айтуға дағдыландыру. Егер алдыңғы деңгейлерде жұмыс тиянақты, ширақ,
жігерлі жүргізілетін болса, бұл деңгейдегі талдау өз нәтижесін береді. Тез,
әрі қатесіз талдап үйренген бала уақытқа талдау кезеңін қызыға
орындайды. Уақыт мерзімінен шығу мұғаліммен талдауды жүйелі,
үздіксіз жүргізіп отыруды талап етеді.
Сегізінші деңгей. Компьютерлік талдау. Бүгінгі таңдағы мектеп
оқушылары білімді нақты, қысқа, компьютермен алуды мақсат етеді.
Сондықтан мұғалімдерге өмірдің ағымынан қалмай сабағын
компьютермен оқытуды жолға қоюы тиіс. «ОСКО» технологиясымен білім
алған әр оқушының компьютермен жұмыс жасау машықтығы
қалыптасады. Компьютерді мақсатты түрде нағыз оқу құралына
айналдырады. Мүмкіндігіне қарай екінші деңгейден бастап компьютерлік
талдауды енгізе беруге болады. Бұл білім алушылардың ақпараттық
құралдармен сауатты әрі жұмыс жасау машығын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: