сүтқоректілер, құстар, балықтар мен омыртқасыздар, қосмекенділер мен
бауырмен жорғалаушылардан және т.б. түрлерден тұрады.
Жабайы арыстандар мен пілдерден бастап, үй мысықтары мен адал
иттер тіпті кішкентай тышқандарға дейін «сүтқоректілер» болып табылады.
Жұмыртқадан дамитын жануарлардан ерекшелігі – сүтқоректілер өз
аналарының жатырында өседі.
Бауырмен жорғалаушылар мен қосмекенділер – салқынқанды
жануарлар. Оларға қолтырауындар, кесірткелер, жыландар, тасбақалар және
т.б. жатады. Олардың көпшілігі жылы немесе тропиктік климаттарда өмір
сүреді.
Теңіз жануарлары немесе су жануарлары мұхиттың, теңіздің және өзен-
көлдің тұңғиық терең жерлерін мекен етеді. Теңіз жануарлары бір-бірінен
пішіні, көлемі және түр-түсі жағынан ерекшеленеді.
Сүтқоректілерге қандай жануарлар жатады?
Сүтқоректілер жер бетінде 200 миллион жыл бұрын пайда болған деп
саналады. Әлемде сүтқоректілердің шамамен 4000-нан аса түрі бар. Олардың
көпшілігі құрлықта, біразы сулы ортада тіршілік етеді. Сүтқоректілер
жылықанды жануарлар болып табылады. Олар дене қызуын сақтай
алатындықтан «жылықандылар» деп аталады. Сүтқоректілер төлдерін өздері
туады. Төлдері анасының сүтімен қоректенеді. Олардың өкпелері мен сүйекті
құрылысы бар. Сүтқоректілердің жақ сүйектері жейтін азығына қарай
ерекшеленеді.
Жолбарыстар,
арыстандар,
кенгурулер,
маймылдар,
жылқылар, гориллалар, аюлар, сиырлар кеңінен танымал сүтқоректілерге
жатады. Адамдардың өзі – сүтқоректілер.
Достарыңызбен бөлісу: