Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет137/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   197
Жұмыртқа салушылар ең қарапайым сүтқоректілер болып табылады. 
Олардың басқа сүтқоректілерден өзгешелігі – жұмыртқа салып көбейеді. 
Қалталылардың құрылысы едәуір жоғары болғанымен, оларда бірқатар 
қарапайым белгілер де бар. Олар баласын шала туады да, оны анасы ұзақ 
уақыт қалтасына салып көтеріп жүреді.
Бунақдене қоректілер: кірпі, көртышқан, сұртышқан. 
Кеміруші сүтқоректілер: тиін, егеуқұйрық, саршұнақ, үй тышқаны, қоян, 
суыр. 
Тиін – терісі бағалы, дене тұрқы 20-32см, құйрығының ұзындығы 19-
31см болатын кішкене, ойнақы кеміруші жануар. Ағашта ғана тіршілік 
етеді, өсімдіктекті азықпен қоректенеді.
Жыртқыштар тұқымдасына өзге аңдардың етін жейтін сүтқоректілер 
жатады. Кейбіреулері үлкенірек жануарларды, кейбіреулері кішіректерін 
жейді. Жыртқыш аңдар: аққұлақ, аю, қасқыр, ши бөрі, түлкі, борсық, 
күзен, жолбарыс, арыстан, мәлін, ит. Мәлін мен ит етпен қоректенеді, 
мәліннің терісі өте бағалы. 
Тарбағатай тауында тіршілік ететін мысық тәрізді үлкен аңды жергілікті 
халық ілбіс деп атайды, бұл – барыс. Оның тұлғасы өте ірі. Аяқтары келте
де мығым. Оның дене тұрқы 120-150см, құйрығының ұзындығы 90см-ге 
дейін жетеді, салмағы 23-43кг тартады. Жүні өте жұмсақ, аздаған теңбілдері 
болады. Ол адамға шабуыл жасамайды, мысықша мияулап, қатты үн шығара 


құлақтарын жымқыра ырылдағаны болмаса, залалы жоқ аң. Жемін аулауға 
көбінесе іңір қараңғылығында шығады. Негізгі қорегі – әр түрлі тұяқты 
аңдар. Саны азайып бара жатқандықтан, барыс қорғауға алынған. Барыс 
қыста немесе жазғытұрым үш күшік туады. Олар – биік тауда мекен ететін 
жыртқыштар. 
Теңіз сүтқоректілері: итбалық, морж, кит, дельфин, кашалот. 
Су сүтқоректілеріне тұщы суда және теңізде өмір сүретін сүтқоректілер 
кіреді. Тұщы суда кәмшаттар, үйректұмсықтар және дельфин тәрізді 
сүтқоректілер тіршілік етеді. Теңізде киттер, теңіз арыстандары, итбалықтар, 
дюгоньдар және басқа сүтқоректілер кездеседі. 
Теңіз сүтқоректілерінің суда қозғалуға ыңғайлы ескектері немесе 
жүзу қанаттары болады. Олардың өкпелері болғандықтан, ауа жұту үшін су 
бетіне шығады. Көпшілік су сүтқоректілерінде суық судан қорғайтын қалың 
тері қабаттары бар. Дельфиндер мен киттер – ақылды әрі сезімтал 
жануарлар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет