрыңғы өткен 
ғасырларда Орта  Азия хандарының тақ қүрған  жерлері  болғаны  аян. 
М.Ж.Кепеев  сапары  жайында  Жолмүрат  бьшай  деп  жазады:  «Ол 
барған  жылы  Бүхарда  бір  жыл  түрып  оқиды,  білімін  толықтырады. 
Араб,  парсы,  шағатай, түркінің тілдерін тағы  басқа жат тіл,  жат сөзді 
жақсы  түсінеді.  Өзбек,  тәжік,  сарт,  қызылбас-  бүлардың  тілін,  әдет- 
ғүрыптарын  да  түсінеді»,-  дей  отырып,  Абуғалисина,  Абултарит, 
Сократ Хакім т.б.  сияқты  ғалымдар  жазған  ғылыми  кітаптарын  оқып 
керіп,  еңбектерімен  білімін  көтергенін,  Иран  ғалымдары  мен 
шайырларының,  Сағди  жазған  кітаптарын  оқығанын  айта  кетеді. 
Және  де  М.Ж.Көпеевтің  Абулғазы  Баһадур  хан  жазған  шежіресімен 
де,  шағатай,  түркі  тіліндегі  әдебиеттермен  де,  Науаи,  Фердауси  т.б. 
кітаптарымен де танысқаны женінде мәлімет берген.
Жолмүрат  жазбасында  М.Ж.Кепеевтің  сол  сапарында  Ташкентте 
шығатын  газеттерге  елең-мақала т.б.  сездер  беріп түрғаны  айтылады. 
Ап,  ол кезеңде газетке  сөз беруді  күнә,  ағаттық деп  санаушылар да аз 
болмаған.  Сол  себепті  өзімен  замандас  бірге  оқитын  Молдағали 
Күзембайүлымен 
сезге 
келісіп, 
айтысканы 
да 
баяндалған. 
М.Ж.Кепеевтің  Бүхар,  Ташкенгген  қайтар  сапарында  Сырдария 
еңірінің 
халқын, 
жерін, 
суын 
аралағанын, 
атақты 
ақын 
Майлықожамен  жолыққанын,  жеті  атасына  дейін  түқымынан 
ақындық үзілмегең дуана кожа Кешек, Күдері  қожа түкымдарымен де 
танысқанын  т.б -  бәрін  М.Ж.Кепеевтің  ез  жазбаларынан  да,  жиені 
Жолмүрат жазбасынан да тануға болады.
М.Ж.Көпеевтің  өз  емірінде  Бүхар,  Ташкент,  Түркістанға  3  рет 
сапар  жасағаны  мәлім.  Бірі-  біз  айтып  кеткен  29  жасар  кезі  болса 
/1887  ж./,  екіншісі  37  жасар  кезі  де  /1895  ж./,  үшіншісі-  49  жасында, 
яғни  1907  жылы.  М.Ж.Көпеев  осы  сапарларын  езі  де  өлеңге  қосып 
жазып кеткен.  Бүл сапарларында М.Ж.Копеев тек білім-ғылым жолын 
ғана 
қумай,  сондай-ақ  халық  аузынан  не  бір  аңыз-өңгімелерді, 
түрмыс-салт  жырларын,  билер  мен  хандар  сөздерін,  ертсгілер  мен 
жырларды,  ақындар  айтысы  мен  өлеңдерін,  тарихи  оқиғаларды  т.б. 
бәрін  хатка  тізбектеп  түсіріп  отырған.  Және  де  ол  сапарларында 
кімдермен  кезіккенін,  кімдермен  дәмдес,  табақтас  болғанын,  кімнен 
не  жазып  алғанын  т.б.  көрсетіп  отырғаны,-  бөрі  фольклор  тарихы 
үшін мәнді.
83

Солтүстік 
пен 
Бүхар, 
Ташкент 
барған 
сапарларында 
М.Ж.Көпеевтің  белгілі  адамдармен:  Жәңгір  төре,  Саккұлақ  шешен, 
Сыздық  төре,  Ақан  сері,  Көшек  қожа  мен  Күдері  қожа  түқымдары, 
Абылай  хан  түқымдары,  Мөделі  қожа  т.б.  кездескенін  акын 
жазбаларынан  көреміз.  Демек  М.Ж.Көпеев  жазбасында  кездесетін 
Абылайға,  Кенесары  мен  Наурызбайға  қатысты  аңыз-әнгімелерді 
Сыздық  төре  Кенесарыүлы  мен  Абылай  хан  түкымдарынан  алуы 
мүмкін  деуге  болады.  Ал,  шежіре,  Бөгенбай  т.б.  батырлар 
төңірегіндегі  мәліметтерді  Саққүлақ  шешеннен,  айтыс  ақыны  Күдері 
қожаға  қатыстыны  оның  түқым-жүрағатынан,  Ақан  сері  мен 
Мәделіқожа  т.б.  өлеңдерін  олардың  өз  аузынан  жазып  алуы  мүмкін. 
Әйтсе  де,  мүның  біразы  шындыққа  жақынырақ  болса,  біразы  сәйкес 
келмеуі  де  ьпсгимал.  Мәселен,  М.Ж.Көпеев  жазып  алған  «Кенесары, 
Наурызбай  өлімі  туралы»  әңгімесі  соңында  мынадай  дерек  бар: 
«Өлтіруге  көзі  қимай  Тілеугабыл  Наурызбайды  үш  ай  /тоцсан  күн/ 
сақтапты.  Ақырында  Тілеугабыл  өзі бір жаққа кеткенде,  жанкуйері 
өлген  қыргыздар  қоқиласып 
келіп, 
өлтіріп 
тастады 
дейді. 
«Наурызбайды  өлтіргендер  дәнемеге  үшыраган  жоқ»,-  десіп,  мүны 
қыргыз жүртының  өздерінің  жиһан  кезген,  орыс  қолына  түсіп,  жер 
аударылгандары айтысады.  Болмаса, Кенесары,  Наурызбай қыргьізга 
түскенде мен туганым жоқ»  ,- делінген (әулеттік мүрағат).  Міне, бүл 
дереқ  түсініктеме  орнына  жүрсе,  әрі  әңгіменің  жазылынып  алыну 
паспортына  да  сай  келеді,  тек  матерналды  жеткізушіңің  нақты  аты- 
жөні  керсетілмеген.  Ендеше  жоғарыда  келтірілгеннең,  деректердің 
көпщілігін  М Ж.Көпеев ел аралап жүріп,  саяхат үстінде жинаған.  Бүл 
саяхат  кезінде  М.Ж.Көпеевтің  негізгі  үстанған  жинаушылық  тәсілі- 
әрине  оның  ауызша  айтылған  фольклорлық  нүсқаларды  тыңдау 
кезінде  хатқа  түсіру  әдісі.  Мәселең,  «Жәуке  би»  әңгімесін  кімнен 
және  қайдан алғандығын  М.Ж.Көпеев алдымен  ескертіп кетеді.  Онда: 
«Қазақ жүртының  Орта жүз Аргын тайпасынан Аққошқар  Сайдалы 
атанган.  Сол Аққоіиқар- кішкентай баласының сөзі»,- делінген.  Бүдан 
біз  жоғарыдағы  әңгімені  Арғын  тайпасынан  шыққан  Аққошқар 
баласының  ауызша  айтуынан  М.Ж.Көпеевтің  тікелей  жинау  тәсілі 
арқылы  жазып  алғандығын  көреміз.  М.Ж.Көпеевтің  бүл  сілтемесінде: 
біріншіден:  жеткізуші  аты-жөні  көрсетілген,  оның Аққошқар  баласы 
екені;  екіншіден-  оның  Орта  жүз  Арғын  тайпасынан  шыққандығы; 
үшіншіден-  айтушы  аузынан  шыққан  өңгіме  ауызша  таралғандығы 
және  оны  өз кезінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің хатқа түсіргендігі  т.б. 
Сөз  болып  отырған  қаһарманның  атасына,  руына  М.Ж.Көпеевтің 
алдымен  көңіл  бөлуі  тегін  емес.  Мөселен,  отырықшы  елдерде 
фольклор жеткізушінің аты-жөнін,  түрған жерін, ортасын көрсету т.б.
86

алдымен  қерек  болса,  ал  XX  ғасыр басында түрмыс-тіршілігі  көшіп- 
қонуға  катысты  қазак  елінде  жеткізушінің  мекен  еткен 
жерін 
көрсетуден  гөрі, оның қай  руға жататынын бірінші  анықтау қажетгігі 
.  туып  отырғандығы  анық.  Өйткені  көшкенде  қазақ  азаматтары  өзін 
коршаған  руластарымен  бірге  белгілі  мекендерді  қоныстаған, 
жайлағаН.  Соған  қарап  ру  аты  белгілі  болса,  оның  қашан,  қай  жерде 
мекендеғенін  де  білуге  болатыны  мәлім.  Демек,  М.Ж.Көпеевтің 
көшпелі,  онын  ішінде қазақ елінің өзіндік үлттық сипатын танытатын 
і  дерек  көздерін  қолдануы,  сақтауы-  бәрі  ғалым  жинаушылығының 
өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Кеңес  өкіметі  тұсындағы  1920-21  жылдардағы  Сырдария,  Жетісу 
экспедидияларынан  кейін,  1935  жылы  КСРО  Ғылым  академиясыньщ 
Қазақ  филиалының  Тіл-әдебиет  бөлімі  Қостанай  экспедициясын 
үйымдастырады.  Мәселен,  «Ахметбек-Жүсіпбек»  қиссасы 
1935 
1  жылғы  Қостанай  экспедициясы  кезінде  қағазға  түскен.  Қолжазбаны 
[  тапсырған  экспедиция  мүшесі  В.Васильев.  Қолжазба  көлемі  3360 
жолдан түрады.  Сырты  қызыл  күрең  қағазбен тысталған.  Басқа дерек 
жоқ.  Кім  айтты,  кім  жинады,  мәтін  әрпі  қандай  т.б.  деген  тәрізді 
мәліметтер берілмеген  [140].
1940  жылы  Семей,  Арал  экспедицияларың  да  жоғарыдағы  Тіл- 
әдебиет  бөлімі  үйымдастырады.  Мәселен,  «Қүламерген  қиссасын» 
1940  жылғы  Семей  экспедициясы  кезінде  Сакин  Байырбекүлы 
жинаған.  Нүсқаны  жырлаған  Әбдірахман  Ізбасүлы  Бектасов.  Нүсқа 
толық емес, араб әрпінде берілген  [141]. Ал, «Қарабек батыр» жырын 
1940  жылғы  Арал  экспедициясы  кезінде  Марат  Ахметов  жыршы 
Бітімбай  ақынның  баласы  Жаңабергеннен  жазып  алған.  Бүл  нүсқа да 
толық  емес,  латын  әрпінде  көк  сиямен  жазылған  [142].  «Қисса  қара 
қасқа атты Қамбар» атты жыр  1942 жылғы Арал экспедициясы кезінде 
кағазға түсті.  Үйымдастырған КСРО ҒА Қазақ филиалы,  жинаушысы, 
әрі  қолжазбаны  тапсырған  Асайын  Хангедціүлы.  Шығарма  толық, 
көбінесе  жыр  үлгісі,  кейде  қара  сөзбен  де  баяндалады.  Мәтінді 
көшірушісі  ретінде  -Қалқай  молда  есімі 
беріледі.  Қолжазба 
көшірілген жері- Қазалы, Арал маңында. Қолжазба бір сызықты  кеңсе 
қагазына араб әрпімен, көк сиямен жазылған [143].
1946 
жылдың өзінде Қазақ ССР  Ғылым  академиясының  Тіл және 
әдебиет  институты  тарапынан  Көкшетау-Ақмола,  Қостанай,  Семей, 
Ақтөбе,  Қарақалпақ  экспедициялары  үйымдастырылған.  Мәселен, 
«Ермек батыр» жырын  1946 жылғы  Көкшетау, Акмола экспедициясы 
кезінде  Қанқожаүлы  Нүркожаның  қолжазбасынан  С.Ғүлам  көшірген. 
Экспедицияға  қатысқан  адамдардың  аты-жөні  аталмаған.  Ақ  кағазға 
қазіргі  казак  әрпімен,  көк  сиямен  түсірілген.  Қолжазба  иесі
87

Қаңк;ржаүлы  Нүрқожа  бүл  мәтінді  1935  жылы  Көкшетау  жерінде 
жазып алған  [144].
«Жанқожа батыр мен Бабажан сарт» үлгісін  1946 жылғы Қостанай 
экспедициясы  кезінде  Шаңғытбаев  Жөкейден  алған.  Мөтін  дәптерге 
араб  әрпімен,  қара  сиямен  жазылған.  Басқа  дерек  берілмеген  [145]. 
Ал,  «Мырза  Сәтбек  батыр»  жыры  1946  жылғы  Семей  экспедициясы 
кезінде  кағазға  түскен.  Үлгі  араб  әрпімен,  дәптерге  көк  сиямен 
жазылған  [146].  Мүнда  да  басқа  ешбір  дерек  көрсетілмеген.  Келесі 
«Есет батыр»  жырын  1946  жылғы  Актөбе  экспедициясы  кезінде  Тіл 
және  әдебиет  институтының  қызметкері  Айнаш  Шамшатова  жазып 
алған.  Мәтін  дәптерге  казак  әрпімен,  кара  сиямен  жазылған  [147]. 
Одан 
әрі 
«Қызылкеніш» 
үлгісі 
1946 
жылғы 
Қаракалпак 
экспедициясынын  жетекшісі,  филология  ғылымынын  кандидаты 
Аралбаев Жүбаныш  тарапынан жыршы Төлепов Жақсылықтан жазып 
алған.  Жыр  1946  жылы  Қарақалпақ  АССР-інің  Қоңырат  ауданында 
жазып  алынған.  Мәтін  сарғыш  қағазға  араб  әрпімен,  кара  сиямен 
жазылған [148].
1947 
жылы  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Тіл  және  әдебиет 
институты Қостанай,  Гурьев  экспедицияларын  ұйымдастырады.  «Қыз 
Жібектің өлеңі»  мәтінін  1947 жылғы Қостанай  экспедициясы кезінде 
Тіл  және  әдебиет  институтының  ғылыми  қызметкері  Мариям 
Хакімжанова  Қостанай  облысының  Қарабалық  ауданы  жыршысы 
Әлиакпар  Досжановтан  жазып  алған.  Қолжазба бір сызьпсгы дәптерге 
араб  әрпімен,  қызыл  сиямен  түсірілген,  толық  емес  [149]. 
Ал, 
«Ақбөбек»  нүсқасын  1947  жылгы  Гурьев  экспедициясы  кезінде  Тіл 
білімі  институтының  қьпметкері  И.Үйыкбаев  жинаған.  Қолжазба 
жолсыз көк қағазға  көкшіл сиямен, казак әрпімен жазылған  [

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет